Туризмнің теориялық және ғылыми негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2015 в 09:43, реферат

Краткое описание

Кіріспе Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық жолдауындатуристік индустрия қызметінің мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелуге қабілетті, болашағы зор экономика саласы ретінде көріне алатындығы жайлы атап өткен болатын. [1] Сонымен қатар, дәстүрге еніп, қалыптасып, келе жатқан Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауларында еліміздің әлеументтік-экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында атқарылатын істер мен алда тұрған міндеттер анықталып отырады. Әрине, халықтың әл-ауқатының артуы мен рухани және гармониялық жағынан дамуы, өмір сүру жағдайларының сапалы түрде жақсаруы мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін, халық тұтынатын игіліктердің маңызды бөлігін құрайтын демалыс және ойын-сауықтық бағдарламалармен қамтамасыз ету мен байланысты қызметтердің маңызы сөзсіз. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, жиһангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
Туризмнің теориялық және ғылыми негіздері
Туризм түрлері және оның түсінігі
Туристтік-рекреациялық ресурстар және оның маңызы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристтік аймақтардың қазіргі жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысы туралы жалпы мәлімет
Туризмнің әр түрлі ерешеліктері
Шымкент қаланың қазіргі жағдайына талдау жасау
Оңтүстік Қазақстан облысындағы экотуризм, Сайрам-Өгемде аңшылық туризмі дамуының тұжырымдамасы
Оңтүстік Қазақстанда туристерді тарту мақсатында туристтік аймақтарын дамыту жолдары мен ұсыныстары
Оңтүстік Қазақстан облысы туризмін дамытудағы басты жолдың бірі - Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық магистралі
Оңтүстік Қазақстан облысында туризмді дамытудың стратегиялары мен облыстағы туризм дамуының негізгі міндеттері
Мемлекеттік бағдарлама аясында туризм индустриясының басым бағыттарын дамытуға арналған салалық бағдарлама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

document.docx

— 300.93 Кб (Скачать документ)