Қазақстан Республикасында жер ресурстарын тиімді пайдалану проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2015 в 17:55, реферат

Краткое описание

Жер шарының түгелдей дерлік аймақтарында көрініс тапқан осы зардаптар адамдар тарапынан олардың қоршаған ортаны сақтауға тікелей тәуелді екндігін түсінуіне , табиғат қорғау проблемасына жауапкершілік көзқарастың қалыптасуына алып келді. Көптеген жүзжылдықтар бойы адамзат өзінің тіршілігін өндірістің қарқынды дамуымен байланыстырып, алынған өнімнің басым бөлігін өндірісті одан әрі дамытуға жұмсады. Бұдан қорытындылайтынымыз табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және оларды сақтау, қалпына келтіру тірі табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерінен алшақтағандығында. Адам – табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы

Содержание

Кіріспе
Жер ресурстарын пайдаланудың теориялық негізі
Негізгі бөлім:
Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарының дамуы тарихы.

Қорытынды
ҚР Мемлекет Басшысының жер қатынастарын дамытудағы алға қойған мақсаты

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат.docx

— 39.51 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны:

Кіріспе

  1. Жер ресурстарын пайдаланудың теориялық негізі

Негізгі бөлім:

  1. Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарының дамуы тарихы.

 

Қорытынды

  1. ҚР Мемлекет Басшысының жер қатынастарын дамытудағы алға қойған мақсаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында жер ресурстарын тиімді пайдалану проблемалары

Жер  шарының   түгелдей  дерлік  аймақтарында   көрініс  тапқан   осы  зардаптар  адамдар  тарапынан  олардың  қоршаған ортаны  сақтауға  тікелей  тәуелді  екндігін   түсінуіне , табиғат   қорғау  проблемасына  жауапкершілік  көзқарастың  қалыптасуына   алып  келді. Көптеген   жүзжылдықтар   бойы  адамзат  өзінің  тіршілігін   өндірістің  қарқынды  дамуымен   байланыстырып, алынған   өнімнің  басым   бөлігін  өндірісті  одан әрі    дамытуға  жұмсады. Бұдан   қорытындылайтынымыз  табиғат  ресурстарын   тиімді  пайдалану  және  оларды  сақтау, қалпына  келтіру  тірі  табиғатты, адамды,  қоршаған  ортаны   қорғау  мәселелерінен  алшақтағандығында. Адам – табиғаттың    бір   бөлшегі   әрі   ғажайып  туындысы. Адам  табиғатқа  тәуелді. Сондықтан    өзінің  өмір  сүріп, өсіп-өнетін, іс-қимыл   жасайтын, аяулы   армандарын   жүзеге   асыратын    ортасы,  күнкөріс   көзі    болып    табылатын   табиғатқа   адамның   қалай   болса   солай   емес,аялай   есіркей   қарауы – оның   перзенттік  міндеті.      Табиғаттың   тілін  тауып, сырын  тану   арқылы   оны  жасартып, жаңғыртуға   ғылыми  практикалық    үлес   қосқан   көрнекті   табиғат    зерттеуші   ғалым    И.В Мичуриннің  өзіі   большевиктік   желікке  бой   алдырып,  ашқан    жаңалықтарынана   жалған   қорытынды    шығарды: «  Біз   табиғаттан   рақымшылық   күтіп   отыра   алмаймыз, оның   бермегенін    күшпен   тартып   аламыз » , — деп, аракідік   айтылып   қап  жүрген   пікірді   одан  сайын   асқындырып   жіберді. Ф.Н.Реймерс   бойынша   «жүйелі   түрде   пайдаланатын   немесе   белгілі   бір   шаруашылық   мақсатта  пайдалануға  болатын    жерді  жер   ресурстары   деп   түсінеді. Жер   ресурстарды   төмендегідей  мағынада   түсінуге   болады: а) егістік  жер  ресурстары; б) ауылдық  жарамды  барлық  жерлерді; в) аумақтық  ( территориялық )  ресурстар. Әдетте, бұл   термин  а)  және  б) мағынада  түсінеді» ( Реймерс, 1990,453 бет.)     Белгілі   бір   жағдайды  сақтап   үздіксіз  пайдаланған   жағдайда   жер   ресурстары   қалпына   келетін   ресурс  деп   есептейді. Егістік  мақсатпен  пайдаланғанда   жер  ресурстары   өңдеу   құралы   болып  табылады. Мұндай  жағдайда   табиғаттан   жер   ресурстары   емес, оның   көмегімен   пайда  болған   өсімдік   өнімдері   алынады. Жер   ресурстарын   пайдалануда   барлық    табиғи   компоненттердің   өзара   байланысқан  ықпалы    айқын    байқалады – жанама   болып     ландшафттың   негізгі   компоненттердің   әрекеттестігін    интегралды   сәулелендіретін   топырақ  арқылы   және   тікелей, себебі   жер    бедері   климаттың, сулардың, өсімдіктердің    және   жануарлардың   сипаты   ауыл шаруашылық  әрекеттің   нәтижесіне   тіке   ықпалы  бар. Сондықтан   топырақты   немесе   әдебиетте   жиі   айтылатын  « топырақ–климаттық    ресурстары»  ауыл    шаруашылық  деп    қарастыру   бірнеше   авторлар дұрыс  емес  деп   есептейді.             А.А. Минц  бойынша  ауыл   шарауашылық  ресурстар   деп   табиғи   кешендерді   түсінеміз, ( ландшафт, мекеннің   типтері т.с.с.). Яғни, ауыл шаруашылық    ресурстардың  бас    қасиеттері   табиғи   территориалдық  кешеннің  қалыптасу  заңдылықтарымен  анықталады. Осыған   байланысты   жерді   шаруашылықта   пайдаланудың   географиялық   айыпмашылықтар   пайда  болады. Құнарлық  немесе  биологиялық    өнімділік   ауыл шаруашылықта   пайдаланатын   жердің   негізгі  қасиеті  болғандықтан   табиғи  шарттанған    өнімділік     деңгейіндегі   географиялық   айырмашылықтарды   анықтау  негізгі   орын   алады.    Жердің   бас   қасиеті, оны   пайдаланудағы    әмбебаптылығында. Себебі   адамның   іс–әрекетінің  барлық   түрлері   жер    пайдаланумен    байланысты, жер  еңбектің   предметі   және  еңбектің   жалпы  құралы, яғни   кез–келген  материалдық     өндірістің   қажетті   шарты. Пайдаланудың   белгілі   бір    түрлері   арасында, жер  бөлістірудің   әлеуметтік, экономикалық   факторлармен   анықталатын    стихиялық   немесе   жоспарлы  механизм    қалыптасуының   алғышарттары   болып    территорияның  шектелуімен    ауыспашылығы, оны   пайдаланудың    көптеген   түрлерінің   бір–бірін  жоққа   шығаратындық   сипаты   болып    табылады.     

Әдетте   пайдаланатын  ауыл шаруашылық  дақылдардың   түрлері   ондай   көп  емес, себебі  дақылдардың   түрлері    әрбір   ауданда   экономикалық    және  басқа   да  себептер   бойынша   ауыл шаруашылық  бағытымен    таңдалады, бірақ   уақыт    бойы  қатты   өзгеруі   мүмкін. Таралу    аймақ    шегінде    дақылдардың   өнімділігіндегі   үлкен   географиялық    айырмашылықтар, осындай   таңдауға   әсер    ететіні   негізгі   факторлардың  бірі. Дақылдардың   әртүрлі   экологиялық    талаптарының    себебінен   әрбір    дақылдың    өнімділігінің   айырмашылық   сипаты   ерекше   болады. Жердің   әрбір    түрінің   өнімділігінің   айырмашылығына, онда   егілетін   жеке   бір   дақыл   егудің    экологиялық    тімділігі,   сонымен   бірге  жалпы   ауыл шаруашылық    өндірістің   тиімділігі   тәуелді.       Қазақстан     аса  зор    жер   қорына  ие.  Егістікке    жарамды   жердің   жалпы  ауданы   2001 жылдың    1 қаңтарында     30,2  млн. га   болды. Жайылымдық   және   шабындық    жерлер    190  млн. гп. Республикамыздағы  жайылымдық   жерлердің  негізгі  бөлігі   шөл   және   шөлейт   зоналарында   жатыр.      Ландшафтардың  шөлге  айналуы. Шөлді  экожүйелердің  жоғарғы  температурада  дамуы қазіргі  уақыттың  глобальды  проблемасы. Шөлге  айналу  себептері: табиғи  және  антропогендік . Қазақстанда  шөлдер мен  шөлейттердің биологиялық  өнімділігінің  кему  себептері антропогендік  әрекет: жайылымдар  дигродациясы,топырақтың  тұздануы , техногенез  болып  табылады. Қазақстан  территориясының  60%  жуығы  шөлге  айналу  процестерін  өткеруде.          Топырақ  жер  ресурстарының  дегредациясы.Топырақ  жер  ресурстарын  қорғау  проблемасы  Жердің  көптеген  региондары  үшін  актуалды  болып  табылады. Қазақстанда  Солтүстік  Қазақстан   далалық  зоналарының  топырақ  эрозиясы  мен  дегулификациясы (өнімділіктің  кемуі) неғұрлым  үлкен  қауіп  төндіруде.

Еліміз егемендік алып, күллі әлем өркендеп келе жатқан жолға түсу барысында экономика салаларының барлығында жаппай реформа басталды. Сол реформалардың ішіндегі ең бір маңыздысы әрі күрделісі жер қатынастары саласындағы реформа еді. 
Жер дегеніміз бар байлықтың басы, бүкіл тіршіліктің көзі ғой. Бұл мәселеге келгенде жүрек сезімі оянбайтын адам жоқ. Сондықтан, бұл мәселедегі өзгерістерді азаматтардың бәрі бірден дұрыс қабылдай алмайтындығы, оны жақтаушылардың да, даттаушылардың да болатындығы анық еді және солай болып шықты да.  Шешімдер үлкен қиындықтармен қабылданды. Соның ең үлкені жаңа Жер кодексінің қабылдануы болды. 
Қазақстанда ауылшаруашылық жер телімдеріне неліктен жеке меншік институты енгізілді? Жер телімдерінің өзін жеке меншікке бермей-ақ, сол жер телімдерін пайдалануға берілетін құқықты сатуға шығарумен ғана шектеп қалуға болмас па еді? Қазіргі күні осы сұрақтарға берілетін басты жауаптарды жүйелейтін болсақ, бұл жерде ең басты мәселе ауыл шаруашылығы жерлеріне қаржы және технологиялық инвестициялардың келуіне жол ашу болғандығы анық. Оның үстіне жермен жұмыс істейтін ауылшаруашылық құрылымдарының жерге деген құқықтық қатынасы мен оларды ұйымдастыру жүйесін нақты белгілей отырып жер күтімі, топырақ құнарлылығын сақтау мен жерді ақылы пайдаланудың негізін қалыптастыру, ауылшаруашылық жерлерінің құндылығын арттыру мәселелері шешімін табуы да қажет болды. 
Өкінішке қарай, ауыл шаруашылығында жаппай жекешелендіру басталғанда мал, техника, өндіріс құралдарының барлығы халыққа бөлініп берілгенде, жер мәселесі шешілмей қалған болатын. Осы мүлік бөлу мен жер реформасы қатар жүрген жағдайда бұрынғы ұжымдар негізінде кооперативтер тез қалыптасып кетуі де әбден мүмкін еді. Қоғамды толғандыратын осындай мәселелер жүйелі түрде сатылап шешімін тауып отырмаса, жер ресурстарына бай Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы дамудың заманауи деңгейіне дейін көтеріле алмайтындығын ең алдымен Елбасымыздың өзі көре білді. 
Мәселенің ауыр салмағын көптеген адамдар еліміздің ауыл шаруашылығындағы жағдай әбден жақсарып, өзгерген тұста ғана барып нақты мысалдар арқылы пайымдай алатын болды. Ал қазір өмірдің кез келген саласында жүргізіліп жатқан реформалардың барысы жалпы халықтың дайындығы мен сана өзгерісіне қарағанда, әлдеқайда алға кетіп отырғандықтан және қазіргі уақыт ағымы ел басшылығынан қоғамдық санаға қатысты өзгерістерді күтпей-ақ жеделірек қимылдауды талап етіп отырғандықтан кейбір мәселелерде түсінбестіктердің болып қалып жатқандығы да анық. Солардың алдыңғы қатарындағы еліміздегі жер реформасы Елбасының барынша төзімділікпен, екіншіден, қатаң бақылауда ұстай отырып, батыл жүзеге асырып келе жатқан шаруаларының бірі. Сондықтан бұл мәселенің әрі реформалық, әрі эволюциялық сипаттары тең түсіп келе жатқандығын байқаймыз. 
Елімізде жер реформасын жүргізудің күрделі болатын сыры неде және оның қандай тарихи маңызы бар? 
Елбасы жер ресурстарының қоғам дамуындағы айрықша рөліне тоқтала келе «Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады» деп тұжырымдаған болатын. Бүкіл адамзат қауымының арғы-бергі тарихына көз салсақ, жер мәселесінің ерекше мәнге ие болатындығын байқаймыз. Жер – адамзаттың басты тіршілік көзі, бүкіл материалдық өндірістің базистік негізі, мемлекетті құрып, дамытудың аса маңызды геосаяси факторы. Оның осындай маңызын түсіне және пайдалана білген, ресурстық мүмкіндіктерін дұрыс бағалаған және қоғамда жердің маңызы туралы нақты көзқарас қалыптастыра білген елдер ғана жақсы жағдайларға жеткен. Еуропадағы өркениетті үдерістердің тарихи қалыптасуын осының мысалы ретінде қарастыруға болады. Мұнда жер ресурстарының географиялық орналасу жайы, оның табиғи әлеуеті, ауа райының тұрмыс-тіршілікке қолайлылығы дамыған қоғам құруға орасан зор ықпал етті. 
Сонымен жер ресурстары дегеніміз, адамзат тіршілігінің дамуына тірек болар негізгі факторлардың бірі. Ол өткен ғасырға дейін таусылмайтын ұшан-теңіз байлық көзі ретінде қарастырылып келген еді. Алайда соңғы елу жылдың ішінде адамзат қауымында жүріп жатқан жаңалықтар жерге деген бұрынғы көзқарастарға өзгерістер енгізді. Жер ресурстарының шектеулі екендігі мәлім болды. Осының ықпалында жердің өндірістік фактор ретіндегі маңызы барынша арта түсті. Жер бетін жайлаған адам санының жедел өсуіне байланысты қалалар мен қала шаруашылықтары күрт дамып, егістіктер мен мал жайылымдықтары тарылды. Құнарлы деген жерлердің біразы ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылып, басқа салалардың игілігіне берілді. 
Оның үстіне өндірістік және экологиялық проблемалар (табиғи, климат өзгерістері) жылдан-жылға асқына түсті. Бүкіл әлем бойынша алғанда адамдардың жермен қамтылу көрсеткіші уақыт өткен сайын төмендеу үстінде. Бұдан 10-15 жыл бұрын әлем бойынша егістік жер 1 адамға 0,45-0,5 гектардан айналса, қазіргі уақытта осы көрсеткіш бар болғаны 0,25 гектарды ғана құрайды. Осыдан барып жердің материалдық игілік көзі ретіндегі бағасы да артқан үстіне артуда. 
Сонымен адамзат қауымы дамыған сайын оның тіршілігінің негізгі көзі – жердің маңыздылығы да арта беретіндігінің куәсіміз. Сондықтан әлемнің дамыған көптеген елдері жер ресурстарын пайдалану мен игеруді реттеу және бақылау мәселелерінде мемлекеттің рөлін күшейте түсіп отыр. Көптеген елдерде жер жеке және мемлекеттік меншіктің қолында. Жердің жеке меншігінде адамдардың оны қалай пайдаланам десе де еркі бар. Бірақ мемлекет жер телімдерінің қандай меншік түріне жататындығына қарамастан, олардың жалпыхалықтық маңызын, ұлттың негізгі стратегиялық ресурсы екендігін ескере отырып, жер телімінің тиімділікпен пайдаланылуын және жер туралы заңдылықтардың дұрыс сақталуын қадағалау жөніндегі өз рөлін бір сәт те босаңсытпай, қайта күшейте түсуде. 
Біздегі көптеген адамдардың бойында қазір жеке меншік нарықтың жаны деген ұғым пайда болды. Бұл да дұрыс шығар. Бірақ, мұның өзі медальдің бір ғана жағы. Өйткені, егер біз осы бір қағидамен ғана шектеліп, қалыптасқан мемлекеттік қызмет құрылымдарының барлығын тоз-тозын шығарып, барлық билікті жеке меншікке үлестіріп беріп, енді қалған мәселенің бәрін нарықтың өзі реттейді десек, нағыз анархияға тап болар едік. Қазіргі дамыған капиталистік мемлекеттерде болып жатқан терең дағдарыстар соның дәлелі. Біз бұл жерде нарық либерализмінің ақыры қаржы алаяқтығына дейін ұласқандығын көріп отырмыз. Ал жедел даму жолындағы шығыстық мемлекеттер басшыларының қай-қайсысы болмасын экономиканы дамытудағы мемлекеттік саясаттың маңызын жеке меншіктің рөлінен кем санамаған. Мемлекеттік рөл қазіргі жағдайда даусыз жоғары деңгейде. Бұл екеуі медальдің екі жағы секілді. Екеуі қосылып, заңмен белгіленген шеңберде өзара үйлесімді әрекет жасаған жерде ғана дамудың тұрақтылығы мен жүйелілігі пайда болады. Оның үстіне жер мәселесіне қатысты қазіргі өзгерістер бұл мәселенің жекелеген мемлекеттердің ауқымынан шығып, жаһандық проблемаға айналғандығын көрсетіп отыр. Біз өзіміздің стратегиялық мақсаттарымызды жүзеге асырғанда дүние дидарында жүріп жатқан осындай өзгерістерді мықтап сараптап отыруға тиістіміз. Жер ресурстарының молдығы басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанның ең үлкен басымдығы. Демек, бұл артықшылығымызды қадірлеуіміз керек. 
Жердің сан түрлі қасиеті бар. Ол қасиеттер осы уақытқа дейін қоғамның даму жағдайына байланысты ашылып келеді. Мәселен, біздің қазақ халқы ертерек уақыттары өзінің тарихи қалыптасқан көшпенді тұрмыс салтына сәйкес жерді мал жайылымы ретінде көбірек пайдаланып келсе, соңғы кездері егіншілік саласында да жақсы табыстарға жетіп отыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның әлемдегі ірі көлемде астық экспорттайтын елдердің қатарына қосылғандығын айтуға болады. Былтыр 29 миллион тоннадан астам астық бастырып, рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Мақта шаруашылығында да соңғы бес жылда болмаған мол өнім алынды. Әрине, осылардың барлығы бізде жүргізілген реформалардың, соның ішінде жер реформасының дұрыс бағытта екендігін білдірсе керек. 
Еліміздің егістік жерінің келешек мүмкіндігі жоғары екендігін мына мысалдан көруге болады. Әлемнің әртүрлі елдерінде халықтың егістік алқаптармен қамтамасыз етілу көрсеткіші мынандай: Канадада 1 тұрғынға – 1,48 гектар, АҚШ-та – 0,63 гектар, Қытайда – 0,08 гектар, Жапонияда – 0,03 гектар жерден келсе, біздің Қазақстанда 1 тұрғынға 1,51 гектар жерден айналады. 
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану көрсеткіші табиғи-климаттық жағдайлармен және шаруашылықтардың қолданатын технологияларының даму деңгейімен, әлемдегі жер ресурстарын пайдалану жетістіктерімен анықталады. Қазақстан жерінің тағы бір басты қасиеті минералды шикізат көзі ретіндегі қазба байлық түрінде ашылып отыр. Қазба байлық – ел тәуелсіздігінің 20 жылдығында қол жеткізген экономикалық жетістіктеріміздің негізгі көзі (мұнай, газ, металл, көмір, т.б). Сондай-ақ, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері республиканың табиғи көрікті өңірлеріне де назар аударылып, туристік инфрақұрылымдарды дамыту арқылы да табысқа жету жайы ойластырылуда. Қазіргідей әлем халықтарының аралас-құраластығы артып отырған тұста жердің транзиттік мүмкіндіктерінің болуының өзі үлкен байлық көзі деп есептеледі. Қазақстан Еуразия кеңістігінің кіндік тұсында қоныс тепкендіктен Еуропа мен қайнап өсіп келе жатқан Қытайды, Оңтүстік-Шығыс Азияны құрлық арқылы байланыстыратын көлік дәлізі ретінде де қызмет ете алады. Сонда бұл істен де үлкен экономикалық пайдаға кенелуге болады. 
Осы айтылған жайттар кең-байтақ жеріміздің қасиеті уақыт өткен сайын әр қырынан ашыла түскендігін көрсетеді. 
Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін есте ұстауымыз қажет. Жер – өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне, ол – өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер – табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды. Одан қуат алады. 
Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді сақтау, қорғау мәселелері көбінесе, Жер кодексі мен табиғат қорғау заңдарына бағындырылса, адамдардың үй салу үшін жер телімін алуы, оны пайдалануы Жер және Азаматтық кодекстермен, басқа да заң аясындағы актілердің қатысуымен реттеліп отырады. Ал жерді өндірістік тұрғыдан, қазына байлығы ретінде игеру, оның күтіміне мән беру, басқа да ерекшеліктерін көбіне Жер кодексі мен экономикалық саланың заңдары реттейді. 
Сонымен, ата-бабаларымыздан мұраға қалған біздің туған жеріміз – біздің тұрмыс-тіршілігіміздің негізгі қайнар көзі, сан-түрлі экономикалық іс-әрекеттердің тоқайласар тұсы, тәуелсіз мемлекет құруымыздың басты негіздерінің бірі. Қазақстан халқының болашағы көп жағдайда осы жердің ресурстық мүмкіндіктерін қаншалықты шеберлікпен пайдалана білгендігіне байланысты шешілетіндігі уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Сондықтан жер байлығын дұрыс игеру, одан пайда болған материалдық игіліктерді Қазақстан халқының әл-ауқатының артуы, мәдени, саяси жетілуі, бәсекеге қабілетті елге айналуы жолында дұрыстап іске жарату мемлекеттік саясаттың аса маңызды мәселесі болып отыр. Осы саясатты жүзеге асырамын деп Елбасымыз да бір сәт тыным көрмей келеді. Бүкіл дүниені шарлап, тіршілігі алға басқан елдерден әріптестер тауып, тиімді қарым-қатынастар орнатуда. Уақыт өте келе халық бұл саясаттың мәнін айқын түсінуде және оның алғашқы жемістерінің дәмін сезініп те үлгерді. 
Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін жер қатынастарын неғұрлым тиімді шешудің жолдары қарастырылғаны белгілі. Кеңес өкіметінің кезінде жер тек мемлекеттік меншікте ғана болды. Сөйтіп, Кеңес өкіметінде жер қатынасының тек бір ғана – жер пайдалану формасы ғана мойындалды. Жер оны пайдаланушыларға тегін беріліп отырды. Салық алынбады. Жер телімінің жылжымайтын мүлік ретінде мәртебесі болмады. Жерді жалға алуға тыйым салынды. Сөйтіп, социалистік жер заңдылықтарында жерді меншіктенудің, төлемді пайдаланудың, жердің азаматтық және нарықтық айналымын дамытудың құқықтық мәселелері шешімін таппады. 
Экономикада нарықтық қатынастар жолына түскен Қазақстан осы тұста жер мәселесі жөнінде екі кеменің құйрығын бірдей ұстаған жанға ұқсап тұрды. Жер қатынастарының социалистік жүйесі нарықтық экономика жағдайында жер қатынастарын дамытудың мүмкіндіктерін жетілдіруге дәрменсіз болып шықты. Демек, бұл жүйеден бас тарту қажеттігін өмірдің өзі талап ете бастады. Ақырында жер жөнінде әлемдік тәжірибеге негізделген және еліміздің өз ерекшеліктері ескерілген жер реформасын жүргізу жолы таңдап алынды. 
Негізінде жер реформасын жүргізуге деген қажеттілік Кеңес одағының тұсында-ақ пайда болғаны белгілі. Бірақ кеңестік жүйе оның жолын таба алған жоқ. Өйткені, бір орталықтан басқарылатын жоспарлы экономика мен сол кездегі әміршілдік тәсілдер, тек мемлекеттік меншіктің ғана үстемдік құруы бұл мәселені кең тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, адамдардың жерге деген шаруагерлік ынтасы бірте-бірте төмендей берді. 
Елбасы өзінің «Қазақстан жолы» кітабының «Жер мәселесінің эволюциясы» атты тарауында «Реформаны әзірлей отырып, біз кеңестік Жер кодексі қоғамның жер қатынастары жөніндегі қажетін қанағаттандырмайды деген қорытындыға келдік. 1991 жылы маусым айында қабылданған «Жер реформасы туралы» заң жердегі әртүрлі шаруашылық формаларының тиімді қызметі үшін құқықтық және экономикалық шарттарды қалыптастыруға арналған еді. Сонымен бірге, бұл заң жеке меншік институтын енгізген жоқ. Ол тек аграрлық сектордағы дағдарысты жағдайларды еңсеру шартын ғана туғызды. Бұл заңның өтпелі кезеңдік сипаты болғандығын бәрі де түсінді», — деп мәселенің пісіп-жетілу сипатын атап көрсетті. 
Қазақстанда жер қатынастары мәселесінде бірте-біртелік, яғни эволюциялық даму жолы таңдап алынды. 
Тәуелсіздік алған жылдан бері Мемлекет басшысының елімізді дамыту жөнінде алға қойған стратегиялық мақсатына, Үкіметтің сол стратегияны жүзеге асыру жөніндегі жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы казіргі күні өзінің шешуші сәтіне аяқ басты. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығына айналдырудың маңызды мәселелерін шешкен Жер кодексі қабылданып, жүзеге асырыла бастады. Біз жаңа міндеттер жүгін арқалатып отырған бұл кезеңге қалай жеттік, осы уақытқа дейін қандай шараларды жүзеге асырдық? Енді осыған келейік. 
Бұл уақытқа дейін жер қатынастарының социалистік жүйесінен нарықтық экономиканың жағдайына бейімделген жаңа жер қатынастарына көшу жер реформасын жүргізудің бастапқы кезеңінің негізгі міндеті болып келгені белгілі. Ол үшін жерге мемлекеттік меншік монополиясын жою мен жердің кейбір санаттарына жеке меншікті енгізу, жер телімдеріне жер пайдалану және жеке меншік құқығын беру, оны заңды түрде жылжымайтын мүлік ретінде тіркеу, жерді ақылы пайдалану жүйесін қалыптастыру, жер телімдерінің кадастрлық бағасын анықтау, мемлекеттік емес ауылшаруашылық ұжымдарының түрлерін қалыптастыру, жаңадан нарықтық жағдайға бейімделген мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыру секілді шаралар қабылданып, жүзеге асырылды. Рет-реті, кезең-кезеңімен жүзеге асырылған осы шаралар бір бірімен қосыла келе, жер телімдерін нарық айналымының бірінші сатысына шығару ісін қамтамасыз етті. Нарық жолына түскен ТМД елдерінде және әлемнің дамыған және дамып келе жатқан алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде жер қатынастары осы модель негізінде жүргізіліп келе жатқандығын айта кетсек артық болмас. 
Ендігі кезекте қолға алынып отырған міндеттердің бірі жер ресурстарын инвестиция тартудың сенімді көзіне айналдыру болып отыр. Оны шешу үшін нарықтық жер айналымын қалыптастырудың, фискалды саясатты іске асырудың, жер телімдерінің ипотекалық несие мәселелерін шешудің құқықтық-нормативтік құжаттарын жетілдіруіміз керек. Осы ретте назар аударатын үлкен мәселе жер кадастры болып отыр. Себебі, жер кадастры Жер кодексінің негізгі ережелерін жүзеге асырудың, жер пайдаланушылардың құқығын қорғау мен жер ресурстарының әлеуетін тиімді пайдаланудың негізі болып табылады. Бұл іс қазіргі күні мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жасау және құру, осы жүйеге инновациялық технологияларды пайдалану арқылы іске асырылуда. Мәселен, жер телімдерін ғарыштағы спутниктер арқылы межелеу, ғарыштағы спутниктерден жердің сапасы туралы алынатын мәлімет – ақпараттарды пайдалану, географиялық ақпарат жүйесінің (ГАЖ) технологиясын пайдалануды кеңейту. Міне, осы мәселелерді шешу арқылы біз өзіміздің жер кадастрымызды әлемдік үлгіге сай қалыптастыратын боламыз. 
Жер ресурстарын, оның ішінде, ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдаланудың тағы бір жолы – оны қорғау, осы туралы заңдылықты бұзуға жол бермеу, мемлекеттік бақылауды қатаң жолға қою және жүзеге асыру. 
Біз бұл мақсатқа жер мониторингін жүргізуді жоғары деңгейге жеткізу, жердегі өзгерістерді дер кезінде анықтау, болжам жасау және кері әсері бар үдерістердің алдын алу арқылы қол жеткізе аламыз. 
Әлемнің озық елдеріндегі жақсы тәжірибелер мен нарыққа көшуімізге байланысты туындайтын қазіргі заман талаптары жер ресурстарын басқарудың әдістері мен қағидаттарын және олардың ғылыми-әдістемелік негіздерін қайта қарастыруды қажет етеді. Басқарудың осындай элементтерінің қатарына ГИС-технологиялар негізінде жаңа жер кадастрын жүргізу, жерді төлемді пайдалануға көшу, жердің нарықтық айналымын қалыптастыру, жер және жерге орналастыру мониторингін жүргізу технологиясы жатады. Бұл мәселелер қазір қолға алынып, іске асырылуда. 
Жер ресурстарын жаңа жағдайда басқару ісі өңірлік бағдарлама қабылдау, жерге орналастырудың ішкі шаруашылық жобаларын ландшафтық-экологиялық негізде жасау, ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тартудың негізгі көзіне айналдыру арқылы іске асырылады. 
Ғылыми бағдарламаның негізін құрайтын жоғарыдағы әрбір үлкен мәселе зерттеулер жүргізе отырып, олардың нәтижесін жер пайдалану ісінде қолданып көруді қажет ететін дербес тақырып болып табылады. Олардың әрбірінің, атап айтатын болсақ, мемлекеттік жер кадастрының, жер мониторингінің, жерге орналастыру және жерді төлемді пайдалану жөніндегі әдістемелер мен нормативтердің еліміздің экономикалық жағдайының жақсаруына тигізетін ықпалы елеулі. Бұл шаралардың қай-қайсысы болмасын өздерінің инновациялық сипатына сәйкес еліміздің 2012-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын, сондай-ақ өңірлік даму бағдарламаларын жүзеге асыруға тікелей әсер етуге тиісті. 
Сөйтіп, біз Елбасының басшылығымен жер жөніндегі қатынастарды кезең-кезеңімен дамыту қағидатын сақтай отырып, жерге жеке меншік институтының қалыптасуына дейін жеттік. Мұның өзі қазір еліміздегі халықты жұмыспен қамтамасыз етуші негізгі салалардың бірі ауыл шаруашылығына кәсіпкерлік қызығушылықты оятуға түрткі болып, жеке инвестициялардың келуіне жол ашып берді. 
«…Жер кодексінің қабылдануы жер қатынастары реформасының аяқталғандығын білдірмейді. Өйткені, эволюциялық үдеріс дегеніміз шексіз. Демек, біз болашақты бірігіп ойлауымыз керек», деп атап көрсетті Елбасы. 
Бұдан туатын қорытынды Қазақстанда жер қатынастарын жетілдіріп, дамытудың негізгі жолдары белгіленді. Елімізде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік бағыт сараланды. Ендігі мәселе, Елбасының жоғарыда айтылған қағидалық сөздеріне және қазіргі қалыптасқан мемлекеттік идеологияға сүйене отырып ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеріміздің игерілуіне бизнес қауымдастығы, халық болып үлес қосу. Жерді игеру, күтіп ұстау, ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне бизнес неғұрлым сергек қараса, жер қадірі де арта түскен болар еді. Міне, осыны мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, ғалымдар, шаруалар болып бірлесіп ойластырып, жер мәселесіндегі заңдылықтарды талапқа сай жетілдіріп, жаңа технологиялардың, білікті, іскер кадрлардың келуіне жол ашуымыз керек. 
Екіншіден, мемлекет адамдардың жермен жұмыс істеуіне еркіндік бере отырып, осы бағыттағы заңдылықтардың дұрыс орындалуын қатаң қадағалап отыруы қажет. Сонда ғана халықтың жерге қатысты мемлекеттік саясат туралы түсінігі дұрыс қалыптасатын болады. 
Өкінішке қарай, қазіргі күні қоғамымызда жер қатынастары мәселесінде әр алуан пікірлердің айтылып қалатындығы жасырын емес. Бір есептен мұндай мәселелердің көтерілуі орынды да. Енді осындай жайттарға көз жіберіп байқасақ, көп мәселе заңдардың дұрыс және дер кезінде орындала бермейтіндігіне келіп тірелетіндігін немесе адамдардың жеке өз кемшіліктеріне байланысты болып келетіндігін байқаймыз. Мәселен, көптеген адамдар жердің қадірі мен маңызын кезінде дұрыс бағалай білмеді. Өз бетінше шаруашылық құрып, жермен жұмыс істеуді қалыптастырып ұйымдастыра алмады. Айталық, кезінде мемлекет ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететіндерге кеңшар, ұжымшарлардың таратылуына байланысты босап қалған алыс қыстаулардағы жайылымдық жерлерден тиісті үлес бергенімен мұның маңызына ешкім мән беріп жатпады. Ол жерлерге сол өңірлерде бұрыннан мекендеп келе жатқан шопан отбасылары болмаса, көп адамдар қызыға қойған жоқ. Ал енді қазір мал санының көбеюіне байланысты бұрынғы қыстаулар мен жайлаулардың да қадірі арта бастады. Мұндай жерлер мал өсірем деушілер үшін бірте-бірте құт-береке көзіне айналып келеді. Сөйтіп, кезінде жер қадірін дұрыс бағалай алмағандардың біразы сан соғып қалды. 
Ал енді осыған мемлекетті кінәлауға бола ма? Осы жағдайға жергілікті шенеуніктердің жер заңдылықтарын бұра тартатындығы немесе оны өздері де дұрыс түсінбей әрекет ететіндігі келіп қосылады. Міне, осыдан барып қоғамда жер қатынастары мәселесінде түсінбестік жағдайлардың бар екендігі байқалып қалады. Шындығында, мұны жер жөніндегі саясаттың, идеологияның кемшілігі деп айту дұрыс емес. Ол белгіленген саясатты орындау, жүзеге асыру барысындағы немесе қоғамда қалыптасып қалған бұрынғы теріс көзқарасқа байланысты кемшіліктер. Осы ақиқатты түсініп, ұққанша да әлі біраз жылдар қажет болар. 
Сонымен, бүгінгі күні мемлекеттің жерге қатысты жүргізетін саясаты толық айқындалып, олар заң негізінде бекіді. Ендігі мәселе, осы заңдылықтардың қалай сақталып, орындалатындығына байланысты. Мұның өзі Жер ресурстарын басқару агенттігімен қатар ендігі салмақ жүгі ауып отырған жергілікті әкімдіктерге орасан зор міндеттер жүктейді және олардың аталған мәселеде білікті болуын талап етеді. Ол үшін, әрине, жер иеленушілер мен пайдаланушыларға нарық еркіндіктерін бере отырып, мемлекет тарапынан болатын тиісті бақылау шараларын бір сәт те босаңсытпау қажет. 
Қазіргі күні жер қатынастарын қалыптастыру мен еліміздің жер ресурстарын басқару саласында мемлекеттік саясатты дұрыс жүргізу – қоғамның бірігуі мен елдің ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудің бір кілті екеніне көзіміз жетіп отыр. 
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев та аз жылдың ішінде Қазақстанды әлемге танытып қана қоймай, оны халықаралық маңызы зор еуропалық ұйымның төріне шығарды. Президентіміздің қызметі мен халықаралық беделі халқымызды жедел дамуға бастап отыр. 
Сөйтіп, осыдан 20 жыл бұрынғымен салыстырғанда, Қазақстан қазір көп өзгерді. Себебі, біз еліміз бен жеріміздің ішкі мүмкіндіктерін ашып бере алатындай көптеген жаңа заңдар қабылдадық. Қазір соның негізінде Елбасының сара саясатымен алға басып келеміз. «Біз өз жеріміз бен табиғатымызды ата-бабадан мұраға қабылдағанымыз жоқ, біз оны болашақ ұрпақтан қарызға алып отырмыз», деді Елбасы халықтың маңызы ескірмес даналық сөздеріне сүйене отырып. Демек, елімізде қазіргі күні жүріп жатқан жер қатынастары саласындағы реформа – бұл тек бүгінгі күннің ғана мәселесі емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ қамы. Бұл жер саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидасы. Міне, осыны ескере отырып жұмыс істеу еліміздің кез келген азаматының абзал борышы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. http://www.inform.kz
  2. http://akmo.gov.kz
  3. М.А.Гендельман, Ж.К. Крыкбаев Научные основы землеустройство
  4. ҚР Жер туралы заңы 1991ж.

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасында жер ресурстарын тиімді пайдалану проблемалары