Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2013 в 13:49, курсовая работа
Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге байланысты құқықтық қарым-қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді. Оның 1847-сі шаруашылық серіктестіктері, 601-і акционерлік қоғамдар, 3714-і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192-сі мемлекеттік кәсіпорындар.
Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы,
ол қалқымызды әртүрлі тағамдармен,жеңіл
өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен
қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және
олардан өңделген өнімдер калориялығы
жағынан жоғары биологиялық аса құнды
азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері,
елтірілер, киім, аяқ киім және т.б. өнеркәсіп
тауарларын дайындауға қажетті шикізат
көзі болып табылады. Малдың мүйізі мен
тұяқтарын, сүйектерін өңдеу арқылы олардан
әртүрлі бұйымдар, сувенирлер, түймелер,
клей және т.б. заттар жасайды. Кейбір өнімдерінен
(ішкі мүшелері мен ұлпаларынан) дәрі -дәрмектер
мен препараттар жасалады. Кейбір өнімдерінің
қалдықтарынан мал азығы (тартылған сүт,
ет-сүйек ұны, сүйек ұны) үшін қолданылады.
Малдың қиы бағалы мүшейкалық тыңайтқыш
ретінде пайдаланылады. Малдың кейбір
түрлерін (жылқы, түйе, өгіз, есек) күш-көлік
ретінде пайдаланады.
Ауыл шаруашылығының негізгі
саласы ретінде мал шаруашылығына қой,
ешкі сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны,
құс, бал арасын өсіру жатады. Малдың бірнеше
түрін өсіру арқылы әртүрлі қажетті тағам
мен шикізат өнімдерін қамтамасыз етуге
болады.
Ғылымның ғарыштап дамуына
байланысты мал шаруашылығы ғылымы да
көптеген нәтижелерге жетті. Мал шаруашылығы
ғылымының негізін зоотехния құрайды.
Зоотехния ғылымының мал өнімдерін мол
өндіруде,өнімнің өзіндік құнын төмендетуде,мал
тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды
жолмен азықтандыруды.жақсы бағыт-күтуді
ұйымдастыруды зерттейтін ғылымдар жиынтығы.Осы
ғылымның дамуы мен Респуликамызда еңбек
етіп жүрген аграрлық сектордағы ғалымдардың
еңбегінің нәтижесінде мал тұқымының
көптеген түрлері шығарылып,жақсы нәтижелерге
қол жеткізілді.Бұлардың қатарында атап
айтар болсақ мүйізді ірі қара шаруашылығынды
мол ет өнімін беретін қазақтың ақбас
сиыры, оңтүстік жерлеріне бейімделген
сүтті бағыттағы Әулие ата сиыры қос бағытты
өнім беретін етті-сүтті Алатау тұқымы;
жылқы шаруашылығында өнімділігі жоғарлатылған
жәбі жылқысы, Қостанай жылқысы, республикамыздың
климаттық жағдайларына бейімделген Ахалтеке
және таза қанды ағылшын жылқыларының
тұқымдары;қой шаруашылығында биазы жүн
беретін қазақ мериносы, арқар мериносы,
солтүстік және оңтүстік қазақ мериностары,
биазылау жүн беретін кроссбредті қойлар,
цигай қойы,етті майлы тұқымнан қазақтың
мол өнім беретін жетілдірілген жергілікті
қойлары мен Еділбай қойы,дегерес қойы
және т.б. түрлі-түсті қаракөл елтірілерін
беретін қаракөл қойлары,үй құстарының
бірнеше тұқымдары мен кросстары шығарылды.
Елбасының «2003-2005-ші жылдарды алуды
өркендету кезеңі» деп жариялануына байланысты
Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын
дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттің
бағдарламасын іске асыру шеңберінде
ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға
қомақты қаражат бөліну көзделіп отыр.Осыған
байланысты ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің
алдында асыл тұқымды малдарды көбейтіп,олардан
сапалы да мол өнім өндіру міндеттірі
тұр. Бұл міндеттерді атқаруда ауыл шаруашылығы
саласында қызмет атқаратын кәсіби мамандардың
еңбегі жоғары бағаланады. Бұл оқулықты
жазудағы мақсатымыз осындай білікті
мамандар дайындаудағы қажеттіліктен
туындады.
«Мал шаруашылығын негіздері»оқулығы
орта кәсіби мамандар дайындайтын оқу
орындарына арналған оқу жоспарларының
бағдарламасына сәйкес жазылған, негізінен
фермерлермен орта буын мамандарына арналады.
«Мал шаруашылығы негіздері»оқулығы бірнеше
тараулардан тұрады. Алғашқы тарауы ауыл
шаруашылығы малдарының анатомиясы мен
физиологиясы негіздеріне арналған, бұл
тарауда мал ағзасының құрылысымен қызметі
туралы баяндалады. Екінші тарауда мал
өсіру негіздері,малдың шығу тегі, өсуі
мен жетілу заңдылықтары, малдарды іріктеу,
сұрыптау жолдары және т.б. жазылған. Үшінші
тарауда ауыл шаруашылығының малдарын
азықтандыру негіздері, жем-шөптің нәрлілігі
мен сіңімділігі,жем-шөптің түрлері,олардың
сапасын анықтау жолдары,малдарды мөлшерлеп
азықтандыру негіздері баяндалады.Төртінші
тарауда ауыл шаруашылығы малдарын күтіп
бағуға қойылатын зоогигиена талаптары
мен мал ауруларының түрлері,олардың болу
сеептері мен болдырмау жолдары туралы
жазылған. Келесі тарауларды жеке мал
шаруашылы түліктерін өсіру негіздері,ауыл
шаруашылық малдары мен құстарының түрлері,
тұқымдары, оларды азықтандыру мен күтіп-бағу
ерекшеліктері,өнімдерін өндіру технологиясы
баяндалады.
«Мал шаруашылығы негіздері»
оқулығында әр тарауда теориялық матаериялдар
мен бірге зертқаналық-машықтану сабақтарын
өткізудің үлгілері,соңында тақырыпқа
сәйкес бақылау сұрақтары берілген.Оқу
материалын жақсы меңгеру үшін суреттер
мен кестелер бейнеленген.
Мал шаруашылығындағы негізгі шаралар асыл тұқымды мал шаруашылықтарын қолдауға және орта және ірі тауарлы мал шаруашылығын ұйымдастыруға бағытталды. Бұл бағытта бюджеттен, нақтыланғанын қоса есептегенде 548,6 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді.
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру бағдарламасына бордақылау алаңы бар - 69 шаруашылық, шошқа өсіретін - 6 шаруашылық, қой өсіретін - 21 шаруашылық, жылқы өсіретін - 12 шаруашылық, қымыз өндіретін - 11 шаруашылық, сүт өндіретін - 2 шаруашылық, шұбат өндіретін 1 шаруашылық қатысты.
2011 жылдың 1 қаңтарына облыста 23 асыл тұқымды шаруашылық пен 7 асыл тұқымды мал зауыты бар, соның ішінде 17 ірі қара малын өсірумен, 5 қой өсірумен, 7 жылқы өсірумен және 1 түйе өсірумен айналысады.
Жыл бойы асыл тұқымды шаруашылықтармен етті бағыттағы 714 бас асыл тұқымды мал төлі, 2525 бас асыл тұқымды қой, етті сүтті бағыттағы 234 бас көшім тұқымды жылқы сатылды.
Генетикалық әлеуетті арттыру мақсатында 195 қолдан ұрықтандыру қосынының жұмысы ұйымдастырылып, оларда 2010 жылы жыл бойы 36,6 мың бас сиыр мен қашарлар қолдан ұрықтандырылды, ол 2009 жылдан 3,7% артық.
Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі.
Салада мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі жалғасты. Жылдың қорытындысы бойынша тірілей салмақта етке өткізілген мал мен құс жалпы облыс бойынша - 77,5 мың тоннаны немесе 2009 жылға 100,2% құрады. Зеленов ауданында (88,9%) және Орал қаласының шаруашылықтарында (87,4%) төмендеуге жол берілген.
236,5 мың тонна сиыр сүті сауылды немесе өсім 1,3% құрады, өсім Қаратөбе ауданынан басқа (93%) барлық аудандарда байқалады. Жылына 1 сауын сиырдан сауылатын сүт 1726 кг құрады немесе 2009 жылдан 1,5 артық.
Тауық жұмыртқасының өндірісі - 130,1 млн. дананы құрады, немесе 2009 жылдан 15,6% артық. 1 мекейіннен алынатын орташа өнім 189 дананы құрады, немесе 2009 жылдан 2,2% артық.
Қырқылған қойдың жүні - 1673 тонна немесе 2009 жылдан 2,3% артық. Бір қойдан қырқылатын орташа жүн 2,7 кг құрады, немесе 2009 жылмен салыстырғанда 96,4%.
Мал және құс басының саны. 2011 жылғы 1 қаңтарына шаруашылықтардың барлық санаттарында ірі қара малының басы 420,7 мың басты немесе өткен жылдың сәйкесті кезеңіне 98,2% құрады, соның ішінде жұртшылық шаруашылықтарында - 310,1 мың бас (92,1%), ауыл шаруашылығы құрылымдарында - 10,3 мың бас (103,6%), шаруа қожалықтарында 100,3 мың бас (122,5%). Бөрлі ауданында (80,3%), Жаңақалада (88,1%), Сырымда (91,1%), Теректіде (97,1%), Шыңғырлауда (95,0%), Орал қаласында (95,3%) айтарлықтай кеміген.
Қой басының саны 667,3 мың басты немесе былтырғы жылға 105,3% құрады, Орал қаласында былтырғы жылдың деңгейінде қалып, барлық аудандарда өсті. Ешкі басының саны 174,6 мың басқа дейін (97,3%) кеміді, Сырым ауданында (80,7%), Шыңғырлауда (85,2%), Казталовта (96,3%) айтарлықтай кеміген.
Жылқы басының саны 71,9 мың басқа (110,3%), шошқа 27,4 мыңға жетті (103,9%). Түйе басының саны 3,5 мың басты (100,7%), құс - 956,1 мың басты (102%) құрады.
Мал шаруашылығы саласын дамыту үшін жаңа бағытта салалық заңнама базасын жетілдіру және оларды халықаралық нормалармен үйлестіру, өндірістік негізде жұмыс атқаратын, мал шаруашылығы өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа тұрақты шығарып отыратын мамандандырылған орта және ірі шаруашылықтарды құру, мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен мал азығы қорын күшейту жөнінде кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар ынталандыру шараларын әзірлей отырып, саланы ірілендіруге, оны өндірістік негізге қою арқылы малдың генетикалық әлеуетін жоғарылатуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың тиімді және айқын тетіктері жасалған.
2015 жылға қарай 35 заманауи бордақылау алаңының, 30 сүт кешенінің, 6 бройлерлік құс фабрикасының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Қолда бар мал басын асылдандыру мақсатында 2009 жылдан бері елімізде ұдайы өндірісті жеделдету арқылы және бірыңғай ақпараттық деректер базасының селекциялық бірыңғай басқару жүйесін құру мақсатында ірі көлемді селекция бағдарламасы жүзеге аса бастады.
2011 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет өнімділігі жоғары етті бағыттағы ірі қара малды сатып әкелу, сондай-ақ солардың негізінде ұдайы өндірісті жеделдету бойынша репродуктивті шаруашылықтарды құру жоспарланған.
Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі, “Қазагромаркетинг” АҚ және “Мал шаруашылығы мен ветеринариясының ғылыми-инновациялық орталығы” ЖШС бизнес құрылымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми және мемлекеттік ұйымдардың өкілдерінің кездесуін ұйымдастыру арқылы мал шаруашылығы саласының жағдайын жан-жақты қарастыру, болашақ дамуын анықтау ісі өзекті бола түскендей.
Сонымен қатар форумда кез келген меншік түрі бойынша алсақ та мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің тиімділігі көп ретте іс-қимылды бірлестіруге байланысты болып келетіндігі, ендігі кезекте сала бойынша бір одаққа біріге отырып жұмыс істеудің жемісті болатындығы туралы көп айтылды.
Түстен кейін форумның пленарлық мәжілісінде мал шаруашылығын дамытудың мәселелері одан әрі талқыланды. Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының бас директоры Айбын Төреханов “Мал шаруашылығындағы кең көлемдегі селекция: артықшылықтары мен перспективалары” деген тақырыпта тартымды баяндама жасады. Онда отандық селекцияның қазіргі жағдайымен қатар әлемдік тәжірибелерге талдау жасалды.