Қазіргі жаратылыстанудың негізгі принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:05, реферат

Краткое описание

ХIХ ғасырдың аяғында микродүниені зерттеуге кіріскенде бұрынғы классикалық физикада тұжырымдалған ұғымдармен принциптер атомшілік элементар бөлшектердің физикалық қасиеттерін түсіндіруге жарамсыз болып қалды, өйткені электрон, протон, нейтрон сияқты атомшілік ұсақ бөлшектер бізге көрінбейтін микро дүниені құрады. Ол дүниенің обьектілерінің қасиеттері бізге үйреншікті макродүние обьектілерінің қасиеттеріне мүлде ұқсамайды. Сондықтан микродүние деңгейіндегі қозғалыстардың жүру ерекшеліктері мен заңдарын анықтайтын жаңа физикалық теория керек болды. Сондай теория ретінде 1900 жылы кванттық механика пайда болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазіргі жаратылыстанудың негізгі принциптер1.docx

— 32.99 Кб (Скачать документ)

      Астрономиялық бақылауларға қарағанда, галактикалардың ядроларынан үздіксіз сутегі бөлініп шығады екен. Сөйтіп, галактикалардың ядролары Әлемде құратын негізгі материал болып табылатын сутегіні өңдірудің “фабрикасы”екен. Атомның ядросы бір протоннан тұратын және ядроның орбитасы бір электроннан тұратын сутегі жұлдыздарда үздіксіз жүріп жататын атомдық реакциялардың нәтижесінде күрделі атомдардың түзілуінең негізгі кірпіші болып табылады. Жұлдардың мөлшері түрліше болатыны да кездейсоқ емес, өйткені жұлдыздардың массасы неғұрлым үлкен болса, оның ішіннен түзілетін атомдарда соғұрлым күрделі болады екен.

      Біздің Күніміз - қатардағы бір жұлдыз - сутегінен тек гелийді ғана шығарады. Аса үлкен жұлдыздар тірі организмдерді құратын көміртегін шығарады. Галактикалармен жұлдыздардың не үшін керек екендігі міне осыдан ақ көрініп тұрады.

     Ал Жер не үшін керек? Ол адам өмірінің тіршілігі үшін қажетті заттардың бәрін шығарады. Ал адам не үшін өмір сүреді: бұл соңғы сұраққа ғылым әлі нақты жауап бере алмады, бірақ бізді осы сұрақтың төңірегінде ойланып-толғануға итермелейді.

   Әлемнің пайда болуына  қатысты тағы бір маңызды мәселе-галактикалардың түзілуі мен құрлысы жайлы проблемалар. Бұл мәселе проблемалармен тек космология ғана айналыспайды, сондай-ақ космологияда, яғни космостағы денелер мен олардың системасының түзілуі даму мәселерін зерттейтін ғылымда айналысады.

      Галактика дегеніміз жұлдыздармен олардың системалары аса мол шоғырланған жиынтығы. Олардың өз орталығы және жоғарыда айтқандай түрлері болады. Галактикалар миллиардтап саналады, ал олардың әр қайсысының системасына кіретін миллиардтаған жұлдыздар болады.

      Біздің галактикамыз ”Құс жолы”деп аталады. Оның құрамында 150 миллиардтай жұлдыздар бар. Ол ядродан және бірнеше спираль тәріздес тармақтан тұрады. Оның мөлшері – 100 мың жарық жылы. Біздің галактика жұлдыздарының көпшілігі қалыңдығы 1500 жарық жылындай болатын зәулім “дискте” шоғырланған. Галактиканың орталығынан 30 мың жарық жылындай қашықтықта Күн орналасқан.

    Біздің галактикаға ең жақын қашықта ”Андромед тумандығы “ бар. Оның бұлайша аталу себебі – 1927 жылы Андромед жұлдыздар тобынан алғашқы біздің галактикадан тыс обьект ашылған болатын – оның басқа галактикаға жататындығы 1923 жылы дәлелденді. Оны американдық астроном Э.Хаббл спекторлық анализ жолымен дәлелденеді. Кейіннен басқада бөтен галактикалық жұлдыздар ашылды.

       Ал 1963 жылы квазарлар деп аталатын жұлдыздар радиокөзі ашылды. Олар - Әлемнің радиолық сәулелендірудің ең қуатты көзі. Квазарлар жаңа галактикалардың ядросы болуы мүмкін деген ғылыми жорамал жасалды, олай болса, галактикалардың түзілуі процесі қазір де жүріп жатыр деген сөз.

             Кеңістік пен уақыттың ғылым тарихындағы түсінігінің даму

       Кеңістік пен уақыт материя болмысының ең жалпыда қажетті формасы ретінде физиканың және басқа ғылымдардың негізгі категориясы болып табылады. Бұл категориялық ұғымдар қалыптасқанша адамның дүние тануы, оның ішінде дүниенің кеңістігі мен уақытын танып білуі ұзақ тарихи даму жолынан өтті.

       Ертедегі антик заманының ойшылдары кеңістікпен уақыттың табиғаты мен мәні туралы сол кезде ақ ойлана бастаған еді: философтардың біреулері бос кеңістіктің немесе, олардың сөзімен айтқанда, болмыссыздықтың, мүмкіндігін теріске шығарса, ал енді біреулері бос кеңістікте болу мүмкіндігін теріске шығарды. Ал өз кезіндегі әйгілі дәрігер, әрі философ Эмпедокл бос кеңістіктің мүмкін еместігін жақтай отырып, сонымен қатар қозғалыспен өзгерістің шындығын мойындады. Балық суға жүзіп жүреді, ал бос кеңістік жоқ деп тұжырымдады. Атомдық ілімнің негізін салушы Демокрит материя мен атом сияқты бос кеңістік те бар, өйткені ол атомдардың орын ауыстыруы, өзара қосылуы үшін қажет деді.

      Ертедегі грек астрономы К.Птоломей геоцентрлік системасы жаратылыстануда 15 ғ. дейін үстемдік жасап келді. Ол система дүниенің универсалдық математикалық моделі болды. Ол модельде уақыт шексіз, ал кеңістік шексіз деп, аспан денелерінің бәрі бір орында қозғалыссыз тұрған Жерді біркелкі айнала ұшып жүреді деп түсіндірілді.

    Поляк ғалымы Н.Коперник гелиоцентрлік системасын ашқаннан кейін дүниенің кеңістік және бүкіл физикалық көрінісі мүлде өзгерді. Бұл ілімнің бұрынғы геоцентрлік түсініктен түбірлі айырмашылығы сол, дүниенің центрі жер емес, Күн екендігін яғни Жерде, басқа планеталар да Күнді айнала қозғалатыны ашылды. Бұл системаны кеңістіктің шексіз екендігі мойындауға әкелді.

      1687 жыл Ньютонның “Математические начала натуральной философий” деген негізгі еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбек дүниенің бүкіл жаратылыстану - ғылыми көрінісінің дамуын екі ғасырдан астам уақыт бұрын алдын ала болжап берді деуге болады. Онда қозғалыстың негізгі заңдары тұжырымдалып, кеңістік, уақыт, орын және қозғалыс ұғымдарының анықтамасы берілген болатын. Уақыт пен кеңістіктің мәнін ашып көрсете келе Ньютон ”өзін - өзі және бүкіл бар нәрселердің қоймасы. Уақыт жағынан барлығы бірінен кейін бірі орналасады” деп сипатталды. Ол кеңістік пен уақыт жайлы екі түрлі ұғымды: абсолюттік және салыстырмалы ұғымдарды айыра білуді ескертті. Ньютонның берген анықтамасынан мынадай қорытынды шығады: оның кеңістік пен уақыт ұғымдарын абсолюттік және салыстырмалы деп екіге бөлуі оларды танып білудің теориялық және эмпирикалық деңгейлерінің ерекшеліктерінен туындайды. Классикалық механиканың теориялық деңгейлерінің ерекшеліктерінен туындайды. Классикалық механиканың теориялық деңгейінде абсолюттік кеңістік пен уақыт туралы ұғымдары туралы түсінікті бүкіл себептік құрлымында маңызды рөл атқарады. Материялық дүниенің танып білудің эмперикалық деңгейінде кеңістік пен уақыт ұғымдары шындықтың обьективті белгілеріне емес, танып білушінің сезімдеріне және басқа қасиеттеріне байланысты шектеулі болады.

      Сондықтан олар салыстырмалы кеңістікпен уақыт ретінде көрінеді. Кеңістік пен уақыттың Ньютондық түсінігі сол кездегі жаратылыс зерттеушілері мен философтар тарапынан түрліше ой - пікірлер тудырды. Ол жөнінде сын пікір айтқан адамның бірі XVII ғасырдағы неміс ғалымы Г.В.Лейбниц болды. Ол кеңістікпен уақыттың  абсолюттік мәнін жоққа шығарып, реляциялық концепцияны уағыздады. ”Уақыт сияқты кеңістікте таза салыстырмалы бірдеңе: кеңістік – қатар өмір сүру реті, ал уақыт – бірінен соң бірі болу реті деп есептеледі” - деп жазды ол.


Информация о работе Қазіргі жаратылыстанудың негізгі принциптері