Антропогендік ластанудың негізгі көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 20:19, реферат

Краткое описание

Антропогендік фактор – адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.
Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары. Т.б. жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Биосфера.docx

— 47.81 Кб (Скачать документ)

 

Аталған мақсатқа келесі мәселелерді шешу арқылы қол жеткізіледі:

 

- мемлекеттің тұрақты  дамуға көшу кезеңінде өндіріс саласындағы қоршаған ортаны құқықтық қорғау ерекшеліктерін табу;

 

- өндірістегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама мен басқарудың жағдайын бағалау және оны құқықтық реттеудегі кемшіліктер мен ақаулықтарды табу;

 

- осы саладағы экологиялық  заңнамамен және Қазақстан Республикасы  заңнамасының басқа салалардағы нормаларының ролі мен маңызын анықтау;

 

       - құқықтық  реттеудің тиіміділігін және  жоғарылату үшін ғылыми ұсыныстарды,  соның ішінде, заңнаманы ұйымдастырушылық-құқықтық  және экономикалық механизмдері  мен заңды жаупкершілік нормаларын жетілдіру.

 

       Зерттеудің  әдістемелік негізі болып динамикалық және тарихи материализм, қоғам мен табиғаттың өзара ықпалы туралы қазіргі таңдағы көзқарастар, (экономика және қоршаған орта); өндірістегі қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекет және құқық туралы, экологиялық қызметтің жалпы танылған халықаралық қағидалары мен конституциялық ережелері.

 

       Диссертацияда  сонымен қатар салыстырмалы-құқықтық, жүйелік, логикалық және тарихи әдістер қолданған.

 

       Теоретикалық  негізді мемлекет және құқықтың  жалпы теорясы мәселелері бойынша  С.С.Алексеева, В.С.Нерсесянц, Булгакова  Д.А. Баймаханов сияқты ғылым-заңгерлер  ғылыми еңбектері құрады.

 

        Тақырыпты  зерттеу кезінде диссертациядағы  талдаулармен байланысты экологиялық  мәселелерді зерттейтін философ,  эколог, экономист, тарихшылар, білімнің  басқа саласының өкілдерінің жұмыстары пайдаланылды.

 

        Зерттеудің  нормативік негізін болып Қазақстан  Республикасының Конституциясы,  Қазақстан Республикасының экологиялық  кодексі, өндіріс саласындағы  қоршаған ортаны қорғау  қатынастарын реттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік актілер құрады.

 

       

 

Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер:

 

1. Өндіріс саласында қоршаған ортаны құқықтық қорғау – бұл қоршаған ортаға өнеркәсіптік қызметтің зиянды әсерін алдына алуға және  және оның бұзылған жағдайын қалпына келтіруге бағытталған өнеркәсіп кәсіпорындарымен және арнайы құзіретті мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын құқық нормаларында бекітілген шаралар жүйесі.

 

2. Өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары әртүрлі иерархиялық деңгейдегі және салалық бағыттағы бөлек нормативтік құқықтық актілерде бекітілген. Осы қағидалар қолданыстағы заңнамада бекітілуі тиіс, яғни 03.04.2002 жылғы «Қауіпті өндіріс объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында.

 

3. Өндірістік қызметтің  зиянды әсерінен қоршаған ортаны  қорғау нормалары өнеркәсіптік  қызметтің қоршаған ортаға теріс  әсерін алдын алуға және оның  бұзылуын қалпына келтіруге бағытталағн  өнеркәсіптік кәсіпорындарымен және арнайы құзырлы мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын қызметті реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылатын өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау атты құқықтық институттың құрамдас бөлігі болып табылады.

 

Өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау нормалары даму үшін айқын  келешегі, жасақталып жатқан нормативтік  базасы бар, яғни  өмір сүруге құқығы бар дербес құқықтық институт болып табылады.

 

4.Экологиялық және өнеркәсіптік  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  қазіргі кезеңнің екітұсты мақсаты  болып тұр. Сондықтан болашақта  өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаудың мақсаттары, міндеттері, қағидалары,

 

қоршаған ортаны қорғау саласында  кәсіпорындардың құқықтық мәртебесі, олардың мақсаттары, құқықтары мен  міндеттері, шаруашылық қызметтің кезеңдеріне  қойылатын экологиялық талаптар, экологиялық қызмет, оның құрылымы, мақсаты мен қызметі, экономикалық механизм мен заңды жауапкершілік  бекітілген «Өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңын қабылдау керек.

 

5. Өндірістік кәсіпорындардың құқықтық мәртебесін бекітетін нормативтік құқықтық актілерде (19 маусым 1995 жылғы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», 5 қазан 1995 жылғы «Өндірістік кооператив туралы», 22 сәуір 1998 жылғы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», 13 маусым 2003 жылғы «Акционерлік қоғамдар туралы», 2 маусым 1995 жылғы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» ҚР Заңдарында) кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қойылатын экологиялық талаптар жоқ болғандықтан, оларды заңды тұлғалардың экологиялық-құқықтық мәртебесін, кәсіпорын жұмыскерлерінің экологиялық құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, кәсіпорынның экологиялық қызметін құру тәртібі  мен оның функцияларын  бекітетін (кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау департаменті, кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша маман) жаңа нормалармен толықтыру қажет.

 

6. 9 қаңтар 2007 жылғы ҚР Экологиялық кодексінде атмосфералық ауаны қорғауға бойынша экологиялық талаптар туралы нормалардың жоқ және ол Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының кемшілігі болып табылады.

 

 Шаруашылық қызметтің  кезеңдеріне байланысты: атмосфералық  ауаға әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да  объектілерді орналастыру, жобалау,  салу, пайдалануға енгізу бойынша  атмосфералық ауаны қорғау туралы  нормалары қамтылған 9 қаңтар 2007 жылғы ҚР Экологиялық кодексін  «Атмосфералық ауаны қорғау бойынша экологиялық талаптар» атты дербес Тараумен толықтыруды ұсынамыз.

 

ҚР Экологиялық кодексін осылай өзгерту жаңа нормаларды тәжрибеде дұрыс қолдану арқылы  атмосфералық ауаның ластану мәселесін әрі қарай шешуге мүмкіндік береді.

 

 

 

        Жұмыстың теоретикалық және тәжірибелік маңызы.

 

        Жұмыстағы  қорытындылар, ұсыныстар теоретикалық; және тәжірибелік маңызға ие:

 

          а) өндіріс саласында заңнамалық қызметтің негізгі бағыттарын белгілеуге және экологиялық қатынастардың құқықтық реттелуінің теоретикалық негізін қалау үшін;

 

          ә) өндіріс саласындағы қызмет ететін атқарушы билік және басқару органдарының, кәсіпорын мен ұйым әкімшіліктерінің қызметін жетілдіру үшін;

 

          б) қазіргі таңдағы экологиялық  құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік шараларының тиімділігін жоғарылату үшін пайдаланылуы мүмкін.

 

 

 


Информация о работе Антропогендік ластанудың негізгі көздері