Қазақстандағы ақша реформасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:20, реферат

Краткое описание

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады.

Содержание

Кіріспе
І. Ақша реформасының маңыздылығы
ІІ. Қазақстандағы ақша реформалары
2. 1. 1947 жылғы ақша реформасы
2. 2. 1961 жылғы ақша реформасы
2. 3. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Копия каз акша реф.docx

— 30.70 Кб (Скачать документ)

                2.3. Қазақстан  Республикасының 1993 жылғы ақша  реформасы

Бір адамның ауыстырылатын ақшасының  ең жоғарғы мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбасталуға рұқсат етілді. Белгіленген лимидтен жоғары соммада  ақшасы бар адамдарға табыс көздері  туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды.

1991 жылы 23 қаңтардан бастап бір  уақытта салымдарды беруге де  шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айна 500 рубльден аспайтын соммада беріле отырып, ол туралы төлқұжаттарына белгі қойылды. «Павловск» реформасы нәтижесінде  айналыстан 8 млрд рубль алынып тасталып, оның иелік ету заңдылығы дәлелденбеген болатын.       Бірақ бұл шара рубльдің сатып алу  қабілетінің ұлғаюына әсер етпеді. Бағаның жіберілуі ақшаның ұстамсыз өсуінде байқалды.     Қайта құру жағдайында өндірістің құлдырауымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық –түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсті: 1989 жылы 300 тенге, 1990 жылы 234 теңге.           1990 жылы нақты ақшаның эмиссиясы  25 млрд рубльді құрады, бұл 1981-1985жылдарды  қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді.          1991 жылы қаңтарда «1961 жылғы 50 және 100рубльдік ақша бірліктерін  КСРО Мембанкінде  төлем ретінде  қабылдауды және олардың айырбастау  тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма қол ақша беруді шектеу туралы» Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді.   КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса лағанда , тәуелсіз мемлекеттер аумағында  айналыста жүре берді. Әртүрлі себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердің саяси тәуелдікке ұмтылуы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономикалық социалистік директивті үлгісінен нарыққа өтуі мүмкін еместігіне байланысты біртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсіз үзілді.         КСРО ыдырған соң ақшаны дизинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп және бұрынғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.  1992 жылы 9 қазанда ТМД елдерімен  қол қойылған «Рубльді ресми  төлем құралы ретінде пайдаланатын  мемлекеттердің біртұтас ақша  жүйесі мен келісім ақша-несие  және валюта саясаты туралы»  соңынан 1993 жылы қыркүйекте алты  мемекеттің бірігуімен рубль аумағының жаңа типін құру туралы да келісімдері жасалды. Бұл сұрақ бойынша Ресейдің екі жақты келісім сөздер жүргізуі тек қана сәтсіз аяқталып қана қоймай, бұрынғы кеңес мемлекеттерінің макроэкономикалық тұрақтылыққа байланысты шараларын жүргізуді созып жіберді.          1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан  кейін Қазақстан ТМД-ның басқа  да елдерімен бірге «рубль  аумағында» қала берді. 1992 жылы  айналысқа 200,500,1000 рубльдік купюралар  шықты.  Қазақстан Республикасы президентінің  жарлығымен екі күн өткен соң  айырбас мерзімі 1993 жылы 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас шегі бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.           Ресейдегі ақша реформасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берді.        1992 жылдың бірінші жарытысында  Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның «харрисон» фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1,3,5,10,20,50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесі бар.        1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының  президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан  Республикасына Ұлттық валютаны  енгізу туралы» Жарғыға қол   қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қаршада  сағат 8-ден бастап ұлттық валюта теңге енгізілді.    КСРО Мембанкінің және 1992-1993 ж.ж. Ресей үлгісіндегі қазыналық  және банктік билеттерді айырбастау 20 қаршада сағат 18-де аяқталды.     Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдары және міндеттемелердің теңгеге  айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.  Қазақстан Республикасының 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль  шегінде ақша айырбастай алды. Айырбас  бір рет қана жүргізіліп, ол туралы төлқұжатқа белгі соғылды. 100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны 6 ай мерзім ішінде пайдалануға құқысыз болды. Лимидтен асқан қаражаттың шығу тегінің заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексерді. Комиссияның шешімі бойынша бұл қаражаттар мерзімінен бұрын босатылады.     15 қарашадан 18 қаршаға дейін аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алады. Сондықтан заңды тұлғалар мен сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсеттетін тұлғалардың ақшалай түсімдері күнделікті қабылданады: теңгеде – шексіз, 1961-1993 ж.ж. 1,3,5,10,20,50,100,200,500 рубльдегі ақшаларды 1993 жылы шілдедегі ақшалай түсімдердің орташа шамасынан аспайтын соммада, 1,3 коэффициентке түзілетін шамада қабылдады.     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі  теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар=4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.          Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200,500,1000 және 2000 купюрадағы  ақшалар  айналысқа шығарылады.1995 жылы ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығыпқалды, олардың орнына мыс-никельден жасалған 1,3,5,10,20 теңгедегі монеталар шығарыла бастады. Сонымен қатар Абай құнанбайұлының жүз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталары шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1,2,5 және 10 мың теңгелік алтын монеталр кірді. 1995 жылдың аяғында «Жібек жолы» жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жиынтық 816 доллар трды.Сонымен Қазақстан Теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады.және біршама тұрақты валюталар қатарына кіреді.

III. Қорытынды

Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы  басталып, оның Қазақстанға да өзіндік  ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Ақша құнсыздана бастады. Ақшаның қатты құнсыздануына байланысты оның нәтижесі: шаруашылық қатынастарының натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылыуы болып табылады.

1922-1924 жылдары ақша реформасында  көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын  арттырды. Бұл  реформа өз кезегінде  бірнеше рет төлем қабілетті  бар сұраныс пен тұтыныс салдарында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.

КСРО ыдырағаннан соң ақшаны дезинтеграциялау процесі өте күрделі жүргізіліп, және бұрыңғы кеңес мемлекеттерінің меншікті ұлттық валюталарын енгізілуімен аяқталды.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев «Қазақстан Республикасына  Ұлттық валютаны енгізу туралы»  Жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қаршада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта теңге енгізілді.

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер  тізімі:

  1. Блеутаева К.Б. Ақша  және  банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.61-65 б.
  2. Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003. 212 б.
  3. Сейтқасымов Ғ.С.  Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005. 64-69 б.
  4. Байназаров Ғ. Теңге  маған  тарихи  жауапкершілікті  тарту  етті.// Егемен  Қазақстан. 14 қараша 2003.  2-3 б
  5. Мәжитов Д.М.  Басты мақсат – тұрақтылықты  ұстау. // Жетісу. 13 қараша 2001.  3 б.
  6. Тобаяқов Б.  Тәуелсіздік  рәмізі  немесе  теңгеден  деңгеге  дейін. // Егемен  Қазақста. 14 қараша. 2004. 3-4 б.
  7. Әубәкіров  Я., Нәрібаев К., Есқалиев М., Жатқанбаев Е., Байжумаев Е., Досқалиев С.  Экономикалық  теория  негіздері. Оқулық. Алматы «Санат», 1998.  479 б.
  8. ҚР Президентінің  ұлттық  валютаның 10 жылдығына  байланысты  сұхбаты. Теңге-ел тұрақтылығымен   тәуелсіздігінің  белгісі. // Егемен  Қазақстан. 18 қараша 2003. 1-2 б.
  9. Донских А.  Теңгенің  жаңа  дизайны: сіз  не  туралы  сұрап үлгермедіңіз?  // Егемен Қазақстан 30  қыркүйек  2006. 7 б.
  10. Нысанбаев Ә.  Тәуелсіз  елдің  ұлттық  валютасы. // Егемен Қазақстан  13 қараша 2003. 3 б. Тұрапбайұлы А.  Теңгенің тегеуріні.  // Егемен Қазақстан  15 қараша  2005. 2-3 б.
  11. Кәпқызы  Е.  Теңге  мүшелге  толды.  // Түркістан. 16 қараша 2006. 1 б.
  12. Кәпқызы Е.  Теңге  және  ұлттық  рух.  // Түркістан. 25  қазан 2006. 3 б.
  13. Сәйденов Ә.  ҚР-ң ұлттық  банкі  хабарлайды, түсіндіреді, түсініктеме береді.  // Егемен Қазақстан. 15 қараша 2005.  6 б.
  14. ҚР-сы  Ұлттық  Банкінің  ресми хабары. «Көшпенділер  алтыны» монеталар  сериясынан  күміс  монетаны  айналысқа  шығару  турасы.  //  Егемен Қазақстан.  15 қараша 2005 жыл.  2 б.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстандағы ақша реформасы