Геодезия және оның дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2015 в 15:42, реферат

Краткое описание

Геодезия грек тілінен аударғанда "жерді бөлемін" деген мағынаны береді, ғылым ретінде жердің бетін өлшеу және бөлуге байланысты адамзаттың практикалық қажетінен пайда болған. Қазіргі геодезия көп қырлы ғылым: күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлік есептерді геодезиялық және басқа арнаулы аспаптар арқылы өлшеп, нәтижелерін математикалық және графикалық өңдеу арқылы шешеді.

Содержание

1. Геодезия - жер туралы ғылымның ежелгі бір саласы.
2. Еліміздегі геодезиялық қызметтер
3. Инженерлік геодезия, оның мәселелері және маңызы

Прикрепленные файлы: 1 файл

геодезия реферат.doc

— 41.50 Кб (Скачать документ)

 

 

       Жоспары:

1.    Геодезия - жер туралы ғылымның ежелгі бір саласы.

2.   Еліміздегі геодезиялық қызметтер

3.    Инженерлік геодезия, оның мәселелері және маңызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Геодезия - жер туралы  ғылымның ежелгі бір саласы.

Геодезия грек тілінен аударғанда "жерді бөлемін" деген мағынаны береді, ғылым ретінде жердің бетін өлшеу және бөлуге байланысты адамзаттың практикалық қажетінен пайда болған. Қазіргі геодезия көп қырлы ғылым: күрделі ғылыми, ғылыми-техникалық және инженерлік есептерді геодезиялық және басқа арнаулы аспаптар арқылы өлшеп, нәтижелерін математикалық және графикалық өңдеу арқылы шешеді.

Оның шешетін басты мәселелері:

1. Жердің фигурасын, пішіні мен  көлемін және сыртқы гравитациялық  тартылысын, яғни тартылыс күшін  анықтайды.

  2. Берілген координаталар жүйесінде жер бетіндөгі нүктелердің орнын анықтайды.

3. Жер бетінің картасы мен  планын жасайды.

4. Жер бетінде құрылыстарды  жобалау, салу және пайдалану  үшін өлшеу жұмыстарын орындайды.

Жалпы айтқанда, геодезия пәні дегеніміз бұл жердің ПІШІНІН зерттейтін, жердің бетін өлшеп, оны план және карта арқылы бейнелетіп көрсететін ғылым болып табылады. Геодезия пәні өзінің даму процесіне және жоғарғы чвтін мәселелерге байланысты бірнеше өзіндік ғылыми-техникалық салаларға бөлінеді. Жогаргы геодезия жердің және басқа планеталардың ПІШІНІ мен көлемін зерттеу кезінде, сонымен қатар, гөодеэиялық тірек пункттерін құруда кездесетін есептерді

 Топография кішігірім жер бетін түсіру және оның бейнесін планда толықтырып көрсету әдістерін зерттейді.

 Картография жер бетінің  анағұрлым территориясының бейнесін  картаға түсіру әдістері мен  оларды құру процестерін және  картаны түріне қарай бөліп, оны 

 

 

 

 

жасау мен көбейту технологиясын зерттейтін геодезияның ғылыми саласы.

 Инженерлік геодезия инженерлік құрылыстың ізденіс, жоба, салу және пайдалану кезеңдеріндегі геодезиялық жүмыстардың әдістерін зерттеумен шұғылданады.

 Геодезия әртүрлі ғылыми пәндермен тығыз байланысты,соның ішінде математика, астрономия, физика, механика, автоматика, электроника, география, фотография және сызу .

 Математика геодезиядағы өлшеу  нәтижелерін өңдеу әдістерімен  және талдау амалдарымен қамтамасыз  етеді,

  Астрономия геодезияға жер бетіндегі нүктелердің координаталары және астрономиялық азимуттары жайында алғашқы мәліметтер береді.

  Физика мен механиканы пайдаланып, геодезиялық аспаптардың тетіктерін есептейді және қүрастырады. Аспап шығаруда автоматика және электроника көп қолданылады.

 Географияны білу жер бетінің  рельефін және жер бетіндегі  табиғи жамылғыларды дүрыс бағалауға көмектеседі.

 Геодезияда қолданылатын фотография  әдісі фотографияны білуді қажет  етеді, ал план мен картаны  графикалық түрге келтіру үшін  топографиялық сызудың әдістерін  меңгеру керек.

 Осы айтылған ғылым салаларының  дамуына байланысты, геодезия ғылыми мазмүны жаңартылып, ең жаңа аспаптармен өлшеу және есептеу әдістерімен байытылып отырылды. Қазіргі кезде көп инженерлік ғылымдар геодезияның көмегінсіз дами алмайды.

 

 

 

 

 

2. Еліміздегі геодезиялық  қызметтер

  Геодезиялық жұмыстардың орындалуына байланысты геодезия келесі түрлерге бөлінеді.

  Жер үсті геодезиясы - геодезиялық жұмыстар тікелей жердің үстінде жүргізіледі. Өлшеу кезінде жүмыстың мақсатына байланысты әртүрлі аспаптар қолданылады, өңдеу нәтижесінде жер бетінің планын және картасын алады. Бұл қызмет еліміздің территориясының барлық жерінде жүргізіледі. Аэрогеодезия - аспаннан (әуеден) ұшақ арқылы жердің бетін суретке (фотоға) түсіреді де, арнаулы аспаптар мен қондырғылар арқылы түсірген фотографияны өңдеу және талдау әдістерімен халық шаруашылығының маңызды мәселелерін шешеді. Мысалы, адам аяғы баспайтын жерлерде: тайгада, шөлде, таулы жерлерде және т.б., сонымен қатар, жол қурылыстарын жобалағанда, орман шаруашылығында қолданатын тиімді түсіру әдісі.

  Ғарыштық геодезия - ғарышта жер серігі арқылы жердің бейнесі мен оның бөліктерін фотоға түсіріп, оны арнаулы әдістер мен аспаптар арқылы зерттейтін жұмыстың түрі.

  Жер асты геодезиясы (марншейдерия) - жер астында және жердің жоғарғы қабаттарында жүргізілетін арнаулы геодезиялық жұмыстар.Мысалы, шахтада, карьерде, метро және т.б.

 Су асты геодезиясы - кейінгі кезде геодезиялық жұмыстар су астында жүргізіле бастады, олар теңіздің, көлдердің, өзендердің түбін, оның рельефін зерттейді.

 Жоғарыдағы көрсетілген әрбір  жұмыстардың орындалуы геодезиялық қызметтер дейді. Қазақстан Республикасында Министрлер кабинетінің қаулысы

 

 

 

 

 

бойынша қаңтардың 10-шы жулдызында 1992 жылы Министрлер кабинетінің жанында Геодезия және картография бас басқармасы (ГКББ) құрылды.

Осы Қазақстан Республикасының ГКББ-ында орталық картография қоры бар. Онда картография-геодезиялық жұмыстардың мәліметтері сақталады.

 Мемлекеттік геодезиялық қадағалау  басқармасы (МГҚБ) топография-геодезиялық  жүмыстарды жүргізуге рұқсат  береді, олардың орындалуының сапасын  бақылап отырады, алғашқы мәліметтерге жататын материалдарды бір жүйеге әкеледі (мемлекеттік геодезиялық пункттердің координаталарының каталогтары).

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         3. Инженерлік геодезия, оның мәселелері және маңызы

 Кез келген инженерлік құрылысты  жобалау және салу үшін инженерлік геодезия жұмыстары қажет. Мысалы, автомобиль және темір жол, канал, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, аэродромдар, құбыр жүргізгенде, электр және байланыс сымдарын тартқанда; әртүрлі өнеркәсіп және азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды жобалау мен салғанда; пайдалы қазбаларды іздеу, барлау және өндіру жұмыстарында, әртүрлі құрылыстарды, оның элементтерін салу және пайдалану кезінде пайда болатын қисаю, созылу, бұзылу деформацияларын анықтағанда инженерлік геодезия жұмыстары қолданылады.

  Жалпы айтқанда, инженерлік геодезия қурылысты ізденіс, жобалау, салу және пайдалану да орындалатын геодезиялық жүмыстардың әдістерін қарастырады.

 Жол құрылысына байланысты  әр кезеңіндегі геодезиялық жұмыстарды  қарастырайық.

1. Ізденіс кезеңінде ірі масштабты топографиялық материалдарды жасау, геодезиялық тірек торларын дамыту және құрылыстың басты өстерін жерге шығару үшін арнайы жұмысты орындау.

2. Жобалау кезеңінде жер беті (құрылыс салатын жерде) туралы  және топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық объектердің орналасу жайында

деректер жинау, жол және оның құрылысының жобасын техника-экономикалық және пайдалану шартына сәйкес келтіріп жасау.

3. Салу кезеңінде құрылыстың  басты өстерін және шекарасын  жобаға сәйкестіріп жер бетінде  анықтау, жер бетіндегі салынатын жолдың геометриялық пішіні мен көлемін қамтамасыз ету, салынып біткен қүрылыстың жобадан тыс кетуін анықтау (атқару түсіріс жұмысы).

  

 

 

 

4. Пайдалану кезеңінде жол объектері  мен қүрылыстың беріктігін тексеру, құрылыстың әртүрлі бөліктері мен элементтерінің иілу, сығылу, тартылу деформациясын анықтау, құрылыстың бөлек элементтерінің тербелу және шөгуін тексеріп қарау.

 Инженерлік геодезия жумыстары  құрылыстың барлық кезеңін қамтиды, яғни айтқанда ізденіс жұмыстарында  құрылысты жобалау кезінде, жобаға байланысты құрылысты жерге шығару кезінде, құрылысты пайдалануға бергенде және

пайдалану кезінде геодезиялық жұмыстарды қажет етеді.

 Сондықтан қазіргі жағдайда  құрылыс инженерлерінен жан-жақты  геодезиялық дайындықты талап  етеді:

1. Карта және ппанмен жақсы  жумыс істеу жөне картаны оқуды  білу керек.

  2. Жер бөтіндегі түсіру жұмыстарының әдістерін қолдана білу.

3. Аэрофототопография әдістерін  меңгеру.

         4. Инженерлік кұрылысты жобадан жер бетіне шығару жұмыстарын атқара білу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           Қолданылған әдебиеттер:

            Игильманов А. " Инженерлік геодезия "               


Информация о работе Геодезия және оның дамуы