Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 19:18, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Африкадағы ұлттық саябақтардың маңыздылығын және орналасуын, бір-бірлерінен ерекшеліктерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жасау және оны меңгеру;
Тақырыптың негізгі сұрақтарын және мақсатын анықтау;
Африкадағы ұлттық саябақтарды жетік білу, зерттеу.
Дамытушылығы – Африка материгі жайлы білім бере отырып, олардың өзгешеліктерін түсіну, тек қана саябақтары ғана емес сонымен қатар орналасу жағдайы, физикалық жағынан сипаттма беру, оқушыларға үйрету.
Көрнекіліктер:
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) | |
Мұғалім әрекеті |
Оқушылар әрекеті |
|
Оқушылар амандасады. Кезекші сыныпта жоқ оқушылар тізімін айтады. Үй тапсырмасына дайындалады. |
Үй тапсырмасын сұрау (10 мин) | |
Үйге берілген үй тапсырмасын ауызша сұрау. Қосымша сұрақтар қою |
Оқушылар үй жұмысын айтады. Сұрақтарға жауап береді. |
аңа Жтақырыпты түсіндіру (15 мин) | |
|
Оқушылар күнді және жаңа тақырыпты өз дәптерлеріне жазады. Жаңа тақырыптағы жаңа терминдерді дәптерлеріне жазып алады. Түсінбеген жерлері болса сұрақтарын қояды.
|
Жаңа тақырыпты бекіту (10 мин) | |
|
Оқушылар жаңа тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Тақырып бойынша жаңа терминдерді қайталап, бекітеді. |
Үй тапсырмасын беру (2 мин) | |
|
Оқушылар күнделіктерін ашып, үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады. |
Бағалау | |
Сабақ үстінде белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. |
Бағаланған оқуышлар күнделіктеріне бағаларын қояды. |
ҚОРЫТЫНДЫ
Африка жерінің 10%-ға жуығын орман алқабы алып жатыр. Орман әсіресе Шығыс (287 млн га) және Экваторлық Африкада (500 млн га) кең таралған. Бірақ орман ағаштарын аяусыз кесу нәтижесінде оның аумағы жылдан – жылға азаюда. Тек Габон, Заир, Конго сияқты елдерде ғана шаруашылық маңызы сақталған. Африканың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі де оның басты байлығы болып саналады. Әсіресе гүлді өсімдіктер мен тұяқты сүтқоректілердің маңызы ерекше.
Қазіргі уақытта Африка елдері табиғат байлықтарын зерттеу мен қорғау жұмыстарына кірісе бастады. Солтүстік Африка елдері жылжымалы құмдарға тосқауыл болатын 1500 км орман алқабын отырғызды. Сахара табиғатына зерттеулер жүргізіліп, оның қойнауынан көптеген пайдалы кен орындары мен үлкен тереңдікті тұщы судың едәуір қоры табылды. Оны бұрғылау арқылы артезиан құдықтарының саны артты, суға мұқтаждық біршама азайды. Сахараның қайталанбас ерекше табиғатын сақтау, қорғау және егжей – тегжейлі зертеу мақсатында, ол дүниежүзілік «Биосфераның алтын қорына» енгізілді. Сахарамен бірге бұл қорға Мадагаскар аралы да кірді. Африка материгінің өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі өзіндік құрылымымен ерекшелінеді. Осындай алуан түрлі тіршілік дүниесі 150-ден аса ұлттық саябақтар, қорықтар мен қорыққорларда қорғауға алныған. Олардың ең жиі шоғырланған ауданы – материктің шығысы мен оңтүстігі.
Кенияда ұлттық саябақтар мен қорықтар ел жерінің 15%-ын алып жатыр.
Ұлттық саябақтардың ең маңыздылары: Вирунга ( Заир мен Руанда жерінде), Серенгети және Нгоронгоро (Танзания), Крюгер ( ОАР) және төменде аталатын ұлттық саябақтар кіреді. Атап айтатын болсақ: Вирунга, Серенгети, Ишкель, Найроби, Масаи Мара, Килиманджаро, Крюгер ұлттық саябақтары бар. Бұл ұлттық саябақтар өздерінің территорияларымен, қорғалатын өсімдіктер мен жануарларымен бір – бірінен ерекшелінеді.
Осы курстық жұмыста барлығы Африканың 7 ұлттық саябағына сипаттама берілді. Олардың бір – бірлерінен жануарлар және өсімдіктер әлемімен ерекшелінетіні, территориясы жайында сөз қозғалады. Бұл қорықтар тек қана Африкада ғана маңызды емес, сонымен қатар бүкіл әлемге де аты жайылған ұлттық саябақтар бар.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: