Жеңіл атлетика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 08:57, реферат

Краткое описание

Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

Содержание

1. Жеңіл атлетика
• Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
• Тарихы
2. Рыпакова-финалда
3. Жүгіру
4. Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты
• Чемпионаттар
5. Қазақтың жеңіл атлеттері
• Тұяқов Әмен Елемесұлы
• Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы
6. Таяқпен секiру
• Ережелері
• Таяқпен секiру кезеңдері
7. Диск лақтыру
• Жарыс пен ережелері
8. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Жеңіл атлетика.docx

— 129.46 Кб (Скачать документ)

 Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

 

               Жезқазған гуманитарлық колледжі

 

   

    Реферат

                   Тақырыбы: «Жеңіл атлетика»

 

                                          

                                        

                                                       

                                                          

                                                           Орындаған: К-9 тобы оқушысы

                                                                                 Мұхамедия Айжан 

                                                            Қабылдаған: Аубакиров Д.Ж.

                                                                                    

 

                           

                             

                            Жезқазған-2012

 

                                    Мазмұны

1. Жеңіл атлетика  

  • Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
  • Тарихы

2. Рыпакова-финалда

3. Жүгіру

4. Жеңіл атлетикадан әлем  чемпионаты

  • Чемпионаттар

5. Қазақтың жеңіл атлеттері

  • Тұяқов Әмен Елемесұлы
  • Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы

6. Таяқпен секiру

  • Ережелері
  • Таяқпен секiру кезеңдері

7. Диск лақтыру

  • Жарыс пен ережелері

8. Пайдаланған әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

                              

 

                                Жеңіл атлетика

                            

     Жеңіл атлетикадан 2003 жылғы элем чемпионаты. Стад де Франс стадионы.

Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

                         Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы

Қазақстанда алғашқы ресми  жеңіл атлетикалық жарыс —  Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет  КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.

                                                    Тарихы

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. 
Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. 
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. 
Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті 
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды. 
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды. 
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді. 
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды.

       РЫПАКОВА – ФИНАЛДА

Анадолы елінің Стамбул қаласында  бүгін жеңіл атлетикадан жабық  алаңдағы әлем чемпионаты басталды. Жаңа ғана қазақстандық үш спортшы іріктеу  кезеңінде бақ сынады. Нәтиже біз  күткендей емес.

  1. Үмітті тек Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру) ғана ақтады. Дохада өткен әлемдік сынның жеңімпазы Рыпакова іріктеу сынында 14.39 метрге қарғып, екінші нәтиже көрсетті. Оның алдында әзірге ағылшын Ямила Алдама тұр. Алдама бұған дейін Судан елінің намысын қорғаған. Биылдан бастап Англияның намысын қорғауда.
  2. Сондай-ақ финалға орыс Анна Крулова, қытай Янмей Ли, кубалықтар Янгелис Савинье мен Мабел Гей, словак Дана Велдакова, ямайкалық Кимберли Уильямс бар. Ал Лондонға жолдама алған Ирина Литвиненко-Эктова (13.70 м) іріктеуден өтпеді. Финал ертеңге жоспарланған.
  3. Биіктікке секіру секторында Марина Аитова жолына үмітпен қарағанбыз. Өкінішке орай, Аитова 1.83 метрден артық секіре алмай, жарысты аяқтады.

                                   Жүгіру

                           

Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық Жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Біздің заманымыздан.бұрын 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол “стадидром” деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. 17 ғасырдың орта кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар, көбіне, алыс қашықтықтарда сынға түсті. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде желаяқтар жарысы туралы аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі. Ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңына таман жетті. Ресми жарыстар, негізінен, 20 ғасырда өтті. Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші болып Ғұсман Қосанов 17-ші Олимпиялық ойындарда (1960, Рим қаласы) 4*100 метрлік эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Ал қысқа спринттік қашықтыққа жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 ж. Еуропа кубогін еншіледі. Сонымен қатар (1966 – 2000 жылдар аралығында), С.Исамбаев, Ә.Байтықов, Е.Жамбылов, Б.Күреңкеев КСРО жарыстарында әр түрлі қашықтықтарда жүгіріп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Кедергілі жүгіруден 2000 жылы О.Шишигина Сидней Олимпиядасының алтын медалін жеңіп алды; қ. Жеңіл атлетика.

              Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты - (IAAF) Халықаралық жеңіл атлетика   федерацияларының қауымдастығымен ұйымдастырылатын жарыс.

Чемпионаттар

Жыл

Қала

Мемлекет

Дата

Орны

Уақиғалар саны

Атлеттер саны

1

1983

Хельсинки

Финляндия

7 тамыз – 14 тамыз

Олимпиада стадионы

41

1,355

2

1987

Рим

Италия

28 тамыз – 6 қыркүйек

Олимпико

43

1,451

3

1991

Токио

Жапония

23 тамыз – 1 қыркүйек

Олимпиада стадионы

43

1,517

4

1993

Штутгарт

Германия

13 тамыз – 22 тамыз

Готлиб Даймлер стадионы

44

1,689

5

1995

Гётеборг

Швеция

5 тамыз – 13 тамыз

Уллеви

44

1,804

6

1997

Афина

Грекия

1 тамыз – 10 тамыз

Олимпиада стадионы

44

1,882

7

1991

Севилья

Испания

20 тамыз – 29 тамыз

Олимпиада стадионы

46

1,821

8

2001

Эдмонтон

Канада

3 тамыз – 12 тамыз

Ынтымақтастық стадионы

46

1,677

9

2003

Сент-Дени

Франция

23 тамыз – 31 тамыз

Стад де Франс

46

1,679

10

2005

Хельсинки

Финляндия

6 тамыз – 14 тамыз

Олимпиада стадионы

47

1,688

11

2007

Осака

Жапония

24 тамыз – 2 қыркүйек

Нагаи

47

1,800

12

2009

Берлин

Германия

15 тамыз – 23 тамыз

Олимпиада стадионы

47

1,895

13

2011

Тэгу

Оңтүстік Корея

27 тамыз – 4 қыркүйек

Тэгу стадионы

47

1,867

14

2013

Мәскеу

Ресей

10 тамыз – 18 тамыз

Лужники

   

15

2015

Бейжің

Қытай

 

Ұлттық стадион

   

                        Қазақтың жеңіл атлеттері

                                    Тұяқов Әмен Елемесұлы

Әмен Елемесұлы Тұяқов (12.2.1938 жылы туылған, Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965), ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1997). Бұрынғы Гурьев педагогикалық инистутының физика-математика факултетін (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті) бітірген (1960). Бапкерлері – А.М. Куликова, Б.С. Токарев. Қазақстан чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жеңімпазы. КСРО чемпионатының 100 м жүгіруден күміс (1965, 1967), қола (1962, 1964) және 200 м-ге жүгіруден алтын (1962 – 63, 1965 – 66) медалін алған, 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының чемпионы (1962 – 63), КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы (1963, 1967). Еуропа чемпионатында 4*100 метрлік эстафеташылар жарысының күміс жүлдегері (1966, Будапешт, Венгрия) және кубогының жеңімпазы (1965, Штутгарт, Германия) болды. КСРО-АҚШ (1965, Киев, эстафета 4*100, 39,3 КСРО рекорды), КСРО-Англия (1966, Лондон), Франция-КСРО (1965, Киев) және Соц. достастық елдері әскерлері арасындағы матчтық кездесулерінің жеңімпазы. Ағайынды С. және Г. Знаменскийлерді еске алуға арналған халықар. турнирде 100 және 200 м-ге жүгіруден алтыннан алқа тақты (1963, 1967, Мәскеу), чехословакиялық Рощитский, польшалық Кусатчинский құрметіне арналған халықар. жарыстың жүлдегері (1962 – 67) болды. Он төрт рет КСРО Қарулы Күштерінің чемпионы атағын иемденді. 6 рет КСРО рекордын жаңартты. Алматыдағы Қ.Мұңайтпасов атынд. мектеп-интернатта бапкер (1971 – 92), жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметтерін атқарды (1992 – 99). “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған (1965).

                   Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы

Ғұсман Қосанов - КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяқ. 1960 жылы Рим олимпиадасынан күміс медалға ие болды. Қосанов Ғұсман Сыйттықұлы (25.5.1935, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Изатулла аулында – 13.6.1990, Алматы) – жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (Рим, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966), КСРО – АҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан “Қосанов Мемориалы” атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Ғұсман Қосанов Лос-Анджелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілкі ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3-4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді...

Информация о работе Жеңіл атлетика