Франция мемлекеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2015 в 17:51, творческая работа

Краткое описание

Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. . Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Халық саны 64,6 млн адам(1 шілде 2014). Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Слайд марк услуг Сұлтан Айнұр.pptx

— 1.79 Мб (Скачать документ)

Франция мемлекеті

Орындаған: Сұлтан Айнұр 
Қабылдаған :Тұрлыбекова Н.М 
Тобы : МК 13 К                                                                                

    •      

 

Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. . Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды.   Халық саны 64,6 млн адам(1 шілде 2014). Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады.

Қазіргі кезде ел өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен дүние жүзінде бесінші орын алады. Өнеркәсіп елдегі ұлттық жиынтық өнімінің 25,4%-ын береді.  Машина жасау өнеркәсібінде көлік қатынасындағы машиналар мен электр техникасын жасау салалары күшті дамыған.Дүниежүзілік автомобиль өндірісінің дамуында елдің айрықша орны бар.1898 жылы ағайынды Рено негізін салған фирма алғашқы автомобилін жасап шығаратын болатын, арада 15 жыл өткен соң бұл шағын кәсіпорын алуан түрлі машина шығаратын аса ірі концернге айналды.Қазіргі кезде бұл концерн мемлекеттік болып саналады.Мұнда жүк автомобильдері, автобустар, ауыл шаруашылығы машиналары, сондай – ақ кемелер мен ұшақтардың қозғалтқыштары жасалады . Францияда жылына 3,5-4 млн автомобиль жасалса , соның 9/10 бөлігі жеңіл көлік болып табылады . Қазіргі кезде жеңіл автомобильдер , негізінен , Рено кәсіпорны мен жеке меншік Пежо – Ситроен концернде жасалады .Француз компаниялары дүние жүзінің 30 елінде автомобиль тетіктерін жинайтын зауыттар ашқан .Елде жасалған автомобильдердің 60 ы шетке шығарылады.Көбінесе француз жеңіл көліктерінПортугалия, Испания , Бразилия және Оңтүстік – Шығыс Азия елдері сатып алады .

                     Мемлекеттің қызмет нарығы  
Ұлттық табысты жан басына шаққандағы жылдық мөлшелері 24990 АҚШ долларына тең (2003 ж). Франция автомобильдер шығару жөнінде дүние жүзінде 3-орын, авиациялық және ғарыштық техника өндірісі бойынша Еуропада 1-орын алады. Сондай-ақ экспортқа көп мөлшерде қару-жарақ, АЭС-тер үшін құрал-жабдықтар, химикаттар, маталар мен киім-кешек шығарады. Француз өнеркәсібінің жетекші салаларына автомобиль жасау, химия мен мұнай химиясы, ұшақ жасау (аэробустар мен әскери ұшақтар), электроника, металлургия, темір жолы техникасын шығару жатады. Парфюмерия — косметикалық сала мен жоғары талғамды сәнді киімдер шығаруда. Кеме және станок жасау, ауыл шаруашылық машиналары өндірісі де жақсы дамыған. Химия өнеркәсібі минералды тыңайтқыштар, синтетикалық каучук пен пластмасса, парфюмерия, дәрі-дәрмектер жасауға маманданған. Ірі мұнай, химиялық кәсіпорындары көп. Химия өнеркәсібі биотехникалық және гендік инженериямен тығыз байланысты. Тоқыма өнеркәсібі өзінің бұрынғы маңызынан айрылса да, Франция киім-кешек пен маталар шығарудан Еуропада алдыңғы орындардың бірін иеленеді (мақта-мата, жібек, синтетикалық, жүн, кендір, зығыр маталары өндіріледі). Француз кәсіпорындары шығарған ірімшік, шараптар, кондитерлік бұйымдар дүние жүзіне танымал. Өнеркәсіп өнімдерінің 1/5-іне жуығы Париж бен оның айналасында, сондай мөлшері Лион мен солтүстік аудандарда өндіріледі. 

Сақтандыру бизнесiнде маңызды орынды Француз нарығы алады. Ол шет елде өз операцияларының 14тен 20 процентке дейiнгi мөлшерiн жүргiзедi. Франция теңiздiк сақтандыруда үшiншi орын алады және әлемдiк авиациялық тәукелдiң 20 процентiн құрайды.  
 Францияда қайта сақтандыру әлсiз орындардың бiрi едi, соңғы уақытта операциялар көлемi өсуде.  
 Жалпы әлемдiк сақтандыру сыйақысы нарығы бойынша Франция әлемде бесiншi орын алады. Тiкелей операциялар бойынша iшкi нарықтың сыйақысын жинаудың 77 процентiн құрайды. 

       
Франция мемлекетінің білім жүйесі  
 
Франция білімжүйесін Францияның Білім министірлігі, біріккен систем бойынша ұйымдастырып іске асырады. 1959 (жаңалануBerthoin) жылдан кейін, 6-16 жаста міндетті түрде білім игеру керек деп көрсеткен, бірақ үйде білімалуды (ортабілім) заңмен рұқсаттаған. Бастауыш мектеп оқушыларының 15%, орта мектеп оқушыларының 20% жеке меншік мектептерде білім алса Франция білім министрлігіне қарасты 65000-ға жуық мемлекеттік орта мектептер бар. 
Мемлекеттік мектептер ақы пұлсыз халыққа қызмет береді. Курс, ұстаздаржалақысы, сонымен қатар оқу бағдарламалары оларды таңдау сияқты бағдарламарды үкімет жауаптанады және аудандық бастауыш, ортамектеп басшылығын жергілікті жер әкімшілігі басқарады.  
Оқушы, студент саны 15 миллионға жеткен бұл халықтың төртте бірі оқып білім алуда деген сөз. Баланы алтыжасында бастауыш мектепке алады және мұның негізгі мақсаты баланы оқуға, жазуға, төрт амалды үйренуге, уақыт, кеңістік, дене тазалығы туралы түсінік беру, шет тілін оқытуды бастау жатады.  

    • Қазақстандағы ақпараттық тауар мен қызмет нарығының нақты жағдайын қарастыратын болса, қазiргi уақытта ақпараттық қызмет көрсететiн коммерциялық ақпаратты жүзеге асырумен айналыатын, талдайтын, өңдейтiн, жинақтайтын бiрнеше фирмалар бар. Олардың iшiнде ең белгiлiсi: "Жетiсу" ақпараттық агенттiгi, "МақсатТелесистем" АҚ, "New Age Technologies" компаниясы, "Ұлттық ақпараттық технология" АҚ (АҚ "ҰАТ"), "Ақпараттық қауiпсiздiк агенттiгi" ЖШС, "Плюсмикро" фирмасы, "Novell", "Sun Мicrosystems AB Kazakhstan anf Central Asia" компаниясын Өкiлдiгi, "Компьютер жүйесi", "Nursat" компаниясы, "1С: Слова", ЖШС корпорациясы, "СЭТ" фирмасы, "Про-Инвест-ИТ" Аймақтық орталығы, "ТиМLTD" компаниясы, "Ирбис" және басқа қаржы нарығының ақпараттық агенттiгi. 
       

 Әлемдік ақпарат нарығы өзінің мәні жағынан тауарлар мен қызметтердің дәстүрлі нарығы болып табылмайды. Оның сыры - оған стратегиялық сипаттағы саяси, идеологиялық, мәдени-дүниетанымдық себептер бойынша мазмұны әлемдік экономикалық (ақпараттық) қатынастар субъектілері арасында еңбекке мамандану және сонымен ілесе жүретін біріктіру болып табылатын классикалық халықаралық еңбек бөлінісі тән емес. Осыған байланысты ақпарат нарығында экономикалық бәсекенің классикалық формуласы барлық уақытта бірдей әрекет ете бермейді, әдеттегідей, біріншіден нарық талап ететін өнімдерді - тауар немесе қызметтерді; екіншіден, сапасы өте жоғары және үшіншіден, өткізу құны ең төмен өнімді кім шығарса, сол ұтады. Бұл ақпарат саласындағы бәсекеге қабілеттілік (ақпараттық бәсекеге қабілеттілік) ұлттық бәсекеге қабілеттілікпен ұштасып жататынын білдіреді және тұтастай алғанда сол арқылы айқындалады.

    • Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды және дамытуды ақпаратқа, оны өндіруге, қозғалысына және пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастардың барлық кешенін реттеуге бағытталған заңдар саласы ретінде заңдық қамтамасыз ету ең алдымен:       - әркімнің конституциялық "заңмен тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен ақпараттарды еркін алу және тарату" (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 20-бап, 2-тармақ) құқығының сақталуына кепілдіктерді;       - әркімнің оның құқықтарын және мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуға (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 18-бап, 3-тармақ) конституциялық құқықтарының сақталуына кепілдіктерді; 
       

     

 

Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сынды алдыңғы қатарлы мемлекеттердің көбінде жалпы қоғамда, сондай-ақ қызметтің жекелеген салаларында ақпараттық даму стратегиялары немесе кешендік бағдарламалар әзірленді және іске асырылуда. 
Посткеңестік кеңістікте құрылған мемлекеттер де осы қатарда. Мәселен, ақпараттандыру саласындағы Ресей Федерациясының мемлекеттік ақпараттық саясаты мен Беларусь Республикасының мемлекеттік саясатының ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты дамудың жаңа кезеңіне көші, яғни ақпараттық қоғамды құру және әлемдік ақпараттық қауымдастыққа ену болып табылады. 
Жоғарыда аталған стратегиялар мен бағдарламаларды талдау ақпараттық дамудың ұлттық стратегиясын қалыптастыру, ақпараттық және инновациялық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қоғамның барлық топтарын үйлестіру, бизнесті, ұлттық стартегияны іске асыру бойынша барлық қоғамдық институттар мен азаматтарды үйлестірудегі жетекші рөлдің мемлекетке тиесілі екендігін көрсетеді. 
Біздің елімізде ақпараттық қоғамның құрамдас бөліктерінің тек біріне екпін жасалды: жоғары халықаралық рейтингтердің куәлік етуі бойынша сәтті іске асырылған электрондық үкіметті қалыптастыру және дамыту. Алайда, ақпараттық қоғамды қалыптастыру міндеті әлбетте тек электрондық үкімет пен телекоммуникация саласын дамытуға қарағанда кеңірек.

    •  Қазақстан Республикасы ақпараттық нарығын бәсекеге қабілеттілігін дамыту Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес. Онда ғаламдық ақпараттық кеңістікті және Қазақстан Республикасының ақпарат нарығын дамытудың негізгі үрдістері, қазіргі заманғы ақпарат нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктің өзекті проблемалары талданады. Мемлекеттік саясаттың ақпарат саласындағы негізгі қағидаттары, стратегиялық мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды іске асыру тетіктері айқындалды.  
      Бәсеке қазіргі заманғы ақпарат нарығының аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік - күрделі экономикалық санат, ол мынадай бірнеше деңгейде:  
      -тауардың немесе көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілеттілігі;  
      -тауар өндірушінің немесе қызмет көрсетушінің бәсекеге қабілеттілігі;  
      -салалық бәсекеге қабілеттілік;  
      -ақпарат нарығының бәсекеге қабілеттілігі;  
      -елдердің бәсекеге қабілеттілігі ретінде қарастырылуы мүмкін.  
    • Құрлықтық нарықта - бірнеше іргелес өңірлер деңгейінде ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді. Мысал ретінде «Euronews», «RAI Africa» телеарналарын келтіруге болады. Қазақстан осы нарықта әзірге жалғыз «Caspionet» спутниктік арнасымен көрінуде;  
      Ғаламдық нарықта - негізінен элиталық, тиісінше элиталық сипатқа ие ғаламдық аудитория үшін ақпараттар тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді. Олардың қатарында – америкалық баспалық БАҚ-тар: «Time», «Newsweek», «National Geographic», «CNN Internatiоnal» телеарналары, британдық «The Economist» журналы, «BBC One» телеарнасы бар. Ғаламдық нарықта жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігі мемлекеттің шетелге хабар таратуы жөніндегі арнаулы құрылымдары ретінде әрекет етеді. Олардың қатарында жапондық «NHK», немістің «Deutsche Welle», италиялық «RAI Uno», қытайлық «CCTV», ресейлік «ОРТ-әлемдік желі», «РТР-Планета» телеарналары бар.
    • Өңірлік сыртқы нарық - екі және одан да көп мемлекеттермен іргелес аумақтардың аудиториялары үшін ақпарат тарататын БАҚ-тар жұмыс істейді. БАҚ-тың осындай бағдары Батыс Еуропада таралған. Мысалы, неміс телеарналары, газеттері мен журналдары өзінің ұлттық аудиториясына ғана емес, сонымен бірге неміс тілінде сөйлейтін іргелес мемлекеттердің – Австрияның, Швейцарияның, Италияның, Польшаның, Данияның, Францияның аудиторияларына да бағдарланған. АҚШ-та белсенді ақпараттық қызмет, оның ішінде солтүстік Мексика, оңтүстік және оңтүстік-шығыс Канада, Кариб бассейнінің аралдағы мемлекеттерімен іргелес аумақтардағы франко- және испан тілдес БАҚ-тар жұмыс істейді. Осы нарықта ішінара алғанда «Қазақстан», «Хабар», «Ел арна» телеарналары сияқты отандық БАҚ-тар жұмыс істейді, «Мир» ХТРА Қазақстан Республикасының оңды бет-бейнесін жасауда 10 жылдан астам уақыт жемісті жұмыс істеп келеді.  

     
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында шетелдік электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын тарату қызметін ұсынатын кабельдік және эфирлік-кабельдік телевизия жүйесінің 80-нен астам операторы қызмет атқарады. Бұл секторды «Алма-ТВ», «Казцентр-ТВ», «Айна-ТВ», «Секател» секілді бірнеше ірі операторлар ұсынады. Республика аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын таратушы ірі мекемелер: «Қазпошта» ААҚ, «АиФ-Қазақстан» СП» ЖШС, «Евразия пресс» ЖАҚ, «Алма-ТВ» ЖАҚ, «Секател» ЖШС, «Казцентр-ТВ». Олар тарататын бұқаралық-медианың жиынтық түрдегі көлемі – 70%. Шетелдік өнімді таратушылардың 93%-ы – заңды тұлғалар.  
 
Қазақстанның ақпараттық нарығында шет мемлекеттердің 2392 бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде 2309 газеттер мен журналдар және 83 теле-радиобағдарламалар таратылады деген ресми деректер келтірілген бұрынғы Ақпарат  және мәдениет министрлігі сайтында. Орта есеппен алғанда қазақстандық БАҚ-тың 30% ресейлік БАҚ-тың үлесінде. 
Бүгінде даму жолына түскен елдер  ақпаратты тұтынумен бірге, өзінің де ақпарат өндіру әлеуетін жетілдіруде. Сол елдердің қатарында Қытай, Үндістан, Малайзия, Түркия, Ресей, Бразилия және т.б  сияқты елдерді жатқызуға болады.

Назар аударғандарыңызға рахмет!!!


Информация о работе Франция мемлекеті