Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 12:51, реферат
1.Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларының ерекшелігі.
2.Философиядағы «мазмұн» және «форма» категорияларының ерекшелігі.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
МӨЖ №14
Тақырыбы: Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларының ерекшелігі
Орындаған: Нұржұма Г.М.
техникалық физика
Алматы 2013 ж
№14 МӨЖ:
1.Жаратылыстану ғылымындағы
«мазмұн» және «форма»
2.Философиядағы «мазмұн» және «форма» категорияларының ерекшелігі.
Мазмұн мен форма — қоғамдық, әлеуметтік дамудың барлық саласына қатысы бар жалпы философиялық категориялар.
Мазмұн — белгілі бір заттар мен құбылыстарды құрайтын элементтер мен процестердің жиынтығы.
Ал форма — мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның құрылымы, ішкі түзілісі.
Мазмұн мен форма қандай құбылысқа болмасын іштей тән. Сондықтан оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Белгілі бір формасыз мазмұн болмайды, сол секілді таза, мазмұнсыз форма да жоқ. Форма әрқашан да мазмұнды, мазмұн формалы болып келеді. Осы екі категорияның өзара қарым-қатынасында басты рөлді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып, өзгеріп отырады. Мазмұнға сәйкес форма да өзгерістерге ұшырайды. Мазмұн форманы белгілейді. Бірақ форма да мазмұннан қалыс қалмайды, өз тарапынан мазмұнға белсенді түрде әсер етеді. Жаңа, өзінің мазмұнына сай келетін форма оның дамуына, ілгері басуына жәрдемдеседі. Ал өзінің мазмұнына сай келмейтін ескі форма оның дамуына кедергі жасайды. Мазмұн мен форма арасындағы сәйкессіздік ескі форманың орнын жаңа форманың басуымен шешіледі. Алғаш рет бұл категориялар ежелгі грек философиясында пайда болды. Онда біршама толық түсінікті Аристотель берді. Платон сияқты ол да форманы жеке заттар болмысының мәнісіне ұқсас деп түсіндірді. Сонымен бірге, Аристотель форма материялық заттардың айқындығы деп те айтады. Ол жалпы дүние туралы айта келіп, формасыз материя, материясыз форма болады дейді. Материясыз форма, материяға тәуелсіз форма “формалардың формасына”, яғни Құдайға барып тіреледі. Мазмұн мен форма туралы идеалистік түсінікті алғаш теріске шығаруға ұмтылған — Дж.Бруно. Осы бағытты Бэкон, Декарт, Гоббс, т.б. ілгері дамытты. Мазмұн мен форма туралы метафизика түсініктерді Гегель қатты сынады. Метафизиктер барлық заттардың негізінде бір-ақ “материя” жатады, ал олар бір-бірінен форма жағынан ерекшеленеді деді. Гегель материя мен форма бір-біріне тәуелді деген пікірді дәлелдеді. Бірақ объективті идеалистік көзқарас Гегельге мазмұн мен форманың диалектикасын толық ашып көрсетуге кедергі жасады. Дамыған ойдың, ойлау процесінің формасын зерттей отырып, мазмұнға көз жүгіртіп, оның мәнін ашуға болады. Ойлаудың формалары әр уақытта танымдағы белгілі бір заттың, белгілі бір мазмұнның қозғалысы, дамуы ретінде түсіндіріледі. Ойлаудың белсенді қызметін зерттеу үшін белгілі ұғымдардағы мазмұнды аша отырып, адам қызметінің жалпы формасын анықтауға болады. Зат, процесс әмбебап формаларда қозғалады және дамиды. Болмыстың осы формаларын зерттеу, бір жағынан, ойлау процесінің теориялық әдісін ашуға, екінші жағынан, дамудың негізгі мазмұнын айқындауға мүмкіндік береді. Сондықтан ойдың өзіндік қызметінің жемісі шындықтың өнімді қызметімен сәйкес келуге тиіс. Сөйтіп, мазмұн мен форманың сәйкестігі, өзара диалектика байланысы айқындалады. Кейде даму процесінің ерекшеліктеріне байланысты мазмұн мен форманың арасындағы қайшылық бірте-бірте шиеленісіп, олар бірден ашылып, ажыратыла қоймайды. Көп жағдайда ескі мазмұнның қайшылыққа ұшырауынан туындаған жаңа форма мен оның түрлері ерекше әсер етеді. Бұл қайшылық әлеуметтік, экономикалық, саяси дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. Сондықтан кез келген “мазмұн тек қана ойлаудың формасын анықтайды” (Гегель).
Сәйкес элементтер
мен жай жүйелерден қашық, үзілген
қатынастардың материалдық
Форма - бұл берілген құрылымның тұрақты қатынастарын олар қамтитын жай жүйелер мен элементтерден бөлек алып қарастыратын категория. Мысалы, ньютондық тартылыс заңы Ft = y (m1 x m2) /г2 және кулондық электростат заңының Fe =K(g1 x g2)/r2 құрылымдарын салыстырғанда олардың алгебралық формаларының ұқсас екендігін оңай байқауға болады (бұл, бізді электр және гравитация күштерінің арасында қандай да бір терең тұтастық бар деген ойға жетелейді). Мазмұн - берілген құрылымның құрамындағы элементтер мен жай жүйелердің нақты жиынтығын білдіретін категория. Мысалы, жоғарыда келтірілген құрылымдардың физикалық мазмұны аспан денелері (Ньютон заңы үшін) және электр зарядтары (Кулон заңы үшін) болып табылады. Объективті нақтылықта форма мен мазмұн бір-бірінен ажырамайды. Оларды ажырату тек таным процесінде ғана жүргізіледі. Сондықтан да олар диалектикалық тұтастықта деп айтылады. Гегельдің айтуынша, “мазмұн - форманың мазмұнға айналуы, ал форма - мазмұнның формаға айналуы”.
Форма мен мазмұнның тұтастығы, өзара байланысы туралы айтқанда, мазмұнның бұл тұтастықта жетекші, анықтаушы қырымен көрінетінін ескеру қажет. Тірі ағзаны динамикалық және қызмет етуші жүйе ретінде қарастыра отырып, оның әртүрлі органдары мен олардың функциялары - мазмұнды, ал олардың өзара байланысы мен бағыныштылығы - ағзаның формасын құрайды деп есептей аламыз. Екеуінің бір-бірімен тұтастығына қарамастан, шешуші ықпалды мазмұн жасайды. Дәл осы мазмұнға форманың сипаты, яғни ағзаның ішкі және сыртқы байланыстары бағынышты. Сонымен бірге форма да белсенді рөл атқарады - ол мазмұнға кедергі және ықпал ете алады, мазмұнға “көше алады”.
Өткен заманның философтары “форма” және “мазмұн” категорияларын әртүрлі түсінді. Мысалы, Аристотель форманы барлық заттардың жетекші, бастауы деп түсінді. Материалдық мазмұн, мысалы, мыстың бір бөлігі, оның айтуынша пассивті, формасыз. Алайда, мүсінші мыстың бөлшегінен статуя жасап, мазмұнға форма береді. Аристотельдің ойынша форманың белсенділігі осында. Ал Ф.Бэкон форманы құбылыстарға тән тұрақты ішкі байланыстар ретінде түсінді.
Аристотель мен Бэконның көзқарастары сырттай қарама-қайшы, бірақ олар форманы танудағы әртүрлі сатыларды, әртүрлі деңгейлерді білдіреді. Құбылыстардың сыртқы формалары және ішкі формаларындағы айырмашылық бар екені белгілі. Сыртқы форма сезім арқылы қабылдана алады. Ол жүйенің сезіммен қабылдана алатын элементтерінің арасындағы тұрақты, ең бастысы кеңістік қатынастарды білдіреді. Дәл осы мағынада біз мүсіннің сыртқы формасы, архитетуралық құрылыстың формасы және т.б. туралы айтамыз. Ішкі форма - бұл сезімдік қабылдаудан жасырын қатынастар, берілген құрылымның ең маңызды элементтері мен жай жүйелерін қамтитын және ерекше тұрақтылығымен сипатталатын қатынастар. “Форма” өзінің бұл мағынасында маңызды философиялық категория болып табылатын “заң” ұғымына жақындайды. Бэкон ғылымның мақсаты - форманы тану дегенде істің осы жағына меңзеген еді.
Информация о работе Жаратылыстану ғылымындағы «мазмұн» және «форма» категорияларының ерекшелігі