Атлантик-Ляхс балығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 00:10, реферат

Краткое описание

Балықтар – негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді. Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

балы0тар тусябай.docx

— 48.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Балықтар – негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді. Балықтар (лат. Pіsces) – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты).

 

 

Атлантик-Ляхс балығы.

Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 – 2 жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ – тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албырты, кета, т.б.). Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі ХХ ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балық, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиология деп аталады.[1]

Мазмұны  [жасыру]

1 Балықтың түрлері

2 Балықтың ауыл-шаруашылығындағы  орны

3 Балық аулау құрал-жабдықтары

4 Балық өңдеу

5 Балық өсіру

6 Дереккөздер

Балықтың түрлері

 

Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 г-нан 12 – 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты) жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты.

 

 

Бір-екі жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті жүз жылға дейін (қортпа) тіршілік ететін балықтар да бар. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады, ал кейбір балықта торсылдақ – тыныс алу органы; балық торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балық: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балық әдетте дара жынысты, сондай-ақ қос жынысты түрлері де кездеседі. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де (мысалы, акулалар, гамбузия, т.б.) болады. Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да (мысалы, қиыр шығыс албырты, кета, т.б.) болады. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балық жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған киллометрге дейін өрістейді.

Балықтың ауыл-шаруашылығындағы орны

 

Балық – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі 20 ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балық түрлері мен түр тармақтары халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген (мысалы, ақ балық, нельма, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықты лабораторияда өсіреді. Балықты аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балық туралы ғылым ихтиология деп аталады.

 

 

Балық аулау құрал-жабдықтары

 

Балық аулау құрал-жабдықтары – мұхит, теңіз, көл, өзен, т.б. су алаптарынан балық аулауға арналған құралдар мен жабдықтар. Оған трал, сүзекі, қалталы жылымдар, ығызбай және құрма аулар, қабадан, қармақ, жарық түсіріп аулайтын құралдар мен электр қондырғылары жатады. Ертеде балықты сүңгі, шанышқы, гарпун (ұшы тастан, сүйектен, темірден жасалған), қаза (қамыстан тоқып таяз суларға салынады), т.б. құралдармен, түнде – буылған қамыстан жаққы жағып та аулаған. Кейін синтетикалық материалдардан тоқылған құралдар кеңінен пайдаланыла бастады. Балық аулау құрал-жабдықтары балық түрлерінің мекеніне, ерекшеліктеріне сай жасалынады. Мысалы, трал конус қалта пішінінде жасалып, оны сүйретіп жүру, көтеріп алу үшін кемеге арнайы қондырғылар орнатылады. Трал үйір-үйір боп жүретін треска, камбала, майшабақ аулауға қажет. Осындай шоғырланып жүретін балықтарды сүзекі және қалталы жылымдармен де аулайды. Сүзекі-жылымды суға тастап, кемемен біраз сүйретіп барғаннан кейін, табандық арқанын лебедкамен тартқанда, астыңғы жағы бүріліп қалталанады да, балық ішінде қалады. Оны кемеге тартып алу, көтеру, трюмге төгу жұмыстарының бәрі механикаландырылған. Ағынды суларда ығызбай аулар пайдаланылады. Ағын судың еніне қарай әрқайсысы 25 м болатын бірнеше ауды бір-біріне жымдастыра жалғап, өзенге көлденең салады. Бір жақ шетінің арқалығына қалтқы-бояқ, табандығына салдауыр байлайды да, арқалықтың екінші ұшын қайықтағы адам ұстап отырады. Мөлшерлі жерге дейін ығып барған соң, балығымен қоса тез суырып алады. Қос қанатында балық кірсе қайтып шыға алмастай етіп, бір-бірінің ішіне кигізіле бекітілген, конус тәрізді бірнеше қалтадан тұратын (әр қалтаның ауыз жағында оны керіп тұратын шеңбер шыбықтары бар) құрал түрлерін құрма тор, қабадан (не нәрете) деп атайды. Мұндай құралдар жағалауда өскен қамыс жиегіне, өзекшелерге құрылады. Электр жарығын су астына жіберіп, шоғырланған балықтарды сумен қоса кеме үстіне шығару үшін қуатты сорғылар орнатылған конус тәрізді шағын жылымдарды қолдану да жиі кездеседі. Шағын көлдер мен теңіз қолтықтарынан жарық түсіру тәсілімен аулағанда, электр жарығының орнына буылған қамысты жағады. Оның жарығына жиналған балықтарды ұзын сапты, жеңіл де ауқымды сүзекімен сүзіп не шанышқымен шаншып алады. Мұны жаққы жағу дейді. Ірі балық шоғырларын іздестіру үшін гидроакустикалық локатор қолданылады.

 

 

Балық өңдеу

 

Балық өңдеу – балықты сақтау және балықтан дайын өнім алу жұмыстарының жиынтығы. Өңделген балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттері жақсарады, сақтау мерзімі ұзарады әрі тасымалдауға да қолайлы болады. Балық өңдеудің кең тараған әдісі – оны тоңазыту, суықта сақтау және мұз етіп қатыру. Балықты тоңазыту үшін көбіне мұз қолданылады, контейнердің ішіне балықтарды қаз-қатарымен қойып, арасына ұсақталған мұз (балық массасының 30 – 40%-ы) салады. Тоңазытылған балықтың дене температурасы –1 – 50С болады. Мұндай күйде балықты сегіз – он бір тәулік сақтауға болады. Ұзақ мерзімге (4 айға дейін) сақтау үшін балықты арнаулы тоңазытқыштарда –18 – 400С температурада мұз етіп қатырады. Балықтың дәмдік, тағамдық қасиеттерін жақсарту үшін тұздау, кептіру, қақтау, ыстау, консервілеу сияқты балық өңдеу тәсілдері қолданылады. Тұздау – балық өңдеудің ежелден келе жатқан, кең тараған әдісі. Тұз мөлшері балық етінде 10 – 15%-ға жету керек, мұндай жағдайда шіріткіш микроорганизмдердің өсіп-өнуі тоқтағанымен, балықты сақтау үшін қосымша антисептикалық заттар мен салқын температура қажет. Ыстау – тұздалған балықты 40ӘС-тан аспайтын температурада түтінмен өңдеу әдісі. Ыстау барысында балық кебеді, түтін балық етінің терең қабатына дейін сіңеді. Ыстауға көбіне арша, қарағай, емен, жаңғақ ағаштарының жаңқаларының түтіні қолданылады. Кептіру – тұздалған балықты одан әрі өңдеу әдісі. Балықты табиғи жағдайда немесе арнайы кептіргіш қондырғыларда кептіреді. Балықты консервілеу – балыққа томатты тұздық қосып немесе майға араластырып, қаңылтыр қалбырда ұзақ мерзім сақталатын дайын тағам алу әдісі. Балықтан жасалған консерві құрамында белок, май, кальций, фосфор, А, В, С, Д витаминдері бар. Консервілеу процестерінің қалдықтарынан жануарлар жеміне қосылатын балық ұны жасалады. Қазақстанда балық өңдейтін Атырау және Балқаш балық комбинаттары бар.[2]

Балық өсіру

 

Балық өсіру – балық шаруашылығының балықтарды жерсіндіретін, олардың жаңа тұқымын шығаратын, қоректендіретін, судағы қорын молайтып, сапасын арттыратын саласы. Балық негізінен табиғи сулар мен тоғандарда өсіріледі. Табиғи суда балық өсіру – өзен, көл, су қоймалары мен теңіздердегі балық түрлерінің сапасын арттыруға және оның қорын молайтуға бағытталған. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде (мысалы, су құрылыстарының салынуы, судың ластануы, т.б.) табиғи сулардағы балықтардың өсіп-өнуі нашарлап, тіпті кейбір түрлерінің жойылуына апарып соқты, сондықтан олардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету, сапалы балық түрлерін көбейту сияқты жұмыстардың қажеті туды. Адам әрекетінің кері ықпалы, әсіресе, жартылай өткінші (көксерке, тыран, сазан, торта, т.б.) және өткінші балықтарға (бекіре тәрізділердің, албырттардың көпшілігі, т.б.) қатты тиді. Жартылай өткінші балықтар көлдерде, өзендерде және оның сағасында, ал өткінші балықтар теңіздерде тіршілік етіп, уылдырығын шашу үшін өзен арнасымен жоғары өрлейді. Балықтардың өрлеу жолында кездесетін кедергілер жойылады; мысалы, жыртқыш балықтар ауланады, жыртқыш сүтқоректілер мен құстар үркітіледі, уылдырық шашатын балықтарды аулау уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ суда балық жемінің мол болуы мен судың тазалығы қадағаланады. Балық уылдырық шашатын жерлер табиғи қалпында сақталуы керек. Көктемгі су тасқынынан өзен жайылымдарында майда шабақтардың біразы қалып қояды да, су тартылғаннан кейін қырылып қалады. Мұны болдырмау үшін арнайы канал қазылып, шабақтар өзен-көлдерге ағызылады немесе шабақтар ауланып, өзенге қолдан жіберіледі. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің әр түрлі себептерден табиғи көбеюі жоғары деңгейде болмаса, олардың шабағы қолдан өсіріліп, есейген соң, табиғи суға жіберіледі. Балық ауланатын сулардағы ихтиофаунаның сапасын арттыру үшін кәсіптік маңызы бар балық түрлерін жерсіндіреді. Мысалы, кезінде Каспийге Қара теңізден кефал, Аралға Балтық теңізінен салака, Қара теңізден камбала, Аралдан Балқаш көліне арал бекіресі мен қаязы, т.б. әкелінген. Тоғанда балық өсіру, арнайы қазылған су қоймаларында жүргізіледі, сондықтан мұндағы балықтар ұрықтануынан бастап үлкейгенге дейін адамның бақылауында болады. Тоған шаруашылықтарында ежелгі тұқыдан басқа көптеген балық түрлері (ақ амур, дөңмаңдай, табан, оңғақ, бахтах (форель), бестер, т.б.) өсіріледі. Балықтарды қоректендіру үшін құрама азық қолданылады. Қазақстанда жалпы аумағы үш мың гектардай тоғыз тоған шаруашылығы (Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облысында), он үш питомник және бірнеше арнаулы шаруашылықтар (Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін шаруашылық, т.б.) бар. [3]

 

Балықтардың кәсіптік маңызы 
Балықтардың адам өміріндегі маңызы өте зор. Балықтан тамақтық продуктылар өндірумен қатар тіршіліктік маңызы бар пайдалы витамин, қоректік ұн, тыңайтқыштық түктер де өндіріледі. Біздің елімізде халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы олардың балық өнімдеріне деген талабын әрқашанда арттыратыны күмәнсіз. Сондықтан осындай заңды талапты шешуде балық өнеркәсібі мен ихтиология ғылымының алдында жауапты міндет бар. 
 
СССР-дегі кәсіптік балықтардың негізгі группалары. СССР-дің фаунасы мен оған шектесіп жатқан дүние жүзі мұхиттарында 1000-ға тарта балықтын гүрі кездеседі, оның 30 процентке жуығының кәсіптік маңызы бар. Балық аулау өнеркәсібінің дамуына байланысты олардың санының артатыны күмәнсіз. 
Қазір көбірек ауланатын балықтарға; нәлім тәрізділер мен май шабақтар жатады. Бүкіл ауланатын баіықтың 25—30% осы балықтардан түрады. Нәлім тәрізділерден Баренцево теңізі мен оған шектесіп жатқан теңіздерден ауланатын нәлімді жатқызуға болады Сонымен қатар бұл жерден навага да ауланады. 
Май шабақтардан жиі ауланатыны мұхиттық май шабақ. Олар Охот, Берингово теңіздсрінен ауланады. 
Қара және Каспий теңізінің май шабақтарының да үлкен маңызы бар. Олардың көпшілігі өзенге уылдырық шашатын өткінші балықтар. Сол сияқты Қара теңізбен Балық теңізіндегі шпроталармен, Каспий мен Қара теңізден ауланатын килькалардың да алатын орны ерекше. 
Кәсіптік маңызы жағынан келесі орында тұрған карптар (шамамен 20%). Негізгі кәсіптік түрлеріне Қара, Арал, 
Азов, Қаспий, Ақ, Балтық теңіздерінен ауланатын — табан балық, Арал мен Қаспий теңізінен ауланатын — суген (усач), Қара, Каспий, Арал теңіздеріндегі — сазан, Амур су қоймасынан ауланатын — толстолоб т. б. балықтар жатады. 
Лосось тәрізділердің казір кәсіптік маңызы айтарлықтай емес. Ол біріншіден — ертеде Қиыр Шығыста көптеп кездесетін (кета, горбуша, нерка т. б.) түрлерінің санының қауырт азайып кетуіне және жалпы балық аулаудың шектен тыс артып кетуіне байланысты. Балық аулауда айтарлықтай үлесі бар балықтар тұщы су лососьтары, сигалар, хариустар тағы басқа балықтар., Қазіргі кездетұщы су балықтарын жерсіндіруде, өткінші лососьтарды қолдан өсіруде бірсыпыра жұмыстар жүргізіліп жатыр. 
Камбала тұқымдастары СССР бойынша ауланатын балық-тардың 5 проценттейін кұрайды. Оны аулау тәсілі әлі жетілді-рілмеген. Қазір Қиыр Шығыс, Европалық Солтүстік, Қара теңіздерден ауланады. 
Бекіре тұқымдастарының өзіндік кәсіптік маңызы бар. Өте аз ауланады. Бірақ олардан алынатын өнім өте жоғары сапалы болғандықтан бұл балықтарға ерекше мән береді. Қазіргі кезде бұл балықтарды қолдан көбейтуде қызу шаралар қолданылуда. 
Жоғарыда көрсетілген балықтардан басқа айтарлықтай маңызы бар балықтарға Қара, Каспий, солтүстік теңіздерінен ауланатын көксерке, Баренцево, Қиыр Шығыс теңіздерінен аула-натын теңіз алабұғасы, Қара теңізден — ставрида, Азов теңізінен ауланатын кефальдар жатады. 
СССР-дегі балық аулайтын аудандар. СССР-дегі балық ауланатын суларымызды негізгі төрт ауданға бөлеміз: 
1. Оңтүстік теңіздер — Каспий, Азов, Қара теңіз және Арал теңізі. Бұлар СССР-дің негізгі балық аулайтын су қоймалары. СССР-де ауланатын балықтын, (салмағы есебінен) жартысы осы аудандардан ауланады. Бұлардың ішінде Каспий теңізі балық аулау жөнінен бүкіл дүние жүзінде бірінші орьш алады. Каспий теңізінде балықтардың өсуіне және көбеюіне өте қолайлы жағдайлар көп. Балықтардың қоректік заттары жеткілікті, сол сияқты Еділдің сағасы олардың уылдырық шашуы-на қолайлы алаңдардан кұралған. Каспий теңізінің солтүстігіндегі тайыз бөлімінде өткінші балықтар (бекірелер, майшабақтар) және жартылай өткінші балықтардың көпшілігі (көксерке, сазан, табан балық, қаракөз) уылдырығын шашады, әрі жайы-лып семіреді. 
Азов теңізі Совет Одағындағы ұсак теңіздердің қатарына жатса да (көлем жөнінен Каспий теңізінен 10 есе кіші болса да) балық аулау жөнінен екінші орында және СССР-де ауланатын балықтың 20 проценті осы Азов теңізінен ұсталады. Өйткені Азов теңізіне Дон мен Кубань өзендерінен балықтарга қажет қоректік заттар көптеп ағып келеді. Азов теңізінен ауланатын балықтың жартысы өзендерге шығын уылдырығын шашатын өткінші және жартылай өткінші балықтар — бекірелер, карптар, көксеркелер т. басқалар. Азов теңізінен бүкіл СССР-де ауланатын — бекіре балықтардың төрттен бірі, көксеркенің жартысы ауланады. 
Қара теңіз — көлемі жөнінен Каспий теңізімен тең түскені-мен балық аулау жөнінен анағұрлым төмен тұрады. Қара теңіз балықтарының көпшілігі таза теңіз балықтары — кефальдар 
Mugil серһаlиз), хамсалар, скумбриялар (SсоmЬгісidае), пела-мидалар (Sагdа sагdа) және камбала (Рlаtеssа рlаtеssа). Бұ-лардың ішіндегі көбірек ауланатыны кефальдар болып сана-лады. 
Арал теңізі — Кара теңізден бірнеше есе кіші болса да, балық аулау жөнінен әлдеқайда басым болады. Бұл теңіздің негізгі кәсіптік маңызы бар балықтары сазан (Сургіпиs сагріо), тран {R. г, һаесkelі), сүген (АЬгаmіз Ьгаmа) және түкті бальщтар (Rаjа сlаvаtа) болып саналады. 
Балқаш көліиің көлемі кіші болғанымен, балық аулау жөнінен үлкен маңызы бар. Қәсіптік маңызы бар балықтардан: сазан, Балқаш алабүгасы (Регса fІаvіаtilіз), маринка (Sсһі-zоtһогах) және т. б. балықтарды кездестіруге болады. 
СССР-дің Европалық солтүстік теңіздері мен көлдері. СССР-дің негізгі баіык ауланатын су қоймаларының ішінде үшінші орын алады және бізде ауланатын балықтардың 20 процентке жуығы осы ауданнан ұсталады. Бұл ауданның құрамына мына су қоймалары жатады: 
Баренцово теңізі, Каспий мен Азов теңізінен кейінгі үшінші орынды алады. Мүндағы негізгі кәсіптік маңызы бар балықтар: треска тэрізділер (Gаdifогmеs) мен пикша (G. аеgІеfmиз) балықтары. 
Ақ теңіз — балық аулау жөнінен маңызы аз. Мұнда негізінен Атлантика лососьтарының бір түрі сегма (Sаlmо sаlаг), треска (Gаdиз mогһиа) және камбала балықтары ауланады. 
Фин шығанағы балық аулау жөнінен Ақ теңізден де төменгі орында — Фин шығанағынан майшабақтар мен корюшкалар ауланады. 
Солтүстік батыс көлдерінен (Ладож, Псков, Чуд, Ильмен және Онеж көлі) ауланатын балықтардың мөлшері Ақ теңіз бен Фин шығанағынан ауланатын балықтардьщ шамасындай. Негізгі ауланатын балықтар карп тэрізділерден (Сургіпііогтез), табан балықтар, алабұға тэрізділерден (Регсі!огтез) көксерке балығы және түкті балықтар болып есептеледі. 
Сибирьдің өзендері мен көлдерінде (Обь, Енисей, Лена, Байкал және Чанов системалары) Совет Одағында ауланатын барлық балықтардың 20 проценті ауланады. Бұларда көбінесе сигалар (Согеgоnus), налим (Ьоtа Іоtа), шортандар (Еsох Іисіиs), нельмдер (S. пеlmа), хариустер (Тһутаllиs tһуmаllиs). Осетрлер (Асірепsегіdіае), форельдер (Sаlmо tгиttа fагіо) т. б. балықтарды аулауда бізде бірінші орын алады. 
Қиыр Шығыс теңіздері және Амур системасы. Бұл райондағы теңіздердің ішіндегі ең маңыздысы — Жапон теңізі. Балық аулау жөнінен Совет Одағында төр-тінші орын алады. Мұндағы майшабақтар, әсіресе сардин-иваси (Sагdіпорз теlапоstісиs) балықтары Совет Одағында бірінші орын алады. Бұл теңізден майшабақтар, трескалар, камбалалар, лосось тәрізділер, горбушалар, кеталар, неркалар аула-нады. 
Охот теңізі — балык, аулау жөнінен бесінші орында. Мұнда ауланатын балықтардың 3/4 лосось тәрізділер) горбушаг кета, қызылбалық), 3/4 бөліміндейі майшабақтар. 
Амур системасы балык аулауда Охот теңізінен кейінгі орында. Ауланатын бальіқтардың жартысы — лосось тәрізділер (кета, горбуша), төрттен бірі майшабақтар және карп тәрізділер де көп мөлшерде ауланады. 
Берингово теңізі — жоғарыдағы су қоймаларымен салыстырғанда балық аз мөлшерде ауланады деуге болады. Мұнда аулана,тын балықтардың жартысынан көбірегі лосось тәрізділер (горбуша, кета, қызылбалық), екінші орында — майшабақтар, үшінші — орында — треска тәрізділер. 
Солтүстік-Сибирь теңіздері (Карск теңізі, Лаптев теңізі, Шығыс Сибирь мен Чукот теңіздері), кәсіптік жағынан әлі толық қамтылмаған. 
Уылдырықтарды қолдан ұрықтандыру. Табиғи жағдайда балықтардьщ ұрықтануы сперматазоидтарынын уылдырық-пен, яғни аталық және аналық жыныс клеткаларының қосылуымен аяқталады. Сондықтан да, уылдырықтарды қолдан ұрықтандырғанда, әрбір жыныс клеткаларынық өз ара қосылуын қамтамасыз ету қажет болады. 
Алғашқы кезде, табиғи жағдайға сәйкестендіру мақсатында балықтардан алынған уылдырықтардың үстіне су, одан кейін еркегшің “ақ сүтін” құйып, 1—2 минут араластырған. Бұл әдіс-ті — балықтарды ұрықтандырудың дымқыл эдісі деп атаған. Мұндай әдіспен ұрықтандырғанда көпшілігінен шабақтар шық-пай, өліп қалатын болған. 
Осы жағдайды ескере отырып В. Н. Врасский уылдырықты қолдан ұрықтандырудың басқа тәсілін ұсынған. Врасский кері-сінше алынған уылдырықтарға, еркек балықтардың “ақ сүтін” құйып, әбден араластырып, содан кейін су құйған. 2—3 минут-тан кейін бұл сұйықтықты қайтадан құйып алады да уылдырықтарды жуады. Мұндай әдісті уылдырықты ұрықтандырудың “құрғақ” әдісі деп атайды. 
Құрғақ әдістің тиімділігі уылдырықтарды құрғак, күйінде спермалық сұйықпен араластырғанда, уылдырық пен сперма бір-бірімен араласады; ал одан кейін су қүйғанда, спермато-зоидтар активтенеді де уылдырықтармен қосылуы тездейді, ал уылдырықтарды алдымен суға араластырып (дымқыл әдіс бойынша), одан кейін спермаларды құйғанда су уылдырықтарды ісіндіреді де спермалармен қосылуын нашарлатады. Сондықтан, кейбір уылдырықтар ұрықтанбай қалады. В. Н. Врасскийдіц ашқан “құрғақ” әдісі біздің елімізде де, шет елдерде де кеңінен қолданылып келеді.

Бекіре тәрізділер (лат. Acіpenserіformes) — сүйекті балықтардың шеміршекті-сүйекті балықтар класс тармағына жататын отряды. Бекіре тәрізділер — мезозой эрасының юра кезеңінде пайда болған балықтардың ежелгі тобы. Олардың 2 тұқымдасы (бекірелер, ескектұмсықтылар), 4 туысы, 25 түрі (оның ішінде Сырдария тасбекіресі, Арал бекіресі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген) бар. Бекіре тәрізділер Солтүстік Американың Миссисипи, Мисcури өзендерінде, Еуропаның Азов, Қара, Каспий, Балтық теңіздерінің алаптарында, Азияның солтүстік бөлігінде, ал Қазақстанда Каспий, Арал, Балқаш алаптарында, Ертіс өзенінде таралған. Бекіре тәрізділердің кейбір белгілері (тұмсығы, су шашқыш саңлауы, тоқ ішегіндегі иір қатпарлар, үстіңгі құйрық қанаттары, т.б.) шеміршекті балықтарға ұқсас, денесінде ұзына бойы орналасқан 5 қатар мүйізді шытырасы, тұмсығының астында көлденеңінен орналасқан 4 мұртшасы болады. Бекіре тәрізділердің денесі ұршық пішінді, кейбірі арқасынан құрсағына қарай жалпақтау, денесінің ұзындығы 27 см-ден 7 — 9 м-ге, салмағы 2 кг-нан 1 — 2 тоннаға (қортпаларда) дейін жетеді. Олар тұщы суда, ал кей түрі теңіздің ащы суында тіршілік етеді. Уылдырығын өзеннің тасты, құмды жеріне шашып, теңізге қайтып оралады. Торсылдағы жақсы жетілген, желбезек қақпағы бар, сырттай ұрықтанады. Бекіре тәрізділер шаян тәрізділермен, моллюскілермен, ұсақ балықтармен қоректенеді. Бекіре тәрізділер — өте бағалы балық болғандықтан, кәсіптік маңызы зор. Олар дәмді еті мен уылдырығы үшін ауланады. Батыс Қазақстанда, Жайықтың бойында бекіре балықтарының шабағын өсіретін екі зауыт бар. [2]

Алабұға тәрізділер (Percіformes) — сүйекті балықтардың бір отряды. Алабұға тәрізділердің қазба қалдықтары жоғары бор кезеңінен сақталған, көптеген түрі эоцен дәуірінде тіршілік еткен. Алабұға тәрізділер бүкіл дүние жүзі суларында таралған. Олар өзендерде, теңіздерде тіршілік етеді, сондай-ақ өзендерден теңіздерге өрістеп шығатын жартылай өткінші түрлері кездеседі. Алабұға тәрізділердің ғылымда 149 тұқымдасы, шамамен 1200-дей туысы және 6500-дей түрі белгілі. Денелерінің ұзындығы бірнеше см-ден 4-5 м-ге дейін жетеді де, ал салмағы 10-12 кг-нан асады. Арқа қанаты үшкір тікен тәрізді және жұмсақ екі бөліктен тұрады. Бұл мүшелері кейбір түрлерінде қосылып кетеді, ал кейбіреулерінде жеке болады. Торсылдағы ішегімен жалғаспайды. Қазақстанда кәсіптік маңызы бар көксерке, берш, кәдімгі алабұға, балқаш алабұғасы сияқты түрлері тараған.

Тұқылар (Cyprіnіdae) – тұқытәрізділер отрядының бір тұқымдасы. Тұщы суда тіршілік етеді, араларында өткінші түрлері де кездеседі. Жер шарында кең тараған (тек Оңтүстік Америка мен Мадагаскарда кездеспейді), 19 ғасырдың аяғында Австралияда жерсіндірілген. 270 туысы, 1500-дан астам түрі белгілі. Қазақстанның барлық су айдындарында кездесетін 33 туысы, 90-ға жуық түрі бар. Уылдырығын негізінен су түбіндегі шөпке шашады, араларында тасқа немесе құмға шашатындары да кездеседі. Тұқылар – кәсіптік маңызы бар балықтар (қаракөз, сазан, тыран, оңғақ, шемей, т.б.). Сондай-ақ балық тоғандарында жақсы өсіріледі және жерсіндіруге бейім келеді (тұқы, табан, ақ амур, дөңмаңдай, т.б.). Қазақстанда күтім, шортантәрізді ақмарқа, арал қаязы, түркістан қаязы, шу сүйрік аққанаты, көкбас – өте сирек кездесетін балықтар, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Тұщы су балықтары. ТМД теңіздері мен өзен-көлдерінде 120 түрі белгілі. Уылдырығын өсімдіктерге, топыраққа, суға шашады. Тұқы балықтар, (қаракөз, табан, сазан, оңғақ балық т.б.) кәсіпшілік балықтар түрі болса, тұқы, мөңке, дөңмаңдай көбейту мен жерсіңдіру балықтары. [1

Информация о работе Атлантик-Ляхс балығы