География сабағында туристік өлкетану материалдарын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 20:36, курсовая работа

Краткое описание

Мектеп өлкетануы дегенде өзінің белгілі бір территориясын оқу – тәрбие мақсатымен оқушылардың әр түрлі деректерден, ең бастысы, мұғалімнің басшылығымен тікелей байқаулар арқылы жан –жақты оқып үйренуін түсіну керек. Мектеп өлкетанудың басқа өлке танудың формаларынан (мемлекеттік, қоғамдық, басқа айырмашылығы, мұнда өлкетанушылар, мұнда өлке танушылар өздерінің мұғалімдерімен мектеп оқушылары.

Содержание

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІ. 1. Туризм және өлкетану курсының күнтізбелік жоспары.
ІІ. 2. Өлкетану және туризм негізін қалау жолдары.
ІІ. 3. Туризм индустриясының рөлі мен маңызы.
ІІ. 4. Өлкетанудағы зеріттеушілік іс - әрекеті.
ІІ.5. Өлкетану ұстанымының өрісі кең.

ІІІ. Қорытынды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мектеп өлкетануы дегенде өзінің белгілі бір территориясын оқу.doc

— 144.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Болашақ» университеті

 

 

 

 

 


 

 

 

 

     Тақырыбы:География сабағында туристік өлкетану материалдарын пайдалану.

 

Қабылдаған: Баширова Жадыра

 

Орындаған: Жанахметова Гүлзат

 

 

 

          

 

 

 

 

Қызылорда 2008

 

 

Жоспары :

І. Кіріспе.

 

ІІ. Негізгі  бөлім.

 

      ІІ. 1. Туризм және өлкетану курсының күнтізбелік жоспары.

ІІ. 2. Өлкетану және туризм негізін қалау жолдары.

ІІ. 3. Туризм индустриясының рөлі мен маңызы.

ІІ. 4. Өлкетанудағы зеріттеушілік іс - әрекеті.

ІІ.5. Өлкетану ұстанымының өрісі кең.

 

ІІІ. Қорытынды.

 

 

 

 

 

   І.   Мектеп өлкетануы дегенде өзінің белгілі бір территориясын оқу – тәрбие мақсатымен оқушылардың әр түрлі деректерден, ең бастысы, мұғалімнің басшылығымен тікелей байқаулар арқылы жан –жақты оқып үйренуін түсіну керек. Мектеп өлкетанудың басқа өлке танудың формаларынан (мемлекеттік, қоғамдық, басқа айырмашылығы, мұнда өлкетанушылар, мұнда өлке танушылар өздерінің мұғалімдерімен мектеп оқушылары. Жұмыстың барлық түрлерін ұйымдастырып басқарушы да мұғалім болып саналады.Мектеп өлкетануда оның оқу процестеріндегі құндылығын есте сақтау керек. Өлкетану жұмысын жүргізу барысында оқушылар білімдік материалды жақсы біліп, одан әрі білімдерін кеңейтуге, практикалық жұмыстар мен байланысты дағдыларды да игереді. Өлке тану географияны оқытудағы негізгі құралдардың бірі – тәрбиелеу оқыту.

   Оқушылар  үшін өз өлкесі, сол сияқты  оны оқып үйренумен байланысты  жүргізілетін жұмыстары географиялық  ұғымдармен байланысты жүргізілетін  жұмыстарды географиялық ұғымдардың қалыптасуындағы –қайнар көзі; өз өлкесі туралы материалдарды және жергілікті халықтардың шаруашылық әрекетін ғылым негіздерін оқытқанда мысал, илмострация ретінде қолднуға болады. Ақырында, өз өлкесі – алған білімді практика жүзінде қолдана білуге ең қолайлы орын.

    Өлке  тануға сол туған жерге оқып  зеріттеу, оған сипаттама беру,

материал жинау  деп қана қарауға болмайды, ол сонымен  қатар 

географияны оқытумен өмірмен байланыстырудың  бір жағдайы.

«Географияны  оқыту әдістемесі» 21бет

Географияның  кез – келген курсын оқытуды оқушылардың өз өлкесін зерттеуден алған білім және дағдыларымен жүйелі түрде байланыстырып отыру – оқытудың өлке тану принципін жүзеге асырудың мәні болып табылады.

  ІІ.1 Туризм және өлкетану курсы халқаралық қатынастардың жақсарып, елдер арасындағы достықты күшейтуге ұмтылыс күшейген кезде, туризімді дамытудың қазіргікезеңі мен болашақтағы даму бағытымен ұштастыра жүргізіледі.

«Географияны  оқыту әдістемесі» 22 бет

 

    Туризм  әлемнің көптеген елдерінің өте көңіл қоярлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Мамандардың болжауы бойынша, ХХІ ғасыр туризм ғасыры болмақ.

    Туризм  және өлкетану курсының мақсаты  – еліміздегі туристік жерлерді  табиғи күйінде дамыту және  басқа елдермен салыстыра отырып, туған елдің табиғатын аялай білетін, қоғамға қажетті ұлтжанды азаматқа білім мен тәрбие беру.

    Бұл  бағдарлама – Елбасы жолдауында  көрініс тапқан еліміздегі туризмнің дамуын, оның жеке индустриалы болып қалыптасуын, өңірлеріміздегі экономикалық әлеуметтік – экономикалық дамудың ырғақтылығын көрсететін, қаржылық түсімнің көбеюін, туризм нарығындағы зерттеу жолдарының жаңа бағыттарын, ұстанымдарын ашып көрсететін бағдарлама.Қазақстан Республикасының туризмді дамытудағы 2007 -2011 жылға арналған бағдарламасында мемлекеттік бюджеттен бұл үшін 59318221 мың теңге бөлініп отыр.

   Қазақстан  Республикасының 2015 жылға дейінгі  Жалпы білім беретін мектептердің  мемлекеттік білім беру тұжырымдамасында  «Орта білім берудің жоғарғы  сатысында функционалды қызметтің  басым бағыты оқушылардың тереңдетілген кәсіптік білім беруге даярлығын жүзеге асыру үшін бейімдңлңк оқытуды енгізу болып табылады» - деп атап көрсетілген. Яғни, 8 сыныптағы «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен білім

«География  және табиғат» журналы 30-31 беттер5/2007ж

ала отырып, еліміздің  табиғатын, байлығын, әсем жерлерін санасына сіңіре білген бала болашақтағы елінің тұтқасы бола алатындай азамат болып  қалыптасады.

   Туризм  дамуының жаңа старатегиясы еліміздің  экономикалық өсуі мен өркендеуінің  кепілі болып табылады, сондықтан, бұл курстың міндеті – Қазақстан туризмінің сәтті дамуына кепіл болатын жоғары білікті оқушыларды даярлау және білім беру.

     Туризм және өлкетану курсының  мазмұны – туризм тарихының және халқаралық туризмнің дамуындағы жаға тенденциялар мен халқаралық туризм салалары туралы кең мағлұмат алу. Туризм кең ауқымдылығымен халқаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді. Ол ғалымдардың да назарын аударып, маңызды қоғамдық – экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр.

    Туризм  және өлкетану курсы туризмді  біртұтас жүйе ретінде бейнелеп, зерттеп отырады. Рекрециялық  географиямен қатар туризм географиясынның  мәселелерін шешіп, туризмологияның  теориялық негіздерін құрайды. Оқушылар пән арқылы туризмді басқару, ұйымдастыру, оның құрамын, тарихын, дайндық кезеңін саяхаттарда, сабақтарда ұйымдастырып өткізе білуге талпынып, өз бетінше іздену іс - әрекеттерін қалыптастыра отырып шыңдайды.

        Бұл курс негізінен, төрт бөлімнен тұрады.

    1. Бөімде. Дүниежүзілік туризмнің даму тарихы мен туризмнің классификациясын жалпы сипаттама беру.
    2. Дүниежүзілік туризм дамыған аймақтармен таныс болу.
    3. Қазіргі кездегі Қазақстандағы туризмнің дамуының алғышарттары.
    4. Туған өлкенің туристік мүмкіндіктері (Қазақстан Р –сы өңірінің туризмді дамытудағы қолайлы аймақтары) туралы оқушыларға өз бетінше ізденіп, дайындалуға арналған ғылыми конференцияларын ұымдастыру.

ІІ.2. Туризм – бәсекеге қабілетті, қаржыны көп талап ететін сала. Туризм, негізінен, 3 –ке бөлінеді.


 

 

 

 

 

  Оның өзін - өзі ақтауы үшін ең іуелі  насихат жұмысын пәрменді ұйымдастыру  керек. Теледидардан көрсетіліп  жүрген Көлсай туралы бейнефильм  сияқты, танымдық бағыттағы бейнетаспалар  мен бейнероликтерді апарып, мектеп  оқушылары, білім саласы қызметкерлері бас қосқан жиындарда көрсетуге, теледидар бағдарламасына енгізуге болар еді.Әсіресе, ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану

«География  және табиғат» журналы 58-59 беттер6/2007ж

 

 

арқылы ауданның, мектептің туризм салаларындағы имиджін қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Осы негізде мен ұсынғалы отырған туризм бағыттары мынадай:

  Мәдени  – танымдық бағыттары туризмді  әуелі мектеп базасында да  ұйымдастыруға болады. Оқушылар  серуенге шығып, тау бөктерімен, қырқа жоталарымен бірнеше шақырым жол жүріп қайтаса ауада кеуделерін кере демалып, мезгіліне қарай түрлі жемістердің пісіп –жетілуіне, толысқан кенде дәл келсе, саңырауқұлақ, тас жуа, тау сарымсағы, т.б. жинап, мыңтамыр, шайқурай, алтынтамыр сияқты таулы өңірде қсетін, т.б. дәрілік өсімдіктердің неше түрін көріп, қасиеттеріне қанығады.

     Бүгінгі оқушылар пальма, бамбук, папоротник сияқты өзге құрылықта  өсетін ағаштар жайлы көп білгенмен,  біздің аймақта өсетін тобылғы,  жыңғыл, т.б. туралы түсінігі аздау. Мысалы, әсемдік үшін өсірілетін тамориск бұтасының кәдімгі жыңғыл екені кейбірулерді таңқалдыруы да мүмкін.

  Тау жолдарымен  жорыққа шыққандар аз уақыт  болса да ерте тұру, от жағу, қазан асып, ас әзірлеу, шатыр  тігу, жолға қамдану, жол қиындықтарында бір –біріне көмектесу сияқты жағымды әдеттерге машықтанады.Сонымен бірге бұлақ көзін ашу, көшет отырғызу жұмыстары табиғатты аялауға жетелесе, жол жүру мен түрлі ойындар денелерін шынықтырады. Жорық барысында достық қарым – қатынас, өзге де адамгершілік дәстүрлер нығая түседі. Ең бастысы қиындық – кедергілерді бірлесе жеңуге құлшынады.

  Табиғаты әсем, қолат – қолат сайлары аң – құсқа бай тарихи жерлер «Табиғат – олардың тағдыры», «Алтыннан да қымбат - атамекен», т.б. тақырыптарда танымдық телефильмдерге, бейнероликтерге сұранып тұрғаны аян. Табыс әкелер туризм саласын дамытуға шетелдіктер қызығатындай бай табиғатымыз да, бағалы аң –құстарымыз да, өткеннен сыр шертер тарихи орындарымыз да қызмет істейді.

  Болашақта  туризмге арнап қонақүйлер, балалар үшін демалыс лагері мен сауықтыру нысандары, сонымен қатар түрлі қызмет көрсету мекемелері қажет. Мұны елімізде 2007 – 2011 жылдарға арналған туризді дамыту бағдарламасы аясында осы ауданнан шыққан іскер азаматтардың демеушілігімен жүзеге асыру жоспары керек. Ал оқушылар үшін мәдени – танымдық кешендер, ұлттық салт – дәстүр тарихына арналған мұражай, ауданның өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен хабар беретін қызықты орындар болса туристерді өзіне тартатыны сөзсіз.

   Ал  экологиялық туризмнің керектігі  қазіргі өнеркәсіпке негізделген өркениетті модернизациялау үрдісі нәтижесінде адамдардың қоршаған ортаға ықпалының теріс бағытының болуында. Егер табиғатқа қамқорлық болмаса жабайы өсімдіктердің, орман – тоғайдың қалғандары да құрып бітпек. Жабайы жануарлар да ығыстырылып кетті. Мысалы, осыдан 30 жыл бұрын көрінетін аю қазір алыста болмаса жақын маңда жоқ.Экологиялық сауатсыздық, табиғатта болып жататын заңдылықтарды білмеу, оларды жоққа шығару, табиғат байлығына жаны ашымау тылсым табиғат заңдылығын бұзу болып табылады.


Туриз- тиімді әрі түсімді кәсіпкерлік. Бүкіл  әлемдік туризм индустриясы өркендеп келеді. Біз де туристік бизнесті дамытудан  пайда алуға тиіспіз. Өзімізде туризмді дамытудың бағдарламаыс жасалынды.

  Туризмді  дамытуға әлеумет бар. Әрқилы географиялық ландшафт, Жалаңаш, Алғабас, Торыайғыр өңірлеріндегі өте бай флора, фауна, ұлттық төлтума мәдениет осы индустрияны дамытудың алғышарттары болмақ.

2.3. Қазақстан Республикасының туризм жүйесінің дамуы қарастырылып, еліміздің халық шаруашылығы рөлі мен маңызы анықталған. Еліміздің экономикалық өсуіне бір бағыт болып саналатын туризм индустриясының дамуының тежелу себеп –салдары баяндалған.

   Туризм  тарихы ертеден басталады. Ол  ХІХ ғасырдың аяғында пайда  болып, осы қалпында қалыптасты. Қоғамдық қарым – қатынас пен техника мен технологиялық қарқынды даму кезеңінде – ХХ ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгінде туризм ірі капиталдарды және еңбек ресурстарының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік вальдық өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала. Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады. Туризм үш ең ірі экспорттық салалардың құрамына автомабиль жасау және мұнай өндіру өнеркәсібінен кейін енеді.Туризм өз кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып саналады. Франция, Испания, Грекия, Түркия, Венгрия және Египет елдерінде туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономиканың саласы болып табылады.

   Егеменді  Қазақстан да туризмнің дамуына  мемлекет экономикасы мен қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде. Әлемдік нарықта

«География және табиғат» журналы 22-26 беттер3/2005ж

Қазақстанның  тур өнімдерінің қозғалысына  әсер ететін туризм индустриясының дамуына және бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1992 жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Қазақстанның қазіргі экономикасында туризм рөлі үздіксіз өсуде. Тек соңғы 2003 жылы елімізге келген туристер саны 229 014 адамды құрайды. Өкінішке орай, Қазақстанда туризм саласының әлі де тиімсіздеу екенін айта кетуге тиіспіз. Шығу туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристердің жалпы саны – 44990. Бұны пайыз тұрғысынан қарасақ, шығу туризмі – 48% тең, ал келу туризмі тек 19% ғана көтерілген. Шығу және келу туризмінің арасында үлкен айырмашылық бар екенін сандар көрсетіп отыр, бұл Қазақстанда келу туризмін дамытудың қажеттілігін білдіреді.

   Осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі қалыптаспаған кезде бүтін индустрия туралы не айтуға болады? Қоғам бұл мәселені айтып, жоғарғы денгейге дейін сұрақ көтеруге тиіс.

  Осы заманғы  туризм индустриялды формасы  бар,ұлттық экономиканың дамуының  негізгі катализаторы болып табылады, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін жергілікті халықтың тұрмысын көретін экономикалық құбылыс. Туризм саласында алдыңғы қатардағы шетелдің туризм индустриясын мысалға алсақ, оған салынған инвеститциялардың тез өзін өзі ақтауының ең жоғарғы тиімділігін көреміз. Бұл дегеніміз, туризм өзі жетілген мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізеді дген сөз.

Информация о работе География сабағында туристік өлкетану материалдарын пайдалану