Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 09:45, реферат

Краткое описание

Аяқ-киім,тігін-галантерия бұйымдарын өндіретін салалармен мен кәсіпорындар жиынтығы жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары –мақта-мата,зығыр,жүн,жібек,кендір-кенеп,аяқ-киім,былғары және аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар.
Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету. Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми – техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциялын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан – жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудың қарқынды жолына көшу негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Жеңіл өнеркәсіп туралы түсінік
2.Халық шаруашылығындағы маңызы
3.Қазақстандығы жеңіл өнеркәсіптің дамуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 226.12 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 
Негізгі бөлім

1.Жеңіл өнеркәсіп туралы түсінік

2.Халық шаруашылығындағы маңызы

3.Қазақстандығы жеңіл өнеркәсіптің дамуы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын

Аяқ-киім,тігін-галантерия бұйымдарын өндіретін салалармен мен  кәсіпорындар жиынтығы жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары –мақта-мата,зығыр,жүн,жібек,кендір-кенеп,аяқ-киім,былғары  және аң терісі бұйымдарын өндіретін  салалар.

Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету. Халық шаруашылығының басты міндеті ғылыми – техникалық прогресті жеделдету және экономиканы өркендетудің, еліміздің өндірістік потенциялын анағұрлым тиімдірек пайдаланудың, ресурстардың барлық түрлерін жан – жақты үнемдеу мен жұмыс сапасын жақсартудың қарқынды жолына көшу негізінде адамдардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.   

 Іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді  адамзаттың ақыл ойымен мәдениеттің  дамуындағы бағалы байлықтың  бәрін игере отырып, оны бүгінгі  ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен  біртіндеп сіңіру арқылы ғана  жүзеге асыруға болады.  Жеңіл өнеркәсібінің мақсаты ғылым техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, қазіргі заманға сай, сапалы және кең көлемді ассортиментті өнім шығару болып табылады. Минимальды операциялы техникамен конструкцияны қолдану арқылы еңбек өнімділігінің жоғары болуын уақыт нормасын ұтымды пайдалануға жоғары сапалы өнім дайындауды қамтамасыз етеді.

Тігін бұйымдарын өңдеуге арналған жабдықтар технологиялық процестердің комплекті механизациясын құрып  өңдеу әдістерін параллельді  орындап отырады.

Тігін өнеркәсібі халықты сәнді  де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге  мүдделі. Киім адаға ең қажетті зат  болып табылады. Сондықтан да оған қойылатын талаптар күннен күнге  өсіп отырады.

Жаңа киім моделін орындау суретші, модельер, конструктор, технолог мамандарының шығармашылық еңбегінің туындысы. Киім кешек ұғымы адамдардың уақытша  және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық  туралы бір ұғымды бейнелейтін модельімен тығыз байланыста болады. Адамзат  қоғамы дамыған сайын бұл көзқаратар өзгереді, яғни мода да үнемі жаңарып  отырады. Адамның киімге деген талғамы  әр қашан жоғары болған. Әсіресе  қазіргі экономиканың дамуына байланысты адамдардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы және жалпы өркениеттік дамуына  байланысты киім негізгі адам қажеттілігі  ғана емес, сонымен қатар сәндік функциясын атқара бастады. Киімге, матасына, оның сапасына қойылатын талаптар жылдан жылға жоғарылай береді. Киімнің  әр түрлі ассортиментіне деген сұраныстың жоғарылау жағдайында, әсіресе шағын өндірістер, ательелер адамдары жақсы киініп қоймай ,сонымен қатар басқалардан ерекшеленгісі келеді.

Тігін өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі мен сапасын арттыру үшін отандық  және шетелдік ең алдыңғы қатарлы  тігін технологиялар мен киімдердің әлемдік модельдерін жасау арқылы Қазақстан халықаралық киім үлгісінің  көрмелерінде жақсы көрсеткіштермен  әлемге танымал.

 

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі.

Жеңіл өнеркәсіп көп  салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары.

Жеңіл өнеркәсіп (кей  жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық  жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер»  қызметінің саласы. Өнеркәсіптін өнімі  жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл  оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді.

Жеңіл өнеркәсіптегі  басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу).

1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтанбастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады.

Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе әрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік шығынын көбейтіп, дайын өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады.

Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауыттары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда]] және т.б.) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде    (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.

Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркөсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары - Өтеген батыр (Алматы облысы),Петропавл, Рудный зауыттары. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді.

Жеңіл өнеркәсіптін, «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.2013 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласының физикалық өндірісі өткен жылға шаққанда 111 пайызға жетті. Тері және тоқыма өнімдерінің өндірісі сәйкесінше 135,6 және 125,6 пайызды құрап отыр. 2013 жылдың қаңтар айында Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласының физикалық өндірісі өткен жылға шаққанда 111 пайызға жетті. Тері және тоқыма өнімдерінің өндірісі сәйкесінше 135,6 және 125,6 пайызды құрап отыр. Ақпаратты статистика жөніндегі агенттік өкілдері таратып отыр. Сала мамандары жылдың соңына дейін нарықтағы өсім 9 пайызды еңсеретін болады деп болжап қойды. Бұл қолданыста бар кәсіпорындарды жетілдіру мен жаңасын ашу арқасында мүмкін болады.

Елде жеңілөнеркәсіп саласын дамыту үшін арнайы Оңтүстік экономикалық аймағы құрылған еді. Оның аумағы 200 гектар жерді алып жатыр. Мұнда 5 кәсіпорын ашылды, Шымкенттің өзінде 3 компания еңбек етіп келеді. Олар шетелдік нарықта жоғары сұранысқа ие болып отырған мақта-қағаз жібін және маталарды шығарып келеді. Барлық тауар шетелге экспортталып жатыр.Қазір ішкі нарықтың айтарлықтай бөлігін шағын және орта бизнес өкілдері иеленіп отыр. Тігін және тоқыма, сондай-ақ, аяқ-киім шығаратын кәсіпорындарының дені Алматы, Астана қалалары мен Оңтүстік және Батыс Қазақстанда шоғырланған. Басым бөлігі министрліктер, қаржы полициясы, төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет пен ішкі әскери бөлемшелерге киім тігіп жатыр. Бұдан бөлек, қазір отандық кәсіпорындарға Ресейлік компаниялар тарапынан сұраныс артып кетті. Экономикалық қызмет түрлерінің мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі экономикалық қызметтің үш түрімен - тоқыма бұйымдары өндірісі, киім өндірісі, былғары өндірісі және оған жататын өнімдер мен 14 кіші түрі ұсынылды. 
      Мата, киім, аяқ киім, трикотаж, шұлық-ұйық және тері бұйымдары, бас киімдер өндірісімен қатар шығарылатын өнімдер құрылымында мақта талшығы өндірісінің, әлеуметті ведомстволарға арналған заттай мүліктің үлестік салмағы жоғары. Сала сонымен қатар халықтың медициналық мақсаттағы бұйымдарға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арнайы, жұмыс киімдері мен аяқ киімдерге, жеке қорғау құралдарына қажеттілігін қамтамасыз етеді. Саланың ерекшеліктірінің арасынан салынған қаражаттың тез және барынша тиімді қайтарымын, әйел еңбегін дәстүрлі пайдалануды, жоғары әлеуметтік маңызын атап айтуға болады. 
      3.4.1 Тоқыма өнеркәсібі иіру, тоқу және өңдеу өндірістеріне бөлінеді. 
      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың тоқыма өнеркәсібінде 497 кәсіпорын тіркелген, олардың белсенді жұмыс істеп тұрғаны 155 кәсіпорын, оның ішінде 12-сі ірі, 24-і орта және 119-ы шағын кәсіпорын. Оларда 7200 адам жұмыс істейді. 
      Дәстүрлі мақта өсіру Оңтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі - ОҚО) жүзеге асырылады, осыған байланысты мақта өңдейтін кәсіпорындар нақ осы жерге шоғырланған, бұдан басқа табиғи тоқыма талшықтары ішінде мақта талшығы елдегі өндіріс көлемі бойынша ең үлкен топты құрайды. 
      Бүгінгі күні тоқыма өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарына жылына 18,8 мың тонна мақта талшығын өңдейтін «Textiles.kz» корпорациясы («Ютекс» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - АҚ)/ «Меланж» АҚ), «South Textiline.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ОҚО) сияқтылар жатады. 
      Компанияларда отандық шикізатты пайдалана отырып, 100% мақта-мата иірімжібі, қатқыл және дайын мақта-матадан тұратын бәсекеге қабілетті өнім шығаратын «Rieter», «Benninger», «LTG Air Engineering» (Швейцария); «Dornier», «Thies Monforts» (Германия), «Savio» (Италия) сияқты белгілі фирмалардың жаңа жабдығы пайдаланылады.

Қазақстан Республикасындағы тоқыма   өнімдерін     өндіру көлемі

 

№ 2 кесте

Өнімнің атауы

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

1

2

3

4

5

Тоқыма бұйымдарын өндіру

39,6

28,5

24,7

13,5

Кардо- және тарақпен таралған, бөлшек сату үшін оралмаған жүн иірімжібі, тонна

195,0

148,0

79,0

134,0

Бөлшектік сату үшін оралмаған тарақпен таралған және тарақпен таралмаған талшықтан жасалған мақта-мата иірімжібі, тонна

13391,0

11578,0

12661,0

8679,0

Маталар, мың шаршы метр

56459,6

43325,3

43479,6

35490,9

оның ішінде:

       

Мақта-мата, мың шаршы м

47639,0

42423,3

42013,9

35335,4

Синтетикалық және жасанды кешенді жіптен жасалған маталар, мың шаршы м

8705,9

32,2

57,0

-

Жүн маталары, мың шаршы м

110,1

74,5

75,7

155,5

Түкті, түктілі маталар мен өзге де арнайы маталар, мың шаршы м

4,6

365,0

994,0

-

Дайын тоқыма бұйымдары, мың шаршы м

44761,8

84580,5

69871,1

79591,4

Төсек-орын, мың шаршы м

1608,8

1177,7

1251,5

1454,2

Кілемдер мен кілем бұйымдары, мың шаршы м

101,5

36,1

2,0

2,0

Мата емес материалдар мен мата емес материалдардан жасалған бұйымдар, мың шаршы м

1484,3

1237,8

1291,1

1178,1


 

    

2006 жылдан бастап жеңіл өнеркәсіп  өнімі экспортының өсу серпіні  байқалады. Егер 2006 жылы экспорт 63 млрд. теңгені құраса, 2008 жылы ол 82 млрд. теңгеге ұлғайған. 2009 жылы экспорт көрсеткішінің алдыңғы жылдармен салыстырғанда 22%-ға құлдырауы байқалады, бұл әлемдік экономикалық дағдарысы салдарынан тауардың бұл түріне сұраныстың азаюымен байланысты болып отыр, бұл ретте экспорт үлесінің 90 %-ға дейін көлемін шикізат (шитті мақта, жүн, ірі қара мал және ұсақ мал терісі) құрайды. 
      Импорт көрсеткішінде өсімнің де, құлдыраудың да серпіні байқалып отыр. Егер 2006 жылы импорт 27 млрд. теңге болса, 2007 жылы импорт 37 млрд. теңгеге дейін өсті. Сондай-ақ, егер 2008 жылы импорт 29 млрд. теңгені құраса, 2009 жылы ол 56%-ға өсті, бұл ретте ұлғаю сырт киім, сондай-ақ киімге және басқа да дайын бұйымдарға сұраныстың 50 %-ға ұлғаюымен байланысты боп отыр.

Саланың қазіргі  жай-күйін бағалау

 

      Кез келген елдің жеңіл өнеркәсібі - бұл экономиканың аса маңызды көп бейінді және инновациялық тартымды секторы. 
      Тұтыну деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіп азық-түлік тауарларынан кейін екінші орында тұр, бұл оның маңыздылығын білдіреді. Жеңіл өнеркәсіптің экономикалық және стратегиялық қауіпсіздікті, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды және оның өмір сүру деңгейін жаңа геосаяси жағдайларға көтеруді қамтамасыз етудегі маңызды ролін ескере отырып, әлемнің ірі елдері саланы дамытуға айрықша назар аударады және оған айтарлықтай инвестициялық қолдау көрсетеді. 
      Тұтыну секторы тауарларының әлемдік өндірісінде еңбекті нақты бөлу қолданылады. Олардың бірі шикізатты сатады, екіншісі қайта өңдейді, үшіншісі түпкі өнімді өндіреді, төртіншісі сатады. Осыны ескере отырып, бұл үдерістегі басымдықтарды айқындау қажет, осының негізінде нарықтық перспективасы бар жобаларға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жобаларға салынуы тиіс тиімді даму матрицасы пайда болады. 
      Бүгінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың 80%-ы шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады, бұл ретте шамамен сала кәсіпорындарының шамамен 80%-ы жүктемелігі 30 - 40 %-ды құрайтын ескірген жабдықтармен жарақталған. 
      Саланы дамытудың жалпы үрдісі ел өнеркәсібі көлеміндегі оның үлесінің төмендеуімен сипатталады, бұл жұмыс орындарының қысқаруына, ішкі нарықтан отандық тауар өндірушілерді шетелдік өндірушілердің тықсыруына әкеледі, бұл апатты сипат алды. 
      Халықты жұмыспен қамту мәселесі жіті орында тұр. Егер 2005 жылы жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің саны 20,0 мың адам болса, 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ол 13,7 мың адамға дейін азайды, бұл әлеуметтік шиеленістің өсуімен шарттасады. 
      Жеңіл өнеркәсіп технологиялық жағынан аграрлық сектормен барынша байланысты екенін ескерсек, оның дамуы елеулі түрде ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды бағыттарын қалпына келтіруге және дамытуға ықпал ететін болады, осының арқасында ел ішіндегі төлем қабілеті сұранысы мен ішкі нарықтың сыйымдылығы артады. 
      Бұл мәселелерді шешу қазақстандық өндірушіні қорғау, контрафакт және контрабандалық өнімге қарсы күрес, субсидияларды, лизинг схемаларын, инвестициялық қорларды пайдалану, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту бойынша шараларды іске асыру негізінде мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады. 
      Жеңіл өнеркәсіптегі ахуалды сипаттайтын созылмалы дағдарыс өндірісі көлемінің құлдырауымен жалғасады. Тек 2005 - 2009 жылдар кезеңінде республика өнеркәсібінің құрылымындағы сала үлесі 2,2 %-дан 0,8 %-ға төмендеді, бұл ретте ішкі жалпы өнімдегі өнеркәсіп үлесі 2005 жылғы 0,62 %-дан, 2008 жылғы 0,27 %-ға дейін төмендеді. 
      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің жеңіл өнеркәсібінде 1591 кәсіпорын тіркелген, олардың 526-ы белсенді жұмыс істейді, оның ішінде 449-ы шағын, 60-ы орта және 17-сі ірі кәсіпорын. 
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы саны ішінде 54%-ы киім өндірісі кәсіпорындары, 31%-ы тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындары (киімнен басқа, тоқыма және тігін бұйымдарын өндіретін) болса, былғары және аяқ киім өндірісі кәсіпорындары 9%-ды, былғары мен теріден жасалған киім өндірісі - 54%-ды құрайды (1 -сурет)

Информация о работе Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі