Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 17:06, реферат
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Биыл 20 жыл .Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.
Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер –ұлт
мақтанышы
Мақсаты:Қазақстан
Республикасының рәміздерін оқып үйрену.Әрбір
белгісін түсіндіру,мағынасын ашу.Оқушыларды
ел рәміздерін қастерлеуге,құрметтеуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының
рәміздерін слайд арқылы көрсету.
Қазақстан туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз рәміздер
туралы болмақ.
Тәрбие
сағаты ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталады.
Кіріспе:
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке
қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Биыл
20 жыл .Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін
білдіретін басты белгілері болады.Солардың
бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда
егемен еліміз Қазақстан Республикасының
мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар
Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан
Республикасының туы.
Туымыз туралы:
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір
түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды
елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан
да бейбітшіліктің ,тыныштықпен жақсылықтың
нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ
жолына адалдығын білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн тыныштықпен
байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп
өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатың
жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,
Елтаңбамыз
туралы:
Елтаңба негізі –Шаңырақ ол елтаңбаның
жүрегі.Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының
бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері .Айналған
күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ-
киіз үйдің күнбезі.Көшпелі түркілер үшін
үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар
–дала дүлділі,ер-азаматтың сәйгілігі,жеңіске
деген жасымас жігердің ,қажымас қайраттың
,мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған
құлшыныс бейнесі.Шаңырақ айналасындағы
уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр.Қанатты
тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған
бейне.Қанатты тұлпар уақытпен кеңістікті
біріктіреді.Ол -өлмес өмірдің бейнесі.Бесбұрышты
жұлдыз «бағыңыз ашылып,жұлдызыңыз жарқырай
берсің»деген асыл арқаны арқалап тұр.«Қазақстан»жазуы
қазақ елінің айғағы.
Елтаңбаның авторлары- Ж .Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.
Әнұранымыз
туралы
Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік
үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс
табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің
кең байтақтығы,жер мен ел байлығы ,біздің
ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол
ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің
алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.
Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының
жаңа Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың
«Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының
Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жүмекен
Нәжмиденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.
Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков,Жүмекен
Нәжмиденов ,Нұрсұлтан Назарбаев
Мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік мекемелерден
мектептерден көруге болады ( Слайд)
^ Оқушылар өз өлеңдерін оқыды.
Мемлекеттік Елтаңба,мемлекеттік Ту,Қазақстан
туралы.
(Слайд ) көрсетіледі.
Рәміздерді құрметтеу,қастерлеу баршамыздың
борышымыз.Әнұран сөзің жатқа білу міндетіміз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында
қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік
бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының
тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде
нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран
және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы
– 1:2.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының
біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын
білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің,
тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі
саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.
Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері
адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт
сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы
алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе,
дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында
дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік туының авторы
суретші Шәкен Ниязбеков.
Бүкіл әлемдік Лондон олимпиадасында
біздіңтуымыз желбіреді.Сурет арқылы
көрсету.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір
түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы
күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген,
шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап
уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы
мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар
бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде
– бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі
бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.
Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы
қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ
«Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған.
Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің
бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты
тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және
Қазақстан секілді бір шаңырақ астында
өмір сүріп жатқан халықтардың рухани
байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа
үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау
биігі
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз
бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер
өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай
жұлдызы болуы керек.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының
авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов
пен Жандарбек Мәлібеков.
Тәрбие сағатымызды қорытындылай келіп,ант
қабылданды.
«Біз Қазақстан
Республикасының азаматы Отаным Қазақстанның
дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті
,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім
аламызмәдениетті адам боламыз.Туған
халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз.
Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз.
Конституциясымен заңдарын бұлжытпай
орындаймыз,Елімнің Туын, Елтаңбасын,Ә
Гимнін қастерлейміз.»