Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2014 в 23:04, реферат
Ауданы 53,3 млн. км² (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км²-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние бөлігінен — Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта теңізіне шығады.
Еуразия
Географиялық сипаттамасы
Ауданы 53,3 млн. км² (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км²-ге жуығы аралдар. Еуразия екі дүние бөлігінен — Еуропа мен Азиядан тұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізінің солтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта теңізіне шығады.
Еуразия — барлық мұхиттармен (Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық) және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен теңіздер құрлыққа сұғына кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік шеттерін көбірек тілімдеген. Бірақ аумағының орасан зор болуына байланысты құрлықтың ішкі бөліктері теңіздер мен мұхиттардан мыңдаған км қашықта орналасқан.
• 1.Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы
- Гималай тауындағы
• Джомолунгма шыңы, биіктігі 8848м
• 2.Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең
төмен орналасқан
• жер - Арабия түбегіндегі, Өлі теңіз
- 403м
• 3.Жер шарындағы ең үлкен түбек – Арабия,ауданы
- 3млн. км²
• 4.Ең суық жер - Солтүстік Шығыс Сібірде
- Оймякон,-71ºС
• 5.Ең ыстық жер - Тар шөлі, +53°С
• 6.Аса құрғақ аптапты Араби түбегінің
оңтүстігінде жауын-шашын - 15мм аз
• 7.Жауын-шашын көп түсетін жер – Гималайдың
оңтүстік –шығыс беткейінде Черапунджи
елі, 12000мм
• 8.Жер шарындағы ең үлкен көл - Каспий
теңізі, ауданы - 390мың.км ²
• 9.Жер шарындағы ең терең көл - Байкал
көлі, тереңдігі - 1620м
Шеткі нүктелері:
Солтүстігі - Челюскин мүйісі (77°43‘с.е.
104°18‘ш.б.)
Оңтүстігі - Пиай мүйісі (1°16‘с.е. 103°30‘ш.б.)
Батысы – Рока мүйісі (38°47‘с.е. 9°34‘б.б.)
Шығысы - Дежнев мүйісі (66°05‘с.е. 169°40‘ш.б.)
1856 – 59 ж. Ш. Уалиханов Орталық Азияны
зерттеді
4 млрд Еуразияның халық саны
1991ж. 16желтоқсан Қазақстанның Тәуелсіздігін
алған жылы
5165 м. Үлкен Арарат сөнбеген жанар тау
1982 ж. Қ. Уәлиев бастаған Қазақстан альпинистері
шыңды бағындырған
1 млрд. 250 млн - нан астам Қытайдың саны
3776 м. Фудзияма жанартауы.
Еуразия материгі әлем картасында
Еуразия материгі ғарыштан сурет
Жер бедері
Еуразия — Антарктидадан кейінгі биік құрлық (орташа биіктігі 840 м). Жерінің 2/3-сі таулар мен таулы үстірттер. Дүние жүзіндегі ең биік шың — Джомолунгма (8848 м) осы Еуразия құрлығында орналасқан. Еуразия тауларындағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Негізгі тау жүйелері: Гималай, Альпі, Карпат, Кавказ, Гиндукуш, Қарақорым, Памир, Тянь-Шань, Куньлунь, Алтай, Саян, Орал, Солтүстік-шығыс Сібір таулары, Алдыңғы Азия және Тибет тау қыраттары, Декан және Орта Сібір таулы үстірттері. Жазықтары мен ойпаттары мыңдаған км-ге созылған. Ең ірі жазықтары: Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-Ганг.
Еуразияның елдері
Гималай (Гимала́и) .(- жер бетіндегі ең биік тау жотасы. Тибет таулары мен Үнді-Ганг жазығы аралығында орналасқан. Үндістан, Непал, Қытай, Пәкістан, Бутан елдері территориясында орналасқан. Бұл елдердін шекарасы шартты түрде осы тау жүйесінің ыңғайына қарай бөлінген. Жер бетіндегі ең биік шың Джомолунгма (Эверест) (теңіз деңгейінен 8848 метр биік)) осында орналасқан. Гималайда биіктігі 8000 метрден асатын шың бар.
Байкал — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі тұщы көл. Теңіз деңгейінен 456 м биіктіктегі тауаралық тектоникты ойыста орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі көлдің қатарына жатады. Ауданы 31,5 мың км², суының көлемі 23,6 мың км3. Ұзындығы 636 км, ені орта есеппен 48 км. Байкал — жер бетіндегі ең терең көл (1620 м), орташа тереңд. 730 м.