Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Августа 2013 в 12:39, доклад
Оқушыларды пәнге және зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру. Күрделі тапсырмаларды орындауға, шығармашылықпен ойлауға жетелеу, өз бетімен қорытынды жасауға дағдыландыру және өзіне сенімділігін арттыру, өз бетімен білім жинауды қалыптастыру. Отанына сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушының бейімділігі мен дарындылығын және жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған географиялық тапсырмалар, тесттер, зерттеу жұмыстары әрдайым өз нәтижесін береді. Білім беру қарапайымнан күрделіге ұштасуы керек.
«Оқушы құйып толтыратын құмыра емес,
Ол жұлдыз, алау. Оны тамызу керек».
Тақырыбы: География сабағында дарынды оқушылармен жұмыс.
Мақсаты: Оқушыларды пәнге және зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру. Күрделі тапсырмаларды орындауға, шығармашылықпен ойлауға жетелеу, өз бетімен қорытынды жасауға дағдыландыру және өзіне сенімділігін арттыру, өз бетімен білім жинауды қалыптастыру. Отанына сүйіспеншілігін арттыру.
Оқушының бейімділігі мен дарындылығын және жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған географиялық тапсырмалар, тесттер, зерттеу жұмыстары әрдайым өз нәтижесін береді. Білім беру қарапайымнан күрделіге ұштасуы керек.
Бүгінгі дарынды оқушы ертеңгі ғалым екенін және ол бір елдің ғана мақтанышы емес бүкіл әлем мақтанышы болуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек.
Жұмыс түрлері:
а) Үйірме жұмыстары
б) Пән апталығы
в) Пәндік олимпиада
г) Ғылыми-зерттеу конференциясы
д) Өз бетімен білім жинау
е) Туризм
ж) Өлкетану
Оқушының қамтамасыз етілуі:
а) Кітапхана қоры
б) Интернет
в) Жұмыс орны
г) Жетекші мұғалім
д) Ата-аналардың келісімі
Ең бастысы сабақты барынша ойластырып өткізу. Берілген тапсырма оқушыны ойлауға итермелеуі керек.
Мысалы:
1. Салыстыру: Мұхиттық және материктік жер құрылымын салыстыр.
2. Сараптама жаса, түсіндір: Қай жерлерде жанартаулар мен жер сілкіністері жоқ.
3. Себеп-салдарын түсіндір:
а) Жер бедерінің пайда болуы
б) Неге кейбір өзеңдердің жыл бойы суы азаймайды?
в) Өзен мен климаттың арасындағы байланыс.
4. Ойланып жауап бер:
а) Шөлдер қалай пайда болды?
б) Ірі өзеңдер қалай пайда болды?
5. Өзара байланыстарды анықта: Климатты қалыптастырушы факторлар. Олардың климатқа әсер етуі.
6. Объектілерді топтастыру: таулар – Гималай, Алтай, Орал.
7. Болжам жасау: Әлемдік клиаттың жылынуы неге әкеледі?
8. Салыстыра ойлау: Пигмей, Бушмен, Тутси халықтарының қалыптасуы.
9. Заңдылықтарды түсіндіру: а)Табиғат байлығы мен табиғат жағдайы адамның шаруашылығына әсері.
10. Географиялық жобалау тапсырмасы: Егер Қазақстанда биік таулар Оңтүстікте емес, Солтүстікте орналасса?
11. Таңыдың ба?
а) Ұзындығы 253 км Ертістің сол жақ саласы
б) Ертістің сол жағалауында орналасқан Алтайдың бөлігі?
12. Ұқсастығы мен ерекшелігін анықта:
а) Еуразия мен Солтүстік Еуропа
б) Африка мен Аустралия
13. Сквейн:
(Бес жолдан тұратын қысқа өлең, тақпақ:
14. Экономикалық тұрғыдан ойлау: Қазіргі энергия көздерін не алмастыруы мүмкін?
15. Қорытынды шығару: Геосинклинальдық белдеулер қалай қалыптасты?
Информация о работе География сабағында дарынды оқушылармен жұмыс