Канада

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 12:34, реферат

Краткое описание

Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.
Канада атауының шығу тарихы

Прикрепленные файлы: 1 файл

Канада.doc

— 48.00 Кб (Скачать документ)

Канада – Солтүстік  Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен  ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.

Канада атауының шығу тарихы

Ертеректе канада жерінде өмір сүрген аборигендердің ирокездік әулие Лауренция тілінде ”KANATA” деген сөз болады. Бұл сөздің мағынасы ”қоныс”,”мекен” деген мағынаны білдіреді. Француз саяхатшысы Ж. Картье өзінің еңбегінде Каната деген атауды тек қана бір қалашықты атау үшін емес, сол аймақтағы адамдар мекендеген қоныстарды атау үшін қолданады. Солкезден бастап Канада жері бір атаумен аталды. 1545 жылдан бастап еуропалық кітаптар мен карталарда Канаданы ”Канада” деп атау бастау алады. XVII ғасырдың басында әулие Лавренция өзенінің бойы мен Ұлы Көлдердің солтүстік жағалауындағы жерлер ”Canada” деп аталған. Британдық отаршылдар келіп, ол жерді Жоғарғы және Төменгі Канада етіп екіге бөліп алады. 1841 жылы екі Канада қайта қосылып, ”Канада провинциясы” болып аталады. 1867 жылы Канадажерінде жаңа мемлекет құрылып, бүкіл елді КАНАДА деген ресми атаумен атау жайлы шешім қабылданады. Канада деген сөзбен бірге Доминион деген сөз де қосылып айтылды. 1950 жылға дейін ”Канада Доминионы” қолданыста болды. Кейіннен Канада үкіметі Ұлы Британиядан өзінің саяси тәуелсіздігін алғаннан соң ғана Канада сөзі қазіргі Канада елінің ресми атауы болып қабылданды. Сол кезден бастап Канада атауы барлық құжаттар мен мемлекетаралық келісім-шарттарда ресми түрде қолданылуда.

Географиялық орналасуы

Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы  км.. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км., сулы жері 891 163 шаршы км.. Канаданың территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып табылады. Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Олжерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Жалпы ұзындығы 202 080 км.-ге тең жағалаулық шекарасы бар. Канаданың таулы аймақтары мен жазық жерлері геологикалық жағынан сезімтал келеді. Жер сілкінісі мен вулкандардың атқылауы қалыпты жағдай. Мигер тауларында және Эдзиза тауларында үлкен жанартаулар (вулкандар) орналасқан.

Климаты

Канаданың жері үлкен болғандықтан бірнеше климаттық белдеулер  бар. Мысалы, ең солтүстік аймағы Арктикалық белдеуде орналасса, одан төменгі жерлері Субарктикалық белдеуде орналасқан. Солтүстіктегі аралдарда үнемі қармен мұз жатады. Ол аймақта тундра бар. Ең суық аймақтар да осында. Ал Британдық Колумбия жерінде жаймашуақ жаз (25 to 30 °C), жауынды маусымдар болады. Бұдан бөлек, солтүстікке жақын орналасқан жерлерде алты ай бойы қар жата береді. Ең төменгі температура ретінде тіркелген көрсеткіш -63˚С (Юкон).

Халқы мен діні

2006 жылы жүргізілген санақтың  нәтижесі бойынша Канаданың халқының саны 31 612 897 адамды құраған. Негізінен, халықтың басым бөлігі иммигранттардың есебінен артып отырған. Канадалық халықтың этникалық құрамы жағынан ағылшындар алғашқы орында (21%), одан кейінгі орындарда француздар (15,8), шотландықтар (15,2%), ирландиялықтар (13,9%), немістер (10,2%), итальяндар (5%), қытайлар (3,9%) және украиндар (3,6%). Бұлардан бөлек канадалық Аборигендер де бар. Олардың үлес салмағы 3,6% болады. Қазіргі кездегі деректер бойынша Канада халқының саны 34 миллионға жеткен. Канаданың жері ұлан-байтақ болғанымен, халықтың орналасу тығыздығы бойынша ең төменгі көрсеткішке ие елдердің қатарына кіреді. Халықтың орналасу тығыздығының орташа көрсеткіші: бір шаршы км.-ге 3,3 адамнан ғана келеді. Халық көп орналасқан аймақ ретінде Оңтүстік Квебек Сити қаласында және Виндсор қаласында көптеп шоғырланған. Оның себептерінің бірі ретінде бұл аймақтағы түрліше индустрия салаларының дамуын айтуға болады. Осынау аймақ Квебек Сити – Виндсор дәлізі деп аталады. Ол Әулие Лавренция өзенінің бойы мен Ұлы Көлдерді жағалай орналасқан аймақ. Әрбір бесінші канадалық азаматтың туылған жері Канададан тыс аймақтар екен. Елге келуші шет елдік қоныстанушылардың арасында азиялықтардың саны басым. Канадалықтардың басым бөлігі Христиан дінінің өкілдері. Сонымен бірге ешқандай діни топқа жатпайтын адамдардың да саны аз емс екен. Ал мұсылмандардың үлесі елдегі халықтың небары екі пайызын құрайды.

Канаданың экономикасы

Канада халқының әл-ауқаты жағдайы  жағынан әлемдегі еңалдыңғы қатарлы елдердің бірі. Канада әлемнің дамыған ”Үлкен сегіздік” елдерінің қатарына кіреді, ”Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымы”-ның мүшесі болып табылады. АҚШ-қа қарағанда Канаданың экономикалық ‘күші’ аздап төмендеу. Есесіне, көптеген Батыс Еуропа елдерініңкінен жоғары. Канады әлемдік сауда айналымы жағынан алғашқы ондыққа кіреді. Елдің басты импорттайтын тауарлары АҚШ, Ұлы Британия және Жапония елдеріне тасымалданады. 2008 жылғы Канаданың импорттаған тауарларынан түскен ақшасы $442.9 млрд. Болады.оның ішінде $280.8 млрд. АҚШ-тан, $11.7 млрд. Жапониядан және $11.3 млрд. Қаржы Ұлы Британиядан түскен. 2009 жылғы казан айындағы деректерге сай, елдегі орташ жұмыссыздық көрсеткіші 8,6% болған. 2008 жылы Канаданың мемлекеттік қарызы Үлкен сегіздік елдерінің арасындағы ең төмен көрсеткішті көрсеткен. Канаданың экономикалық секторын үлкен жетістікке жеткізіп отырған тау-кен өндірісі, мұнай-газ саласы, ауылшаруашық шаласы және қызмет көрсету салалары болып саналады. Жұмысшылардың ¾ бөлігі осы қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылған. Бидай мен астық тұқымдас дақылдарды үнемі шет елдерге сатып отырады. Елдің солтүстік аймақтарында ауалшаруашылығы климаттық жағдайларға байланысты дамымаған. Мырыш пен уран, сондай-ақ, алтын, никель сынды бағалы металлдар Канадада көптеп өндіріледі. Алмаз өндіруден әлемде екінші орын алады. Оңтүстік Онтарио мен Квебек провинцияларында автокөлік жасау мен әуе және ғарыштық техникалар индустриясы дамыған. Канаданың төл валютасы – канадалық доллар (CAD). 5, 10, 20, 50 және 100 долларлық купюралар бар. Монеталары 1, 5, 10, 25 центтік және 1-2 долларлық болып шығарылады.

Қос тілді Канада

Канадада мемлекеттік тіл ретінде  ағылшын тілі мен француз тілі саналады. Мемлекеттік ұйымдар мен  барлық мекемелерде екі тіл қатар жүреді. Азаматтардың қалаған тілде сөйлеуіне және қалаған тілде іс-қағаздарды толтыруына құқықтары бар. Статистикалық деректер бойынша канадалықтардың 59.7% халқының ана тілі – ағылшын тілі, 23.2% тиісінше француз тілі. 67,5% халық тек қана ағылшын тілінде сөйлей алады, 13,3% тек француз тілінде сөйлей алады, және 17,7% халық екі тілде қатар сөйлейді. Квебек провинциясындағы ресми тіл ретінде француз тілі саналады. Өйткені Канададағы француз тілді азаматтардың 85% Квебекте тұрады. Одан кейінгі француз тілділердің басым бөлігі Онтариода тұрады. Квебектен басқа провинцияларда ресми тіл ретінде бекітілген арнайытіл жоқ. Екі тіл қатар қолданылады.

Білім беру жүйесі

Канадада 6-7 жастан бастап 15-16 жасқа  дейін мектептерде білім алу  міндеті бар. Ол үшін мемлекеттік қаржыға осы процесті іске асыру мақтасында қыруар қаржы бөлінеді. Квебек провинциясында кейбір колледждер де мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан, оқу ақысы айтарлықтай қымбат емес. Канадада білімберудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі жоқ. Әр провинция өзінің жеке білім беру жүйесін құрады. Мұнысына қарамастан, барлығы орталық үкімет тарапынан қаржыландырылады. Жыл сайынғы мемлкеттің жұмсайтын қаржыларының 20% білім беру саласына тиесілі. Жоғарғы оқу орындарындаға студенттердің оқу ақысын өтеуі үшін мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіледі. Студенттер мемлекеттен төменгі пайыздық көрсеткішпен несие ала алады. Провинцияларда да осыған ұқсас студенттерді қолдау жүйелері бар. Канада үкіметі 2000-2010 жылдар аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындады. Осы бағдарлама аясында 100 мың студент мемлекет тарапынан жыл сайын 3000 доллар соммасындағы шәкіртақыны алады. Шәкірақы бес жылға дейін беріледі. Канаданың білім беру саласына жұмсайтын қаржысы жан басына шаққанда әлемдегі ең жоғарғы көрсеткішке жетеді. Халықтың білімінің жақсы болуы елдің атағы мен ол елде интеллектің бағаланатындығына дәлел бола алады.


Информация о работе Канада