Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 15:55, реферат
1.Жаңа шетелдер географиясы.1991 жылы соңында 15 респубикадан тұратын алып мемлекет - Кеңес Одағы өзінің өмір сүруін тоқтатты.Оның кең-байтақ аумағында Қазақстаннан басқа 14 егменді мемлекет пайда болды.Олардың барлығы біздің елге катысты алғанда шет елдік мемлекеттерге айналды.Осылайша «жаңа шетел» термині пайда болды.
Қазақстанның геосаяси жағдайы
Қазақстан қазіргі кезеңде: Қазақстанның геосаяси жағдайы
1.Жаңа шетелдер географиясы.19
Бір тұтас мемлекет құрамында өмір
сүруден «бірге, бірақ жеке-жеке
өмір сүруге» өту үшін 1991 жылы 8 желтоқсанында Ресей, Украина,
ТМД құрамындағы бұл 12 ел жақын
шетел деп атала бастады.Бұл
жерде арақашықтықтың қатысы жоқ, олар
көп мәселелер бойынша бір-
Елде біртұтас халық шаруашылығы кешені құрылды. Республикалар арасында еңбек бөлінісі мен экономикалық байланыс қалыптасты. Оларды біртұтас көлік тік және энергетикалық, жүйелер, жекелеген сипаттағы,атап айтқан да туыстық, ғылыми және мәдени тұрғыдағы мың сан байланыс тар біріктірді.
Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан,
Тәжікстан және Өзбекстан тығыз
экономикалық жақындасуға(интеграцияға)
ЕурАзЭҚ халықтарының бейбіт өмірін ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымы (ҰҚТКҰ) камтамасыз етеді.Бұл Келісім қауіп төнген жағдайда ҰҚТКҰ-ның кез келген мүшесін бірлесіп қорғауды қарастырады.Ол үшін ұйымда барлық қажетті жағдайлар, соның ішінде Ресейдің ядролық «калканы» да бар.
2.Қазақстан халықаралық ұйымда
Халықаралық ұйымдар саны 3000-ға таяу.
Олардың ішінде үкіметаралық және үкіметтік
емес, әлемдік және аймақтық, әмбебапты немесе маманданған ұйымдар
бар.Ең маңызды әмбебапты әрі саны ірісі
- Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе БҰҰ (штаб-пәтері Нью-Йоркте орнала
Қазақстан елдің ұлттық мүдделеріне қатысы бар көптеген халықаралық ұйымдарға мүше.
Әлемдік деңгейде алсақ, республика 1992 жылы, 2 наурызында (бірауыздан қабылдаған БҰҰ, оның арнаулы маманданған мекемелері - ЮНЕСКО (білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы), МАГАТЕ (атом куаты жөніндегі халықаралық игенттік ) , ДДҰ (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы)және баскалар. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ ) мен халықаралық қайта құру және даму банкіне (ХҚҚДБ)мүше болуының ел үшін маңызы зор болды.Ол әлемдік қауымдастықтың ірі қаржы мекемелерінің несиелеріне Қазақстанның жолын ашты.
Біздің еліміз Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығына мүше болды.Одан кейінгі
маңызды халықаралық ұйым - Шанхай
ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ).Оны бұрынғы
кеңес - қытай шекарасындағы даулы
мәселелерді шешу мақсатында Ресей,
Қазақстан , Қырғызстан,Тәжікстан және
Қытай мемлекеттері («Шанхай бестігі»)құрды.
Шекара туралы келісімшарт бекітілгеннен
кейін «бестікті» ШЫҰ күрамындағы
елдердің ынтымақтастығын кеңейтіп,
қауіпсіздігін нығайту ұйымына
айналдыруға шешім қабылданды. «Бестікке» Өзбекстан, Монғолия
Біздің еліміз Кеңес Одағының мұрагерлерінің бірі ретінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ)жұмысында қатысады.Ол «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» бағдарламасы бойынша Солтүстік Атлантика келісімі Ұйымымен (НАТО) қарым-қатынас жасайды.Бұл бағдарлама қарулы күштердің өзара байланысы, оқу үйрену жаттығуларын бірлесіп өткізу,офицерлерді даярлау мәселелерін карастырады. Республиканың әлемдегі аса ірі ұйым-ЕуропалықОдақпен (ЕО) өзара ынтымақтастық жайлы келісімі бар.ЕО құрамына 500 млн халқы бар 27 мемлекет енеді.Еуропалық Одақ - Қазақстанның маңызды сауда серіктесі.
3.Геосаяси жағдай туралы түсінік. Кеңес Одағының ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы -олардың қазіргі әлемдік жағдайын немесе геосаяси жағдайын (ГСЖ) айтарлықтай өзгертті.
Геосаяси жағдай - елдің стратегиялық
маңызы бар шет елдік мемлекеттерге,
олардың одақтарына және дүние жузінің
аудандарына қатысты алғандағы
саяси картадағы орнын
«Геосаяси» және «экономикалық-географиялық » жағдай түсініктері бір-бірімен байланысты, бірақ өзара айырмашылықтары да бар. Елдің көлік жағдайына талдау жасаған кезде ЭГЖ көзқарасы бойынша көлік түрі мен тасымал қашықтығы есепке алынады.Ал ГСЖ тұрғысынан әлемдік рынокқа көліктік шығарылымның саны мен бағыты,олар дың қауіпсіздігімен сенімділігі назарда ұсталады.
ГСЖ өзгеріссіз, бірқалыпты тұрмайды.Уақыт өткен сайын жақсаруы немесе керісінше, нашарлауы да мүмкін.
Геосаяси жағдайға әртүрлі деңгейде баға беруге болады:
Әлемдік деңгейде - дүние жүзіндегі «куатты орталықтарға (АҚШ,Еуропа Одағына, Жапонияға,содан соң Қытай мен Ресейге) қатысты алғанда;
Аймақтық деңгейде - өз аймағындағы елдерге, әсіресе шекаралас мемлекеттерге(іргелес орналаска көрші мемлекеттерге)қатысты алғанда.
4.Қазақстанның геосаяси жағдайына баға беру. Ең алдымен Қазақстанның негізгі геосаяси ерекшеліктерін қарастырайық.
Біріншіден - минералдық ресурстар
байлығы. Барланған пайдалы қазбалардың
құны бойынша Қазақстан дүние
жүзінде алтыншы орында.Бұл—
Екіншіден, жер көлемінің ауқымды болуы немесе аумағы мен тұрғын халық санының арасындағы сәйкессіздік. Экономикалық қызметтің шағын мөлшері - елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлетін қаржының да аз көл емде болуына әсерін тигізеді.
Қазақстанның 2008 жылы қорғаныс шығыны 185 млрд теңгеден аспайды (қазіргі 6 соғыс ұшағы «Стелс» құнындай ғана).Біздің армиямызда әскери қызметкерлердің саны бар болғаны 74 мыңдай ғана.
Сондықтан ел ішіндегі «Қазақстан-2030» стратегиясы халық санын 25 млн адамға жеткізуді көздейді.
Сыртқы саясат елдің қауіпсіздігін саяси құралдар арқылы шешіуге бағытталған. Осыған байланысты Қазақстан шет елдермен қарым-қатынасын дамытып, кептеген халық аралық ұйымдарға қатысуда. Шекара бойы толығымен достас мемлекеттер белдеуіне айналды. Біртіндеп ел қауіпсіздігінің көп деңгейлі жүйесі калыптасуда. Оның бірінші деңгейінде - ЕурАзЭҚ жәнө ШЫҰ,екіншісінде - Азиядағы қарым-қатынас пен сенім шаралары жөніндегі Кеңеске(АҚСШК)мүше елдер бар.
АҚСШК-і еліміздің. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен жұмыс істейді.Оған 20-дан астам елдер катысады, оның ішінде Қытай, Ресей,Үндістан жөнө Пәкстан бар.
Қазақстанның ГСЖ төмендегідей негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады.
Біріншісі - құрлықішілік жағдайы (ашық
теңізге шығу жолының болмауы).Мұның
өзі елді көрші мемлекеттерге
тәуелді етеді.Қазақстан осы
Қазақстан Трансазия темір жолын салуға, Қазақстан - Қытай мұнай құбырларын жүргізуге қатысты.Біздің елімізде Әзірбайжан, Грузия және Түркия арқылы Жерорта теңізіне қарай мұнай құбырын тартуға қызығушылық туып отыр.
Екінші ерекшелігі - әр түррлі мәдениеттердің, атап айтқанда -ислам (Орталық және Оңтүстік-Батыс Азия),орыс және қытай мәдениеттерінің түйіскен жерінде орналасуы. АҚШ пен Еуропаның геосаясаткерлері, мәдениеттер арасындағы күрес адамзат болашағына әсер ететінін тұжырымдайды. Еліміздің үкіметі өз ішіміздегі Бейбітшілікті қамтамасыз етіп, мәдениеттердің бір-бірін толықтыруына жағдай жасауда.Үкімет халық аралық деңгейде әлемдік және ұлттық діндер Форумын өткізді.
Үшінші ерекшелігі - Еуропа мен Азияның арасында орналасуы.Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасындағы өзгеше көпі р тәрізді.Үкімет аумақтың, транзиттік мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысуда. Осыған байланысты аумақта көліктік құрылыс басталды.Қазақстан арқылы шет елдік үлкен тауарлар ағынының өтуі олардың, республик аның қауісіз болуына тәуелділігін арттырады.
Төртінші ерекшелігі - екі ірі державаның - Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы.Бұл елдер Қазақстан мен бірге ШЫҰ мүше болып табылады. Олардың елдің егемендігі мен біртұтастығының кепілі ретіне маңызы зор. Бұл ар біздің ірі сауда серіктестеріміз. Аталған мемлекеттерде 2 млн қазақ этносы тұрады. Осындай көршілік жағдаға байланысты Қазақстан екі мемлекеттің де мүдделерімен санасып, келісімге келіп отыруға тырысады.
Бесінші ерекшелік - Қазақстанның шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының («ыстық нщтелердің») пайда болуы. Олардың ішіндегі ең қауіптісі - Ауғанстан(халықаралық террор, есірткі саудасы).Қырғызстан мен Тәжікстанда ғы(ішкі кақтығыстар), Өзбекстандағы (террор мен экстремистік сипат) күрделі жағдайардың болуы.
Алтыншы ерекшелігі - Каспий теңіз- көлінің статусы туралы келісім жасалмаған Каспий бойы аймағындағы жағдай.