Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2015 в 20:50, контрольная работа
Стадион (гр. stadіon – жарыс өткізетін алаң) — жеңіл атлетика мен футболға арналған спорт аренасы, көрермендерге арналған трибунасы, спорттық ойындар мен гимнастика үшін алаңдары, қосымша құрылыстары мен ғимараттары бар кешенді спорт құрылысы.
Стадиондар кіші (1,5 – 3 мың орынды), орташа (10 – 14 мың орынды), үлкен (25 мың орыннан астам) болып бөлінеді. Стадиондардың кешеніне жүзу бассейндері, спорт залдары, жеңіл атлетикалық жабық манеж енеді.
1. Стадион туралы мәлімет
2. Жеңіл атлетика туралы мәлімет
3. Жеңіл атлетиканың тарихы
4. Жүгіру
5. Ұзындыққа секіру
6. Найза лақтыру
7. Балта лақтыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Жеңіл атлетикаға арналған Спорттық ғимараттар
Жоспар:
1. Стадион туралы мәлімет
2. Жеңіл атлетика туралы мәлімет
3. Жеңіл атлетиканың тарихы
4. Жүгіру
5. Ұзындыққа секіру
6. Найза лақтыру
7. Балта лақтыру
Стадион (гр. stadіon – жарыс өткізетін алаң) — жеңіл атлетика мен футболға арналған спорт аренасы, көрермендерге арналған трибунасы, спорттық ойындар мен гимнастика үшін алаңдары, қосымша құрылыстары мен ғимараттары бар кешенді спорт құрылысы.
Стадиондар кіші (1,5 – 3 мың орынды), орташа (10 – 14 мың орынды), үлкен (25 мың орыннан астам) болып бөлінеді. Стадиондардың кешеніне жүзу бассейндері, спорт залдары, жеңіл атлетикалық жабық манеж енеді.
1896 жылы 1 – Олимпиадалық ойындардың
өткізілуіне байланысты Афинада бұрын қираған стадион жаңартылды. Бұдан
кейін спорттың дамуына байланысты жер
– жерлерде стадиондар салына бастады.
Солардың қатарында Лондонда (1908),Сток
Қазақстанда Алматы (1958), Қар
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі.
Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұз
Жеңіл атлетиканың
тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі
халықтардың іс әрекетінен басталады.
Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру
адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат
пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге
сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің
эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл
туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары
туралы жазбаларда анық жазылған.
Сол замандарда жарыс
тек ұзын – сонар алаңда жүгіру жарысымен
шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы
бәсеке жеке – жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін
спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға
жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі
жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге
алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл
шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген.
Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен
бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған
жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс
тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында
жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика
алғаш рет Англияда ұйымдастырылған.
Кейіннен бағдарламаға
қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және
биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді.
1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды.
Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан
ел чемпионаты өтті
1880 жылы Англияда Британ
империясының шеңберінде әуесқойлар
атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ – та 1868 жылы Нью –
Йорк қаласында алғашқы
атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада
атлетиканың дамуына үлес қосқандардың
басым дені университет ошақтары болды. 1880 – 90 жылы жеңіл атлетика
жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға
кең таралды.
1896 жылы өткен олимпиада
ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан
жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада
ойындарына жеңіл атлетиканың
12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл
атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына
байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа
бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада
ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың
бірден – бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында
өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000 –
ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады.
Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында
және 2000 жылы Сидней
олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол
жеткізе білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық
спортшы Боб Бимон – 8 м 90 см ұзындықтан
секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны
күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші»
деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада
100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық
желаяқ Флоренс Гриф фит – Джойнер рекорттық
көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі
14 жыл қатарынан сақталып тұрды.
Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай – ақ стипль – чейз), кросс, марафондық Жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрын 776 жылы 1 – ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол “стадидром” деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. 17 ғасырдың орта кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар, көбіне, алыс қашықтықтарда сынға түсті.
Қысқа қашықтықтар
-60 м ; -100 м; -200 м ; -400 м;
Орта қашықтықтар
-800 м ; -1500 м; -2000 м; -3000 м;
Алыс қашықтықтар
-5000 м ; -10000 м; -20000 м ; -30000 м .
Ерлердің жүгіретін қашықтықтары
100 м; 200 м ; 400 м; 800 м; 1500 м; 3000 м; 5000 м; 10000 м; 20000 м.
Кедергілер арқылы жүгіру қашықтықтары
110 м ; 200 м ; 400 м .
Жүгірудің эстафеталық түрінің қашықтықтары
-4х 100 м ; -4х 200 м ; -4х 400 м ; -4х 800 м ; -4х 1500 м .
Әйелдер үшін
-жүру қашықтықтары : 3 км , 5 км; -жүгіру қашықтықтары : 60 м , 100 м , 200 м , 400 м , 800 м , 1500 м , 3000 м; -марафон : 30000 м ; -кедергілер арқылы жүгіру қашықтықтары : 100 м , 200 м , 400 м ; -эстафеталық жүгіру қашықтықтары : 4х 100 м , 4х 200 м , 4х 400 м , 4х 800 м .
Ұзындық (Длина) – егер тетік сызбада бірақ көрінісімен кескінделген болса, оның үзындығының сандық мәнінің алдына "L" деген таңба қойылады. Ұзындығы 200 мм бұрыштықтың сызбасы көрсетілген. Ұзындықтың Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі — метр.
Найза лақтыру (javelin throw), жеңіл атлетиканың тәртібі; ағаш немесе темір найзаны ұзындыққа екпінмен лақтыру. Спортшы екпінмен секіргеннен кейін (10 – 12 қадам) найзаны лақтырады, лақтырылған құрал ұшымен жерге қадалуы керек. Найзаның ұзындығы ерлер жарысында 260 см, ал әйелдер жарысында – 220 см тең болады. Найзаны лақтыру Ежелгі Грекиядағы олимпиадаларда бессайыс бағдарламасында болған. Спорттың бұл түрі 1896 жылғы бірінші Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілген. Әйелдер спорттың бұл түрімен 1932 жылдан бастап олимпиадаларда жарыстарға қатыса бастады.
Балға лақтыру (hammer throw), жеңіл атлетикадағы тәртіп. Мұндағы тәртіп бойынша спортшылар балғаны мүмкіндігінше алыс қашықтыққа лақтырады. Балға ұзындығы 1,2 м – ден аспайтын икемді сым тұтқасы байланған металл шарынан (7, 26 кг.) тұрады. Лақтырушы лақтырар алдында жоғарғы жылдамдықта үш айналым жасайды. Спорттың түрі ретінде балта лақтыру 14 ғ. Британ аралында пайда болған. Алайда 1866 жылдан бастап Кембридж және Оксфорд жарысы арасында ғана бағдарламаның тұрақты бөлігі болып саналған. Ал, 1900 жылдан бастап олимпиадалық спорт түрі болып аталады.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақ энциклопедиясы
2. Шаңырақ : Үй – тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл. Бас ред., 1990
Информация о работе Жеңіл атлетикаға арналған Спорттық ғимараттар