Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2013 в 09:47, реферат
1. Азиядағы географиялық атаулардың қалыптасу жағдайлары.
2. Азиядағы топонимиялық жүйенің ерекшеліктері мен құрылымы.
3. Азия шөлдерінің атаулары.
Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институты
Жаратылыстану-математика факультеті
Биология және география кафедрасы
Тақырыбы: Азиядағы топонимикалық жүйесі.
Орындаған: Молдахметова Жанна, география
Тексерген: Баймағанбетова Қ.Т. Аға оқытушы
Қостанай-2013.
Жоспар:
1. Азиядағы географиялық
атаулардың қалыптасу
2. Азиядағы топонимиялық
жүйенің ерекшеліктері мен
3. Азия шөлдерінің атаулары.
Азия дүние бөлігі атауының көне грек тіліндегі Асия нұсқасы біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырда Гомердің «Илиадасында» кездеседі. Бұл атау щамамен біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда милеттік оқымыстылар Фалес, Анаксимандр және Гекатей еңбектері арқылы ғылыми айналымға енгізілген деп есептеледі. Бастапқыда бұл атау Эгей теңізінің шығыс жағалауына ғана қатысты қолданылған болатын. Әдетте Азия атауының негізінде «шығыс» дегенді білдіретін ассириялық асу сөзі жатыр деп есептеледі. Бірақ кейбір ғалымдар мұнымен келіспейді. Себебі ассириялықтар өздерінен батыста жатқан жерді бұлай атауы мүмкін емес, сондықтан бұл теңіз жағалауындағы шағын Ассува ауданы атауының түр өзгерісі деген пікір бар. Егер олай болса, хетт-лувий тіліндегі Ассува атауын гректер өздеріне Асия деп бейімдеп, бастапқыда Кіші Азияға, кейіннен одан шығыста жатқан барлық аумаққа қатысты қолданған деп болжам жасайды. Асия атауы орыс ғылыми әдебиетінде ХІХ ғасырдың соңына дейін сақталған. Қазіргі кезде дүние бөлігі атауы Азия нұсқасында дүние жүзі бойынша қолданысқа енген.
Дүниенің тоғысында орналасқан Оңтүстік-Батыс Азияның топонимиялық жүйесі аса күрделі және ежелгі сипатымен ерекшеленеді. Бұл аймақ – көне өркениеттердің бесігі, мұнда біздің заманымыздан 4 мың жыл бұрын Месопотамияда қоныс тепкен шумерлер адамзат тарихында тұңғыш рет жазуды ойлап тапты. Қазіргі кезде әлемдік діндер деп танылып отырған үш діннің (ислам, христиан және иудаизм) де пайда болған жері осы аймақ болып табылады. Осы аймақта адамзат тарихындағы алғашқы ірі қалалар пайда болды. Шумерлерден басқа Оңтүстік-Батыс Азияның өркендеуіне аккадтар, ассириялықтар, вавилондықтар, финикиялықтар, Кіші Азияны билеген хетт, құдіретті Ахеменидтер державасын құрған ежелгі парсылар да үлкен үлес қосты. Бұл аймақ ежелгі гректер мен римдіктер назарынан да тыс қалған жоқ. Әлемдегі ең көне деп есептелетін 19 қаланың 14-і осы аймақта орналасқан.
Орталық және Шығыс Азияда географиялық атаулар көне замандардан бері қалыптаса бастады. Қытайда біздің заманымызға дейінгі ІІІ мыңжылдықта ежелгі қытай өркениеті дамудың жоғарғы деңгейіне көтерілді. Қала мәдениетінің, суармалы егіншіліктің өркендеуі отырықшылыққа байланысты көптеген терминдер мен атаулардың қалыптасуына себепші болды. Қытайда жазу пайда болып, иероглифтер көмегімен тарихи жылнамалар, ресми құжаттар толтырыла бастады. Соның нәтижесінде Қытайдағы және оған көршілес аумақтардағы өте көне атаулардың бірқатары тарихи құжаттарда тіркеліп, сақталып қалды. Қытайдағы отырықшы өркениет пен көршілес аумақтардағы көшпенді өркениеттің тоғысуы Орталық Азияда айрықша географиялық атаулар тобының қалыптасуына алып келді.
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда географиялық атаулардың қалыптасуына адамзат тарихындағы ең ежелгі үнді (Хараппа) өркениеті ықпал етті. Біздің заманымызға дейінгі ІІІ мыңжылдықта суармалы егіншілік дамыған Инд өзені аңғарында Мохенджо-Даро және Хараппа деп аталған ірі қалалар пайда болды, олардың әрқайсысында шамамен 100 мыңдай адам тұрды.
Біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықта бұл аймаққа арий тайпаларының келуі нәтижесінде ежелгі үнді өркениеті қалыптасты. Қазіргі кезге дейін сақталып қалған көне географиялық атаулардың басым көпшілігі ежелгі үнділіктердің санскрит тілінде деп есептеледі атаулар бар. Санскрит негізінде Оңтүстік Азиядағы көптеген қазіргі заманғы тілдер (хинди, бенгаль, пенджаб, урду және т.б.) қалыптасты. Көне жазба мәдениеті туындыларының сақталып қалуы, дәстүрлі діндердің ықпалы, отырықшы өмір салты Оңтүстік Азия жеріндегі атаулардың қазіргі күнге дейін сақталып жетуіне мүмкіндік берген.
Азиядағы топонимикалық жүйенің ішкі ерекшеліктері бар. сондықтан жеке аймақтар бойынша осы мәселені талдайық.
Оңтүстік-Батыс Азиядағы атаулар негізінен иран, түркі, араб тілдерінде жасалған. бұл аймақтағы атаулардың басым көпшілігі халықтық географиялық терминдер мен этноним, антропонимдер негізінде қалыптасқан. Түркияда түрік тіліндегі географиялық терминдер атаулар құрамында жиі кездеседі: богаз - «тау арасындағы жол», құю - «құдық», кале - «қала», тепе - «тау», таш - «тас».
Иран мен Ауғанстанда иран тілдері негізінде қалыптасқан географиялық атаулар көп. Бұл атаулар құрамында ирандық географиялық терминдер кездеседі: абад - «қала», дашт - «шөл», дешт - «жазық», кух, кох - «тау», аб, об - «су, өзен», руд - «өзен», санг - «тас», стан - «ел», шехр - «қала».
Араб атауларының құрамында мынадай географиялық терминдер жиі кездеседі: джебель - «тау», рас - «мүйіс», риф - «жағалау», тель - «төбе», нахр, шатт - «өзен», бахр - «теңіз, үлкен өзен», вади - «өзен аңғары, өзен», айн - «құдық», медина - «қала», рибат - «бекініс». Араб топонимдерінің құрылымдық ерекшелігі ретінде атауларда артикль мен сөздің немесе терминнің болуын, сондай-ақ артикль арқылы жалғанған екі немесе одан көп сөзден тұратындығын айтуға болады. Мысалы, Эр-Рияд («бау-бақша»), Руб-әл-Хали («бос жер»), Шатт-әл-Араб («арабтардың өзені») атаулары.
Орталық және Шығыс Азия топонимиясы салыстырмалы түрді көнелігімен, тұрақтылығымен көзге түседі. Аймақтағы топонимдердің құрылымдық ерекшеліктері алуан түрлі.
Қытай аумағындағы топонирмиялық жүйе алуан түрлі болады. Қытайлық атаулардың басым көпшілігі елдің шығыс аудандарында шоғырланған.
Тибет таулы қыраты мен оның маңындағы аумақтарда тибеттік топонимия басым болады. Олардың құрамында тибеттік географиялық терминдер кездеседі:
Сан ғасырлар бойы көшпенді мал шаруашылығы дәстүрлі сала болған Монғолия жерінде географиялық атаулардың көпшілігі халықтық географиялық терминдер негізінде қалыптасқан. Әсіресе гол («өзен»), даба («асу»), мурэн («мол сулы үлкен өзен»), нур, нор («көл»), ула («тау»), хамар («мүйіс»), хото («қала») терминдерінің топоним түзу қарқындылығы жоғары болады. Ландшафттылық термин болып есептелетін гоби сөзі де көптеген географиялық атаулардың құрамына енген: Гоби, Дундговь, Умнеговь, Дорноговь, Мандалговь.
Корея түбегіндегі топонимия тілдік тұрғыдан біркелкілігімен көзге түседі, бұл ең алдымен тұрғын халықтың бір ұлттан тұруына көптеген көне атаулардың сақталып қалуына байланысты болады. Кореяда халықтық географиялық терминдер негізінде қалыптасқан атаулар көп кездеседі.
Олардың арасында «тау» дегенді білдіретін сан (Косан, Кусан, Масан, Пусан, Сосан, Ульсан, Чхольсан), «қала» дегенді білдіретін сон (Ансон, Кенсон, Кусон, Хонсон, Чансон, Часон, Чонсон, Ымсон), «елді мекен, қоныс» мағынасын беретін чхон (Кимчхон, Менгчхон, Хончхон, Чечхон, Чхонджу, Чхоннэ), «арал» дегенді білдіретін до (Сохыксандо, Тэчхондо, Уллындо, Чходо, Чэджудо), «көл» деген мағына беретін хо (Манпхо, Нампхо, Синпхо, Согвипхо, Сокчхо) атаулары бар. Корея Республикасының астанасы Сеул қаласының атауы қазақшаға аударғанда «астана» дегенді білдірсе, оның маңындағы Сувон («су көзі»), Осан («қарға тауы»), Ансон («бейбіт қала») атаулары да бейнелі атауларға ие болған. «Үлкен» дегенді білдіретін тэ сөзі негізінде Тэгу («Үлкен төбе»), Тэджон («Үлкен алаңқай») қалаларының атаулары қалыптасқан.
Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия топонимиясы әлемдегі ең күрделі топонимиялық жүйелердің бірі болып табылады. Мұнда ежелгі өркениет тілі болған санксрит тіліндегі көне атаулар сақталған. Бұл тіл кейіннен хинди, бенгаль, пенджаб, урду тілдерінің қалыптасуына негіз болған. Сонымен қатар, бұл аймақта ортағасырлық халықтардың ұлы көші-қоны мен исламның таралуы кезінде басым болған иран терминдері де атаулар тобын құрайды: ирандық абад («қала») термині негізінде Аллахабад, Ахмадабад, Газиабад, Исламабад, Фаридабад, Файсалабад, Фирозабад, Хайдарабад тәрізді қала атаулары қалыптасқан. Гималайға көршілес аудандарда тибеттік атаулар кездеседі, олардың арасында бейнелі атаулар (Канченджанга - «қардың бес үлкен байлығы», Дарджилинг - «лама билігінің жері») атаулар да бар. Үндістанның оңтүстігінде көне дравид тіліндегі (Девакотай, Пудуккотай), Шри-Ланка аралында синга тіліндегі (Коломбо - «айлақ», Пидуруталагала - «шилі шың») атаулар бар.
Үндіқытай түбегінде вьетнамдық, кхмер және тай топонимдері таралған. Қытайға бағынышты болған кезеңде аймақ топонимиясына қытай тілінің әсері күшті болған. Сондықтан бұл елдердегі атаулар құрамынан сәл дыбыстық өзгеріске түскен қытай халқының географиялық терминдерін кездестіруге болады: ха - «өзен», хо - «көл», суй - «су». Жергілікті географиялық терминдер арасында ең жиі топонимдер құрайтындары нгуен («жазық»), конг («өзен»), донг («орман»), хон («тау, арал»), лунг («елді мекен») болып табылады.
Шөл атаулары. Алашань шөлі мен Алашань жотасы Орталық Азияда, Қытай аумағында орналасқан. Э.М. Мурзаевтың (1974) пікірінше, алдымен Алатаг (Алатау) жотасының атауы қалыптасқан. Уақыт өте келе, түркілік тау терминін қытайша шань («тау») терминімен алмастырған. Соның нәтижесінде жота Алашань деп атала бастаған, кейіннен шөлге де осы атау берілген.
Гоби Орталық Азия аумағындағы шөлді, ішінара шөлейтті аймақ болып табылады. Монғолия және Қытай жерін қамтиды. Э.М. Мурзаевтың (1984) анықтауынша, монғолдар говь термині «шөлейт пен шөлге тән өсімдіктер сирек өскен, тасты және сортаңданған топырақтар тән, су жетіспейтін жазық немесе жонды жерлерге» қатысты қойылған. Шөлдің жекелеген бөліктері де гоби деп аталады. Бұл аумаққа тұтасымен бір атаудың қойылуының өзі кейіннен болған.
Деште-Кевир - Иранның орталық бөлігінде орналасқан шөл. Парсы топонимі ландшафтының басым типін бейнелейді: дешт (дашт) сөзі Орта Азияда «дала, жазық» мағынасында қолданылады, ал кевир «сор, тұзды шөл» деген мағына береді. Сонымен, Дешт-Кевир «тұзды жазық шөл» дегенді білдіреді.
Деште-Лут - Иранның шығысындағы шөл атауы. Мұндағы дешт «дала, жазық», ал лут «құмды шөл» дегенді білдіреді. Сонымен, бұл шөлдің атауында ландшафт ерекшелігі көрініс тапқан: «жазықтағы құмды шөл» осы шөлді аумақтың басты ерекшелігі болып табылады.
Нефуд - Арабия түбегіндегі бірнеше шөлдің (Үлкен Нефуд, Кіші Нефуд және т.б.) жалпы атауы болып табылады. Арабия түбегіндегі арабтардың тілінде нефуд (құмды шөл» дегенді білдіреді.