Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Мая 2013 в 15:40, реферат
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары. Гитлерге қарсы одақтың мүшесі ретінде Ұлыбритания соғыстан жеңімпаздар қатарында шықты. Оның адам шығындары Бірінші дүниежүзілік соғыспен салыстырғанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стрелингкке теңелді. Оның үстіне Ұлыбритания өзінің сыртқы қаржы активтерінің көбінене айырылып, АҚШ пен өзінің доминиондарының борышкеріне айналды. Бұл екіжақтылық жағдайын Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министр У.Черчиль «Триумф және қасірет» деп атады.
Ауданы – 244,1 мың км. кв.
Халқы – 58,8 млн. адам (1997 ж.)
Ұлыбритания – экономикалық қуаты бойынша
әлемде жетінші орында (АҚШ, Қытай, Жапония,
ФРГ, Үндістан және Франциядан кейін).
Ұлыбритания өндірістің капиталистік
тәсілінің отаны болып табылады. XVIIғ. буржуазиялық
революция Ұлыбританияны басқа еуропалық
елдермен салыстырғанда капитализмнің
ертерек дамуына жол ашып, ол кең және
бай отарларды иеленіп озат теңіздік державаның
құрылуына мүмкіндік жасады. Қазіргі уақытта
көптеген отарларынан айырылғанымен,
Ұлыбритания территориясында 6 млн. халқы
бар және 14 тәуелді отар аймақтарын бақылап
отырған аймақ. Одан басқа, 1931 ж. құрамына
Ұлыбританияның бұрынғы 53 доминионы мен
отарлары енген Ұлттардың Достастығы
(1947 ж. бастап – Достастық) құрылды.
Ең ірі империя бола отырып XIX ғ. ортасында
әлемдік өнеркәсіп өндірісінің жартысын
өндірді, ал XX ғ. басында көшбасшы жағдайынан
айырылса да, қазіргі уақытта ең жақсы
дамыған индустриялдық державалардың
бірі. Әлемдік өнеркәсіптер өндірісінің
үлесі Ұлыбританияда келесідей тәртіппен
өзгерді: 1820 ж. – 50%, 1900 ж. – 25%, 1937 ж. – 14%,
1990 ж. – 6,4%, 1996 ж. – 6 %.
Мемлекет ҒЗТКЖ (НИОКР) (1996 ж. ЖІӨ 2,2 %) шығынының
үлесі бойынша алғашқы орындарының біріне,
ал 1901 – 1995 ж.ж. кіріс мөлшері бойынша 2-
ші орынды иеленіп отыр. Нобель сыйлығы
бойынша АҚШ – тан кейінгі (АҚШ – 179, Ұлыбритания
– 70, ФРГ – 59, Франция – 24, Жапония – 4)
орында. Аймақта Оксфорд 1167 ж., Кембридж
– 1209 ж. құрылған - олар әлемнің көне университеттерінің
бірі.
Ұлыбританияда ұзақ уақыт бойы негізгі
жанармай көмір (1273 ж. бастап қолданылды)
болған, ал 1970 ж. ортасынан Солтүстік теңіздің
қайраңындағы кен орыдарын игеруіне байланысты
мұнайгаз өндіретін елге айналып, мұнайды
экспорттады. 1956 ж. Камбриде әлемдегі бірінші
АЭС «Колдер – Холл» салынды, сондықтан
Ұлыбритания 1970 ж. дейін атом энергиясын
өндіруі бойынша көшбасшы мемлекеттерінің
бірі болған еді, бірақ Солтүстік теңізде
мұнай мен газдың ашылуынан кейін атом
энергиясына қатынасы өзгеріп, ол дамуын
мүлдем тоқтатты, қазіргі таңда елге 27%
электр энергиясын өндіретін 14 АЭС жұмыс
істеуде.
Еуропада Ұлыбритания ауылшаруашылық
өндірісінде ең жоғары дамыған мемлекеттерінің
бірі.
Урбандалу деңгейі – ең жоғары көрсеткіштерінің
бірі – 89 %. XIX ғ. ортасына таман мемлекет
халқының жартысынан астамы, ал XX ғ. –
75% қалада шоғырланды.
Географиялық жағдайы. Ұлыбритания –
Еуропаның солтүстік - батысында орналасқан
аралдық мемлекет. Оның территориясы Ұлыбритания,
Ирландияның солтүстік – шығыс бөлігі
мен жақын жатқан аралдар (Шетланд, Оркней,
Норманд, Гебрид және т.б.) тобынан құралған.
Оны Еуразиялық континенттен Ла – Манш
және Па – де – Кале бұғаздары бөліп жатыр.
Табиғат жағдайлары мен ресурстар. Аймақтың
жер бедеріне адыр – бұдырлы жазықтар
мен ойпаттар үйлесімі тән, сонымен қатар
аласа таулар Пенин таулы массиві (орташа
биіктігі 500 800м.) елдің орталық , ал солтүстік
...
Ұлыбритания
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары.
Гитлерге қарсы одақтың мүшесі ретінде
Ұлыбритания соғыстан жеңімпаздар қатарында
шықты. Оның адам шығындары Бірінші дүниежүзілік
соғыспен салыстырғанда аз болды, бірақ
материалдық шығындары бірнеше миллиард
фунт стрелингкке теңелді. Оның үстіне
Ұлыбритания өзінің сыртқы қаржы активтерінің
көбінене айырылып, АҚШ пен өзінің доминиондарының
борышкеріне айналды. Бұл екіжақтылық
жағдайын Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы
премьер-министр У.Черчиль «Триумф және
қасірет» деп атады.
Соғыс жылдарындағы консерваторлар басқарған
аралас үкіметтің құрамына лейбористік
және либералдық партиялардың өкілдері
де енді. Соғыс бітісімен бұл аралас үкімет
тарады да, 1945 жылы шілдеде өткен парламент
сайлауында екі басты қарсыластар:консерваторлық
және лейбористік партиялар арасында
билік үшін күрес қайта басталды. Әдетте
олардың екеуінің бірі жеңеді. Бұл саяси
маятник осы уақытқа дейін тербелуде.
Соғыстан кейінгі алғашқы сайлауда жеңіс
лейбористер жағында болды.
Лейбористік үкімет.1945-1951жж.Лейбористер
сайлаушыларға әлеуметтік салада реформалардың
кең бағдарламасын ұсынды.
Бұл бағдарламада «Болашақ бетбұрыс»
деп аталады. Консервативтік партияның
айқын бағдарламасы болмады, олар тек
Черчилльдің беделіне арқа тұтты. Олар
өмір сүру жағдайларын жақсартуды көксеген
ағылшындардың көңіл-күйін ескермеді,
сөйтіп, қатты жеңіліс тапты. Лейбористерді
жақтап 12млн. дауыс берді, олар қауымдар
палатасындағы орындардың үштен екісіне
ие болды.
Лейбористік партия өз уәделерін негізінен
орындады. Үкімет Ағылшын банкін, көмір
және газ өнеркәсібін, электростанцияларды,
телеграф пен радиобайланысын, заамттық
авиацияны, су және теміржол транспортын,
ішінара қара металлургияны мемлекет
қарамағына алды. Мемлекеттендіру сатып
алу жолымен іске асырылды. Шаруашылықтың
бұл салаларында жалдамалы жұмыскерлердің
20%-дейін жұмыс істейтін. 1946 жылы кәсіподақтарға
қарсы 1927 жылы қабылданған жазалаушылық
заң жойылды. 1945-1948 жж. жұмыс қабілетін
жоғалтуға, кәсіби науқастарға байланысты
жәрдем ақыларды, қарттыққа байланысты
және жесір әйелдерге зейнетақы төлеуді
қамтитын әлеуметтік қамтамасыздандыру
мен қауіпсіздендірудің жаңа кешенді
жүйесі іске асырылды. 10 миллионнан астам
жұмысшылардың жалақысы көбейтілді. Ақырында,
1948жылы ұлттық денсаулық сақтау қызметі
құрылды және тегін медициналық қызмет
көрсету жүйесі еңгізіліп, дәрі-дәрмектер
тегін үлестірілетін болды. Лейбористік
партия біртіндеп реформалау жолымен
Ұлыбритания «демократиялық социализмге»
өтеді деп есептеді.
Консервативтік үкіметтер.1951-1964жж. 1951
жылы қазанда сайлауда жеңіп шыққан У.Черчилль
тағы да үкімет басқарды. Консерваторлар
лейбористер тұрған әлеуметтік құрылымды
сол күйінше қалдырды. Тіпті олар 1945 жылы
сайлаудағы жеңілістен қорытынды жасап,
«әл-ауқаттылық мемелкеті» идеясына қолдау
көрсетті. Консервативтік партия үкімет
басында 13 жыл отырды. Ол өзініңөзгерген
жағдайларға бейімделуге және мемлекеттік
басқару мен әлеуметтік-экономикалық
саясаттың жаңа әдістерін қолдануға қабілеттілігін
көрсетті. 1962 жылы теңдестірілген экономикалық
даму бағдарламасын жасау үшін экономикалық
дамудың Ұлттық кеңесі құрылды. 1964 жылы
болған кезекті парламент сайлауы екі
партияның ешқайсысына да айқын басымдылық
берген жоқ. Екеуі де 12 млн. даусы алды,
бірақ лейбористердің бағы жанып, сәл
ғана басымдылыққа ие болды.
Г.Вильсонның үкіметі (1964-1970) консерваторлар
бастап кеткен болашақ экономикалық жоспарлауды
жасау бағытын жалғасытырды. Г.Вильсон
әсіресе елдің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерінің
дамуына үміт артты. Осы мақсатпен 1965 жылы
парламент тұңғыш «ұлттық бесжылждық
экономикалық жоспарды» қабылдады. Жосапрды
орындау үшін Г.Вильсон үкіметтің, бизнестің
және кәсіподақтардың әрекет бірлігін
қамтамасыз етуге тиіс болды. Үкіметтің
«Ниеттре туралы декларация» атты құжаты
жалақының өсуі мен бағаның артуын «ақылға
сиымды» мөлшерге шектеу ерікті түрде
іске асырылса, 1966 жылы кейін үкімет оныкүгтеп
«қатыруға» кірісті. 1970 жылы парламент
сайлауында консерваторлар жеңіске жетті.
Э.Хиттің экономикалық саясаты. (1970-1974)
«қалай болғанда да» өндірісті қатаң капиталистік
жетілдіру және экономикалық дамуды тездету
бағытын іске асырды. Хиттың тұсында Ұлыбритания
ЕЭБ-ге мүше облды. «бағалар мен табыс
саясаты» бұрынғыдан да нұсқада қабылданды,
баға мен жалақыны әкімшілік жолымен реттестеруші
аппарт құрылды. «Өнеркәсіпегі қатынастар
туралы» кәсіподақтарға қарсы бағытталған
заңның консервативтік нұсқаыс жарық
көрді. Ол кәсіподақ қозғалысы мен ереуілдерге
қатаң шектеулер қоюды көздеген болатын.
Заң қабылданды, бірақ бүкіл ТБК пен оған
кіретін кәсіподақтар оған қарсы көтерілді.
Елге жаппай ереуіл қаупі төнді. Хит баспасөз
Бен тоғышарлардың жұмысшыларды емес,
өзін қолдайтынына сеніп, жаңа парламент
сайлауын тағайындайды. Аздаған ғана парламент
сайлауын тағайындады. Аздаған ғана көпшілікпен
(303-қарсы 296) 1974 жылы 28 ақпандағы сайлауда
лейбористер жеңіске жетті.
Премьер-Министр Г.Вильсон (1976 жылы оның
орнына Д.Ж.Каллагэн келді.) басқа жоспар
мен «бағалар мен табыстар » саясатының
жаңа нұсқасын қабылдауға мәжбүр болды.
Вильсон-Каллагэн үкіметінің (1974-1979) саясатының
негізгі желісі «әлеуметтік келісім»,
яғни кәсіподақтардың атынан ТБК мен үкімет
арасындағы келісім жасасу болды.
Ұлыбританияның сыртқы саясаты. Ұлыбритания
әдетте Еуропалық және дүниежүзілік саясатта
ерекше орын алып келді. Ел құрлықтағы
соғыстарға сирек қатынасатын, бірақ дипломатиялық
күрестің кездейсоқ қалтарыстарында әруақытта
жетекші күш ретінде көрініс табатын сыртқы
саясат саласындағы көпжылдық тәжірибе
Ұлыбританияға Еуропалық «концертте»
«бірінші скрипка» рөлін ойнауға мүмкіндік
беріп келді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жағдай
күрт өзгерді:»дүниежүзінің тағдырына
жауапкершілік» рөлі АҚШ-қа көшті де, Ұлыбритания
Еуропада өгей бала күйінде қалып қойды.
Оның ерекше орны мына үш жақты рөлімен
анықталады:Ұлыбритания халықаралық аренада
АҚШ-тың басты әріптесіне айналды, екінші
жағынан, ол басты Батыс Еуропалық елдердің
бірі қалпында қала берді, ең соңында,
ол көлемі метрополия көлемінің 20 есе
артық доминиондарды біріктіретін ұлттар
достығының басшысы ретінде дүние жүзінде
танымал еді. АҚШ пен арада әсіресе соғыстан
кейінгі алғашқы жылдары «ерекше қатынастар»-бағыныштылық
пен қаржы-қаражат саласындағы тәуелділік
қатынастары орнады.
Құрлықтық Еуропамен белгілі бір дәрежеде
менсінбеушілік пен салқындық қатынастары
орнады. Бірақ Ұлыбритания барлық батысеуропалық
одақтарға мүше болды (НАТО,Батысеуропалық
одақ). Ұлыбритания Францияның ҒФР-мен
жақындасуына сенімсіздікпен қарады.
Франция болса, өз тарапынан, ағылшын-американдардың
тығыз байланыстарына сенімсіздік білдіріп,
Англияны АҚШ-тың «Троян аты» деп есептеді.
Бұл 1973 жылға дейін Францияның Ұлыбританияның
Еуропалық экономикалық бірлестікке кіруіне
тосқауыл қойып келген себептерінің бірі
ғана.
Ұлыбритания ядролық қаруға байланысты
ерекше ұстанымда болып келді. Британ
үкіметтері, француз үкіметтері сияқты,
өздерінің партиялық тегіне қарамастан,
тіпті болмағанда, Францияға тең ядролық
мәртебеге ие болуға құқын қорғады.
Ұлыбритания Корея соғысына, БҰҰ мен АҚШ-тың
басқа да әрекеттеріне қатысты.
Ұлыбританияның 1991 ж. Маастрихттегі батысеуропалық
бірігуі процестері мен ХХІ ғасыр басындағы
саяси, экономикалық және валюталық одақ
құру туралы құжаттарды дайындау мен қабылдауға
қатысуын британ саясатының атлантикалық
бағдардан (АҚШ-қа бейімделуден) Еуропалық
бағытқа ойысқандығын көрсетті. Ұлыбританияның
КСРО мен социалистік елдерге қатынасы
бірқалыпты, ұстамды болды, әрине, кейде
дипломатиялық жанжалдар да болып отырды.
Информация о работе Ұлыбритания – экономикалық қуаты бойынша әлемде жетінші орында