А.Смит пен Д.Рикардо
көзқарастары
Классикалық
саяси экономика.
Смит Адам (05.06.1723, Керколди,
Шотландия — 17.07.1790, Эдинбург) — британ экономисі, философ;
шотландық экономист, философ- этик,
қазiргi экономикалық теорияның негізін
қалаушылардың бірі. Шотландиялық кеден
қызметкері отбасында дүниеге келген. Глазго
мен Оксфорд университеттерінде
білім алған. глазго универсситетінде адамгершілік
философиясының (шындығында қоғамдық
ғылым) проф., өмірінің соңғы жылдары Эдинбургте ірі
кеден қызметкері болды. “Адамгершілік
сезімдер теориясы” (1759) және “Халық байлығының
табиғаты мен себептері туралы зерттеу”
(1776) атты күрделі кітаптар жазған. Соңғы
кітап 18 ғ-да жарық көрген ең елеулі туындылардың
бірінен саналады. Смит өзінен бұрын өмір
сүрген ғалымдардың идеяларын қорытындылап,
экономика ғылымының категориялары, әдістері
мен ұстанымдары жүйесін жасады, ол Ұлыбритания мен
басқа да Еуропа елдерінде капитализмнің
дамуына шешуші ықпал етті. Смиттің кейбір
қағидалары күні бүгінге дейін маңызын
жойған жоқ. Ол Маркске дейінгі ғылымда
да, маркстік ғылымда да классикалық саяси
экономияның негізін қалаушы және аса
көрнекті өкілі ретінде саналады.
Смит еңбек құны (құндылық)
теориясының қарапайым қағидаларын мойындады,
бірақ ол тек қарабайыр күйінде ғана, өндіріс
құрал-жабдығы ретінде түсінілетін капиталдың
еңбек үдерісінде болмашы рөл атқаратын
кезінде ғана тауар айырбасын реттейді
деп есептеді. Смит жүйесінде қоғам
үш таптан — капиталистерден, жалдамалы
жұмысшылардан және егіншілерден тұрады,
мұнда ол егіншілердің, сондай-ақ өзі өнімсіз
еңбек өкілдері деп есептеген халық топтарының,
атап айтқанда, үй қызметшілері мен қоғамдық
қызмет көрсету саласы жұмыскерлерінің,
мемл. басқару қызметкерлерінің қоғамдағы
рөліне сын көзбен қарады. Ол халық ш-н
объективті даму заңдарына бағынатын
жүйе деп есептеді, өндіріске қатысушылардың
еркін бәсеке арқылы тиімді түрде жүзеге
асырылатын меншіктік мүддесі (бас пайдасы)
ілгерілеудің ең басты қозғаушысы деп
санады. Әдетте, бәсекені шектеу және монополия
эконикасын. өрлеуге, халықтың материалдық
жағдайын жақсартуға (“халықтың байлығын”
арттыруға) бөгет жасайды. Ол мемлекеттің
экономика рөлін теріске шығармады, бірақ
оны “ойын ережелерін” қадағалау міндеттерімен
шектеуді ұсынды. Ол теориялық жүйе және
мемлекеттік саясат ретіндегі меркантилизмді
қатты сынға алды. .
- Cмиттің ілімі Ұлыбританияда және басқа бірқатар мемлекеттерде капитализмнің даму қажеттеріне сай келетін ішкі және сыртқы экономикалық саясат ұстанымдарының қалыптасуында елеулі рөл атқарды. Ресейде ол басыбайлылық құқықты жою үшін дәйекті дәлел көздері ретінде пайдаланылды. Смит салық салудың, банк жүйесінің, сыртқы сауда саясатының ұтымды қағидаларын әзірлеуге де елеулі еңбек сіңірді.
Адам
Смиттің ілімі
- Адам Смит – бұл өзінің «Исследование о природе богатства народов» атты еңбегінің арқасында экономиканың атасы атанған шотландық экономист.Политэкономияның ағылшындық классикалық мектебінің көрнекті өкілі болып табылады. Осы бағыттың негізгі идеясы болып, байлық физиократтар ойлағандай тек қана ауыл шаруашылығын жүргізу кезінде ғана емес, экономиканың кез келген саласында өндіріс жүргізу арқылы пайда болады. Адам Смит қоғамдағы ең басты нәрсе – бұл еңбекті салалар бойынша бөлу, ал әр саланы операцияларға бөлу деп санаған. Еңбекті бөлу өндірісті біршама ұлғайтады өйткені әр адам бәрінен бұрын нені жақсы жасай білсе соны жасайды деген.Адам Смиттің ойынша,үкімет кәсіпкерлік адамдарға көбірек дербестік беруі керек, тек сол кезде ғана мануфактурлық өндіріс көбейеді. Ол адамдардың өзіндік экономикалық ойларының бар болғандығын солардың ақшаны үнемдеп, белгілі бір өндірісті ұйымдастырып, сонымен қатар елдің экономикасын дамытып отырғанынан аңғаруға болады,- деп айтқан Смит.
- Адам Смит егер де,мемлекет кәсіпкерлерге бостандық беріп, олардың ісіне араласпаса, бұл ең жақсы шешім болар еді,- деп айтқан. Кез-келген заманға сай адам кәсіпкердің түпкі мақсаты – максималдық пайданы ең қысқа уақыттарда алу екенін біледі. Әрине, нарық заңы кәсіпкерлерге өзінің ойын: қашан және қандай өнімдерді шығаруға( қыстық шиналардың жазда қажеті жоқ), оларды қандай бағамен сатуға, сияқты жағдайларда білдіртеді. Кәсіпкерлер бағаны төмендетуге мәжбүр болады, өзге кәсіпорындармен бақталастықта болу үшін. Кәсіпкерлердің ешқайсысы пайданы тек өздеріне ғана емес, сонымен қатар қоғамға да әкелуі жайлы ойлаған емес, дегенмен олардың арасындағы бақталастық тұтынушыларға өте төмен баға мен сан қилы тауарлармен қамтамасыз етіп отыр. Осымен, бақталастық кәсіпкерлерді өндірісті мүмкіндігінше аз шығынмен, пайдасының мөлшерін азайтпай жүргізіп, осының арқасында бағанытөмендетуге мүмкіндік береді. Мұндай ізденіс техниканы онан сайын жоғары дәрежеге жеткізуге және мүмкіндігінше арзан шикізат ауыстырғышын іздеуге әкеледі. Буржуазияның бар көңілі тек жұмысшылары оңай жалдау, жерді сату мен сатып алу, сыртқы нарыққа шығып, өз ақшаларыңды мемелекеттің қалауы бойынша емес, өзіңнің қалауың бойынша жұмсау болып табылған. Бұның барлығы Адам Смиттің идеяларын бұл класстың адамдарына көрікті етіп көрсеткен. Адам Смиттің еңбектері әр түрлі болған, сондықтан бұлар, экономикадағы қарама-қарсы бағыттардың арғы атасы атанған.
Давид Рикардо (1772
жылдың 18 сәуірде Лондон каласында дүниеге
келген) – ағылшын экономисті ,политикалық
экономиканың маманы.Адам Смиттің жолын
қуып оның еңбектерін ары карай жалғастырған
Давид Рикардо экономиканың бос қарсыластықты,тенденцияның
нормасын,табыстықпен жоғалтудың бітірілген
теориясын ұсынған.
- Д.Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» деген еңбегінде (1817ж.) екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, классикалық теорияны тығырықтан шығарды. Әрбір ел ең әуелде өзіне неғұрлым мол табыс әкелетін, ондағы өз артықшылығын соғұрлым басым немесе бәсеңдеу болып келетін өндіріске мамандануға мүдделілік танытады.
Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді (егер саудалық қарым-қатынастардың орныққанын есепке алсақ), яғни басқа тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым тиімді тауар өндіріліп, тап осы тауар басқасына айырбасталынып, экспортқа шығарылуы тиіс.
Сонымен, Рикардо салыстырмалы артықшылық заңын ашты: ол бойынша, әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда алады.
- Қоғам байлығы саудада емес, ол өндірісте пайда болатындығы туралы идеяны алғашқы рет физиократтар («физиократ» гректің: «физис» — табиғат, «кратос» - өкімет деген екі сөзінен шыққан) мектебінің еңбектерінде пайда болды. Осы мектептің басты тұлғасы - Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.) еді. Ол ұлттық байлықтың қайнар көзі - ауыл шаруашылығындағы еңбек деп есептеді. Кейінірек осы сұрақтар Уильям Петти (1623-1687 жж.), Адам Смит (1723-1790 жж.) және Давид Рикардо (1772-1823 жж.) еңбектерінде де қарастырылды. Олар ұлттық байлықтың қайнар көзі тек ауыл шаруашылығының еңбегі арқылы емес, барлық өндіріс саласындағы еңбектерде (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс өндірісі) көрінетіндігін айғақ етті. Осы идеялар «классикалық» (үлгілі) деген атқа иеленді, соңдықтанда бұл ілімнің өкілдері классикалық экономикалық мектептің негізін қалаушылар деп аталды.
- Д.Рикардо А.Смиттің абсолютті аршылықтар туралы идеясы тек жеке жағдай ретінде ғана енген өзара тиімді сауда мен халықаралық маманданудың анағұрлым жалпы принциптерін қалыптастырды. Рикардо сыртқы экономикалық қызметтің ерекшеліктерін анықтауға көп үлес қосты.