Салауатты Өмір Салты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2015 в 09:12, реферат

Краткое описание

Валеология (лат. valeo – сау болу, грек. logos – ілім) – адам денсаулығы туралы ғылым. Негізгі мақсаты – әр адамды денсаулығын күтуге үйрету, оның сана-сезімін оятып, мед., гигиеналық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын дағдылы әдетке айналдыру. Валеология медицина, биология, педагогика, психология, экология, акмеология, философия, экономика, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.

Содержание

I Кіріспе
II Салауатты Өмір Салты
2.1 Жеке тұлғаның өмір салты III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

анатомия (2).docx

— 29.87 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

I  Кіріспе

II  Салауатты Өмір Салты

      2.1 Жеке тұлғаның өмір салты                            III  Қорытынды

IV  Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I   Кіріспе

Валеология (лат. valeo – сау болу, грек. logos – ілім) – адам денсаулығы туралы ғылым. Негізгі мақсаты – әр адамды денсаулығын күтуге үйрету, оның сана-сезімін оятып, мед., гигиеналық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын дағдылы әдетке айналдыру. Валеология медицина, биология, педагогика, психология, экология, акмеология, философия, экономика, т.б. ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.

II   Салауатты Өмір Салты

 «Валеология» терминін алғаш рет ғылымға 1998-жылы Ресей ғалымы И.И.Брехман енгізген. В. 20 ғ-дың аяғында пайда болған жаңа ғылым саласы болғанымен, түпкі тамырын ежелгі медицинадан алады. Ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Синаның (Авиценнаның) «Дәрігерлік ғылымның каноны» деген еңбегіндегі ең негізгі насихаты – денсаулықты күні бұрын сақтау. Бұл үшін ибн Синаның қоятын шарттары: тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Алғашқы кезде медицина ғылымы өзінің басты міндеті – денсаулықты сақтау, нығайту деп қараған, ал ауруды емдеуді қосалқы жұмыс ретінде санаған. Бірақ көп ғасырлық даму барысында медицина ғылымы ауру адамды емдейтін ғылымға айналып, сау адамның денсаулығын қорғау мәселесінен алшақтап кетті. Осыған орай Валеология ғылымының негізгі міндеті – адам денсаулығын, оның сапалық және сандық көрсеткіштерін алдын ала сақтандыру әрекеттерін жүргізу арқылы қалыпты деңгейге жеткізу болып қалды. Адам денсаулығының 49–53%-ы өмір сүру салтына, 18–22%-ы тұқым қуалайтын қасиетіне, 15–20%-ы сыртқы ортаға, тек 8–10%-ы ғана медицина жүйесінің қызметіне байланысты                         Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық – организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік». Сондықтан денсаулық сақтау ісі – физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік жағдайларға жіктеледі. Физикалық саулық – адам организміне тән функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық процестің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежеде болуы. Психикалық саулық – ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылуға ұмтылуды, адам өмірінің мақсатына айналдыру. Әлеуметтік саулық – адам белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнасу дәрежесі. Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адамның бәріне бірдей тұрақты мақсат, үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Оны анықтау үшін әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады да, осы орташа көрсеткіш қалыпты стандарт ретінде алынады. Бір топқа енетін адамдардың көрсеткіштерінің бірбірінен айырмашылығы едәуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының, т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштер анықталғанда, осы айырмашылықтар да ескеріледі. Денсаулыққа залал келтіретін әсерлерге жалпы мәдениеттің төмендігі, денсаулықты сақтау, салауатты өмір сүрудің негізін құрайтын санитарлық-гигиена туралы мәліметтерді көпшіліктің жете білмеуі, гиподинамия (қимыл жеткіліксіздігі), дене салмағының қалыптан көп жоғарылауы, тиімсіз және жөнсіз тамақтану, қоршаған ортаның (ауаның, жердің, судың) хим. заттармен ластануы, үйде және жұмыста күйзеліс (стресс) тудыратын жағдайлардың болуы, залалды әдеттерге әуесқойлық (арақ-шарап ішу, шылым шегу, есірткі заттарды қолдану, т.б.) жатады.Валеология пәні бар оқу орындар:қазіргі кезде Валеология пәні бала-бақшадан бастап, орта және жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген, кафедралар мен факультеттер ашылуда. Қазақстанда Валеология ғылымын дамытуға белсенді үлес қосып отырған ұйымдар қатарына ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (А.Аханов, А.Әділханов, Қ.Төлебаев, т.б.); Қазақ ұлттық медицина университеті (Х.Сәтбаева, т.б.), Қазақ мемл. спорт және туризм академиясы (Қ.Зәкіриянов, Т.Мұстафина, Г.Әлімжанова, т.б.); Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қ.Рымжанов, т.б.); Қазақ ұлттық университеті (З.Асқарова, т.б.); Солтүстік және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттері, Қостанай қаласындағы Ментальдік медицина орталығы жатадыВалеология – екі шет елдері тілінен алынған. Латын сөзі «Vаlе» («Сау болу», «аман болу» қазақша деніңіз сау болсын деген мағына береді.А.С.Пушкин өзінің достарына жазған хатының соңына әрқашан «Vаlе» деген сөзді қосып отырған. «Деніңіз сау болсын» деген сөз. Грекше «Lоgos»- «ілім», «ғылым» деген мағына береді. Бір сөзбен айтқанда валеология денсаулық туралы ғылым.Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы – медицина ғылымдарының докторы, профессор-фармакогаосист И.И.Брехман ғылымға енгізген болатын.Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым-медиктерінің жазған еңбектерінде келтіріледі. Денсаулық туралы қазіргі заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына көп мән бермейтіні байқалады.Баршаға белгілі — адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу проблемаларымен шұғылданады да аурулардың пайда болуымен айланыспайды.Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылым-дары шұғылданады. Ұлы физиолог И. П. Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді.«… Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің (ағзаның Ж.Ж.) негізгі принципі — «денсаулық» деп аталатын сыртқы және ішкі бірдік (тұрақтылық) қалыптың айқын анықтамасы жоқ…» Иә, медицияа ғылымы қаншама көне болғанымен, денсаулық туралы анықтама бере алмайды. Кейінгі кезде осіресе XX ғасырда.Әр түрлі себептер өсерінен медицина емдік, госпитальдық, емханалық, соңғы он жылдықтар бойына ықшам мамандан-дырылған анықтама бере бастады.Шын мәнінде медицина ғылымы қазіргі заманда денсаулық туралы емес, ауруларды ғылыми тұрғыдан емдеу әдістерін дамытып келе жатқан ғылым екені белгілі.Сондықтан да осы уақытга медицинаны аурулар ғылымы деп атай бастады. Мұндай сипаттама үлкен медициналық энциклопедиядан өзінің тиісті орынын алған. Бұл ғылыми жинақта денсаулық туралы толық түрде анықтама берген. «Медицина» — көне заманнан бері қарай адам ауруларын емдеп аурулардың алдын алуды мақсат еткен ғылыми жүйе деп жазған. Бұл жазылған қағидаға зер салып қарасаңыз «денсаулық» деген ешқандай сөз келтірілмеген.Адамзат баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен және ішкі физиологиялық үрдісгермен байланысты болатыны анықталып отыр.Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының (ДДСҮ), (Всемирная организация здравоохранения (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — ағзаларда аурулардың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В. П. Казначеевтің (1989) жеке тұлға денсаулығы туралы анықтамары бұдан да толығырақ баяндалады. Оның анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілеттігінің сақталуы мен дамуы.И. И. Брехманның (1987) анықтамаоы бойынша, дснсаулық адамның ерекшелігіне сәйксс өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен біргс сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.Валеология – салауатты өмір сүрудің негізі. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік – экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экономикалық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.Халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс және мәдени әлует болып табылады. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру бағдарламалары құрылды. Мұндай бағдарламалар қатарына “Халық денсаулығы”,  “Денсаулық баршаға”,  “Валеология – қалай ауырмау керек”, “Салауаттану – денсаулықты сақтау” деген сияқты көптеген бағдарламаларды жатқызуға болады.Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс Салауатты Өмір Салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты – бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдық мінез – құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді біріктіретін биоәлеуметтік санат.                                 

2.1 Жеке тұлғаның өмір салты                                             

Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен 3 нышанға негізделеді:

—         өмір сүру деңгейі;

—         өмір сүру сапасы;

—         өмір сүрудің өзіндік жолы.

СӨС-ын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесіменайналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған. Салауатты өмір сүру салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші  болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс әрекеттеріне бағыт береді.Жеткілікті құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды СӨС- наәзірлеуден басталадыСалауатты өмір салтын қалыптастырудың басты бағыттары мен міндеттерін жүзеге асырудың бірі балалар мен жасөспірімдерге үздіксіз білім беру барысында валеологияны оқыту, яғни, валеологиялық білім беру болып табылады. 1998 жылы Мәдениет, білім және денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша валеология бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерге, орта және жоғарғы оқу орындарына 1998-1999 оқу жылдарында енгізіле бастады.

 

 

Кейбір объективті қиындықтарға қарамастан, бүгінгі таңда республика бойынша жалпы білім беретін мектептерде валеология бағдарламасы 3,5 млн оқушыларға оқытылуда

- 91,6%, мектепке дейінгі  балалар бақшасында

- 96,3%, орта арнайы білім  беретін орындарда — 76,2%  және жоғарғы оқу орындарында -69,3% оқытылуда.                                      Республика мектептеріндегі сараптама зерттеу жұмыстарының көрсетіп отырғанындай, оқушылардың жеке бас гигиенасына байланысты ауруларының алдын алу 1998 жылға қарағанда 34%-ға өскен, СӨС нормалары мен ережелерін орындау 60% өскен, дене шынықгыру 18% өскен, шылым шегушілердің саны 20% азайған, спирттік ішімдік ішетіңдердің саны 5%-ке азайған, ал ЖЖБА жөнінде және олардың алдын алу жайлы білімдері 52% артқан. Кейбір аймақтарда оқушылар арасында сары ауру сырқатымен ауыратын адамдардың саны 10%-ға төмендеген (Ақтөбе, Ақмола, Павлодар), асқазан, ішек қарын және тыныс жолы ауруларымен ауыратын адамдардың саны 18% төмендеген (Жамбыл, Батыс Казақстан). СӨСҚ мәселелері бойынша оқушылардың білім деңгейі 65% артқан; дене шынықгыру белсенділігі 3 есеге; ЖЖБИ және ЖТИС алдын алу 45% артқан; спирттік ішімдік пен темекі тартудың зияндылығы жайлы білімдері 30% артқан. Бағдарламаны одан әрі жетілдіре енгізу үшін білім беру бойынша бағдарламалардың Республикалық координациялық кеңесі құрылды, қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігінің техникалық қолдауымен оқу құралдары мен 1-4 сыныптарга оқубағдарламалары жасалды.2003 жылы СӨСҚПҰО ҚР Білім және Ғылым Министрлігімен және Алматы калалық білім департаментімен біріге отырып, «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру процесіндегі мектеп психологиясы» атты тұңғыш жобасын енгізе бастады.                                                          Валеология – екі шет елдері тілінен алынған. Латын сөзі «Vаlе» («Сау болу», «аман болу» қазақша деніңіз сау болсын деген мағына береді.А.С.Пушкин өзінің достарына жазған хатының соңына әрқашан «Vаlе» деген сөзді қосып отырған. «Деніңіз сау болсын» деген сөз. Грекше «Lоgos»- «ілім», «ғылым» деген мағына береді. Бір сөзбен айтқанда валеология денсаулық туралы ғылым.Валеология терминін 1987 жылы орыс ғалымы – медицина ғылымдарының докторы, профессор-фармакогаосист И.И.Брехман ғылымға енгізген болатын.Адам денсаулығының төмендеуі, көптеген отандық және шет ел ғалым-медиктерінің жазған еңбектерінде келтіріледі. Денсаулық туралы қазіргі заман адамдарының ұғымдары онша көп емес екендігі және олар денсаулығына көп мән бермейтіні байқалады.Баршаға белгілі — адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу проблемаларымен шұғылданады да аурулардың пайда болуымен айланыспайды.Ауру адамдардың физиологиясы мен тек физиология ғылым-дары шұғылданады. Ұлы физиолог И. П. Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған еді.«… Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің (ағзаның Ж.Ж.) негізгі принципі — «денсаулық» деп аталатын сыртқы және ішкі бірдік (тұрақтылық) қалыптың айқын анықтамасы жоқ…» Иә, медицияа ғылымы қаншама көне болғанымен, денсаулық туралы анықтама бере алмайды. Кейінгі кезде осіресе XX ғасырда.Әр түрлі себептер өсерінен медицина емдік, госпитальдық, емханалық, соңғы он жылдықтар бойына ықшам мамандан-дырылған анықтама бере бастады.Шын мәнінде медицина ғылымы қазіргі заманда денсаулық туралы емес, ауруларды ғылыми тұрғыдан емдеу әдістерін дамытып келе жатқан ғылым екені белгілі.Сондықтан да осы уақытга медицинаны аурулар ғылымы деп атай бастады. Мұндай сипаттама үлкен медициналық энциклопедиядан өзінің тиісті орынын алған. Бұл ғылыми жинақта денсаулық туралы толық түрде анықтама берген.                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III  Қорытынды

 «Медицина» — көне  заманнан бері қарай адам ауруларын  емдеп аурулардың алдын алуды  мақсат еткен ғылыми жүйе деп  жазған. Бұл жазылған қағидаға  зер салып қарасаңыз «денсаулық»  деген ешқандай сөз келтірілмеген.Адамзат  баласының денсаулығы айналаны  қоршаған сыртқы орта факторларымен  және ішкі физиологиялық үрдісгермен  байланысты болатыны анықталып  отыр.Дүниежүзілік денсаулық сақтау  үйымының (ДДСҮ), (Всемирная организация  здравоохранения (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — ағзаларда  аурулардың не болмаса физикалық  кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және  әлеуметтік толық аман-есендік. Академик  В. П. Казначеевтің (1989) жеке тұлға  денсаулығы туралы анықтамары  бұдан да толығырақ баяндалады. Оның анықтамасы бойынша, денсаулық  дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір  сүру барысында биологиялық және  психикалық әрекеттері мен тиімді  жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне  байланысты дені сау ұрпақ  жалғастыру қабілеттігінің сақталуы  мен дамуы.И. И. Брехманның (1987) анықтамаоы  бойынша, дснсаулық адамның ерекшелігіне  сәйксс өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен біргс сенсорлық, вербалды  және құрылымды ақпараттарды  қабылдау қабілеттілігі.

 

 

Поделиться

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2007 ISBN 5-89800-123-9, II том

2.Ә.Өмешұлы. Салауатты өмір  – денсаулық кепілі.2006 
3.Ж.Ж.Жатқанбаев. Валеология. – Алматы, 2005.  
4.Н.М.Амосов. Денсаулық туралы толғаныстар. – Алматы,2005 
5.Т.К.Мустафина. Основы валеологии. – Алматы, 2007.  

 

 

 

 


Информация о работе Салауатты Өмір Салты