Еуразияның климаты.Қазақстаның климаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2015 в 20:50, реферат

Краткое описание

Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді тіпті оңтүстік – шығысындағы аралдар оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Реферат.doc

— 59.00 Кб (Скачать документ)

                                       №26 мектеп

                                      7«А» сыныбы

 

 

 

  

   Реферат              

 

 

              

     Тақырыбы:Еуразияның климаты.Қазақстаның климаты.

 

 

 

 

                                        

                                         

                                         Тексерген:Асқарбек Талғатбекұлы

                                              

                                              Орындаған:Жакенова Динара

 

 

 

 

 

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

                              

 

 

                                    2014-2015 оқу жылы

 

 

 

 

Еуразияның климаты туралы жалпы сипаттамасы                 

Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттың барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі  солтүстік жарты шардың барлық климаттық  белдеулерін кесіп өтеді тіпті  оңтүстік – шығысындағы аралдар  оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте  климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.

Материктің географиялық орнына, әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай оның мөлшері артады. Сондықтан  материктің  солтүстік жарты шардың суықтық полюсі  орнайды, ал  оңтүстігінде қыс  мүлде болмайды. Жазда Еуразияның  қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары болады. Еуразияның жылдық радиация осылай өзгереді: арктикалық аралдарда  60 ккал, Еуразияның батыс бөлігінде 70 – 140 ккал, оңтүстікте – оңтүстік – оңтүстік шығыс Азияда  120 -180 ккал, ал Аравияда  дүниежүзіндегі максималды  көрсеткішке дейін жететін 200 – 220 ккал. Жылдық радиациялық баланс Еуразияның шеңберінде 10 – 80 ккал дейін өзгереді.

Жер шарындағы жауын —  шашынның  ең көп түсетін жері  Еуразиядағы  Гималайдың  оңтүстік – шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда, материктің көпшілік бөлігінде әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік – батысында, климат өте құрғақ. Бұл құрлық аумағының  өте үлкен болуына, мұхиттар  мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына,  ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипатына байланысты.

Материктің   батысы мен солтүстігінде жазық өңерлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды  мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай  еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік  береді. Материктің  шығысы мен оңтүстігінде биік таулы  белдеулердің  орналасуы  Тыңық және Үнді мұхиттарынан келетін муссондардың құрлық ішіне тереңдеп енуіне кедергі  жасап, таулардың жел жақ беткейлеріне ылғалдың  мөлшерден  артық түспеуіне себепші болады.

Еуразия  материгінде  едәуір  үлкен аумақты  алып жатқан биік  таулы аудандарда климаттық  жағдайлар биіктік  белдеу бойынша өзгереді. Биіктік  климаттық  белдеулер Альпі, Кавказ, Тянь – Шань, Гималай тауларында айқын   байқалады. Тибет  пен Памирге  жылдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ болатын  биік  таулық климат тән.

                  Климаттық белдеулері

Еуразияда Арктикадан бастап экваторға дейінгі барлық климаттық белдеулер таралған. Құрлықтың біртұтас және аумағының үлкен болуына байланысты климаттың континенттік типтері басым. Шет аймақтарда мұхиттық (шығысында және оңтүстігінде муссондық) климат орын алады. Климат ерекшеліктерінің пайда болуына тұрақты (Азор және Гавай антициклондары, Исландия және Алеут минимумдері) және маусымдық (қыстағы Азия антициклоны және жаздағы Оңтүстік Азия минимумы) атмосфералық қысым орталықтарының үлкен мәні бар. Мұхиттың климатқа әсері, әсіресе, Батыс Еуропада айқын байқалады. Одан шығысқа қарай атланттық ауа бірте-бірте құрғай түседі де, континенттік ауаға ауысады. Тынық және Үнді мұхиттарының ауасы құрлықтың ішкі бөлігіне жылдың жеке маусымдарында ғана муссон түрінде және циклондармен өтеді. Солтүстіктен қыста келетін арктикалық ауа құрлықтың түкпіріндегі тауларға жеткенше еркін таралады. Еуразияның орталық аудандарында континенттік ауа массалары қалыптасады. Кейде кереғар климаттық жағдайлар да орын алады. Құрлықтың солтүстік-шығысында, Оймякон таулы қыраттарында солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі орналасқан (абсолюттік минимум –70ºС). Араб түбегі — Жер шарындағы ең ыстық аудандардың қатарына жатады. (абсолюттік максимум 53ºС). Шығыс Үндістанда ең көп жауын-шашын түседі. ( Черапунджиде, жылына 12000 мм).

Қазақстанның климат ерекшеліктері

Климаты. Кең байтақ Казақстан жерiнде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi. 
 
Радиация. Қазақстан аумағы үстiнде бүкiл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдiк етедi, ал оған көршiлес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келедi. Жалпы республика аумағының көпшiлiк бөлiгiнде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағатқа дейiн артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиiсiнше 60 күннен 10 күнге дейiн (Балқаш ойысында) кемидi. Мiне, осылардың нәтижесiнде жиынтық радиация мөлшерi де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейiн бiртiндеп артады. Сол сияқты төсенiш беттiң (жер бетiнiң) сәуле қайтару қабiлетiне байланысты сiңiрiлетiн радиация мөлшерi де оңт-ке қарай бiрқалыпты көбейедi. Сәуле қайтару қабiлетiн қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәнiне 70 — 80%-ға жетiп, жазда көпшiлiк жерде 20 — 30%-ке дейiн төмендейдi. Радиацияның жылдық тиiмдi сәулелену мәнi солтүстікте 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейiн өзгередi. Терiс мәндi радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солтүстікте 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай. 
 
Қазақстанда жылудың булануға жұмсалатын жылдық шығынының мөлш. солтүстіктен оңтүстікке қарай 630-дан 420 МДж/м2-ге кемидi. Шөлдi өңiрдiң қуаңшылық маусымында жылудың көп мөлш. турбуленттi жылу алмасуға кетедi. Тек топырақтың көктемгi ылғалға қаныққан кезiнде, сол сияқты көгалды жерлерде буландыруға кететiн жылу мөлшерi ауаны турбуленттi жылу алмасу жолымен қыздыратын жылу шығынынан артық болады. Жазғы шұраттық құбылыс, яғни булану есебiнен күндiзгi ауа температурасының қала төңiрегiне қарағанда төменiрек болуы Алматыда жақсы байқалады. Радиация мен жылу балансының өзгерiсi ауа темп-расын өзгертедi. Қаңтар айының орташа темп-расы Қазақстанның солт. және шығыс С-қа дейiн көтерiледi. Шiлденiң°С-тан оңт. аудандарында 3°аудандарындағы — 18 С-қа дейiн.°С-тан 28 —30°орташа темп-расы бұл аудандарда тиiсiнше 19 Қазақстанның солт.-шығысында климаттың континенттiгi тым жоғары, бұл өңiрде С-қа жетедi. Оңт.°қаңтар мен шiлденiң орташа темп-расының айырмашылығы 41 С-тан жоғарырақ болады.°аудандарда 10 ай бойы орташа тәулiктiк темп-ра 0 С-тан°Республиканың солт-нде қыс ұзақ, қарлы әрi суық, аяз кей уақыттарда –45 С-қа°С-тан 45°С-қа жетедi. Жазы қоңыржай жылы, қысқа, кейде ауа темп-расы 35°–50 дейiн қызуы мүмкiн. Көктемнiң соңғы үсiгi шiлдеде, ал күздiң ерте үсiгi тамыздың аяғында түсуi мүмкiн. 
 
Қазақстанның оңтүстік аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңiрдiң қыс айларында жиi-жиi қайталанатын жылымық құбылысы кезiнде ауа темп-расының ең С-қа дейiн көтерiледi. Соған қарамастан мұнда кейбiр°жоғ. деңгейi 15 — 20 С-тан да төмен аяздар байқалады. Алматыда абс.°С, тiптi –40°күндерi –30—35 С-қа жеткен (26 ақпан, 1951). Республиканың қиыр оңт-нде көктемгi°минимум –42 соңғы үсiк сәуiрдiң аяғында, алғашқы үсiк қыркүйектiң 2-жартысында түсуi ықтимал. Оңт. Қазақстанның таулы өңiрiнен тыс бөлiгiнде жаз тым ыстық әрi ұзақ. С-қа және°С-қа, топырақтың беткi қабаты 70°Кейбiр жылдары ауа темп-расы 45 — 47 одан да жоғары қызуы мүмкiн.Күн эн гиясының мұншама көп қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкiндiк бередi. 
 
Атмосфера айналымы. Қазақстан жерi қыс маусымында Сiбiр антициклонының тармағы мен азорлық ядросының ыкпалына жиi ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңтүстік-батыс және батыс, ал жазда солтүстік-батыс бағыттан соғатын жел басым келедi. Қазақстандағы атмосф. процестер Солт. жарты шардың Атлантика — Еуразия секторының 3 iрi аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендiк бағытпен өтсе, онда ол ендiк бағыттағы айналым делiнедi. Ендiк бағыттағы айналым кезiнде Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнде жауын-шашынның мөлш. кемiп, ауа темп-расы жоғарылайды. Еур. айналым кезiнде республикаға суық ауа массаларының енуi жиiлейдi, темп-ра шұғыл төмендейдi, жауын-шашын молаяды, жел күшейедi. Сiбiрлiк айналымда — оңт-тен тарайтын жылы ауа массалары ұлғайып, ауа темп-расы жоғарылайды, жауын-шашын кемидi. Республика климатының қалыптасуына оның жер бетiнiң әр тектiлiгiнiң де әсерi болады. 
 
Қазақстандағы атмосф. циркуляциялық процестерге оңт. және оңт.-шығыстағы тау жүйелерi (биiкт. 4000 — 5000 м-лiк) мен Каспий және Арал т-дерi сияқты су айдындары да ықпалын тигiзедi. Табиғи кедергi саналатын тау жүйелерi атмосферадағы ендiк бағыттағы шептiк белдемiн солт.-шығыс бағытқа қарай ойыстырып, ауа массасының заулама ағынын күшейтедi. Осы ауа массасы сонымен бiрге тау бөктерiндегi жергiлiктi климатты қалыптастырушы тау аңғарлық ауа айналымын тудырады. Қазақстанның таулық және тау етегiндегi өңiрлерiнiң термиялық режимi жапсарлас жатқан жазықтар жағдайына қарағанда мүлдем басқаша келедi. Таудағы темп-ра жазық жердегiден төмен келедi. Тау беткейлерi төңiрегiндегi ауа қабатының радиациялық салқындауынан және беткеймен төмен қарай ойысқан ауаның жылынуынан таулы аудандарда темп-раның ауытқу амплитудасы кемiп, темп-ра инверсиясы (жалпы биiктiкке байланысты ауа темп-расының көтерiлуi) қалыптасады. Инверсия қыс маусымында неғұрлым күштiрек қалыптасады. Тау жоталарына жақындаған сайын тiк бағыттағы ауа ағыны күшейiп, жауын-шашын шұғыл артады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. жазықта 100—200 мм болса, тау бөктерiнде 500—600 мм-ге дейiн артады. Жазық өңiрлерде жылдық жауын-шашынның максимумы жаз айларында, ал тау бөктерiнде жылына 2 рет (наурыз — сәуiр және қараша — желтоқсан) байқалады. Су айдындары бриздiк айналымды тудырады, ол құрлықта ондаған километрге ғана таралады. Орта ендiк бойындағы су айдындарының солт.-шығыс жағалауында жазда жылы ылғалды ауа ағыны үстемдiк етсе оңт.-батыс жағында атмосф. суық серпiлiс пайда болады. Бұл құбылысты Арал т. мен Каспийдiң солт.-шығыс бөлiгiнен жиi-жиi байқауға болады. Су айдындарының оңт.-батыс бөлiгiне қарағанда солт.-шығысында жауын-шашын 2—3 есе көбiрек түседi. Аумақты Каспий айдыны климаттың қалыптасуына қыста ғана ыкпал жасайды. Керiсiнше, Арал т. атмосфера айналымына жаз айларында ғана катысады. Көлемi шағын Балқаш к-нiң де атмосфера айналымына және бұлттылыққа тигiзетiн әсерi мол. Қазақстан жерiндегi соғатын желдiң орташа жылд. 4—4,5 м/с, Каспий т-нiң жағалауында 6 м/с-тен астам, ал Жетiсу қақпасында соғатын Ебi желiнiң жылд. 70 м/с-ке жетедi. 
 
Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды. 
 
Орманды дала климаттық белдемi республиканың ылғалы ең мол бөлiгi. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 — 315 мм-ге дейiн, оның 80%-ы жылдың жылы мезгiлiС-тан жоғары орташа тәулiктiк ауа темп-расының жылдық°нде жауады. 10 С. Вегетациялық өсiп-өну кезеңiнiң ұзақт. 160—170 тәулiк. Ең°жиынтық мөлш. 2100 қысқа жыл маусымы — көктем, ұзақт. 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуiрдiң соңына дейiн. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбiр жылдары 110 — 113 күнге дейiн созылады. Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегi бiраз аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 — 300 мм, оның 70 — 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140—160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желдi күндер көп және эрозиялық процестер күштi С-тан жоғары ауаның орташа тәулiктiк темп-расының жылдық жиынтық°дамыған. 10 С. Вегетациялық өсiп-өну кезеңiнiң ұзақт. 170—180 тәулiк.°мөлш. 2100 — 2300 Қуаңшылықтықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдемiне қарағанда қысы және көктемi қысқа, жазы ұзағырақ, күзi 1 айға жуық (қыркүйектен басталады). Шөлейт (шөлейттi дала) климаттық белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлiгiндегi жазық өңiрдi алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейiн кемидi, оның 43—27%-ы жылдың суық маусымында түседi. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңд. батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейiн артады. Ауаның орташа С-тан жоғарғысы — 10—20°С-тан жоғары күндер саны 30—45, 35°тәул. темп-расы 25 күн. Вегетациялық өсiп-өну кезеңiнiң ұзақт. 170—200 тәулiк. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келедi, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлш. тым жоғары. Аңызақ лебi кейбiр жылдары айына 27—29 күнге созылады. 
 
Шөл климаттық белдемi Қазақстанның жазық өңiрiнiң көп бөлiгiн қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. С, жылдық жауын-шашын мөлш. 81— 84 мм. Кейде жылына°Орташа жылдық темп-расы 3—13 20—30 күндей қар жауады. Жазы ұзақ, ыстық, қысы салқын, ауасы тым құрғақ келедi. Қар жамылғысы тұрақсыз. Жалпы жылына қар белдемiнiң оңт-нде 31, солт.-шығысында 120 күндей жатады. Желi баяу, аязды маусымның ұзақт. 100—170 күндей. Вегетациялық өсiп-өну кезеңi 180—260 тәулiк. Қысы құбылмалы: қарашада түсiп, С-қа°С-қа, ал солт-нде –32°наурыздың аяғына дейiн созылады. Аяз кейде –15—20 дейiн жетедi. Жазы мамырдың басында басталып, қыркүйектiң 2-жартысына дейiн С-қа дейiн°С, кей күндерi 41 — 46°созылады. Шiлденiң орташа темп-расы 23 — 30 көтерiлуi мүмкiн. Көктемнiң тым қысқа маусымында жылдық ылғалдың 14—25%-ы түсiп үлгiредi, соның нәтижесiнде топырақ ылғалға қанығып, эфемерлiк өсiмдiктер қаулап өседi. 
 
Қазақстанның қиыр оңт. бөлiгi жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б. метеорол. сипаттамалар ерекшелiктерiне қарай жеке оңт. шөл белдем аралығын құрайды. Ерекшелiгi: жауын-шашынның негiзгi мөлшерi (62—67%) наурыз айында түседi, жыл бойына 40 күндей қар қылауы байқалады, бiрақ та қар жамылғысы қалыптаспайды. Вегетациялық өсiп-өну кезеңiнiң ұзақт. 245—260 тәулiк, С-тан жоғары ауаның орташа тәул. темп-расының жылдық жиынтық мөлш.°10 С. Жыл маусымдары айқын ажыратылады. Қысы қысқа, 90 күндей. Жазы ұзақ,°4300—4600 160—170 күнге дейiн созылады. 
 
Су қоры. Қазақстан жерiнде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлiк ерекшелiктсрi ең алдымен климат факторларына, жер бетiне түсетiн жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелдi. Су қорларының iшiнде, әсiресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күштi. Бiрақ көпшiлiк өзен-көлдердiң деңгейлерi үнемi күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2—4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтiк аймақта жайласқан Қазақстаның маңызды табиғи қорларының бiрi — жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта бiркелкi таралмаған.

 

 

 Дереккөздер:

1.Қазақ хрестоматиясы

2. kk.wikipedia.org сайты

3. referat.nur.kz сайты

4. Geografy,Eurasian 1995.


Информация о работе Еуразияның климаты.Қазақстаның климаты