Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 09:45, реферат
Қараша айының 19 – 28 аралығында «Салауатты өмір салты» атты дене шынықтыру пән бірлестігінің онкүндігі болып өтті.
Онкүндіктің мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтына баули отырып, спорт түрлерімен жас кездерінен шұғылданып, қимыл-қозғалысымен ақыл-ой қабілетінің бірдей жетіліп, денсаулықтарының мықты өсуіне ықпал ету. Түрлі іс –шараларға қатыстырта отырып спортқа деген ынтасын күшейту салауатты өмір сүруге баулу.
«Салауатты өмір салты» тақырыбында
өтілгенонкүндік қорытындысы.
Қараша айының 19 – 28 аралығында «Салауатты өмір салты» атты дене шынықтыру пән бірлестігінің онкүндігі болып өтті.
Онкүндіктің мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтына баули отырып, спорт түрлерімен жас кездерінен шұғылданып, қимыл-қозғалысымен ақыл-ой қабілетінің бірдей жетіліп, денсаулықтарының мықты өсуіне ықпал ету. Түрлі іс –шараларға қатыстырта отырып спортқа деген ынтасын күшейту салауатты өмір сүруге баулу.
Дене шынықтыру пән
19 қараша күні Онкүндіктің ашылу салтанаты Бұхарбаев Жәнібекке жүктелді. Бұхарбаев Ж. салауатты өмір туралы көрністер, өлең жолдары арқылы адам өміріне керек емес зиянды заттарды балалардың санасына жеткізе білді.
19 қараша күні Cүмбебаева Э. «Гимнастикалық құралдармен орындалатын жаттығулар» атты тақырыпта 7 «Б» сыныбына ашық сабақ өткізді. Мұғалім гимнастикалық құралдарды пайдаланып оқушыларға түрлі жаттығулар орындатты, оқушылар сабаққа түгел қатысты. Сабақта ауытқу болған жоқ, өз мәнінде өтілді. Сабақ жақсы өтті.
20 қараша күні Исаханов А. «Кіші ағаш аттан секіру» тақырыбында 9 «Б» сыныбына ашық сабақ өткізді. Оқушыларды сапқа тұрғызып, техника қауіпсіздігін айтып түсіндірді.Сабақта оқушыларды үш топқа бөліп өткізді. 1-топ секіртпе жіппен секіру, 2- топ ішке пресс, кеудені көтеріп түсіру, ал 3- топкіші ағаш аттан секіру жаттығуларын орындады.Оқушылар тақырыпты толық түсініп және жаттығуды орындап көрсете білді, мұғалім сабағына жан-жақты дайындалғаны көрініп тұрды.
21 қараша күні Бұхарбаев Ж. «Алға, артқа домалау, жауырынға тұру» атты 5 «А» сыныбына ашық сабақ өткізді. Оқушыларды екітопқа бөліп өткізді.1-топтағылар секіртпе жіппен секірді ал, 2-топтағылар акробатикалық жаттығулармен жұмыс жасады. Мұғалім сабақта өзінің алға қойған мақсатына толық жетті деп айтуға болады. Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі, сабақты өткізуі жақсы болды.
22 қараша күні Уразымбетов Т. «Гимнастикалық жаттығулар» атты ашық сабағы болды Тарғын ағай сабағында түрлі гимнастикалық жаттығуларды орындатты.
Сабақ барысында мұғалімнің оқушыларға екі топта жұмыс істетуінде техникалық қауіпсіздік ережелерінің айтылмағаны ескертілді және сөйлеу ырғағының өте жәй нақты еместігі айтылды.
22 қарашада Қожағұлов А. 11 сыныптар арасында волейболдан жарыс өткізді, жарыс өте қызықты, тартысты өтті нәтижесінде 11 «Б» сынып оқушылары 2:1 есебімен 11 «А» сыныбын жеңіп кетті.
23 қараша күні Қожағұлов А 11 «Б» сыныбына «Қолдың күшімен денені көтеру» тақырыбында ашық сабақ өткізді, мұғалім қолдың күшімен тартылу, кермеге тартылу әдістерін көрсете отырып, сабақтадене қол дұлшық еттерін жетілдіріп дамытты. Сабақжақсы өткізді деп айтуға болады. Сабақ уақытыңда басталып, уақытылы аяқталды.
24 қарашада Пірманов С. «Кермеге тартылу» тақырыбында 10 «Б» сынып оқушылары арасында ашық сабақ өткізді. Балалар сабақта кермеге тартылып, кермеге тұру сияқты әдіс тәсілдерді үйренді. Сабақ екі топта өткізілді.
Жаттығу барысында
оқушылардың қателіктерімен
24 қараша күні Уразымбетов Т. 3 сыныптар арасында «көңілді сайыс» өткізді, сайыс өте тартымды қызық болды оқушылар таяқшамен жүгіру және шембердың арасымен жүгіру қарама-қарсы жүгірді. нәтижесінде І орын 3 «В», ІІ орын 3 «А», ІІІ орын 3«Б», ІVорын 3 «Г» сынып оқушылары иеленді.
26 қарашада Исаханов А. 7 сыныптар арасында «дені саудың тәні сау» атты сайыс өткізді.Барлық құрал-саймандарды пайдаланды.Сайысқа оқушылар өте жоғары дәрежеде дайындалып келген, сайыс жақсы өтті нәтижесінде орындары І-орын 7«Б», ІІ-орын 7«А», ІІІ-орын 7«В» сыныптары иеленді.
27.қараша күні Сүмбебаева Э. 8 сыныптар арасында «Шынықсаң шымыр боларсың» атты сайыс өткізді. Сайысқа 8 «А», «Б», «В» сынып оқушылары қатысты. Сайысқа оқушылар өте жоғары дәрежеде дайындалып келген, сайыс жақсы өтті нәтижесінде I орын8 «А», II орын 8 «Б», III орын 8 «В» сынып оқушылары ие болды.
28 қараша күні онкүндіктің қорытынды кеші ретінде Пирманов С. 2 сыныптар арасында «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайыс өткізді.
Сайысқа төрт жанұя қатысты, сайысқа барлықтары ерекше дайындықпен келген. Эмблема, девиз дайындап, отбасылар уақыттарын арнайы бөліп тіпті жанкүйерлерімен де келген.
Әр-түрлі гимнастикалық
құралдарды пайдаланып
Дене шынықтыру сабағында екінші тоқсан гимнастика тарауы болғансоң, онкүндікте өткізілген сабақтар негізінен гимнастикалық жаттығуларды қамтыды. Онкүндік аясында өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс сабақтар өз дәрежесінде жақсы өтті деп айтуға болады. Әдіс бірлестік мүшелері барлығы дерлік бір-бірлерінің сабақтарына қатысып, қолдау көрсетіп отырды. Алға қойған мақсат толық орындалды және де бұдан былай да мектеп оқушыларын салауатты өмір салтын ұстауға, спортты сүйіп, спортпен өмір сүруге балаларды баулу дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің алға қойған мақсаты болмақ.