Ұлы географиялық ашылулар кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2013 в 05:40, курсовая работа

Краткое описание

Жер шарында Ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты – аңызға айналған Үндістан жерін ашып , онымен сауда , қарым – қатнас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған Европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастаған еді. Алысқа жүзе алатын мұхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруалығын өркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп , Атлант мұхиты арқылы жүзіп , бірқатар жерлерді , белгісіз аралдар мен түбектерді ашып , оларды өздерінің отарына айналдырды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ТУМАР.DOC

— 133.50 Кб (Скачать документ)

          Осы   екі   арада   португальдықтар   Индияға  баратын  теңіз   жолын тауып,  онан түрлі жеміс және басқа да асыл товарлар алып келді. Колумбтың 1502 жылғы төртінші теңіз саяхаты Васко до Гаманың экспедициясына  тікелей  жауап  ретінде  жасалды.  Куба   аралынан оңтүстік - батысқа  қарай  бет алған Колумб  бұрынғысынша,  Азияның Шығыс жағалауына жеттім деп санап, Индияның жағалауына өтетін бғғазды талмастан   іздеді.  Бірақ  бұл  іздеулер  ешбір   нәтиже  бермеді.

       Колумбтың   жасаған теңіз саяхаттары  мен жаңа  жер ашуларына жалпы алғанда Испания   үкіметінің  көңілі   толмады.  Жұмсалған орасан зор   қаржы   тектен - тек кеткендей болып көрінді. Теңіздердің ар жағындағы жаңадан ашылған жерлерден алтын да,  күміс те ,  жеміс те Испанияға қарай ағылмады.  Бұл   байлықтар кейіннен,  Колумб  дүние салған  соң (ол 1506 жылы қайтыс болды)  барып   келе  бастады.  Өмірінің аяқ кезінде Колумб  өзінің  проволары үшін  және  мұның ісіне көңілі толмаған  Испандық  үкіметтің о баста беріп қалған ерекше жеңілдіктерінен   айырылмау   үшін   айтыс -  тартыспен көп бейнет шекті.(3-122 б.)

Колумб жаңа жерлерді ашқаннан соң  испандықтар португальдықтардың  қауіпті  бақталастарына   айналды. Қақтығыстың алдын   алу  үшін  папаның   делдалдығымен  жүргізілген  ұзақ келіс сөздердің нәтижесінде 1494 жылы Тордисильясе қаласында келісім жасалынды.  Бұл келісім бойынша полюстен полюске шейін шекара белгіленді. Келісім бойынша осы шекарадан батысқа қарай жаңадан ашылатын  аймақтар  испандықтардың,  ал  шығысқа  қарай  ашылатындары португальдықтардың  иелігіне  жататын  болды. Шек қоюшылық тек Атлантика мұхиты бойынша ғана жүргізілінді . Ал мұның өзі кейіннен, испандықтар  шығыстан,      ал португальдықтар  батыстан келіп, Молуккалық аралдарда кездескенде      олардың қақтығысып қалуына әкеліп соқтырды.

        Испандықтардың  батысқа қарай бет алуы, португальдықтардың Индияға   баратын   теңіз жолдарын  іздестіру қамына  қайтадан  кірісуіне түрткі болды. 1497 жылы осы мақсатпен жабдықталған экспедицияның басына  король  Васко до Гаманы қойды (ол 1460 жыл шамасында туған). 1497 жылғы 3 июльде Лиссабонннан шағын - шағын төрт кеме теңіз сапарына шықты. Экспедицияның қолына сол кездерге сәйкес ең жетілдірілген карталар  мен  навигациялық  аспаптар  берілді.  Васко до Гама Жыл   мүйіс  аралдарына  жетісімен  жағалауға таяу жердің қарсы ағыстарына  жоламау  үшін,  батыс  жаққа  қарай  ойыса  отырып,  оңтүстікке бет   алды.  Сөйтіп,  ол   Бразилияға   едәуір   жақын   жерден  өтіп  кетті.

        Васко да  Гаманың  кемелері  Лиссабоннан   шыққаннан  кейін бес ай  өткеннен  соң    ғана Диастың  Африка  жағалауына  орнатқан  ең  соңғы белгісіне келіп жетті   (1497 жылғы 16 декабрь).   Бұдан әрі Үнді мұхитымен жүретін мүлдем   бейтаныс  жол тап болды.   1498 жылы 1 мартта португальдықтар Мозамбикке келіп жетті. Осы арадан өз ара жауласушы шейхтардың   қол астындағы араб қоныстары басталды. Малинди   қаласында Васко да  гама   өз   қол астына   лоцмандыққа сол кездегі ең   тәжірбиелі  араб   теңізшілерінің  бірі  Ахмед Ибн-Маджидті алды. Білім өрісі өте кең бұл адам Үнді мұхитымен жүзудің бірқатар дәл және  толық  суреттерін  (Лоции деп аталатын)  өлең   түрінде   баяндап берді. Әрі  теориялық   білімі, әрі ұзақ жылдар бойына теңізде жүзу тәжірбиесі   жағынан   Ибн - Маджид тіпті португальдықтар тәрізді европалық  тамаша  теңізшілерден де  асып  түсетін-ді.   Бір жарым айдан соң (1498 жылғы 20 май)  Ибн - Маджид   кемелерді Малабар жағалауындағы Каликут қаласына  жеткізді.  Теңізбен  Индияға сапар шегу он  айдан астам уақыт алды. Васко да Гама жергілікті Раджімен тіл табысып,  келісім  жасады. Бір жылдан соң, 1499 жылдың  июлінде  екі кемесінен  және эскадра  командасының   жартысынан  астамынан айырылған  Васко  да Гама түрлі  жеміс тағамдарды артып Лиссабонға қайтып  келді.(4-46 б. )

  Васко да Гаманың  саяхатынан  туған  әсер  ғажап болды.  Адам шығыны мен көптеген  қиыншылықтарға  қарамастан  ақыры,   ертегідегідей бай елдерге теңіз жолы  табылды.  Португальдықтар енді  жыл сайын үлкен эскадралар  жасақтады,  оның  құрамы  кейде 20 кемеге дейін жетті, олар артиллериямен қаруландырылды, көптеген экипажы мен солдат отрядтары болды. Қару-жарақтың басымдылығының арқасында португальдықтар Үнді мұхитынан арабтардың купецтерін ығыстырып шығарып теңіз саудасын өз қолдарына алды. Олар өздеріне тап болған барлық кемелерді,  мейлі  ол  арабтардікі болсын, мейлі Индияныкі болсын әйтеуір оларды  тонап командаларын   айуандықпен қырып тастап  отырды.

      Бұл   жөнінде   ерекше қатігездік көрсеткен,  әуелі экскадраның бастығы, содан  соң Индияның вице – королі  Альбукерке болды. Ол арабтардың мұхитқа шығатын  жолдарын  жауып , тіректі  пункттерге тек португальдықтар  бекінулері  керек  деп  санады.   Осы мақсатпен Альбукерке  Қызыл   теңіздің  кіре  берісіндегі  Сокотру   аралын және Персия   шығанағының кіре берісіндегі аса маңызды сауда және страгетиялық пункт - Ормузды  басып алды.  Арабтардың  Үнді  мұхитынан португальдықтарды  ығыстырып  шығару  әрекеттерінен  нәтиже  шықпады. 1509 жылы арабтардың флоты Диу түбінде болған шайқаста Индияның солтүстік – батыс  жағалауында   толық   жеңіліске ұшырады.

      Португальдықтар Индияның  өз  ішінде кең көлемді территорияларды басып алмағанымен көбінесе жағалаудағы тіректі пункттерге  ие болуға тырысты.  Альбукерке, Малабар жағалауындағы Гао қаласын басып алғаннан соң ондағы халықты түгел қырып тастап қаланы Португалияның Индиядағы билігінің ең басты тірегіне айналдырды. Жауласушы  раджалардың  қарсылығы  да  күйреді.  Португальдықтар  әдетте  жергілікті  князьсымақтардан  әр  түрлі  сауда - саттық  жеңілдіктерін немесе  әр  түрлі  алым – салықтар  мен  оброктар  жинау  правосын  күштеп алу арқылы жергілікті халықты мейірімсіз қанады. Сонымен қатар князьсымақтар  аса  арзан  бағамен бұрыш,  қалампыр,  дәмқабық,  имбирь, жұпар жаңғағы, шайыр және басқа товарларды  жеткізіп тұруға міндетті болды.   Бұл  бағалар Лиссабоннның  рыногындағы  бағаларға  қарағанда 200-250 есе  төмен  болды. Тіпті “ерікті” рыноктан стып алынған товарлардың өзі,  мысалы бұрыш 700-800 процент пайда келтірді. Товарларды  шет  елдерге  шығару қатаң шектелді. Жылына 5-6 кеме татымды жеміс қана шығарылды.(5 –142 б.)

    Индиямен сауда жүргізу Португалия королінің монополиясына айналды және зор пайда келтіріп отырды.  Индияға берік бекініп алғаннан кейін португальдықтар енді шығысқа қарай жылжыды, өйткені Малабар жағалауындағы қалалар Зонд және Молукк аралдарынан татымды жеміс жеткізілетін транзитті сауданың пункттері ғана болды, бұлардың ең басты рыногы Малакка порты еді. 1511 жылы португальдықтар Малакканы басып алды, он жылдан кейін Малукка аралдарында португальдық факториялар да пайда болды.

 Португальдықтардың Индонезияға  қарай жылжып, ілгері басуына  олардың Индия мен арабтың,  ал кейініректе Малаяның тамаша  теңізшілерінің көп ғасырлар  бойындағы тәжірбтесімен жете  танысқандығы өте-мөте көмектесті. Бұлар европалықтардың келуінен көп бұрын-ақ Үнді мұхитының оңы мен солын бірдей шарлаған еді. Осындай жақсылықтарының есесін европалықтар отарлық басқыншылықпен және олардың сауда-саттық жұмыстарын жоюмен қайтарды.

   Индияға шыққан португальдық екінші экспедицияның бастығы Хуан Кабраль өзінің бет алған жолынан батысқа қарай тым ауытқып кетіп, Бразилияның жағалауына келіп жетті. Өзінен бұрынғылардың жасаған саяхаттарын білмеген ол бұл жерді арал деп санап, оны Ақиқат Крестің (Вера Крус) жері деп атады және Португалия королінің иелігі деп жариялады. 1501 жылдың майында португальдықтар бұл аралды зерттеу мқсатында үш кемені жабдықтап жіберді. Португальдықтарға қызметке көшкен Америго Веспуччи осы эскадраның астрономы ретінде сапарға шықты. Олар күткен аралдың орнына эскадра Оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ оңтүстікке созылып жатқан бір жағалауға тап болды. Америго Веспуччи өзінің досы Лоренцо Медучиге жазған хатында осы саяхатын қызыға суреттей келіп,”ежелгілерге мүлдем мәлімсіз” бұл континентті Жаңа Дүние деп атауды ұсынды. Неміс космографы Вальдземюллер, Веспуччидің хаттарын басып шығарарда өзінің “Космографияға кіріспе” атты еңбегінде бұл жаңа континентті Америгоның есіміменен “Америка”деп атауды ұсынды.  Сөйтіп, “Америка” деген атау ол кезде Оңтүстік америкалық континенттің шығыс жақ бөлігіне байланысты аталды.

     Жаңадан ашылған материкті оңтүстіктен айналып шығып, Молукк аралдарына шейін жүзіп жетудің мүмкіншілігі туралы ойды алғаш рет Веспуччи ұсынды. Бұл жобаға Испания Үкіметі  әсіресе испандық конкистадор Бальбаның 1513 жылы Панама  мойнағын басып өтіп,”Ұлы Оңтүстік теңізді”яғни Тынық мұхитты тұңғыш көргеннен кейін тіпті қызыға түсті. Испандықтарды осы теңізден бұғаз ашып, онан өту, ақыры татымды жеміс аралдарына жетіп, оны басып алу ойы баурап алды. Осы ойды жүзеге асыруды Фернанд Магальянс қолына алды. Ол (1470 жыл шамасында туған) португальдық дворяндардың қатарынан шықты және Португалия отарларында бірнеше жыл тұрып,Малакка экспедициясына қатысқандықтан Үнді мұхитын жақсы білсе керек. Бірақ коральмен жанжалдасып қалып, Испанияға қызметке көшті және Испания үкіметімен жасаған келісімі бойынша жаңа материктен оңтүстікке қарай шығатын жаңа бұғаз табуға міндеттенді.(7 –68 б.)

      1519 жылы сентябрьде шағындау бес кемеден құралған, 253 адам экипажы бар эскадра Сан-Лукарадан сапарға шықты. Магелланның бұл сапары екі жылға созылды. Ол өзінің аты қойылған бұғаз арқылы Оңтүстік Американы айналып өтп, Тынық мұхитқа шықты да Филиппин аралдарына келіп жетті, сол жерде жергілікті халықпен болған қақтығыста қаза тапты. Тек д,Эльканоның командасымен бірге ғана кеме Үнді мұхитын кесіп өтіп, Африканы айналып шықты. Сөйтіп, ол жер шарын алғаш рет түгелдей айналып шығу саяхатынан соң, 1522 жылы 6 сентябрьде Сан-Лукараға қайтып келді. Бұл саяхаттың шығыны көп болды. Севильеде өздерін салтанатты қарсы алуға экипаждың 18 адамы ғана қатыса алды.

     Тынық мұхитта испан теңізшілерінің пайда болуына байланысты, осы аймақтарда да Испанмя мен Португалияның арасындағы шепті белгілеудің қажеттілігі туды. Бұл шара тек жеті жыл өткеннен соң 1529 жылы ғана жүзеге саырылды. Сарапшылар даулы аралдардың бойлығын дәл анықтай алмады. Ақырында Испания өзінің Молукка жөніндегі талаптарынан бас тартты, бірақ Филиппинді бермей ұстап қалды. Бұл осылайша тек 1543 жылы ғана аталды.

   Магеллан бұғазы арқылы Европадан Азияға қарай жүзіп шығу алдын теңіз кәсібі болып табылды. Сондықтан да Молуккаға баратын оңтүстік- батыс жолдың практикалық маңызы болмады. (8- 102 б.)

   Алтын, кейде құл іздеген испандықтар Кариб теңізі аралдарында орын тепкен соң Мексика шығанағының төңірегіндегі континентальдық аймақтарға экспедициялар жіберіп тұрды. Бұдан кейін шығанақтан оңтүстікке қарай орналасқан елдерді жаулап алуға кірісті. Бұл аймақтарды – Мексика мен Перуді – екі үлкен ірі тайпалық бірлестіктер:Мексиканы ацтектер басқарған, ал Перуді инкалар басқарған тайпалар мекендеді.

  1516-1518 жылдары батысқа қарай жіберілген испандықтардың экспедициялары Юкатананың Мексика шығанағының Оңтүстіктен және Батыс жағалауларын бойлай өтіп, жергілікті “князьсымақтармен “ қарым-қатынас жасады. Мұнда европалықтар батысқа қарай бағыт алған сайын асыл заттарға мейлінше бай елдің жатқанын анықтады.  Сол елді басып алу үшін 1519 жылы жас идальго Фернанд Кортес (1485-1547) басқарған экспедиция жіберілді. Саламан университетінің бұрынғы юрист- студентінің Жаңа дүниедегі қызғылықты оқиғалар мен тау болып үйілген алтын туралы алып қашты әңгімелере елтігені соншалық, Кортес 19 жасында Эспаньолеге жөнелді. Мұнда тұрақтанып қалған авантюристердің көпшілігіне қарағанда, анағұрлым білімді, қаламы жүйрік, сөзге шешен, епті де батыл Кортес қызметте үлкен табысқа жетіп қатты байыды – вице корольдың хатшысы болды,жергілікті халыққа қарсы жүргізілген жазалау экспедициялары мен шабуылдарға қатысты, әуелі Эспаньоледен , кейін Кубадан жер алды мұнда Сант-Яго қаласын билеуші алькадо болды. Ол өз есебінен экспедиция кемелерінің бірін жабдықтады.

  1521 жылы Мексиканы бағындыру үшін Кортес басқарып шыққан отряд 400 испан солдатынан (оның 16 салт атты) 200 үндістерден тұрды және олардың 10 ауыр, 3 жеңіл зеңбіректері болды. Кортеске кейіннен қосымша күш келіп қосылды. Испандықтар осы шағындау күшпен-ақ үлкен бір елді өзіне бағындырмақшы болды. Бұл мақсаттары жүзеге асты, өйткені ацтектер державасының күш - қуаты өте әлсіз еді.

    Асыл металдарды жан сала іздеген испандықтардың үмітін Мексика ақтады. Оның жері алтын мен күміс қорына бай болып шықты. Перуді жаулап алуды да авантюристердің отряды жүзеге асырды.   Мексикадағы сияқты, перудің бағынышты халқы да инкалардың үстемдігіне наразы болды. Испандықтар бұлжағдайды және өздерінің әскери-техникалық артықшылығын пайдаланып, осы елді де басып алды. Больбао Панама мойнағынан өтіп , Тынық мұхитты ашқаннан кейін испандықтар осы аудандағы жағалауына келіп орналаса бастады.

1519 жылы  Панама мойнағында Испанияның отары Панама негіз қалады. Осы жерден испандықтар “алтыны мол елге “Бируге “ – Перуге шабуыл жасады. Перуді Бальбоаның ең жақын ең жақын серіктерінің бірі Франциско Писсаро басып алды. Жас кезінде Испанияда бақташы болған, конкистадор Писсаро Оңтүстік Американың Кариб жағалауына жасалған испандықтардың көптеген экспедициялары  мен шабуылдарына қатысқан-ды. Ол 20-жылдары өзінің жолдасы Альмаргомен бірге (Чилидің болашақ жаулап алушысы) Панамадан Оңтүстік Американың Тынық мұхиттық жағалауын бойлай жүрген бірнеше барлау экспедициясын жабдықтады,олар оңтүстіктегі бай мемлекет туралы қауесетті растап берді. Испания королінің келісімін алған Писсаро, 1531 жылдың бас кезінде Панамада үш кеме және не бары 130 адам мен 37 атпен ( кейіннен ол қосымша күш алды, бірақ оның жауынгерлері 500-600 адамнан еш уақытта аспады) жолға шықты . Тақ үшін жүргізілген ішкі күресті пайдаланған Писсарро сол елге баса-көктеп кіріп, инка патшасын қолға түсірді де инкалар мемлекетінің астанасына ие болды. Халық Испания королінің езгісіне түсті.

Жоғарыда баяндалған саяхаттар мен ашылулар батыс  европалықтардың Европадан тыс  жерлерге енуінің  алғашқы және аса  маңызды кезеңі болып табылды. Жаңадан  ашылған елдердің көпшілігінің ішкі бөліктерінен тыс, Австралия және оны айналақоршай ұласып жатқан теңіздер, Тынық мұхиттың бүкіл солтүстік бөлігі, Солтүстік Америка түгел дерлік ақырында, Солтүстік Азияның ұлан- байтақ кеңістіктері және оны қоршаған Солтүстік Мұзды мұхит мүлдем белгісіз күйінде қала берді. (9 –12 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II  Еуропа елдерінің жаңа ашылған жерлерге әсері

 

2.1 Батыс Европа елдерінің отарлаушылық саясаты

 

XVI - ғасырдың екінші  жартысы мен XVII ғасырда географиялық  ашылымдар ашуда ағылшындар мен  голландықтар барған сайын үлкен роль атқара бастады. Өте маңызды ашылымдарды орыс теңізшілері мен “құрлықтағы жиханкездері” де жасады. Ең маңызды жаңалық Австралияны ашу болды. XVI ғасырдың географтары мен картографтары Солтүстік жарты шардағы орасан құрлықты “теңестіріп тұру” үшін Оңтүстік жарты шарда бір үлкен континент болуға тиіс деп жорамалдады. Бұл континентті тіпті 16 ғасырдың бірінші жартысындағы испан және португал карталарының бетінде таңғажайып сипатта бейнелеп көрсетті.

     Осы “Австралиялық” яғни “Оңтүстік” жер әсіресе Оңтүстік Американы отарлаушы испандықтарды қатты еліктірді. Олар бұл аймақтан алтын мен күмістің кендерін және қара түсті халықты – олардың американдық рудниктері мен плантацияларына қажетті жұмыс күшін таппақшы болды.”Оңтүстік ” жерді іздеп табу үшін XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында Перуден бірнеше экспедиция жабдықталып жөнелтілді. Олар Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігінен бірқатар аралдарды тапты да . Нағыз Австралияны XVII ғасырдың басында голландықтар ащты. Олар 1619 жылы Ява аралында Батавия қаласының негізін қалады. Голланд теңізшілері Зонд аралдарынан оңтүстікке қарай жүзе отырып, Австралияның бүкіл Батыс жағалауымен және Оңтүстік жағалауының жартымымен танысты. Бірақ жаңылысып оны “Полярлық жердің ” бір бөлігі деп санады. 1642 жылы Батавиядан саяхатқа шыққан Абель Тасман Австралияны айналып өтіп бір үлкен аралды ашты да және оны Ван-Димэнаның Жері (қазіргі  Тасмания) деп атады. Алайда бұл жаңа континент көп уақытқа дейін ешкімді қызықтырмады: кедей, халқы аз елде байлықтың ешқандай нышаны білінбеді.

Информация о работе Ұлы географиялық ашылулар кезеңдері