Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2013 в 13:33, реферат
Облыс аумағындағы жер нарығын қалыптастырып, тәжірибеге ендіру үшін Басқарма мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізуде. Жерді жеке меншікке беру және жерді ұтымды пайдалану үшін аукциондар мен конкурстар арқылы жер учаскелерін сату жұмыстары атқарылуда. Кепiлдiк жарна аукцион өткiзу туралы хабарламада белгiленген нысанда әрi тәртiппен және заңнамаға сәйкес енгiзiледi.
Кіріспе________________________________________________2-3
1. Жер ресурстарын пайдаланудың теориялық негізі___________________ 4-5
2 Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарының дамуы тарихы.___ _6-8
3 Жер - өндірістің және ауылшаруашылық өндірістің негізгі құралы.____ 9-10
4 Жер ресурстары проблемасының қазіргі жай-күйін талдау____________11-12
Қорытынды.______________________________________________________13
Пайдаланылған әдебиеттер:_________________________________________
Міне, осы тұста біз жердің өзіне тән ерекшелігін, маңызы мен мәртебесін есте ұстауымыз қажет. Жер – өндіріс құралы. Адамдар жерді пайдаланып жұмыс істейді. Оның үстіне, ол – өндіргіш күш. Себебі, жерге бидай тұқымын ексең, ол күзде бірнеше есе көбейіп шығады. Енді осылардың сыртында жер – табиғи фактор. Бүкіл жаны бар тіршілік оның аясында дамиды. Одан қуат алады.
Осындай үлкен ерекшеліктеріне байланысты
адамдардың жермен қарым-қатынасы бірнеше
заңдылықтар бойынша реттеледі. Жерді
сақтау, қорғау мәселелері көбінесе, Жер
кодексі мен табиғат қорғау заңдарына
бағындырылса, адамдардың үй салу үшін
жер телімін алуы, оны пайдалануы Жер және
Азаматтық кодекстермен, басқа да заң
аясындағы актілердің қатысуымен реттеліп
отырады. Ал жерді өндірістік тұрғыдан,
қазына байлығы ретінде игеру, оның күтіміне
мән беру, басқа да ерекшеліктерін көбіне
Жер кодексі мен экономикалық саланың
заңдары реттейді.
Сонымен, ата-бабаларымыздан мұраға қалған
біздің туған жеріміз – біздің тұрмыс-тіршілігіміздің
негізгі қайнар көзі, сан-түрлі экономикалық
іс-әрекеттердің тоқайласар тұсы, тәуелсіз
мемлекет құруымыздың басты негіздерінің
бірі. Қазақстан халқының болашағы көп
жағдайда осы жердің ресурстық мүмкіндіктерін
қаншалықты шеберлікпен пайдалана білгендігіне
байланысты шешілетіндігі уақыт өткен
сайын айқындалып келеді. Сондықтан жер
байлығын дұрыс игеру, одан пайда болған
материалдық игіліктерді Қазақстан халқының
әл-ауқатының артуы, мәдени, саяси жетілуі,
бәсекеге қабілетті елге айналуы жолында
дұрыстап іске жарату мемлекеттік саясаттың
аса маңызды мәселесі болып отыр. Осы саясатты
жүзеге асырамын деп Елбасымыз да бір
сәт тыным көрмей келеді. Бүкіл дүниені
шарлап, тіршілігі алға басқан елдерден
әріптестер тауып, тиімді қарым-қатынастар
орнатуда. Уақыт өте келе халық бұл саясаттың
мәнін айқын түсінуде және оның алғашқы
жемістерінің дәмін сезініп те үлгерді.
Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін жер қатынастарын неғұрлым тиімді шешудің жолдары қарастырылғаны белгілі. Кеңес өкіметінің кезінде жер тек мемлекеттік меншікте ғана болды. Сөйтіп, Кеңес өкіметінде жер қатынасының тек бір ғана – жер пайдалану формасы ғана мойындалды. Жер оны пайдаланушыларға тегін беріліп отырды. Салық алынбады. Жер телімінің жылжымайтын мүлік ретінде мәртебесі болмады. Жерді жалға алуға тыйым салынды. Сөйтіп, социалистік жер заңдылықтарында жерді меншіктенудің, төлемді пайдаланудың, жердің азаматтық және нарықтық айналымын дамытудың құқықтық мәселелері шешімін таппады.
Экономикада нарықтық қатынастар жолына түскен Қазақстан осы тұста жер мәселесі жөнінде екі кеменің құйрығын бірдей ұстаған жанға ұқсап тұрды. Жер қатынастарының социалистік жүйесі нарықтық экономика жағдайында жер қатынастарын дамытудың мүмкіндіктерін жетілдіруге дәрменсіз болып шықты. Демек, бұл жүйеден бас тарту қажеттігін өмірдің өзі талап ете бастады. Ақырында жер жөнінде әлемдік тәжірибеге негізделген және еліміздің өз ерекшеліктері ескерілген жер реформасын жүргізу жолы таңдап алынды.
Негізінде жер реформасын жүргізуге деген қажеттілік Кеңес одағының тұсында-ақ пайда болғаны белгілі. Бірақ кеңестік жүйе оның жолын таба алған жоқ. Өйткені, бір орталықтан басқарылатын жоспарлы экономика мен сол кездегі әміршілдік тәсілдер, тек мемлекеттік меншіктің ғана үстемдік құруы бұл мәселені кең тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, адамдардың жерге деген шаруагерлік ынтасы бірте-бірте төмендей берді.
Елбасы өзінің «Қазақстан жолы» кітабының «Жер мәселесінің эволюциясы» атты тарауында «Реформаны әзірлей отырып, біз кеңестік Жер кодексі қоғамның жер қатынастары жөніндегі қажетін қанағаттандырмайды деген қорытындыға келдік. 1991 жылы маусым айында қабылданған «Жер реформасы туралы» заң жердегі әртүрлі шаруашылық формаларының тиімді қызметі үшін құқықтық және экономикалық шарттарды қалыптастыруға арналған еді. Сонымен бірге, бұл заң жеке меншік институтын енгізген жоқ. Ол тек аграрлық сектордағы дағдарысты жағдайларды еңсеру шартын ғана туғызды. Бұл заңның өтпелі кезеңдік сипаты болғандығын бәрі де түсінді»,- деп мәселенің пісіп-жетілу сипатын атап көрсетті.
Тәуелсіздік алған жылдан бері Мемлекет басшысының елімізді дамыту жөнінде алға қойған стратегиялық мақсатына, Үкіметтің сол стратегияны жүзеге асыру жөніндегі жоспарларына сай жүргізіліп келе жатқан жер реформасы казіргі күні өзінің шешуші сәтіне аяқ басты. Елімізде жер қатынастарын жаңа заман талаптары негізінде айқындап, тұрақтандыруға бағытталған, жер байлығымызды ел байлығына айналдырудың маңызды мәселелерін шешкен Жер кодексі қабылданып, жүзеге асырыла бастады. Біз жаңа міндеттер жүгін арқалатып отырған бұл кезеңге қалай жеттік, осы уақытқа дейін қандай шараларды жүзеге асырдық? Енді осыған келейік.
Бұл уақытқа дейін жер қатынастарының
социалистік жүйесінен нарықтық экономиканың
жағдайына бейімделген жаңа жер қатынастарына
көшу жер реформасын жүргізудің бастапқы
кезеңінің негізгі міндеті болып келгені
белгілі. Ол үшін жерге мемлекеттік меншік
монополиясын жою мен жердің кейбір санаттарына
жеке меншікті енгізу, жер телімдеріне
жер пайдалану және жеке меншік құқығын
беру, оны заңды түрде жылжымайтын мүлік
ретінде тіркеу, жерді ақылы пайдалану
жүйесін қалыптастыру, жер телімдерінің
кадастрлық бағасын анықтау, мемлекеттік
емес ауылшаруашылық ұжымдарының түрлерін
қалыптастыру, жаңадан нарықтық жағдайға
бейімделген мемлекеттік жер кадастрын
қалыптастыру секілді шаралар қабылданып,
жүзеге асырылды. Рет-реті, кезең-кезеңімен
жүзеге асырылған осы шаралар бір бірімен
қосыла келе, жер телімдерін нарық айналымының
бірінші сатысына шығару ісін қамтамасыз
етті. Нарық жолына түскен ТМД елдерінде
және әлемнің дамыған және дамып келе
жатқан алдыңғы қатарлы мемлекеттерінде
жер қатынастары осы модель негізінде
жүргізіліп келе жатқандығын айта кетсек
артық болмас.
Ендігі кезекте қолға алынып отырған міндеттердің
бірі жер ресурстарын инвестиция тартудың
сенімді көзіне айналдыру болып отыр.
Оны шешу үшін нарықтық жер айналымын
қалыптастырудың, фискалды саясатты іске
асырудың, жер телімдерінің ипотекалық
несие мәселелерін шешудің құқықтық-нормативтік
құжаттарын жетілдіруіміз керек. Осы ретте
назар аударатын үлкен мәселе жер кадастры
болып отыр. Себебі, жер кадастры Жер кодексінің
негізгі ережелерін жүзеге асырудың, жер
пайдаланушылардың құқығын қорғау мен
жер ресурстарының әлеуетін тиімді пайдаланудың
негізі болып табылады. Бұл іс қазіргі
күні мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған
ақпараттық жүйесін жасау және құру, осы
жүйеге инновациялық технологияларды
пайдалану арқылы іске асырылуда. Мәселен,
жер телімдерін ғарыштағы спутниктер
арқылы межелеу, ғарыштағы спутниктерден
жердің сапасы туралы алынатын мәлімет
– ақпараттарды пайдалану, географиялық
ақпарат жүйесінің (ГАЖ) технологиясын
пайдалануды кеңейту. Міне, осы мәселелерді
шешу арқылы біз өзіміздің жер кадастрымызды
әлемдік үлгіге сай қалыптастыратын боламыз.
Жер ресурстарын,
оның ішінде, ауылшаруашылық жерлерін
тиімді пайдаланудың тағы бір жолы – оны
қорғау, осы туралы заңдылықты бұзуға
жол бермеу, мемлекеттік бақылауды қатаң
жолға қою және жүзеге асыру.
Біз бұл мақсатқа жер мониторингін жүргізуді
жоғары деңгейге жеткізу, жердегі өзгерістерді
дер кезінде анықтау, болжам жасау және
кері әсері бар үдерістердің алдын алу
арқылы қол жеткізе аламыз.
Әлемнің озық елдеріндегі жақсы тәжірибелер
мен нарыққа көшуімізге байланысты туындайтын
қазіргі заман талаптары жер ресурстарын
басқарудың әдістері мен қағидаттарын
және олардың ғылыми-әдістемелік негіздерін
қайта қарастыруды қажет етеді. Басқарудың
осындай элементтерінің қатарына ГИС-технологиялар
негізінде жаңа жер кадастрын жүргізу,
жерді төлемді пайдалануға көшу, жердің
нарықтық айналымын қалыптастыру, жер
және жерге орналастыру мониторингін
жүргізу технологиясы жатады. Бұл мәселелер
қазір қолға алынып, іске асырылуда.
Жер ресурстарын жаңа жағдайда басқару
ісі өңірлік бағдарлама қабылдау, жерге
орналастырудың ішкі шаруашылық жобаларын
ландшафтық-экологиялық негізде жасау,
ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тартудың
негізгі көзіне айналдыру арқылы іске
асырылады.
Ғылыми бағдарламаның негізін құрайтын
жоғарыдағы әрбір үлкен мәселе зерттеулер
жүргізе отырып, олардың нәтижесін жер
пайдалану ісінде қолданып көруді қажет
ететін дербес тақырып болып табылады.
Олардың әрбірінің, атап айтатын болсақ,
мемлекеттік жер кадастрының, жер мониторингінің,
жерге орналастыру және жерді төлемді
пайдалану жөніндегі әдістемелер мен
нормативтердің еліміздің экономикалық
жағдайының жақсаруына тигізетін ықпалы
елеулі. Бұл шаралардың қай-қайсысы болмасын
өздерінің инновациялық сипатына сәйкес
еліміздің 2012-2014 жылдарға арналған үдемелі
индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын,
сондай-ақ өңірлік даму бағдарламаларын
жүзеге асыруға тікелей әсер етуге тиісті.
Сөйтіп, біз Елбасының басшылығымен жер
жөніндегі қатынастарды кезең-кезеңімен
дамыту қағидатын сақтай отырып, жерге
жеке меншік институтының қалыптасуына
дейін жеттік. Мұның өзі қазір еліміздегі
халықты жұмыспен қамтамасыз етуші негізгі
салалардың бірі ауыл шаруашылығына кәсіпкерлік
қызығушылықты оятуға түрткі болып, жеке
инвестициялардың келуіне жол ашып берді.
«…Жер кодексінің қабылдануы жер қатынастары
реформасының аяқталғандығын білдірмейді.
Өйткені, эволюциялық үдеріс дегеніміз
шексіз. Демек, біз болашақты бірігіп ойлауымыз
керек», деп атап көрсетті Елбасы.
Бұдан туатын қорытынды Қазақстанда жер
қатынастарын жетілдіріп, дамытудың негізгі
жолдары белгіленді. Елімізде жер қатынастары
саласындағы мемлекеттік бағыт сараланды.
Ендігі мәселе, Елбасының жоғарыда айтылған
қағидалық сөздеріне және қазіргі қалыптасқан
мемлекеттік идеологияға сүйене отырып
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеріміздің
игерілуіне бизнес қауымдастығы, халық
болып үлес қосу. Жерді игеру, күтіп ұстау,
ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне
бизнес неғұрлым сергек қараса, жер қадірі
де арта түскен болар еді. Міне, осыны мемлекеттік
қызметкерлер, кәсіпкерлер, ғалымдар,
шаруалар болып бірлесіп ойластырып, жер
мәселесіндегі заңдылықтарды талапқа
сай жетілдіріп, жаңа технологиялардың,
білікті, іскер кадрлардың келуіне жол
ашуымыз керек.
Екіншіден, мемлекет адамдардың жермен
жұмыс істеуіне еркіндік бере отырып,
осы бағыттағы заңдылықтардың дұрыс орындалуын
қатаң қадағалап отыруы қажет. Сонда ғана
халықтың жерге қатысты мемлекеттік саясат
туралы түсінігі дұрыс қалыптасатын болады.
Өкінішке қарай, қазіргі күні қоғамымызда жер қатынастары мәселесінде әр алуан пікірлердің айтылып қалатындығы жасырын емес. Бір есептен мұндай мәселелердің көтерілуі орынды да. Енді осындай жайттарға көз жіберіп байқасақ, көп мәселе заңдардың дұрыс және дер кезінде орындала бермейтіндігіне келіп тірелетіндігін немесе адамдардың жеке өз кемшіліктеріне байланысты болып келетіндігін байқаймыз. Мәселен, көптеген адамдар жердің қадірі мен маңызын кезінде дұрыс бағалай білмеді. Өз бетінше шаруашылық құрып, жермен жұмыс істеуді қалыптастырып ұйымдастыра алмады. Айталық, кезінде мемлекет ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететіндерге кеңшар, ұжымшарлардың таратылуына байланысты босап қалған алыс қыстаулардағы жайылымдық жерлерден тиісті үлес бергенімен мұның маңызына ешкім мән беріп жатпады. Ол жерлерге сол өңірлерде бұрыннан мекендеп келе жатқан шопан отбасылары болмаса, көп адамдар қызыға қойған жоқ. Ал енді қазір мал санының көбеюіне байланысты бұрынғы қыстаулар мен жайлаулардың да қадірі арта бастады. Мұндай жерлер мал өсірем деушілер үшін бірте-бірте құт-береке көзіне айналып келеді. Сөйтіп, кезінде жер қадірін дұрыс бағалай алмағандардың біразы сан соғып қалды.
Ал
енді осыған мемлекетті кінәлауға бола
ма? Осы жағдайға жергілікті шенеуніктердің
жер заңдылықтарын бұра тартатындығы
немесе оны өздері де дұрыс түсінбей әрекет
ететіндігі келіп қосылады. Міне, осыдан
барып қоғамда жер қатынастары мәселесінде
түсінбестік жағдайлардың бар екендігі
байқалып қалады. Шындығында, мұны жер
жөніндегі саясаттың, идеологияның кемшілігі
деп айту дұрыс емес. Ол белгіленген саясатты
орындау, жүзеге асыру барысындағы немесе
қоғамда қалыптасып қалған Сонымен, бүгінгі
күні мемлекеттің жерге қатысты жүргізетін
саясаты толық айқындалып, олар заң негізінде
бекіді. Ендігі мәселе, осы заңдылықтардың
қалай сақталып, орындалатындығына байланысты.
Мұның өзі Жер ресурстарын басқару агенттігімен
қатар ендігі салмақ жүгі ауып отырған
жергілікті әкімдіктерге орасан зор міндеттер
жүктейді және олардың аталған мәселеде
білікті болуын талап етеді. Ол үшін, әрине,
жер иеленушілер мен пайдаланушыларға
нарық еркіндіктерін бере отырып, мемлекет
тарапынан болатын тиісті бақылау шараларын
бір сәт те босаңсытпау қажет.
Қазіргі күні жер қатынастарын қалыптастыру
мен еліміздің жер ресурстарын басқару
саласында мемлекеттік саясатты дұрыс
жүргізу – қоғамның бірігуі мен елдің
ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудің
бір кілті екеніне көзіміз жетіп отыр.
Тұңғыш
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев та аз жылдың ішінде
Қазақстанды әлемге танытып қана қоймай,
оны халықаралық маңызы зор еуропалық
ұйымның төріне шығарды. Президентіміздің
қызметі мен халықаралық беделі халқымызды
жедел дамуға бастап отыр.
Сөйтіп, осыдан 20 жыл бұрынғымен салыстырғанда,
Қазақстан қазір көп өзгерді. Себебі, біз
еліміз бен жеріміздің ішкі мүмкіндіктерін
ашып бере алатындай көптеген жаңа заңдар
қабылдадық. Қазір соның негізінде Елбасының
сара саясатымен алға басып келеміз. «Біз
өз жеріміз бен табиғатымызды ата-бабадан
мұраға қабылдағанымыз жоқ, біз оны болашақ
ұрпақтан қарызға алып отырмыз», деді
Елбасы халықтың маңызы ескірмес даналық
сөздеріне сүйене отырып. Демек, елімізде
қазіргі күні жүріп жатқан жер қатынастары
саласындағы реформа – бұл тек бүгінгі
күннің ғана мәселесі емес, сонымен қатар
болашақ ұрпақ қамы. Бұл жер саласындағы
мемлекеттік саясаттың басты қағидасы.
Міне, осыны ескере отырып жұмыс істеу
еліміздің кез келген азаматының абзал
борышы.Басқару бір жүйеге тиеселі заңдарды
пайдалану негізінде осы жүйені
басқа жағынан бір жағдайға жеткізу
мақсатындағы процесс ретінде қарау.
Жер ресурстарының мәні. Басқарудың қызыметі.
Жерге орналастыру жұмысын ұйымдастыру,
жер кадастры жерді пайдалану бақылау,
жер таласының шешімі. Жер ресурстарын
басқарудың мақсаты. Жер ресурстаарын
басқаруда жалпы мемлеттік жетекшілік.
Жалпы мемлекеттік басқару және жерді
пайдалануды шарушылық функкциялар бойынша
эксплуатациялау. Жер кадастры базасында
жер ресурстарын болжау, жоспарлауға байланысты
жерді орналастыру, бөлу, бекіту. Басқару
органдарының құқықтық базасының өзара
байланысы және жер иеленушілер мен жер
пайдаланушыларға бақылау. Жер ресурстарын
басқару: жалпы құқықтық, экономикалық,
экологиялық, және трехникалық. Басқа
табиғи ресурстар мен жер пайдалану мәселерінің
кешенді шешімі. Жер қызметінің аумақтық
салалық есебі. Ауыл шаруашылық жерінің
приоритеті. Мемлекеттік жер кадастры
ретінде ақпараттық және ғылыми – техникалық
негізінде жер ресустарын басқарудың
жүйесі.
Қорытынды
Жерді бағалау басқарудың нақты көзқарасы , ғылыми негізінің шешімі. Экономикалық бағалаудың мазмұны. Жалпы бағалау. Меншік бағасы. Негізгі көрсеткіштер- өнімділік , шығын, дефференциялды пайда, меншікті бағалауға - шығымдылық, шығын, дифференциалды пайда.
Жерді бағалаудың ақшалай қызыметі. Жер бағасының жалпы формуласы. Жердің нормативтік бағасы: нормативті пайда капитализациялау коэффиценті (банктің несиелеу проценті.)
Ауылшаруашылық мақсаты жерді кадастрлық бағалаудың әдістері. Қалалық жерді бағалаудан айырмашылығы қалалық жерді аймақтау , жер учаскелерін сатуды ұйымдастыру. Жерді экономикалық және экологиялық қорғаудың мазмұны. Экономикалық және әлеуметтік факторлардфың есебі. Жерді бағалауды енгізуде жерді дайындау мақсатына қарай орналастыру. Шығынға ұшыраған жерлерді анықтаудың әдісі. Жерге орналастыру жобасы бойынша экологиялық бақылау жұмыстарын күшейту.
Басқарудың жалпы жүйесінде жобалау ролін қүшейту. Шаруашылық аралық және ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы, агроқұрылымдар, жұмыстық жобалар- ішкі, жоспарлық және құрылыс, орман шаруашылығы, рекультивациялау, инженерлік жабдықтау. Өндірістік, экологиялық, әлеуметтік, экономикалық сұрақтарының шешімі.
Информация о работе Жер ресурстарын пайдаланудың теориялық негізі