Гидрологиялық станциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 17:32, реферат

Краткое описание

Гидрологиялық станциялар мен бекеттерде гидрологиялық құбылыстарға бақылау жүргізу әдістері
Гидрологиялық станция — 1) су объектілері мен аумақтардың гидрологиялық жүргісін (су деңгейі, температурасы, ағыс жылдамдығы, лайлығы, мұз қату және еру құбылыстары, минералдылығы т.б.) байқап отыратын және зерттейтін ҚР гидрометеорология қызметінің өндірістік мекемесі. Гидрологиялық станцияның қажетті құралдар мен аспаптармен жабдықталған байқау орындары болады. Гидрологиялық станциялар өзендік, көлдік (бөгендік), батпактық, мұздықтық және теңіздік болып бөлінеді;

Прикрепленные файлы: 1 файл

гидрология СӨЖ.docx

— 21.90 Кб (Скачать документ)

Гидрологиялық станциялар мен  бекеттерде гидрологиялық құбылыстарға бақылау жүргізу әдістері

Гидрологиялық станция — 1) су объектілері мен аумақтардың гидрологиялық жүргісін (су деңгейі, температурасы, ағыс жылдамдығы, лайлығы, мұз қату және еру құбылыстары, минералдылығы т.б.) байқап отыратын және зерттейтін ҚР гидрометеорология қызметінің өндірістік мекемесі. Гидрологиялық станцияның қажетті құралдар мен аспаптармен жабдықталған байқау орындары болады. Гидрологиялық станциялар өзендік, көлдік (бөгендік), батпактық, мұздықтық және теңіздік болып бөлінеді; 
2) кемеден гидрологиялық байқаулар (теңіздің, көлдің және ондағы ауа райының жағдайы, әр түрлі тереңдіктегі судың мөлдірлігі мен түрі, температурасы мен химиялық құрамы, ағыстың бағыты мен жылдамдығы) жүргізілетін теңіз (көл) бетіндегі белгілі координаторы бар пункт.

Гидрологиялық бақылау — арнайы гидрометеорологиялық расытхана (ГМР), көл станңиясы, жүзбелі гидрометеорологиялық станция, көлдегі гидрометеорологиялық бекет көл мен бөгеңдерге құятын өзен сағасында орналасқан гидрологиялық бекет және т.б. Гидрометеорологиялық расытхана аса ірі бөген мен көлдерде, халық шаруашылық мекемелері мүдделі болған жағдайда, гидрометеорологиялық деректермен қамтамасыз ету үшін үйымдастырылады. Мүндай расытханалар кешенді зерттеу жүргізу және станция мен бекеттерді басқару үшін қажет. Көлдік станциялар көлдердің (бөгендердің), көл топтарының немесе оның бөлігінің гидрологиялық режімін жүйелі түрде зерттеу мақсатында үйымдастырылады. Жүзбелі станциялар көл (бөген) айдындарында, су жолының күрделі бағыттарында ашылады. Көлдегі (бөген) гидрометеорологиялық бекетгер бөгеннің (көлдің) күрделі гидрометеорологиялық жүргісінің негізгі элементтеріне жүйелі бақылау жүргізу үшін қүрылады. Көлдер мен бөгендерге қүятын өзендердің сағалық бекеттеріндегі бақылаулар осы көлге (бөгенге) келіп түсетін ағындының кем дегенде 70%-ын қамтуы тиіс. Көлдердің (бөгендердің) гидрологиялық жүргісін зерттейтін арнайы гидрометеорологиялық расытханалардағы бақылаулар мен жүмыстардың негізгі бөлігі Мемлекеттік гидрометеорологиялық басқарманың осы бағытта жүмыс істейтін ғылыми-зерттеу институттарының ГМР мен бірге жасалған жоспары мен бағдарламасы бойынша реттеледі. Көлдегі станциялар мен бекеттерде жүргізілетін бақылаулар мен жүмыстар стандарттық және арнайы деп бөлінеді. Стандарттық бақылаулар барлық станциялар мен бекеттер үшін бекітілген белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізіледі. Арнайы бақылау ерекше тапсырма бойынша жоспарланады. Бақылаулар жағалауда, жағалауға жақын белдемде және көл (бөген) айдынында жүргізіледі. Жағалауда орналасқан метеорологиялық станциялардың бағдарламасына сойкес метеорологиялық бақылау жүргізіледі. Жағалау мен оған жақын белдемде су деңгейі, температурасы, толқын және мұздық қүбылыстары бақылауға алынады. Сонымен қатар химиялық талдау жүргізу мақсатымен айдыннан су сынамасы алынып, судың негізгі метеоэлементтері ағыстың бағыты мен жылдамдығы, судың оптикалық қасиеттері бақыланатын болады. Арнайы бақылау жүмыстарына су бетінің булануын, су деңгейінің көтері- луін жағалаудың қалыптасуы мен бөген¬дердің шөгінділерге толуын бақылау, мұз қату жағдайына авиабарлау жасау және т.б. шаралар кешені жатады. Жоғарыда аталған бақылау жүмыстарынан басқа барлық көлдердегі станциялар мен бекеттерде қатерлі гидрологиялық қүбылыстарға бақылау жүргізіледі жоне олар жөніңдегі ақпарат, мәліметтерді үнемі ескеріп отырады.

Гидрологиялық бекет — жүйелі гидрологиялық байқаулар жүргізу мақсатында құрал-саймандармен жабдықталған су объектісіндегі (өзен,көл, бөген, канал, батпақ) орын (мекен). Гидрологиялық бөгеттің негізгі жабдығы — сумен өткізу құралдары (гидрометриялық көпірше, гидрометриялық өткел, жылжымалы әрі аспа бесік, паром) және гидрометриялық су өтімі аз және өзге де ерекше жағдайларда бақылау арналары жасақталады немесе су өтімін көлемі арқылы өлшейтін жабдықтар пайдаланылады. Су объектінің режіміне жасалған байқаулардың нәтижелері гидрологиялық бекетте тіркеледі немесе қажет болғанда орталық пунктке жеткізіледі. Ағын сулар мен суқоймалардағы су деңгейін өлшеу жұмыстары су өлшеу бекеттерінде жүргізіледі. Гидрологиялық бекет ұзақ мерзімдік жыл он екі айлық байқау материалдары гидротехникалық имараттарды жобалау, құру, пайдалану кезінде, мелиорацияланған жерлердегі су режімін реттеу, су ресурстарын корғау үшін пайдаланылады.

Гидрологиялық бекеттің құжаты — бекет жөніндегі мәліметтер (тұрған жері, жабдықтары, құрал-саймандары, бақылау бағдарламасы т.б.) түгел  жазылған, гидрометеорологиялық қызмет тарапынан бекітілген ресми құжат. Гидрологиялық бекеттің құжатына қималар, жоспарлар, графиктер және бақылаулардың өнделген қорытынды тізімі қамтылады.


Информация о работе Гидрологиялық станциялар