Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 08:10, реферат
Израиль – Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр. Георафиялық орналасуы бойынша – мемлекет Азияның оңтүстік-батысында орналасқан.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша берілген жер көл. 14 мың км2, ал 1948 – 49 жылдары араб-израиль соғыстары барысында басып алған жерлерін қосқанда 20,7 мың км2.
2009 жылы ақпандағы сайлауда үкімет басына Биньямин Нетанияху бастаған оңшыл орталық коалиция келгеніне бір жылдан асты. Оның ядросын үш оңшыл орталық партиялар құрады – басқарушы Ликуд, «Біздің үй – Израиль» «орыстар» («израильдік акценті» бар) партиясы және сефардтар-традиционалистер әлеуметтік-популистік қозғалысы ШАС; ал флангтарда солшыл Еңбек партиясы («Авода»), діни сионистертердің оңшыл блогі «Еврей үйі» - Жаңа Мафдал және ашкеназдар-ультраортодокстер блогі «Таурат еврейлігі». Көптеген «жаман ойлаушылардың» айтуы бойынша, сондай әртүрлі ойлайтын және әртүрлі мақсаттары бар үкімет ары кетсе екі-үш айға дейін ғана шыдауы керек болатын. Бірақ сарапшылардың таң қалғаны – бұл үкімет әлі де болса тұрақтылықты ұстап келеді.
Үкіметті қолдаушылардың айтуы бойынша, олар басқарушы кабинеттің жетістігі ретінде Ливан мен Газа секторы шекараларындағы салыстырмалы түрде созылған тыныштықтың сақталуын, мемлекеттің экономикасына дамыған мемлекеттер тобы арасында біріншілердің бірі болып экономикалық өсуге әкелген нәтижелі қаржылық саясатын қаржылық цунамиден құтылып кеткенін жатқызады.
Сарапшылар тағы да Беньямин Нетанияху үкіметі мен Барак Обаманың әкімшілігінің арасындағы өткір қарама-қайшылықтарға қарамастан, 2009 жылы айтарлықтай ашық түрде қақтығысқа ұшырамағандығын айта кетеді. Биби қазірше Израильден палестиналық арабтарға жаппай шегіністерге баруын талап ететін Ақ үй мен «таяушығыстық делдалдардың» қысымын көтеруде, бірақ көбі бұл мәселедегі қиындықтар әлі алда деп ойлайды.
Қазіргі кездегі Кнессеттің көпшілік орнын иеленіп отырған «Кадима» партиясы 2005 жылы пайда болды. Сол жылы Ариэль Шарон мен оның жақын жақтастарының «Ликуд» партиясының басшылығымен қарама-қайшылықтар болып қалады. Қарама-қайшылықтың негізі межелеу саясаты болды – Газа секторынан израиль әскерін шығару және 1967 жылдан кейін салынған еврейлік елді-мекендерін бұзу. Бұл Ариэль Шаронның «Ликудтан» кетіп жаңа партияны құруына себеп болды. Алғашқы аты жаңа саяси бірлестіктің лозунгі болған «Ұлттық жауапкершілік» ұраны болды.
Ариэль Шаронмен бірге «Ликудтан» Эхуд Ольмерт, Ципи Ливни, Меир Шитрит, Авраам Гиршзон, Марина Солодкина және басқалары шығып кетті. 2005 жылы 30 қарашада 82 жастағы «Аводтың» көшбасшысы және премьер-министр Шимон Перес Ариэль Шаронды және оның жаңа партиясын қолдау үшін өзінің партиясынан шығатынын жариялады. Шаронның жақындары Перестің жаңа партияға қосылмайтынын айтқан, бірақ ол жеңіске жетсе Шаронға министрлік орын берілетінін жеткізді, онда ол үлкен ұлттық жобалармен айналысатын болады – Негев шөлін дамыту, Өлі теңіздің экологиясы және т.б. Алайда, Шимон Перес «Аводадан» шығып «Кадимаға» қосылды. Переспен бірге «Кадимаға» Кнессеттің депутаттары Хаим Рамон және Далия Ицик ауысты. «Біздің үй – Израиль» партиясының басшылығымен болған түсініспеушіліктерден кейін, Кнессет депутаты Михаиль Нудельман «Кадимаға» кетіп қалды. «Кадима» билеуші партияға айналды, бірақ Кнессеттің 16 отырысында көпшілік орынға ие болмады.
2006 жылы 12 шілде мен 14 тамыз аралығында Екінші Ливан соғысы өтті. Бұл соғыс әскер мен мемлекет басшылығындағылардың кемшіліктерін көрсетті. Әскери опреацияның негізгі мақсаттары орындалмады: 2 тұтқын сарбаз босатылмады, «Хезболла» жойылмады, тек әлсізденді. Конфликт аяқталғаннан соң сот төрешісі Элиягу Виноград басқарған Ливандағы жағдайларды зерттеуге байланысты арнайы комиссия құрылған. Премьер-министр Эхуд Ольмерт, Қорғаныс министрі Амир Перец, Бас Штаб бастығы Дан Халуцты отставкаға жіберуді қолдап көптеген митингілер өте бастады.
«Кадиманың» мына басшыларына қарсы жемқорлыққа байланысты айыптаулар қозғалды: Ариэль Шарон, Омри Шарон, Авраам Гиршзон, Цахи Анегби, Хаим Рамон, Рухама Авраам, Яков Эдри және Эхуд Ольмерт. Премьер-министр Эхуд Ольмертке қарсы жоқ дегенде үш іс бойынша айыптаулар қозғалды: парақорлыққа байланысты іс (кәсіпкер Морис Таланскиден конверттер), Өнеркәсіп және сауда министрлігіндегі жемқорлық және шетелге заңсыз қаржының алынуы бойынша істер («Ришон турз» ісі). Ольмерт 2008 жылдың 17 қыркүйегіне белгіленген праймеризге қатыспайтындығын айтты.
2009 жылы 10 ақпанда өткен Кнессеттің 18 шақырылымының сайлауына «Кадима» 28 депутаттық орынды иемденді: сыртқы істер министрі Ципи Ливни, көлік министрі Шауль Мофаз, ішкі қауіпсіздік министрі Ави Дихтер және Ішкі істер министрі Меир Шитрит. Бұл сайлауда, жоғарыда айтып кеткендей, «Кадима» 28 орынға ие болып, «Ликудтан» 1 орынға басым түсті. Алайда, оңшыл партиялар жалпы алғанда Кнессеттің 120 орынының 65-сін алған соң, Президент Шимон Перес үкімет құруды «Ликудтың» төрағасы Биньямин Нетанияхуге тапсырды. Сол күні «Ликуд» төрағасы «Кадима» мен «Авода» көшбасшыларына өзінің қоластындағы ұлттық бірлік үкіметіне кіруін ұсынған.
Оңшыл партиялардың жеңу себебі, Нетанияху өзінің коалициялық әріптестерін палестиндік мәселенің ішінде мына үш нұсқаның – нәтижелі реттеуге жету үшін жаппай ымыраларға келу; Иудея мен Самарияда біржақты межелеудің жаңа кезеңі және Иордан өзенінің батыс жағында геосаяси статус-кво сақтау – үшіншісі ғана оңтайлы екеніне сендірді. Бұл қадам «Осло саясаты» сияқты саяси тәжірибелерге шаршаған халық үшін қолайлы көрінді. Басқаша айтқанда, солшыл партияларда туған палестиндік арабтарға «жерге бейбітшілікті ауыстыру» қағидасын тарату және «территориялардан біржақты кету» бағдарламалары израильдік қоғамда өз маңызын жоғалтқандай, тіпті өзінің электоралды нарығын әлсіретуде.
Қазіргі кезде солшыл оппозицияда билікке қайтып келу үшін тек зайырлы қоғам мен діни қоғамды бір-біріне қарама-қарсы қою мен әлеуметтік-азаматтық мәселелерін көтеру қалған сияқты. 1999 жылы солшылдардың бұл тәсілі іске асқан болатын. Ол кезде солшылдар өздерінің бақылауындағы бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы израильдіктерді Израильде «зайырлы мәдениет пен діни мәдениет арасында соғыс» болып жатқанына скендірген еді. Ал оған қарағанда ішкі және сыртқы қауіпсіздік мәселелері онша маңызды болмай тұр деген. Осы жағдайда сол кездегі премьер-министр (қазіргі кездегі де) Нетанияху «діннің күшеюімен күрескер» Эхуд Барактан сайлауда ұтылып қалды.
Солшылдардың политтехнологтары осындай жағдайды қайтадан туғызайын деп отыр. Солшыл БАҚ-тарда қайтадан белсенді түрде пәлен «залым паразит-ультраортодокс» кейпі пайда бола бастады. Бұған мысал ретінде «Гаарец» газетінде 10 наурызда пайда болған Алуф Беннің мақаласын жатқызуға болады. Қазіргі халықтың «діни адамдарға» («ақырын қайнай бастаған қазанның астына от сала» бастаған) наразылық білдіріп отырған кезінде, солшылдарға еш қиыншылықты да қажет еткізбейді, тіпті келесі сайлауда өз шыңына жетеді деген мүмкіндіктер бар.
Израиль халқы. Халқының саны 7 млн-ға жуық, олардың 80% еврейлер, 20 % арабтар құрайды. Діні – 76,5% яһудилер, 16% мұсылмандар, 2% християндар, 1,5% друздар, 4% дінге сенбейтіндер. Тілі -иврит, араб.
Валютасы – израильдік жаңа шекель. Шекель 100 агоротқа тең.
Демалыс күндері жексенбіден бейсенбіге дейін, таңертеңгі сағат 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс жасайды. Сауда орталықтары сенбі күндері ашық. Ресторандар мен кафелер әдетте жұма-сенбі күндері жұмыс істейді. Мұсылмандар дүкендері жұма күні жұмыс істемейді, себебі бұл күні мұсылмандар демалады, ал христиандар дүкендері жексенбі күндері жұмыс істемейді.
Израильдің діни-нанымдары. Діни нанымдары – негізінен иудаизмді ұстанады. Бұл ежелгі монотеистік діндердің бірі, б.д.д. 1 мыңжылдықта Палестинада пайда болған, Израильдің мемлекеттік діні. Ежелгі еврейлік этнос Ханаан аумағында (қазіргі Израиль) б.д.д. 2-ші мыңжылдық ағымында семит тілді көшпелі малшылар мен Ханаан оазистерінің жер өңдеушілерінің шоғырлануы нәтижесінде қалыптасқан.
Еврейлер шашыраңқы өмір сүргендіктен, әрбір диаспораның өз тарихы бар. Ол Қазақстан еврейлерінде де бар. Еврейлер қазіргі облыстық орталықтардың барлығында дерлік тұрады. Қоныстанудың бірінші кезеңі Ұлы Жібек жолының ашылуымен басталған болатын, және ол 1917 жылы большевиктердің билікке келуіне дейін жалғасты. Еврейлер мұнда партиялық, кеңес және кәсіподақ қызметкерлері ретінде кеңес үкіметін нығайту үшін қалдырылды. Екінші кезең 20-шы жылдардың ортасына дейін созылды. Осы уақыттан 30-шы жылдардың басына дейін еврейлердің Қазақстанға келуінің үшінші кезеңі жүрді. Ең алдымен, бұл бундовецтер мен троцкистердің (және Л. Троцкийдің өзін) қоныс аудару болды. Сонымен қатар, осы жылдары республиканы индустриаландыруға қатысу үшін көптеген мамандар жіберілген болатын. Олар балқаш, Шымкент және басқа да өнеркәсіптік комбинаттарды, Қарағандылық шахталарды, Түркістан-Сібір темір жолын құруға қатысты. Еврей-дәрігерлер, педагогтар, өнер қайраткерлері өте көп болды. Төртінші кезең 2-ші дүниежүзілік соғысқа қатысты, Қазақстанға мыңдаған адамдар, соның ішінде Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, Польшадан еврейлер де қоныс аударылды. Көбісі соғыстың соңында қайта кері қоныс аударды, бірақ маңызды бөлігі тұрақтап қалды. Және соңғы, бесінші кезең – 50-ші жылдардың басы-60-шы жылдардың аяғы. Мұнда космополитизм мен буржуазиялық ұлтшылдық, атақты «Дәрігерлер ісі» жүрып жатқан болатын. КСРО –ның еуропалық аумақтарында еврейлерді осы баптар бойынша қаралау, көпшілік қудалау және жұмыстан шығару олардың Қазақстанға қоныс аударуына алып келді. Еврейлердің көптеген саны Қарағандыға келді, олар бүтіндей ғылыми-зерттеу институттарын құрды. Ал екінші кезең – тың игеру, оған көп еврейлер келген болатын.
Қазақстанда еврейлер өз мәдениеттерін құрған жоқ. Олар республиканың көпұлтты мәдениетіне сіңісіп, оны дамытуға қолдан келген көмектерін аямады. Олар тарихқа, педагогикаға, медицинаға, юриспруденцияға және т.б. ғылымның бағыттарына, сонымен қатар әдебиетке, театрға, музыка мен киноға өз үлестерін қосты. Еврейлердің арасында басшы қызметкерлер, қаржылық-экономикалық сала өкілдері, шахталардың, құрылыстардың, ірі кәсіпорындардың бастықтары болды.
Израильдің ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері. Еврейлер ежелден өз үйлерінде есіктерінің жақтауларына жын-шайтаннан қорғайтын мезуза, яғни Второзакониенің екі үзіндісі бар пергамент шиыршық қағаз бекітіп қоятын болған. Иудаизмде діндарлардың арнайы жабдықталған хауызда жаңбыр және бұлақ суы – микведе дәрет алу рәсіміне ерекше мән беріледі. Тек дәрет алу рәсімін қабылдағандар ғана дұға қылуға жіберіледі. Ежелден бері еврейлерде сүндеттеу рәсімі сақталып келеді. Еврей заңдарына сәйкес ұлын әкесі сүндетке (хаттафат, дамбрит) отырғызады, бұл рәсімді «мохел» деп аталатын басқа адам да жасауына болады. Бұл рәсім балаға «барух хаба» («келушіге бата берілді») деп сәлемдесуден басталып, баланың денсаулығы үшін дұға қылумен аяқталады, осыдан кейін оның есімі жария етіледі. Бұл операция үйде, ауруханада, синагогада жасалады. Еврейлерде үйлену тойы сән-салтанатты түрде өткізіледі. Ашық аспан астына көшпелі қалқа – хула орнатылады. Күйеу жігіт пен қалыңдықты некелестіретін раввин дауыстап неке келісімін немесе ксубуды оқиды. Еврейлер үшін кашера ұғымы өте маңызды болып табылады, яғни қандай да бір нәрсеге Галаха, яғни Тора мен Талмудадағы заңдар мен нормалар тұрғысынан рұқсат етілу немесе оның қажеттілігі. Кашер адамның қандай да бір заңдық немесе рәсімдік әрекеттерді жасауға құқылы болуына, табынушылық заттары – Тора шиыршығының, тфилиннің, мезузаның, дикваның және т.б. дұрыс қызмет етуіне таралады. Егер адам адал және парасатты болса, оның өзі де, сонымен қатар оның киімі де кашерлі болуы мүмкін. Бірақ бастысы тағам кашерлі болуы қажет, атап айтқанда мал өнімдері. Израильде кашерді сақтау міндетті болып табылады. Еврейлерде қасиетті жерлер көп. Бірінші кезекте бұл Иерусалим, Мәңгі қала, мұнда аңызға сәйкес, әлем жаратылған тас – Негіз тасы бар. Израиль Жерінің басты қасиетті орындары – ата-бабалары Авраам, Исаак, Иаков, сонымен қатар патриархтар, пайғамбарлар, даналар мен тақаулар жерленген Храмдар тауы мен Жендет қамалы.
Израильдің ұлттық мейрамдары. Иом Кипур - күнәлардан арылу, базнаны ұмыту және тазару күні. Оның алдында капоройс – қоразды немесе тауықты құрбандыққа шалу рәсімі орындалады. Оның мәні өз үйін зұлымдықтан тазарту және Құдайдың қаһарын қайтару болып табылады.
Ең көңілді мейрамдардың бірі – Сукот, немесе Кущей мейрамы. Ол астық жинау уақытына дөп келеді, және табиғат мейрамы деп саналады.
Еврейлер Ханукуды – жарық пен қуаныш мейрамын өте жақсы көреді. Ту-би-шват, бұл ағаштардың Жаңа жылы, Жемістер күні – Израиль табиғатының мейрамы, бұл мейрам уақытында дастарханға Қасиетті Жердің жемістері – жүзім, інжір, гранаттар, құрма және т.б. қою әдетке айналған. Атаулы күндердің ішінде Катастрофа да бар, бұл терминмен 1933-1945 жж. Германияда және олар жаулап алған аумақтарда ұлтшылдардың еврейлерді ұйымдасқан қудалау және жоспарлы құрту нәтижесінде 6 млн. Еврейдің қаза болуы белгіленеді. Израильдің сыртында, атап айтқанда Қазақстанда бұл күн 1943 жылы Варшавалық геттодағы көтерілістің басталу құрметіне 19 сәуірде атап өтіледі.
Еврейлердің киімі. Еврей киімі, тұрғын жайлары мен тағамдары діннің қатаң ережелеріне негізделген.
Ресей империясының еврейлер тығыз орналасқан батыс облыстарында осы этностың өкілдерін өзіндік ерекше костюм арқылы айыруға болатын еді, одан ХҮІ ғасырдағы поляк ерлерінің сәндік киімінің элементтері байқалатын.
Еврейлер жібек немесе атлас матадан тігілген ұзын сюртук («лапсердак») киетін, оның сыртынан жалпақ қара белбеу байланатын. Дөңгелек барқыт тақия, былғары туфли, қонышына панталон салынатын ұзын шұлықтар костюмді толықтырып тұратын. Құдайға сыйыну кезінде бастары мен иықтарына мінәжат жамылғысы – талит жабатын. Сыртқы киімнің ішінен бұрыштарында цициті (ивр. «кішкентай шашақ») бар кіші талит салып жүрген.
Еврейлер сақалдарын қырмаған, басындағы шашын жұқа етіп алған және шықшыттарына бір тұтам ұзын шаш – пейс қалдырып отырған. Құдайға сыйынатын еврейдің басын кішкентай дөңгелек тақия – ермолка жауып тұрады. Еврей әйелдері европалық көйлек киген, тұрмыстағы әйелдер шаштарын қырып тастап, табиғи шашты парикпен алмастырған.
Еврейлердің дәстүрлі үйі өзіне сауда, қолөнерлік-өндірістік, тұрғын жайлар мен шаруашылық орынжайларды біріктіретін, сөйтіп немістердің «ұзын» үйінің славян құрылыс технологиясы пайдаланылған және орыс пеші бар қосындысы болып табылатын.
Ұлттық тағам көптеген діни ережелерге негізделген, олардың ең бастысы – ас туралы емдәмдік заң – кашрутты (ивр. «жарамдылық») ұстану.
Еврей әйелдерінің аз ғана азық-түліктен дәмі тіл үйіретін тамақ пісіре білуі олардың ұлттық тағамдарына өзіндік ерекшелік беріп тұрады. Осы тағамдардың арасындағы ең бір кең таралғаны - ерекше әдіспен дайындалған балық.