Германия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2013 в 14:40, реферат

Краткое описание

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған. Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундестаг - жалғыз конституциялық орг. Ол тікелей сайлау негізінде жүзеге асырылады. Ол әдетте 656 депутаттан түрады

Прикрепленные файлы: 1 файл

БУКЛЕТ.docx

— 70.18 Кб (Скачать документ)

                                                      Германия

 

       Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған. Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундестаг - жалғыз конституциялық орг. Ол тікелей сайлау негізінде жүзеге асырылады. Ол әдетте 656 депутаттан түрады. Оның жартысы сайлау округтерінде, ал қалғаны жергілікті тізім бойынша жалпылама, тікелей, еркін, тең және құпия сайлау түрінде 18 жасқа толған азаматтар арасында жүргізіледі. Бундестаг 4 жылға сайланады. Конституцияда Бундестаг өзін-өзі қызметтен босатуы туралы заң қаралмайды. Конституцията 5%-дан жоғары дауыс жинаған партиялар немесе кемінде 3 сайлау округінде 1 мандаттан жинаған партиялар сайлана алады. Депутаттар еркін мандатқа ие.Бундестаг саяси еркін пікірдің басты органы болып табылады. Оған үкіметтің қызметіне парламенттік бақылау жасау, заңдық қызметтер және әртүрлі саяси күштердің қызметтері тағайындалған. Бундестаг зандық негізде бюджеттерді қабылдайды және Федералды Канцлердің сайлауы арқылы федералды Үкіметтің қүрылуына қатысады. Бундесрат - [неміс. Bundesrat - федералды кеңес] - жерлер палатасы, ол 68 жергілікті өкілдерден түрады, ГФР Конституциясының 50-53 тармақтары негізінде Бундесрат федерацияның жер арқылы заң шығарушы және басқарушылық қызметеріне қатыса алатын мүшені үсынады. Бундесратта әрбір жер минимальды түрде 3 дауыспен шектелген, жер мен оның 2 млн. түрғыны 4 дауысқа ие бола алады, ал 6 млн-ы -5,1 млн. Жоғары - 7 дауысқа ие бола алады. Әрбір жер өкілдері ортақ дауыс беруге міндетті. Көптеген шешімдер қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады (мәселен, Конституцияға өзгертулер енгізу, импичмент). Бундесрат президенті 1 жылға сайланады. Бундесрат вето қүқына ие және заңдар шығаруға қатыса алады. Бундесрат депутатары 4 жылға жалпы сайлауда бүкіл халықтың қатысуымен сайланады. Бүл органды біздің еліміздегі Сенатпен салыстыруға болады. Бун¬десратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сай¬ланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германия қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                АҚШ

Президенттік республиканың  алғашқы тарихи әрі үлгілі түрі

АҚШ болып табылады. Бұл  елде президенттік институт 1787 жылғы  Конституция негізінде енгізілген. АҚШ-тың мемлекеттік билігі тыйым  салу мен қарама-қайшылық принципі негізінде құрылған. Бұл тыйым  салу мен қарама-қайшылық принципі АҚШ конституциясының жобасын жасаушы  авторлардың бірі Дж. Мэдисонға тиесілі. Ешбір уақыт ықпалына түспеген бұл  идея мемлекет басқару ісіндегі бірден-бір  сәтті қадам болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері біріне-бірі тәуелсіз, бірақ әрі өзара байланысты болып, әрбірі жеке алғанда қалған екеуімен шектеліп отыратын еді. "Бірінің  ниетіне екінші бірі қарсы тұратын  ниетті құруымыз кажет", — деп  Мэдисон текке айтпаған. Міне, осы  қанатты сөз әлі АҚШ саясаты  мен саясаттануында альфа мен  омега (яғни басаяғы) болып отыр. Мэдисон  тыйым салу мен қарама-қайшылық жүйесіне мемлекеттарапынан қиянат етушілікті болдырмайынша тетік енгізе білді. Сөйтіп тәуелсіз халықты өкіметтен "ажыратып" әрі өкіметтің де төменнен жасалған қысымға қатты  бағынышты болмауы жағын да қарастыратын реттерді ойластырды.

Тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі төмендегідей 6 негізгі ережелерден  тұрады:

1.Барлық штаттар тең  құқыққа ие болады. Жалпы халыктық  үкімет бұлардың бірде-біреуіне  арнайы жеңілдіктер бере алмайды.

2. Басқарудың үш органы  жүзеге асады. Олардың бірі  — заңдар шығару үшін, екіншісі  — оны орындау үшін, ал үшіншісі  — құқықтық мәселелерді шешу  үшін құрылады.

3. Заң алдында барлық  азаматтар тең, бай да, кедей  де, әлеуметтік дәрежесіне қарамай,  өз құқықтарының заңмен қорғалуын  талап ете алады.

4. Үкімет адамдардың емес, заң өкіметі болуы тиіс. Заңнан  жоғары ешкім де, ешнәрсе де  жоқ. Бірде-бір өкімет қызметкерінің  билікті конституция немесе занда  рұқсат етілгеннен өзге жағдайда  пайдалануына болмайды.

5. Халық конституцияны  өзгерте отырып, үкімет билігін  өзгерте алады.

6. АҚШ аумағында АҚШ-тың  конституциясы, конгресс заңдары  мен келісім-шарттары ең жоғары  зандар болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

                   

 

 

 

                       

 

 

                                             Ұлыбритания

Ұлыбритания-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата). 
Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болып шыққанмен де, Ұлыбританияның экономикалық және саяси позициясы едәуір әлсіреді. Адам шығыны Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Ол АҚШ-ка ұзақ уақыт бойы экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталисттік елдерден көп кейін қалды. Бұл жылдардағы жағдайды Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министрі У.Черчиль «Триумф және қасірет» деп атады.  
50 жылдардың соңында ГФР, ал 60 жылдардың соңында Жапония өнеркәсіп өнімін өндіру дәрежесі жөнінен Ұлыбританияны басып озып, оны капиталисттік дүниеде 4-орынға ығыстырды. 
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін империалзмнің, оның ішінде Британ империясының отарлық жүйесі күйрей бастады. Ұлт- азаттық қозғалысының мықтап өрлеуіне байланысты Британ империалистері Үндістанға тәуелсіздік беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге бөлінді. Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) егемендік алды (1948). Езілген халықтардың күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті, бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір экономикалық және саяси позицияны сақтап қалды. Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу мақсатымен Ұлыбритания агрессиялық блоктарын ұйымдастыра бастады. Таяу Шығыс пен Африкадағы отарлық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы қарулы шабуылы жасады. Совет Одағының, басқа да социалисттік елдердің Египетті қолдауы және дүние жүзіндегі прогресшіл жұртшылықтың қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. 30 жылдардың сабағын естен шығарып, Ұлыбритания Батыс Германияны НАТО-ға қосуға жәрдемдесті.

 

 

 

 

      

              

 

 

 

 

                             


Информация о работе Германия