Австралия материгінің зерттелу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 07:49, курсовая работа

Краткое описание

Австралия дүниежүзінде көлемі жағынан ең кіші және ең соңғы болып ашылған материк. Австралия материгінің зерттелу тарихы қаншама мыңжылдықтырды қамтыса да, ол өзінің кезеңдерінде қиындықтар мен шымамдылықтарды талап еткен болатын. Өзінің әркелкі даму сатыларында тарихқа белгілі ұлы саяхатшылар, ұлы теңіз жүзушілер, ұлы зерттеушілер мен ұлы ғалымдардың есімімен ашылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстық жұмыс Тусупова СК.doc

— 114.00 Кб (Скачать документ)

 

IV. Авсралияның әкесі

 

1810 жылы Лаклан Маккуори губернатор  атағын алып, колонияда өз режимін  орнатуға мүмкіндік алған. Көптеген адамдардың айтуы бойынша , ол деспотты болған « жауыз патша » , себебі бай мен кедей,  бос және қамауда отырған адамдар арасындағы айырмашылықты көрсетіп, тыныштық орнатушы адам болған. Сонымен қоса бұл саясат тұтқында отырған адамдардың босап шығуына мүмкіндік берген. Олар бостандыққа шығып, кішігірім фермер болуға мүмкіндіктері туған. Австралияның әкесі деп аталатын кең пейілді адам қоғамдық орталық құрып, банктің негізін салып , континентте қой өсіру , оның дамуы үшін көптеген күш және ақша жұмсаған болатын. Ол ромдық монополияны жою үшін ақша айналымын жіберген болатын. Ол колониялардың кеңеюіне көп қаржы жұмсаған. 1813 жылы ол Көк таудан өтіп  мал бағуға ыңғайлы пастбищалар тауып алған.  Сиддей қаласында әлгідейін Маккуориге арналған ресми ғимараттар сақталып қалған. Маккуориге арналған таудан ойылып жасалған кресло, корольдік ботаникалық бау – бақшасының соныңда орналасып – туристердің ең көп қызығушылық арттыратын орнына айналаған.

 

 

V. Континенттің зерттелуі

 

Сол кездері ағылшындар батыс жағалауынан жаңа колониялар іздеген француздардың басып кіруінен қорыққан. Сол себепті ағылшындар зерттеу экспедициялар көлемін арттырып, жаңа түзету калонияларын аша бастаған.

1798 жылы Джордж Басе  Ван Димен  жеріне жүзіп  келіп , жағалаудың картасын жасаған  болатын. Бес жылдан кейін бұл  жерде жаңа колония пайда болған. 1796 жылы Местью Флиндерс шығыс  жағалауының көп бөлігін зерттеген.  Бірақ , 1813 жылға дейінжіңішке  жағалаулық сызықтан басқа, континент туралы еш нәрсе білуге мүмкіндік тумаған. Колония батысында Көк таулармен , шығысында Тынық мұхитымен шектесіп орналасқан.1813 жылы  Грегори Блэксленд, Уэльям Лоусон және Вентворт Көк тауларды кесіп өтіп, каньонандармен кесілген биіктігі тік емес тауларды кесіп өтеді. Бір жағынан шексіз жазықтық, керемет шөптермен жамылған, сваттерларға ыңғайлы, қолайлы жер болған. Бұл экспедиция елдің ішкі бөлігін зерттеуге негізгі түрткі болған.1824 жылы Хьюм және Ховелл оңтүстік – батыс бөлігіне жіберіледі. Сонда олар ең алдымен Маррамбиджи өзенің ашып, кейін Австралияның ең ірі –Муррей өзенін ашады. Кейін олар территорияны өтіп, Виктория штаты деп атап кеткен.

Барлық өзендердің батысқа бағыттануымен, ішкі аудандардың кебінуінен сасқалақтаған  губернатор Ральф Дарлинг 1828 жылы Чарльз Стертті өзендер сағасын іздеуге жібереді. Стерт өзен бойымен жылжып, кейін оны Дарлинг деп атап қояды.Бірақ өзендердің солтүстікке қарай тағы болуы және оларқандай да бір ішкі теңізге құятының білген. 1840 – 1841 жылдары Эдуард Джон Эйр солтүстік – батыс Аделайданы зерттеп, бірақ еш нәрсе таппайды. Оның экспедиция нәтижесінде Австралияның орталық бөлігіндегі ішкі теңіздерді табу үшін , ол құрғақ және тұздалған жерлерді табады. Үлкен Австралия шығанағындағы Налларбор жазығы, құрғалған, еш нәрсеге жарамсыз сипатта болып қалған.

Сол уақыт  шамасында  солтүстікте Квинсленд экспедициясы да басталады. 1844 жылы Людвиг Лайхардтың 19 ай бойы батпақтар, ормандар және Карпентария  шығанағының жағалауындағы шөптесінді жазықтығын зерттеген.  Бұл экспедиция негізінде колониялардың кеңеюі туралы ойларды қайта туғыздырған болатын. Кейін Лайхардт қажет емес қадам жасаудың нәтижесінде, континенттің шығыстан батысқа қарай зерттеу үстінде жоғалып кетеді. Ондаған жылдар бойы барлық мүмкіншіліктер континенттің оңтүстіктен солтүстікке қарай зерттелуі басталады. 1860 жылы Джон Макдуалл Стюарт Батыс австралия басқарушысының ұсынысы бойынша, кім бірінші болып сол қадамды жасаса 10000 фунт сыйын ұсынады, ол соны ұтып алуға тырысады. Бірақ ол сол қадамнан тез басын бұрады. Дәл сол уақытта Виктория колониясы 12000 фунт құны бар экспедиция ұйымдастырады. Мельбурн шығанағынан Карпентарияға дейін өту жолы ұйымдастырылады. Экспедицияны Роберт О! Хара Берк және Уильям Джон Уилс басқарған болатын. Экспедиция жоспарланған, зерттеу жолына арналған тамақ және су қорлары да болған.  Олар шынында теңіздің дауысын естіп, мақсатқа жеткендей болған. Бірақ олар Карпентария шығанағы жағалауында орналасқан мангр ормандары арқылы өте алмаған болатын. Үйге қайту жолында , олардың барлығы аштықтан және арықтау себебінен өліп қалған.  Бұл экспедициялар Австралия колонияларыныңдамуына кері әсерін тигізген. 1862 жылы Стюарт алдындағы зерттеулерінен солтүстікке қарай қадам жасауын бастайды.Және ішкі теңіз туралы легенданың жоқ екеніне көз жеткізеді.Ол Тимор теңізінен солтүстікке қарай, Арнемленд және Аделайда өзені арқылы өтіп Үнді мұхитының жағалауына жетеді.1826 жылы оңтүстік – батыс жағалауда кішкентай Олбанн қаласының негізі қаланады.44 адамды отрядты басқарған Локьером.Ол Батыс австралияны басқа британ короналарына қосқан болатын. Бірақ қазіргі континенттің батыс бөлігі 1874 жылдың басында ғана зерттеле бастады. Эрнест Джайлз Наллабордың жазығының солтүстік бөлігі арқылы Аделайдедан Пертке саяхат жасаған. Перттен ол тағы да солтүстікке бағыт алып, кейін шығыстан орталықтағы шөлдерді ашқан.

Бұл барлық экспедициялар  нәтижелері, Австралияның көп бөлігі колонияларды құруға арналмағандығын  ерекшелеп, айқындап көрсетіп тұратын. 1875 жылы негізгі және ең қажетті  континенттің контуры белгіленген. Бірақ Австралияның батыс бөлігінің көбі, Квинсленд және солтүстіктегі зерттеулер кейін болған. Қазіргі кезде шетте қалған бұрыштар әлі де зерттелмеген болып қала беруде. Келесі экспедициялардың мақсаттары, аборигендердің өмірлерін зерттеу мен минералдарды іздеуге бағытталған.

 

 

V.1. « Алтын безгек »

 

1851 жылы Көк тауларда, Батерст  орнының жанында алтын табылған  болатын. Ол көптеген, мыңдаған зерттеушілердің жүзіп келуіне, оның ішінде көптеген калифорнилықтар болған. Олар континенттің тереңінде тұратын адамдар санын қосқан. Көптеген саяхатшылар алтынның орындарын табуға тырысқан.  Виктория жеріне 40000 нан көп қытайлықтар келді.Жиырма жыл ішінде колониялар төрт есеге көбейген.  Бұл жаңа иммигранттар  бұрын Австралия жерінде болмаған орта класты құраған.  Сол кезден бастап миграциялық ағын тоқтаған емес.Алтын іздеген жерлерде жаңа қалалар пайда бола бастады. Мысалы: Балларат және Бендиго Мельбурнның жанында. Ақырғы алтын орындары 1892 жылы табылған. Кулгарди және Калгурли ең ірі алтын табу орталықтарына айналады.

Австралия еш уақытта  қарулы конфликтілерді  бастан кешірмеген, өз тарихында қанды эпизонттарға куә болып қалған сәттері де болған. Ставкалар мен әрдайым алтын  табу үшін лицензиялар сатып алуға  қол жетпеген кезде, олар алтынды поляларында браканьерлікпен айналысқан.

Балларата.Полициялармен  кездесу тез әрі қатаң болған: бірнеше ондаған адамдар өлім аузында қалды.Бұл қанды эпизодтың  нәтижесінде елдің демократиялануына  себеб болды, ал 1856 жылы – барлығы  сайлауға қатысқан. Қазіргі уақытта Балларат қаласы гигантты луна – паркіне айналған.

 

 

V.2. Аграрлық реформалар

 

XIX ғасырдың соңынан  бастап Австралияда өнеркәсіптің  дамуымен қатар, бұрын соңды  болмаған хабарласу орындары  дами бастаған.

Ауыл шаруашылықтың  дамуымен алтын табушылардың көңілдерін түсіп кеткен болатын, себебі ауыл шаруашылығы көптеген территорияны қамтыған. Қой өсірумен айналысатын адамдарға бүкіл жерді территориялар « ашық » деп жарияланған. Виктория штатында барлық жерлерді мал ұстаушылар фермерлер мен оларды бағушылар сатып алған. Сол кездегі ең басты мақсаттардың бірі ол сол жерлерді « ашу » болып табылған.  1859 жылы Үкімет тарапымен сол жерлерді зерттеу жұмыстарын іс – жүзінде бекітіле бастады. Бірақ бұл жерлердегі фермеллер қарсылықтарын көрсете бастады. Дәл сондай конфликтілер 30 жыл шамасында болып өткен. 1861 жылы 5 жыл ішінде 17000 жанұя бұл жерлердің толық иегерлері ретінде қоныстанды. Бірақ мал ұстайтын адамдар тек жақсы жарамды жерлерді ғана қалайтын,  жандарында су көздері бар және артарында тек құрғап қалған жерлерді ғана тастап кетіп жүре беретін.

 

 

V.3. Федеральдік Үкімет.

 

80 жылдары Австралия  Великобритания жерінен босап  шығу жолдарын іздестіреді. 1901 жылы  колониялар бірігіп, кең кеңістіктің  арқасында Австралия өзінің федеральдік  статусына ие болады. Австралия федерациясына алты колония, штаттың статуе атағына ие болған. Тек аз қоныстанған солтүстік бөлігі территория болып қала берген. Өткен уақытта колония болған, қазіргі уақыттағы бостандық алған колониялар әлі күнге дейінАнглия королевасының билігін қолдайды.1914 жылы үкімет басындағы Лейбориятер өздерінің қолданбалы бағдарламалар мен саясаттарын жүргізген болатын. Протекционизмдерге қарсы олар: жоғары көлемді еңбекақы, білімді дамыту, күніне сегіз сағаттық жұмыс уақытын, әлеуметтік көмек көрсету сияқты жұмыстарын орнатқан. Австралиядағы өмір сүру жағдайы,әлемдегі Жағдайы жақсы елдердің қатарына қосылды. 1908 жылы федерация тарапынан астананы көшіру  шешімі қабылданды. 1927 жылдың мамыр айында Канберра қаласында парламенттің бірінші отырысы болды. Бұл бірінші парламент үш негізгі саяси партиялардан тұрды: протекционисттер, либералдар және лейбористерден.

 

VI.  I- ші Дүниежүзілік соғыс.

 

Австралия халқы Британ Достастықтарымен экономикалық және стратиграфиялық  жағынан да тығыз байланыста болған.  1885 жылы Суданда болған соғысқа Австралиялықтар Лондонға өз көмектерін көрсеткен болатын және 1900 жылы бурларға қарсы соғыста. 1914 жылы Австралия премьер – министрі Фишер « ақырғы адамға дейін , ақырғы шеллингке дейін » отан – ананы қорғауға атсалысамыз деген. Волонтерлер корпусы 300000 адамды құраған. Оның ішінде Австралиялықтар мен Жаңа Зеландия тұрғындары болған. Австралиялықтардың ұлттық сезімдері тек 1915 жылғы Турцияда болған қанды оқиғаға байланысты оянған деп айтылады. Дарданелларды алуға жіберген австралиялықтар мен жаңа зеландиялықтарды одақтастары алалмайтындығын түсінгендіктен, тек бірнеше айдан кейін алып кетуді жөн көрген. Аймақтық топография мен күштің шектеу болуы көптеген қиындықтар тудырған. 9 айдан кейін эвакуация болған, бірақ бұл қанды соғыста көптген австралиялықтар қаза тапқан.  25 сәуір австралиялықтар мен жаңа зеландиялықтар үшін бұл күн ұлттық мерекелері болып саналады.Бұл соғыс кейбір қоғам қайраткерлерінің жүрегінде Англия отан – ана деген сезімін оятқан.Соғыстан кейін 1923 жылы Үкімет басына Брюс администрациясы келгеннен кейін, « адам, ақша және нарық » лозунгі Австралияға жаңа гүлдену ошағын бергендей. Бірақ 30 жылдарда басталған экономикалық дағдарыс кезінде Австралия, шикізаттын жетіспеушілігі байқалатын жапондықтардың нарығына көңіл аударған.

Кейін Жапония Австралияның ең басты жүн және ет сатып алушыларының біріне айналған.

 

VI.1. II- Дүниежүзілік соғыс.

 

Австралия Германия Ұлыбританияға  соғыс ашқаннан кейін бірнеше  уақыттан соң соғыс жариялаған болатын. 1940 жылыАвстралия қарулы күштері Италия, Греция, Крит және Солтүстік Африка елдерінде 9 ай бойы Роммельдегі Германдық – итальяндық қарулы күштеріне қарсы соғысқан болатын. 1941 жылы Жапония Австралияны қорқыта бастаған.. Жапондықтардың Сингапурды жаулап алулары, австралия тарихында болмаған алғаш рет австралиялықтар қорғанды өздері жасау керек болды. 1942 жылы бомбардировка әсерінен қаланың солтүстік бөлігі қауіпке түсетін.  Австралия Малайзиядағы, Индонезидағы 22000 тұтқындары ішінде көптеген экипированданған солдаттары мен білімді адамдарынан айырылған.Ұлыбритания өзінің қиындықтарын шешумен айналысқан. Сол уақытта Австралия АҚШ- тан көмек сұрауды жөн көрді. Премьер – министр американ генералы Макартураны шақырып оған континент – аралды қарулы күштері бар гиганттық базаны құруды талап еткен.Коралл теңізінде және Папуа –Жаңа Гвинеяда болған соғыстарда американ күштеріне қарсы шығалмаған жапондықтар өз соғыстарын тоқтатқан болатын. Американдықтармен австралиялықтар Тынық мұхитын жапондықтардан босатқан болатын.

1951 жылы Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ мемлекеттері келісімге отырған болатын. Бұл келісімде Бірде – бір жаққа қауіп төнсе көмекке келетіндіктері туралы келісімдерге қол қойылған болатын.

 

 

VI.2. Жаңа бостандықтар

 

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  Австралияға жаңа иммигранттар саны өскен болатын. Елге  екі миллионнан астам иммигрантар келген болатын. Тарихта мұндай оқиға әлі болған емес еді.Егер Австралия елінде англосаксондық бағытта болса, ал қазіргі кезде ол космополитизм және әртүрлі мәдениеттер дамыған. Ол жаңа экономикалық даму мен зерттелмеген жерлерді игеруге мүмкіндік берген.  Көптеген кеуіп қалған территорияларда, шөлді аймақтарда, алдағы уақыттарда еш жарамдығы , қызығушылығы жоқ аймақтарда зерттеушілер жаңа, қызықты ашылылулар ашқан: бұл жерлер  сирек кездесетін және көптеген көлемде барлық минералдарды қамтитын болған. 1960 жылдан бастап бұл ашылылулар « австралиялық бум » - ға әкеліп соқтырған болатын. Мұнда капиталдың келуі, биржалардың сынуы, көптеген жаңа заводтардың өсуі, бетондардың барлық жерде құрылуы жүріп жатты. Өмір сүру деңгейі, әлемдегі ең күшті мемлекеттер қатарына ене бастаған болатын.

Өзінің географиялық орналасуына көңіл бөліп, оның ішінде Азия елдеріне, Австралия көршілеріне  бетімен бұрылып, жақын уақыттарда олардың ең күшті клиенттері  болып саналып және байланыстарының нығая түсетіндігі байқалады.Жапондықтар өздерінің қарулы күштерімен ала алмаған Австралия жерінен тек сондағы жерден шыққан өнімін алумен шектеледі. Коммунистік ойлардың дамып кетпеуіне байланысты Австралия Премьер – Министрі Мензиес 1950 – 1953 жылы кореяға, ал 1965 – 1972 жылдары Вьетнамға өз әскерлерін жібереді. 1951 жылы ол Австралияға коммунистік партияны әкелмеу туралы заң қабылдайды. Заң парламентпен ратификацияланса,  жоғарғы Суд келісімін берген емес.Ал кейін тіпті де сайлау жүзінде қабылданбаған. 1972 – 1975 жылдары лейбористік басқарушылар түрлі – түсті иммигранттардың келу ағымын тоқтатуды жөн көрген. Тағы да бір үкіметте болған дағдарыстан кейін Австралия генерал – губернаторы премьер – министрді шығарып, референдум шақырады. Нәтижесінде жаңа басқарушы Мальк Фрейзер сайланады.

1980 жылы болған Оңтүстік  – батыс Тасманиядағы жабайы  жерлерде, Гордон өзенінде плотина  құрылыстарын салу секілді экологиялық  келіспеушіліктер болған. Жоғарғы  судтың шешімімен құрылыстар тоқтатылған болатын.

 

 

 

 

                                       Қорытынды

 

Қорытындылай  келе Австралия материгі XVIII ғасырдан бастап зерттелген дүниежүзіндегі ашылған  ең соңғы материк болып табылады. Өзінің даму уақытында ол көптеген есімдерді танымал еткен. Мысалы: Д.Кук, Дик Хартог, А.ван Димен, Абел Тасман, Уильям Дампир, Луи Антуан де Бугенвиль, Джон Хантер. Кейбір аралдар мен елді мекендерді өздерінің есімдерімен, немесе әлемге әйгілі әулиелер немесе, патша аттарын берген болатын.Өзінің зерттеле бастаған уақытынан бастап, қазіргі кезге дейін Австралия көптеген қиындықтарға төтеп келіп, қазіргі уақытта экономикасы дамыған елді мекендер қатарына кіреді. Бұрынғы кезбен салыстырғанда қазір  Австралия материгінің тәуелсіздігі, валютасы, тұрғылықты халықтары, белгіленген территориясы, табиғи, пайдалы байлықтары, өздеріне тән шаруашылық түрлері де дамыған.

Информация о работе Австралия материгінің зерттелу тарихы