Африка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 21:19, курсовая работа

Краткое описание

Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2. Тұрғыны : 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы - 30500 км.
Африканы эк

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3
І тарау Африкаға жалпы сипаттама......................................................4
1.1 Тектоникалық құрылысы және рельеф типтері.............................6
1.2 Климаты, ішкі сулары......................................................................8
1.3 Топырағы......................................................................................... 17

ІІ тарау Жануарлары мен өсімдік жамылғысы...................................18
Өсімдік жамылғысы.....................................................................
Жануарлар дүниесі.......................................................................

Пайдаланған әдебиеттер....................................................................... 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

АФРИКА курсовой.doc

— 626.00 Кб (Скачать документ)

                                                         Мазмұны

 

 

Кіріспе .....................................................................................................3

І тарау Африкаға жалпы сипаттама......................................................4

1.1 Тектоникалық құрылысы және  рельеф типтері.............................6

1.2 Климаты, ішкі сулары......................................................................8

1.3 Топырағы......................................................................................... 17

 

ІІ тарау Жануарлары мен өсімдік жамылғысы...................................18

    1. Өсімдік жамылғысы.....................................................................
    2. Жануарлар дүниесі.......................................................................

 

Пайдаланған әдебиеттер....................................................................... 31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

                                 

 

                                  Кіріспе 

                                      

       Африка- Жердің, Евразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы -30,3 млн. км2, аралдарсыз -29,2 млн. км2. Тұрғыны : 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет               Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы - 30500 км.

      Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі  Сомали, құрлықтың шығысында Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба,  Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан.

 « Африка » деген  сөз- латынның « африа » деген  сөзінен шықты делініп жүр,ол « аясыз »деген ұғым береді. Африка – Жер шарындағы ең ыстық материк, олай болу себебі- материктің Солтүстік және Оңтүстік тропиктер аралықтарындағы географиялық жағдайының ерекшеліктеріне,  яғни ыстық жылылық белдеуге орналасуына байланысты.

         Африка мен Евразия шығыс жарты  шардың біртұтас құрлық массивін  құрайды, бұларды басқа материктерден  мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліптастаған.  
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль-Абьяд мүйісі (37˚20' с.е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с.е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпaқ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді.  
Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені - Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар.

        Африканың экватордан екі қапталындағы  негізінен- тропиктік экваторлық  кеңістік алабындағы орны жоғары температураның  басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы  Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс рельефтің басым боулы және географиялық орны зоналықтың айқын көруінежағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама  біртектес  болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ қңірлер экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі бірсыдырыңғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.

 

 

 

                  І тарау. Африкаға жалпы сипаттама

 

         Біздің эрамыздан көптеген ғасырлар бұрын материктің жағалауы мен ішкі аудандарында Азия мен Солтүстік Африканың халықтары: финикиялықтар, египеттіктер, карфагендіктер болып тұрған. Ерте орта ғасырда Шығыс және Солтүстік Африкаға Арабия түбегінен арабтар өткен.  
       XV ғасырда португалдықтар Индияға апаратын жол іздеу барысында Африканың жағалауын зерттеген. Бұл, құл сйудасының және африка елдерін европалықтардың басып алуынынңбастапқы кезеңі болатын. XVIIІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде Англия мен Франция материктің ішкі жағындағы бірнеше отарларды жаулап алды. Бұл жаулаулар кезінде ашылыстар мен зерттеулер қатар жүргізілді. 1788 жылы ағылшындар «Африканың ішкі бөліктерін ашуға жәрдем ететін ассоциация» құрды. ХІХ ғасырдағы зерттеулердің айтарлықтай нәтижесі - Африканың eң ірі өзендері Нигер, Ніл, Конго және Замбези бассейндерінің зерттелуіне байланысты негізгі гсографиялық проблемаларды шешу болды. Орталық және Оңтүстік Африканы зерттеп білуге ағылшын ғалымымы Д. Ливингстон үлкен үлес қосты. Ол отыз жыл бойы (1843 -1873) Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі және Кейптауннан экваторға дейінгі ұлан-байтақ кеңістікті зерттеді.  
       ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ніл мен Конго суайрығы облысын зерттеу жұмыстарын орыс ғалымы В. В. ІОнкер жүргізді.  
       ХІХ ғасырдың бірінші жартысында түгел континенттің тұтастай және оның жекелей бөлшектері немесе елдері геогрйфиясы ірі жинақталған жұмыстар жасалды.  
Африканы зерттеудегі ірі бетбұрыс 1960 жылы басталды, өйткені ол кезде бұрынғы отарлардың орнына жаңа, жас тәуслсіз мeмлекеттер пайда бола бастады. Олардың үкіметтері социалистік елдердің, бірінші кезекте Советтер Одағының көмегімен аса бай табиғи ресурстарды: қазба байлықтарды, гидроэнергетикалық ресypстарды, жер асты су көздерінің қоры және т.6. іздестіруге және пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізуде. Сoнымен қатар Африканың әр түрлі аудандарында 6ілімнің сан алуан саласы үшін үлкен теориялық маңызы бap зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Олар: Шығыс Африканың рифтік зоналары облыстарын комплексті зсрттеу, антропогеннің палеографиясын , оньщ ішінде адамның пайда болғанға дейінгі жағдаятын зсрттеу т.б 
       Біздің елімізде Африка жөнінде ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттер мен картографиялық материалдар жарық көріп тұрады. 

       Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияға қарағанда Африканың жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің карапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 метр кұрайды.  
Африканың экватордың екі қапталындағы нсгізінен тропиктік-экваторлық кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс рельеeфтiң басым болуы және географпялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер экватордан солтүстікке және онтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді. Африка түгелдей дерлік  біртұтас платформаның ғимарат- Африка платформасына жатады. Ол ежелгі материк Гондвананың құрамына кірген. Гондвананың қалыптасуы бүкіл археозой және протерозой бойы жүрген.

        Материктің конфигурация ерекшелігі- оның Солтүстік бөлігінде  кеңейтілген (Батыстан шығысқа созылған ұзындығы: 7500 км )және оңтүстік жағының  екі есеге тартылғаны болып табылады.Континент Атлант және Үнді мұхитының суларымен және оның теңіздерімен горстар және шайылады.

   Африкаға жақын  Магаскар аралы және көптеген  топаралдар яғни, Канар, Жасыл  Мыс және т.б орналасқан.

Ғалымдардың жорамалдары бойынша «Африка» сөзі материктің солтүстігін мекендеген африги атты бербер тайпаларының  атауымен шыққан.

ХVІІ ғ аяғында және ХІХғ басында  Еуропалық елдердің Африканы зерттеуге  қызығушылығы арта бастады. Африканы зерттеушілерден  ең танымал ағылшын саяхатшысы Д. Ливингстон, М Парк, Г Барт, Г.Стенли және т.б болды. Олар материктің ішкі облыстарын зерттейді , өзендерді аралап, олардың бастауыл іздеу, көлдерді суреттеп, континенттің табиғатын және халқын сипаттап жазды.

Материктің жер бетінің құрылысы біркеллкі. Биіктігі 200-1000м-ге дейінгі жазықтар мен жайпақ таулар басым, ойпаттар аз. Ең көлемді жайпақ таулар шығыс Африкалық және оңтүстік Африка көтеріңкі қарай шұңқырлармен алмасады. Ең үлкені- Калахари қазаншұңқыр Конго ойпаңы және т.б Ежелгі Африка-Араб платформасы яғни, Гондвананың жарылған бөлігі континенттің негізі болып табылады.Шығыс және Оңтүстік Африка жері бедерінің қалыптасуы басқаша- жер қыртысының көтеріңкі  басым, алып жарылымдар, горстар және грабелдер пайда болды, Африканың қазіргі саяси картасында 55 мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия (Марокко, Лесото, Свазиленд),Намибияда федерациялық республика, ал қалғандарында республикалық мемлекеттік құрылым орныққан. Африка елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың бір жақты мамандануы, яғни экспортқа бағытталған шикізат немесе азық-түлік өндіру сақталған.

                        

 

 

 

 

       1.1 Тектоникалық құрылысы және рельеф типтері

 

     Африканың даму ерекшеліктері  оның жер беті құрылысының сипатты ерекшеліктерін айқындайды. Материктің көпшілік бөлігін африка платформасы алып жатыр, оған перм-карбон  және триастан бастап, неогенге, антропогенге дейінгі тегістелу беттері кең тараған жазық релькф тән, олардың арасында оқшау шығып тұратын жақпарлы тау массивтері мен вулкандық  таулар бар.

     Платформаның  қазіргі негізгі құрылымдық элементтері  палеозойдың басынан қалған. Солтүстік, Сахара – Аравия бөлігіне палеозойлық және фанерозойлық жамылғысы бар плиталар мен синеклизалардың таралуы тән ( Сахара плитасы, Тауденна, Мали- Нигерия, Чад т.б синеклизалар), олардың арасында архей-протерозой фундаментінің көтеріңкі учаскелері орналасқан (Ахаггар, Регибат, Леона- Либерия т.б массивтер).

    Платформаның Камерун-Қызыл теңіздің солтүстік шеті сызығынан оңтүстік- шығысқа қарай жатқан бөлігі, көтерілуі басым тенденцияны бастан  өткерген және әсіресе шығыста, күшті тектоникалық  жандауға ұшыраған. Синеклизалар оңтүстік субконтинеттік  ішкі бөліктерін  ғана алып жатыр, олардың білігі 20 меридианды бойлап өтеді. Конгоның ең солтүстігі  және ірі экватор бойы қазан шұңқыры оңтүстікте шығынырақ – Окованго және басқа қазан шұңқырлармен алмасады. Шығыстағы және оңтүстіктегі ең үлкен дөңдерге Қызыл теңіз рифтімен қақ жарылған Нубия- Аравия қалқаны, Мозамбик протерозой қатпарлық белдеуі және т.б жатады.

    Платформа солтүстігі мен оңтүстігінде қатпарлық  аймақтармен белдеуленген. Оңтүстікте ол- палеозойлық Қап облысы, солтүстікте- Жерорта теңіздік  белдеудің бір бөлігі болып табылатын Атлас қатпарлы аймағы.

    Африка шегіндегі  негізгі жазықтық- платформалық  морфоқұрылымдардың типтері мыналар:Археозой  протерозой  фундаментіндегі тұғырлы  жазықтар мен таулы үстірттер. Африканың солтүстігінде олардың биіктіктері әдетте 500м аспайды және оқта-текте 1000м жетеді. Жайдақ белесті кристалдық беттердің арасында бұзылуға бейім  жыныстардан түзелген тау жұрнақтары мен бұйраттар көтеріліп тұрады. Рельефтің мұндай  типі ежелгі синеклизаларды бөліп тұрған, шамалы жанданған массивтерде тараған:

     Горизонталь   немесе еңкіш және сатылы  қабатты  жазықтар мен қыраттар, олар ежелгі  синеклизалардың  шеткері жағындағы   шөгінді жамылғы кең тараған  аудандарда және мезозой мен кайнозойдың  бірінші жартысында шөккен материктің шеттеріне тән. Рельефтің мұндай типі  фундаменттің жер асты дөңдерінде немесе ірі көтерулер алабындағы ежелгі иіндерінде кездеседі. Қабатты жазықтар мен қыраттар эрозиялық тілімденуге ұшыраған  жас және терең, ежелгі әрі әр түрлі де болып келеді.

     Беті неогеннің  және антропогеннің теңіздік  немесе континенттік шөгінділерінен  тұратын аккумуляциялық жазықтар. Олар ежелгі синеклизалардың  орталық бөлігін  алып жатады  немесе жас трансгрессияға ұшыраған материктің шетіне жайғасады.

    Таулы рельеф Африка платформасының жанданған учаскелеріне де, материктің солтүстік және оңтүстік аймақтарының жас қатпарлық учаскелеріне тән.

    Платформа шегінде жарылулар мен вулканизммен қоса қабат жүрген мезокайнозойлық және неотектоникалық көтерілулердің нәтижесінде пайда болған қайта жаңарған эпиплатформалық таулар мен тау қыраттар етек алған. Олар негізінен Африканың шығыс шетіне оны кесіп өтетін рифтік зоналар бойына тән. Бірақ таулы рельефтің жекелеген учаскелері  тектоникалық жандануға ұшыраған массивтермен ( Ахагтар Тибести, Дракон таулары және басқалар) байланысты жазықтық- платформалық облыстардың арасында да орналасады. Жаңғарған таулардың морфоқұрылымдық типтері мынандай:

    Фундамент шығып жатқан облыстарда пайда болған тұғырлық жақпарлы үйінді таулар мен таулы қыраттары:

   Шөгінді жыныстар мен вулкандық жамылғылар тараған облыстарда пайда болған төрткүл таулар:

   Жарық жүйелеріне шоғырланған вулкандық таулар мен вулкандық үстірттер:

    Жас иіндер мен рифтік зоналардың түптеріндегі аккумуляциялық жазықтар.

Қап таулары қазіргі рельефте айқын  көрінетін қатпарлы құрылымы бұрыннан сақталған өте сирек кездесетін жаңғырған таулар типіне жатады.

   Атластық облыс құрамына герцин құрылымдары кіреді. Бұл құрылымдарды мезо-кайнозой қозғалыстары қайта өңдегені соншалық, оларды Жерорта теңізінің қатпарлық аймағының бір бөлігі деп қарайды.Әлдеқайда көне бұл құрылымдар Атлас облысының орта және оңтүстік бөлігін алып жатса, оның солтүстік тізбектері негізінен миоценнің соңғы, плиоценнің бас кезінде пайда болған құрылымдар болып табылады.  Облыс шегінде мынандай морфоқұрылым типтері бар: қатпарлы және қатпарлы жақпарлы орта және биік таулар, вулкандық таулар, платформаның оқшауланған учаскелерінің жақпарлы массивтері, тегістелген және шөгінді жыныстармен жабылған палеозой құрылымындағы тауаралық иіндердің аккумуляциялық жазықтары. Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның солтүстік-батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терең ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік-батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңтүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаhар (Дракон) тауларына ұласады

Информация о работе Африка