Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2014 в 09:41, реферат

Краткое описание

Жалпы Шортанды кенті географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр.
Жұмыстың мақсаты: Шортанды кентінің атмосферасының экологиялық жағдайын анықтау.
Жұмыстың мәселелері:
-Шортанды қ экожүйесінің экологиялық жағдайын қарастыру;
-Шортанды кентінің физика-географиялық сипаттамасы, бақылау бекеттерінің сипаттамасын саралау;

Содержание

КІРІСПЕ.............................................................................................................................
І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ. ШОРТАНДЫ КЕНТІНІҢ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ........................................................................................
1.1 Шортанды ауданының физикалық-географиялық сипаттамасы..........................
1.2 Бақылау бекеттерінің сипаттамасы..........................................................................
ІІ. ШОРТАНДЫ АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН ЗЕРТТЕУ..........................................
2.2 Шортанды атмосферасының ластау көздері............................................................
2.2 Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы......................................
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жұлдыз ғылыми жұмыс.doc

— 198.00 Кб (Скачать документ)

Шортанды ауданы

«Шортанды №3 орта мектебі»ММ

 

 

 

Қайратқызы Жұлдыз

9-сынып

 

 

 

Тақырыбы:

«Шортанды экологиясы...»

 

 

 

 

Секция: Жаратылыстану

Жетекшісі: Өнерхан Айнұр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы

Мазмұны

Аннотация

КІРІСПЕ.............................................................................................................................  

І. ӘДЕБИЕТКЕ  ШОЛУ. ШОРТАНДЫ КЕНТІНІҢ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ........................................................................................

1.1 Шортанды ауданының  физикалық-географиялық сипаттамасы..........................

1.2 Бақылау бекеттерінің сипаттамасы..........................................................................

ІІ. ШОРТАНДЫ АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫН  ЗЕРТТЕУ.......................................... 

2.2 Шортанды атмосферасының ластау көздері............................................................

2.2 Атмосфералық ауаның  ластану деңгейінің сипаттамасы......................................  

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................................

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................

Пікір..........................................................................................................................................  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Кіріспе

Жалпы Шортанды кенті  географиялық тұрғыдан алып қарағанда  бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының  жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе  аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр.

 Жұмыстың мақсаты: Шортанды кентінің  атмосферасының экологиялық жағдайын анықтау.

 Жұмыстың мәселелері:

-Шортанды қ экожүйесінің  экологиялық жағдайын қарастыру;

-Шортанды кентінің  физика-географиялық сипаттамасы,  бақылау бекеттерінің сипаттамасын  саралау;

- Шортанды  ауасының  ластануын зерттеу;

- Шортанды  атмосферасының  ластау көздерін анықтау;

-Атмосфералық ауаның  ластану деңгейінің сипаттамасы

 Жұмыс кіріспе, екі тараудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және пікірден тұрады.

 

Адам өзінің даму барысында  қоршаған ортамен тығыз байланыста болды. Адамзат биологиялық түр және әлеуметтік қоғам ретінде қоршаған ортада өтіп жатқан процестермен тікелей байланысты болады да, оны үнемі өсіп жатқан масштабтарда оның қорларын алып тұрады, қалдықтармен, тіршілік әрекетінің өнімдермен ластандырады. Мұның бәрі “тіршілік кеңістігінің” өте жұқа қабаты биосферада өтеді. Бұл тіршілік қабатында органикалық заттардың тізбегіндегі: топырақ - өсімдіктер- жануарлар – адам – топырақ (ақаба) айналымы бойынша заттардың, сондай – ақ табиғи айналымының басқа тізбектерінің шегіндегі бейорганикалық заттардың үнемі қозғалып жатқан күйінде болады, себебі табиғат қоршаған ортаның тірі және өлі компоненттерінің арасында өтетін негізгі химиялық элементтің тұрақты айналымының механизмдерін жасап шығарды.

Қазіргі уақытта  жер халқының саны алты миллиардтан  асып отыр. Белгілі бір жақсы күйге (комфортқа) жетуді мақсат ететін адамзаттың тіршілік әрекеті (тұрғын үй, жолдарды салу, жер игеру, табиғи минерал қорларды алу, өнеркәсіптік өндіріс) табиғи ландшафтарды өзгертеді,  адам оған биологиялық ағза ретінде бөгде болып келетін тіршілік етудің жаңа жасанды ортасын жасайды. Бірнеше ұрпақ бойы жүз миллиондаған адамдардың көпшілігі бейімделуге тырыса отырып, трансформацияланған табиғи ортада (мегаполистерде қала агломерацияларында, игерілген территорияларда) өмір сүруде. Бірақ эволюция процесінде қалыптасқан адам ағзасы олардың әсер ету механизмдері ағзасы  танымсыз болып қалатын тірі ағзаларға әсер етуін көптеген механизмдері қоршаған ортаның параметрлерінің өзгеруіне өте сезімтал болады. Ертеде, планетадағы халық саны үлкен болмаған кезде және антропогенді ауыртпалық денгейі мардымсыз болды, бұл әсер тірі ағзалардың адаптациялану қабілетімен алмастыратын.XXI ғасырда жағдай өзгерді қоршаған орта параметрінің мәндерінің қайтымсыз өзгерістері дәлелденді, ол  жиірек экологиялық күйзелістерге және локальді деңгейдегі (фотохимиялық смог, қышқылды жауын – шашындар, судың биогендермен ластануы және глобальді масштабта парниктік эффектілерінің түзілуі, стротосферадағы озон қабатының бұзылуына) катастрофаларға әкеп соғады. Мұның бәрі, сондай – ақ, адамның генетикалық бағдарламаларының ыдырауының білінуі, экологиялық кризистің басқа білінулері әлемнің көптеген елдерінде экологиялық тұрғыдан жақсы болуын қамтамасыз ету сұрақтары нақты инженерлік – техникалық бағдарламалар мен шешімдерді қабылдаудың шектерінің сыртына әкеп соғады да одан сайын әлеументтік- экологиялық тұрғыдан шығады,   іс әрекеттің жаңа стериотиптерін жасақтайды.

Экологиялық дүниетанымның  эволюциясы байқалады – антропоцентризімнен (адам – ғаламшардың орталығы, яғни «табиғат патшасы») бастап қоршаған ортаның  табиғи биотикалық реттелу теориясына (адам белгілі бір экологиялық тіршілік ету орнын (ниша) алып жатты және оның іс- әрекеті биота тұрақтылығының бұзылуына әкеп соқпауы  тиіс және қоршаған ортаның биосфералық шаруашылық сыйымдылығы шектерінде қалып адам өмірін қалпына келтіру үшін табиғат негізі бұзылмайтын, тұрақты дамуы бар қоғамға қарай бағытталу. 

Мұндай қоғамда  көліктік жүйе қандай талаптарға жауап  беру керек? Оларды шешу жолында қандай проблемалар туындайды?  Осы және т.б. сұрақтарға жауап іздеуіміз қажет.

Олар табиғи қорларды ысырапты (ұтымды) пайдалану, атмосфераны, су және су ағындарын, топырақты табиғат экожүйелерін көлік комплексінің  жағымсыз әрекетінен қорғау, өсімдік энергетикалық табиғи циклдерге (энергия және қор қорғаушы, қалдықсыз технологиялар, сутекті, биоотындық көліктік энергетика және т.б.) енгізілген көлік іс әрекетінің тұйық өндірістік  - утилизациялаушы технологияларын жасау.

Соңғы жылдары  көлік обьектісінің қоршаған ортаға жағымсыз әсерінің жеке көздері жіктелген, көлік комплекісінің экологиялық  қауіпсіздігінің денгейін басқаруға арналған себеп – салдарының байланыстары бекітілді.

Әр жеке көлік  бөлшектік (жүріс бірлігі үшін –  жүрістің шығарындыларының және жол  тізбегінің үлескілерінде көлік  ағымдарының погонды уақыт бірлігіндегі жол ұзындығының бірлігіне) шығарындыларын  бағалау экологиялық критерилерді қолдану арқылы машина паркін жетілдіруді есептеу әдістемелерін жасау кезеңін әдістемелік тұрғыдан жасау деп санауға болады. Әр түрлі жұмыс атқаратын көлік құралдарының экологиялық қауіпсідігінің (тазалығының) өлшем және бұл объектілерге қойылатын экологиялық талаптар, бұл көрсеткішке әртүрлі инженерлік – технологиялық және ұйымдастырушы факторлардың әсері бекітілді. Әр қалалардың көше жол тізбегіндегі машиналар жиынтығының «экологиялық мінез – құлқының заңдылықтары бекітілді, олар бір жағынан, көлік ағынындағы жеке–дара автомобильдердің іс әрекетіне шек қояды, қозғалысты басқару алгоритімдерін жасайды, ал екінші жағынан көлік ағындылары және паркінің шығарындыларын бағалау кезінде адиттивтілік принципінің таралуына жол бермейді.

Қазіргі кезде  экологиялық тұрғыдан баға беру жеке заттардың валдық шығарындыларын есептеумен ғана шектеліп қоймайды, атмосферада  территорияның едәуір ауданында  жеке заттардың трансформациясын, адамдардың ауруға шалдығу қауіпін ескере отырып қосындылар концентрациясын анықтау және есептеу мәселесі қойылады.  

ерттеу объектісі: Көкшетау қаласының көшелері мен  мөлтек аудандарының ауасы және топырақ  бетінен қыстың аяқ кезінде алынған  қар суы.

Зерттеу жаңашылдығы: Автокөлік шығарындыларының қарқындылығын анықтау әдістерін жасау және дифференциялау.

Зерттеу мақсаты: Автомобильдік көліктің Көкшетау қаласының  атмосферасына және адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу.

Мәселелері: 

1. Атмосферадағы  зиянды заттардың құрамын анықтау

2. Топырақтағы зиянды заттардың құрамын анықтау

3. Атмосфераның  жылжымалы көздерден ластанудың  қарқындылығын бағалауды әдістемелік  тұрғыдан қарастыру.

4. Көкшетау қаласының  көшелері мен мөлтек аудандарының  жол бойында қандай ауыр металдардың  барын зерттеп салыстыру.

5.  Көкшетау қаласының көшелері мен мөлтек аудандарының жол бойында автокөліктен ауаға қанша мг/м3 шаң және газдардың бөліп шығаруын зерттеу

Практикалық маңызы: Көкшетау қаласының қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандарына,  қалалық МАИ қызыметкерлеріне, қала экологтарына жылжымалы көздерден шығарылатын ластанушы заттардың мөлшерін бағалауды дифференциялаушы үшін ұсынылады. 

 

 

 

 

 

Зерттеудің  көкейкестілігі.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті –  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа  парадигмасын туғызды.

     Жас ұрпаққа  экологиялық білім мен тәрбие  беру бүгінгі күн тәртібіндегі  бірден – бір қажетті кезек  күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан  Республикасының жалпы білім  беретін мектептері тұжырымдамасында», 1996 жылғы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заң мен 2004ж қабылданған талаптарды іс - жүзіне асыру жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі көрсетілген [2,3,4,5,6]. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді.

Оқушыларға  экологиялық білім беру олардың қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі

      Экологиялық  білім мен тәрбие беру мәселері  жалпы білім берудің элементі  ретінде оқушыларға айналадағы  орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады.           Жас жеткіншектерге саналы білім мен тәлім-тәрбие  беру Республикамыздың атақты педагог ғалымдарының Н.Ф.Хмель, Г.А.Уманов, Қ.Б.Жарықбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Қ.Қалиев, Ж.Б.Қоянбаев, Қ.Б.Бөлеев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелді [7,8].

           Оқушыларға экологиялық білім  мен тәрбие беру саласында,  ізденіп зерттеулер жүргізген ғалым – педагогтар И.Д.Зверьев, А.Н.Захлебный, Н.С.Сарыбеков, И.Г.Суравегина, Н.А.Гладков, П.В.Иванов, Б.Г.Иоганзен, И.С.Матрусов, Н.А.Рыков, А.П.Сидельковский, В.Н.Скалон, Е.С.Сластенина, А.С.Бейсенова, Н.Е.Ильинская және т.б. ғалымдарының еңбектерінде кеңінен қарастырылды [9,10,11,12,13].    

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланың  тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын  шығаруға ұмытылуы. Бүгінгі таңда П.Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы  Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы,  Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модельді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модельді оқыту технологиясы В.М. Монаховтың, В.П.Беспальконың  оқыту технологиялары кеңінен таралған. Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Ш.Т.Таубаеваның, Қ.Қ.Қабдықайыровтың, С.Н.Лактионованың, М.М.Жанпейсованың және Қ.М.Нағымжанованың т.б. ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде белсенді түрде қолдануда [14].

 

 

 

Зерттеу нысанасы: Жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Жоғарғы сынып оқушыларының  инновациялық оқыту технологиясы негізінде алған экологиялық білімі.

Зерттеудің  мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу. Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасалды.

   Зерттеу  міндеттері:

  • Жоғары сынып оқушыларына инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің теориялық негізін айқындау;
  • Инновациялық оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің түрлерін жетілдіру;
  • Инновациялық оқыту технологиясы арқылы үздіксіз экологиялық білім берудің моделін жасау;
  • Педагогикалық эксперимент арқылы экологиялық білім беруде инновациялық оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін дәлеледеу.

Жетекші идея: сыни тұрғыдан ойлау модульі, компьютерлік және ақпараттық,  оқыту технологиялар, арқылы әрбір оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады, экологиялық білім мен шығармашылығы қалаптасады.

Зерттеу әдістері:

  • Тақырыпқа байланысты жаратылыстану, философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік еңбектермен танысып талдау жасау;
  • Жалпы орта білім беретін мектептердегі экология пәнінің бағдарламаларына, оқулықтарына, әдістемелік - құралдарына талдау жасау;
  • Зерттеу бойынша сұрақтар қою, бақылау жүргізу, пікір алысу, экологиялық ойындар ұйымдастыру.

Информация о работе Атмосфералық ауаның ластану деңгейінің сипаттамасы