Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2014 в 18:30, доклад
Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген
Жетісу
Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап та кірген.
Археологтар, тарихшылар мен географтар Жетісуды Солтүстік-шығыс Жетісу (солтүстікте Балқаштан Кетпен және оңтүстікте Іле Алатауы жоталарына дейін, солтүстік-шығыста Алакөлден оңтүстік-батыста Шу-Іле су айрығына дейінгі жерлер) және Оңтүстік-батыс Жетісу (Шу және Талас алқабы) деп екіге бөледі. Жетісуға мұндай тарихи-географиялық анықтама бере отырып, олар бұл өлкенің тек табиғи жағдайларын ғана емес, сонымен қатар оның өткендегі экономикалық, саяси, этникалық және мәдени даму ерекшеліктерін де еске алады.
Жетісудың кең аумағы (солтүстіктен оңтүстікке дейін 900 км, ал батыстан шығысқа дейін 800 км) және тауларының биіктігінің әр түрлі болып келуі оның климаты мен ландшафтарының да түрліше болуына ықпал етті. Бұл өлкеде егін шаруашылығы ертеден-ақ шұраттық сипат алып, қолдан суғаруды қажет еткен. Жайылымдық мал шаруашылығы кең өріс алған. Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінің тау бөктерлерінде (600 — 1200 м биіктікте) ауа райы ылғалды, қоңыр салқын және ауыспалы, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын көптеген тау өзендері бар. Жемісті ағаштар мен жапырақты ағаштар, ал одан жоғарыда шырша ормандары өседі. Бұл өңір мал жайылымына қажетті көкорай жемісті ағаштар мен шалғындарға бай. Міне, осындай қолайлы табиғи географиялық жағдайлар Жетісуды Түркістан жеріндегі ертедегі мәдениет ошақтарының біріне айналдырды. Оны мекендеген тайпалардың қазақ халқының тарихи қалыптасуында, мемлекеттің құрылып, нығаюында, мәдениеттің өркен жаюында зор маңызы бар.
Жетісудың жеті өзені:
Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу.
Климаты, өзендері мен мүздықтары
Жетісу Алатауы мұхиттардан алыс орналасқан. Оның климатына Арктиканың суық ауасы мен Тұранның ыстық ауасы әсер етеді. Тау етегінде неғұрлым кұрғак, континентті климат болып келеді. Биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын, ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800 мм, оңтүстік-шығыста - 400 мм. Қыста қар көп түседі, тау бастарында мұздыктар калыптасқан.
Жетісу кақпасынан Ебі желі соғады. Ол Барлық, Майлы жоталарынан соғатын циклон мен Жетісу қақпасының оңтүстік-шығысы арқылы өтетін антициклонның түйісуінен болады. Ебі желі - жылы жел, жылдамдығы 60-80 м/сек. Көбіне 1-2, кейде 3-7 тәулік бойы соғады. Осы қақпа бойымен Сайқан тауы жағынан сәуір, қыркүйек айларында Сайқан суық желі соғады.
Жетісу Алатауында су қоры мол. Оның өзендері сол аймақтағы көлдерге құяды. Солтүстігінде Ырғайты өзені Жалаңашкөлге, Жаманты өзені Алакөлге, Тентек өзені Сасықкөлге құяды. Тау өзендерінің көбі (Лепсі, Сарқан, Биен, Ақсу) Балқашқа бағытталған.
Оңтүстік жағының су қоры аздау. Қытаймен шекарадан Қорғас өзені ағып, Ілеге қосылады. Оның батыс жағынан Өсек өзені құяды. Бороходзир өзені Ілеге жетпей тартылып қалады.
Жетісу Алатауының Солтүстік және Оңтүстік жоталарының арасынан Қаратал өзені ағып шығады. Ол Көксумен, Быжымен (оның салалары Мақаншы, Қара, Сарыбұлақ, Қусақ) бірге Балқашқа құяды.
Қосымша
Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы
— Қазақстандағы ірі әрі
Тау етегіндегі қуаң континенттік климат (мұнда қаңтар айының орташа жұмсақсы 1214°С) жоғары қарай біртіндеп ылғалды қоңыржай климатпен алмасады. Биік тау жоталарыңда климат едәуір қатаң (қаңтардағы орташа жұмсақ —19°С). Жауыншашынның жылдық түсімі де тау етегінен (400 мм) жоғары карай артады (800 мм). Әсіресе, ылғалды ауа массасына көлбеу орналасқан солтүстік-батыс беткейде жауын-шашынның жылдық түсімі молырақ (1000 мм шамасында). Мұндағы Ебі мен Сайқын желдері 60-70м/с жылдамдықпен бірнеше тәулік бойы соғып, өте қолайсыз ауа райын туғызады. Биік тау басында және беткейлерінде көп жылдық омбы қар мен мұздықтар жатыр. Бұл өлкенің Жетісу атанып, мол сулы өзендердің ағып шығуы осы мұздықтармен байланысты. Өзендерінің жоғарғы және орта ағысы қатты. ірі өзендері солтүстік-батысы мен солтүстігінде (Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Басқан, т.б.). Оңтүстігінде өзен атырабы сирек. Мұндағы басты өзен - Үсек (Өсек). 500-600 мден 1200-1400 м-ге дейінгі тау іші жазықтарында шөлейт белдем қалыптасқан. Одан жоғары, 2000 м-ге дейін құрғақ далалық, әр түрлі шөптер және дэнді дақылдар өсетін далалық ландшафт тараған. солтүстік Жетісу ауылының орта биіктік белдеуі (2400 м-ге дейін) шалғынды орман, оңтүстік Ж. ауылы ның орта биіктік белдеуі далалық ландшафтпен сипатталады. Орманда Тянь-Шань шыршасы мен самырсын ағаштары өседі. Мұнан жоғары (3200-3500 м) биік таулы белдеу орналасқан. солтүстік биік таулы белдеуі шалғынды-субальпілік ландшафтармен сипатталады. Жетісу Алатауы кен байлықтарына бай. Мұнда алтын, қорғасын, мырыш, т.б. кентастары өндіріледі.
Информация о работе Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу