Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 18:27, реферат
Абылай (Әбілмансұр) хан —1771-1781 жылдары билік құрған. Абылай – үш жүздің басын қосқан данышпан хан, алып мемлекеттердің аузына іліктірмей елін сақтап қалған кемеңгер дипломант, жаумен айқаста жеңістің жолын таба білген көреген қолбасшы. Хан қазақ халқын тар жол, тайғақ кешулердің талайынан аман алып қалды.
Мазмұны
1. Өмірбаяны
2.Хан тұсындағы Қазақ хандығы
3. Дереккөздер
Абылай хан
18-ші Қазақ ханы
Орта жүздің ханы
1771-1781ж.ж.
Ізашары:
Әбілмәмбет хан
Ізбасары:
Уәли хан
Дүниеге келуі:
1711 жыл
Қайтыс болуы:
1781 жыл
Жерленді:
Түркістан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Әкесі:
Көркем Уәли Сұлтан
Жұбайы:
Қарашаш
Балалары:
Уәли хан, Қасым сұлтан
Абылай хан
Мазмұны
Абылай хан | |||
| |||
1771-1781ж.ж. | |||
Ізашары: |
Әбілмәмбет хан | ||
Ізбасары: |
Уәли хан | ||
Дүниеге келуі: |
1711 жыл | ||
Қайтыс болуы: |
1781 жыл | ||
Жерленді: |
Түркістан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі | ||
Әкесі: |
Көркем Уәли Сұлтан | ||
Жұбайы: |
Қарашаш | ||
Балалары: |
Уәли хан, Қасым сұлтан |
Абылай (Әбілмансұр) хан —1771-1781 жылдары билік құрған. Абылай – үш жүздің басын қосқан данышпан хан, алып мемлекеттердің аузына іліктірмей елін сақтап қалған кемеңгер дипломант, жаумен айқаста жеңістің жолын таба білген көреген қолбасшы. Хан қазақ халқын тар жол, тайғақ кешулердің талайынан аман алып қалды.
...Күңіреніп ойлағанда алаш жайын,
Жанымды орай берсе ұлы уайым.
Кеудемде күннің нұры толғандай боп,
Жырлаймын алты алаштың Абылайын.
Мағжан Жұмабаев.
Абылай хан – атақты қазақ хандарының бірі, бірегей қолбасшы, дарынды дипломант, қазақ жерін біріктіруші. Сондай – ақ ол құлдан хан болған, халқына қорған болған, жұртын біріктірген, жерін бүтіндеген. Елінің еңсесін көтерген, қазақ қоғамын дамытқан, талай – талай дастандардың бас кейіпкеріне айналған, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы тарихи тұлға.
Өмірбаяны
Абылай хан (1711-1781ж.ж.) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында балалық шағы от пен жалынның, қайғы мен қасіреттің, өлім мен өмірдің ортасында өтті. Ел арасындағы өзара қақтығыста әкесі Уәли қаза тауып, оннан жаңа ғана асқан Әбілмансұр Түркістанға қашып келіп, Төле бидің қолына келеді. Төле би оның жүдеген жүзіне қарап «Сабалақ» деген ат беріп, түйесін бақтырған. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.
Бір күні Төле би ауылдан келе жатса Сабалақ төрт тағандап ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би жолдастарына айтыпт: «Мынау Сабалақ қалай ұйықтап жатыр, соны білесіңдер ме?» - депті
Жолдастары: «Би, біз қайдан білейік» - депті.
Төле би: «Қолым жеткенше ұстаймын, аяғым жеткенше барамын, дүниенің төрт бұрышын тіреп тұратын ұлмын дегені ғой мына ұйқысы. Бұл төрт рулы елді билейді екен» - депті.
Бірақ Төле бидің «құлы» болу ол үшін үлкен мектептен өткенмен парапар болғаны белгілі. Сол кезде «Сабалақтың» бойындағы тектілік қасиеттері жұртты таңдандырып, Төле бидің назарын да өзіне аударған екен.
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде
болуы Абылайға зор ықпал жасады.
Қазақ даласының даналығын
1723 жылы жоңғар билеушілері
қазақ жеріне сансыз әскермен
басып кіріп, ойран салды.
Хан тұсындағы Қазақ хандығы
1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады.
Абылай көреген саяси
қайраткер бола отырып, қалмақтармен
аса ауыр соғыстардан қалжыраған
елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды
да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда
ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы
да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп,
орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге
келісім білдіреді. Сонымен бір
мезгілде қазақ халқының тұтастығын
сақтау мақсатында Шың империясымен
де қарым қатынасын суытпады. Петербург
пен Пекинге елшіліктер аттандырды.
Ол Ресей мен Қытай империяларының
өзара қайшылықтарын қазақ
Жазба деректерде Абылайдың
шетел басқыншыларына қарсы табанды
соғыс жүргізгендігі айқын
Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам,Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.
1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.
Дереккөздер