Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2015 в 16:21, реферат
Картографиялық жинақтаудың түрлері. Кез-келген географиялық карталарда шектелген қағаз бетінде жер шарының ірі аумағындағы географиялық нысандардың барлығын кескіндеу мүмкін емес. Картада көрсету үшін олардың негізгілері іріктеліп жинақталып алынады.
1.Картографиялық жинақтаудың түрлері.
2.Сандық және сапалық жинақтау
3. Картаға түсірілетін нысандардың кескінінің тетіктерін жинақтау.
4.Сапалық жинақтау.
Қазақстан Республикасы Білім
және Ғылым министрлігі
Тақырыбы:Картографиялық жинақтау
Семей
1.Картографиялық жинақтаудың түрлері.
2.Сандық және сапалық жинақтау
3. Картаға түсірілетін нысандардың кескінінің тетіктерін жинақтау.
4.Сапалық жинақтау.
Картографиялық
жинақтаудың түрлері. Кез-келген географиялық карталарда
шектелген қағаз бетінде жер шарының ірі
аумағындағы географиялық нысандардың
барлығын кескіндеу мүмкін емес. Картада
көрсету үшін олардың негізгілері іріктеліп
жинақталып алынады. Карталардың масштабына
сай жер бетінің қамтылатын аумағындағы
географиялық нысандардың негізгілерін
таңдап, іріктеп алуды картографиялық
жинақтау дейміз. Ұсақ масштабты карталарда
жер бетінің аумағы өте кішірейтіліп, жинақталады.
Мысалы, 1:2 500 000 масштабты картаның 1 см² аумағында жер бетінің 6,25
шақырым² ауданы қамтылады.
Сандық жəне сапалық жинақтау. Картаны құру кезінде сандық жəне сапалық жинақтаулар қолданылады. Картаның масштабына, мазмұнына, қамтылатын аумақтардың ерекшелігіне сай географиялық нысандарды іріктеп санын азайту мақсатындағы картографиялық жинақтауды сандық жинақтау дейміз.
Сандық жинақтауға төмендегі құбылыстар мен нысандар жатуы мүмкін:
1. Тақырыптық жəне жалпы
географиялық карталарды құру
кезінде мазмұнының негізгі
2. Картаның мазмұнын ашатын
географиялық нысандар. Мысалы, көлдердің
ішінен ең қажетті ірілері
таңдалып алынады. Бір текті нысандардың
ішіндегі ең ірілері мен
Бір текті нысандарды іріктегенде, картаға түсіру үшін жер бетінің əртүрлі аймақтарындағы географиялық нысандардың картаның беткі ауданында қамтылатын сандық көрсеткішін математикалық формуламен анықтайтын нормативтік əдістер қолданылады.
Картаға түсірілетін нысандардың кескінінің тетіктерін жинақтау. Картаның масштабы кішірейген сайын картаға түсірілген табиғи жəне əлеуметтік нысандардың кескінінің (сыртқы пішішінің) тетіктерінің санын азайту өзендер мен көлдердің мұхиттар мен теңіздердің жағалау сызықтарын алып жатқан ауданын карталарда кескіндеуде кеңінен қолданылады.
Картаның масштабының кішірейіп, қамтылатын ауданының артуына байланысты жүргізілетін сандық жинақтаудың нəтижесінде өзеннің иректілігі, теңіздер мен көлдердің жағалау сызықтарындағы шығанақтар мен мүйістер азайады. Картаға түсірілетін нысандардың кескінінің санын азайту барысында бір-біріне жа қын орналасқан біртекті нысандар бір ірі нысандар: арал, көл, батпақ, ауылшаруашылығына жарамды жерлер ретінде көрсетіледі.
Картада қамтылатын аумақтың сандық сипатын іріктеу нəтижесінде кескінделу аралығы артуына байланысты жеке нысандардың сандық көрсеткіштері көрсетілмейді. Жинақтаудың бұл бағытында нысандардың жеке айырмашылықтары көрсетілмеуіне байланысты біртекті нысандарды картада кескіндеуге ортақ бір шартты белгі қолданылады.
Масштабы кішірейген сайын қамтылатын аумақтың ауданының артуына байланысты картаның дəлдігіне қойылатын талаптар азайып, біртекті нысандардың шекарасы да кеңейеді. Мұғалімдерге арналған атластың 1:1 000 000, 1:10 000 000 масштабты карталарында халқының саны 100000-нан асатын қалалар үш топқа бөлінген. Əр топқа жататын қалалар халқының саны жағынан 400-500 мыңға айырма жасайтын пунсондармен белгіленсе, мектеп оқушыларына арналған географиялық атластарда халқының саны 100000 асатын қалалар масштабының кішіреюіне байланысты екі топқа біріктірілген.
Сапалық жинақтау. Бір текті құбылыстар мен нысандарды, оларды айқындайтын қасиеттің санын азайтуды сапалық жинақтау дейміз.
Сапалық жинақтау төменде көрсетілген екі топқа бөленді:
– бір текті құбылыстар мен нысандардың санын азайту;
– құбылыстарды айқындайтын қасиеттердің санын азайту. Бір текті нысандардың санын азайтуға ірі масштабты топографиялық карталардағы соқпақ, тас төселген жəне асфальт төселген жолдардың ұсақ масштабты карталарда автомобиль жолдарына; аралас орман, жалпақ жапырақты ормандардың орманға біріктірілуі мысал болады.
Біртекті нысандардың топтарын бір нысанға біріктіріп, шекарасын өзгертуге байланысты, картографиялық жеке түсініктерді жинақтай отырып, мазмұны кең, жаңа түсініктерді қалып тастырады.
Географиялық картада
кескінделген құбылыстар мен
нысандардың сапалық сипатын
жинақтау үшін оларды
– орман
алқабы белгілі бір аумақты
қамтып жатады, өзіне тəн пішіні,
геоботаникалық тұрғыдан
– орман ағаштары
жасымен, санымен, орташа биіктігімен,
орташа диаметрімен
Орман ағаштарын кəсіпорындар əртүрлі мақсатта қолданады. Ұсақ масштабты карталарда аталған қасиеттерінің біразы ғана іріктеліп алынады. Өйткені масштаб кішірейген сайын нысандар мен құбылыстардың көрсеткіштері де азаяды.
Ғылыми тұрғыдан дұрыс жинақталған жағдайда картаның мазмұнының сапасы артады. Картографиялық кескіндеудің дұрыс жинақталуын, картаға дұрыс баға берілуін ескеру, іс жүзінде пайдалану барысында қамтылған аумақ жөнінде дұрыс түсініктердің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиет:
Е.А.Тоқпанов, О.Б.Мазбаев – КАРТОГРАФИЯ және ТОПОГРАФИЯ НЕГІЗДЕРІ