Еуропа елдері Германия

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 15:11, доклад

Краткое описание

Мемлекеттік құрылысы. Республикалық әкімшілік аумақтық құрылыс формасы федерациялық. Мемлекет басында президент; заң шығарушы парламент 2 палатадан тұрады: буддесрат, бундестаг.
Табиғат жағдайы. Елдің ауданы 357 мың . Қоныржай белдеудің теңіздік және континенттік типі таралған. Орман шаруашылығы бойынша территориясы 3-орын алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

География.docx

— 1.20 Мб (Скачать документ)

Еуропа елдері Германия

   Мемлекеттік құрылысы. Республикалық әкімшілік аумақтық құрылыс формасы федерациялық. Мемлекет басында президент; заң шығарушы парламент 2 палатадан тұрады: буддесрат, бундестаг.

   Табиғат жағдайы. Елдің ауданы 357 мың . Қоныржай белдеудің теңіздік және континенттік типі таралған. Орман шаруашылығы бойынша территориясы 3-орын алады.

   Пайдалы қазбалары: қоныр және тас көмір, темір рудасы.

   Халқы 81,9 млн адам. Халқының тығыздығы өте жоғары. Халықтың ұдайы өсуінің 1-типі:ер адамдар жасының ұзақтығы 73,2 жыл, әйел адамдардікі-79,8 жыл. Урбандалу өте жоғары (80%). Ең ірі агломерациялары: Рейнрур, Майндағы Франкфурт.

   Діні: протестанттықтар 44%, католиктер 37%.

   Өнеркәсібі. Германия экономикалық  дамуы жағынан дүние жүзі бойынша АҚШ пен Жапониядан кейін 3-орын алады. Өнеркәсіптің жетекші саласы – машина жасау (экспортқа шығарудан алда). Машина жасау саласы әр түрлі машинаның керекті құрал жабдықтарын, электро-техникалық көлікті өндіреді.

   Негізгі машина жасау орталықтары: Франкфурт, Мюнхен, Эссен, Нюрнберг, Гамбург.

   Қара және түсті металлургия, химия (Рейн ауданы), тамақ, ағаш өнеркәсібтері дамыған. Ең негізгі индустрияланған алып орталығы – Рур. Ақшаның басты түсетін көзі – қаржы және банк істері.

   Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының басты саласы – мал шаруашылығы (80%). Негізгі ауыл шаруашылық өнімдері: қант қызылшасы, бидай, арпа және сүт.

   Экономикалық қарым-куаты жөнінен Германия Федерациялық Республикасы алда келеді. 1949 жылы Германия аумағында екі неміс мемлекеті ГФР мен ГДР құрылған болатын. Осы өзгерістерден кейін өндірістік қуаттар мен минерал ресурстарының негізгі бөлігі ГФР-де болып шықты (Рурдың кокстелетін көмірі, темір рудалары, Рейн-Вестфаль өнеркәсіптік кешені және т.б.). Сондықтан болар ГФР ГДР-ге қарағанда соғыстан кейін тезірек жазылып, дүниежүзілік экономикада жетекші орындарға ие болды. 1990 жылы екі неміс мемлекетінің бірігуі болды.

Франция

   Мемлекеттік құрылысы: Франция – парламенттік республика. Парламент 2 палатадан тұрады: жоғарғы – сенат, төменгі – ұлттық жиналыс.

   Табиғат жағдайы: ауданы 544 мың .

   Климаты теңіздік климаттан жерорта теңіздік климатқа өзгереді, агроклиматтық қорлары ерекше. Үлкен рекрециялық және су энергетикалық қорлары мол, құнарлы егістік жерлері көп, климаты жайлы, жұмсақ, табиғаты әсем. Франция – туризм елі.

   Пайдалы қазбалары: көмір, темір, мыс, алюминий, вольфрам, мұнай мен табиғи газ.

   Халқы 58,2 млн адам, халқының тығыздығы жоғары. Халықтың ұдайы өсуінің 1-типіне жатады, ер адамдар жасының ұзақтығы 73,1 жыл, әйел адамдардікі 81,3 жыл. Урбандалу деңгейі жоғары (73%).

   Қалыптасқан агломерациялары: Париж, Лион.

   Діні: католизм (73%).

   Өнеркәсібі: дүние жүзі бойынша экономикалық дамуы жөнінен Франция 4-і орын алады (АҚШ,Жапония мен Германиядан кейін).

   Өнеркәсібі барынша дамыған. Дүние жүзінде атом энергетикасы, машина жасау (автомобиль, ғарыш, электрондық және электротехникалық станок жасау), химия, болат балқыту, тоқыма , мата және тамақ өнеркәсібінде алдыңғы орындарды алады.

   Ең ірі индустрияланған орталықтары: Париж, Марсель, Гавр, Лилль, Страсбург, Нант, Тулуза.

   Ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы басым. Ет, сүт өндіру мен бидай, қант қызылшасы, жүгері, арпа, жүзім түсімі жөнінен Франция Батыс Еуропада 1-орын алады.

Италия

   Мемлекеттік құрылысы: Италия – парламенттік республика. Парламент екі палатадан тұрады: жоғарғы сенат, төменгі сенат (депутаттар).

   Табиғат жағдайы: ауданы 301,2 мың .

   Климаты жерорта теңіздік. Тау өзендері энергиясы қоры мен рекреациялық қорлары өте мол.

   Халқы 5,74 млн адам, халқының тығыздығы жоғары. Халықтың ұдайы өсуінің 1-типі, ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы 73,6 жыл, әйел адамдардың өмір сүру ұзақтығы 80,2 жыл.

   Урбандалу деңгейі орташа (67%).

   Қалыптасқан агломерациясы: Рим, Неаполь, Генуя, Милан.

   Діні: католизм (83%).

   Өнеркәсібі: Италияға әр түрлі әсіресе индустриялы аудандарының (солтүстік пен оңтүстік арасындағы) әлеуметтік-экономикалық кереғарлықтары тән. Солтүстікте (Милан, Генуя, Турин , Венеция) елдің көптеген маңызды өнеркәсіптерінің орталықтары орналасқан. Қаржы мен банк орталықтары, электрондық және электро-техникалық машина жасау, автомобиль және цемент жасау, жеңіл өнеркәсіп, велосипед, шыны мен фарфор шығару өте жақсы дамыған.

   Оңтүстік Италияның аса маңызды өнеркәсіптік және мәдени орталығы – Неаполь. Елдің астанасы Рим – дүниежүзілік мәдениеттің неғұрлым танымал орталықтарының бірі. Оңтүстік өнеркәсіп орталықтары: Милан, Генуя, Турин; Венеция т.б.

   Валюта көзі – туризмнен түсетін пайда.

   Оңтүстік Италия – ауыл шаруашылығы дамыған облыс. Мұнда бидай, жүгері, күріш, қызанақ, жеміс, жүзім өсіріледі. Сүтті мал шаруашылығы дамыған. Ауыл шаруашылығы аз механикаландырылған.


Информация о работе Еуропа елдері Германия