Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 20:00, реферат
Елді мекендер мен кәсіпорындар аумақтарында жанармай қалдықтарының үйінділерін, қоқыстарды шашуға жол берілмейді. Барлық қалдықтарды арнайы бөлінген алаңдардағы контейнерлерге немесе жәшіктерге жинап, шығарып тастау қажет.
Ғимарат-қа қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Елді мекендер мен кәсіпорындар
аумақтарында жанармай қалдықтарының
үйінділерін, қоқыстарды шашуға жол берілмейді.
Барлық қалдықтарды арнайы бөлінген алаңдардағы
контейнерлерге немесе жәшіктерге жинап,
шығарып тастау қажет.
Елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары,
ғимараттардың, құрылыстар мен ашық қоймалардың
өртке қарсы аралықтарының шекаралары,
сондай-ақ тұрғын үйлерге, саяжайлар мен
басқа да құрылыстарға жақын учаскелер
жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, қураған
жапырақтардан, құрғақ шөптерден дер кезінде
тазартылып тұрады.
Ғимараттар мен құрылыстардың, орман
қатарының, ағаштардың, басқа да материалдар
мен жабдықтардың өртке қарсы аралықтары
материалдарды, жабдықтар мен ыдыстарды
сақтау қоймасы ретінде, көлік тұрағы
және ғимараттар мен құрылыстар салу (орнату)
үшін пайдаланылмайды.
Ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға,
сыртқы өрт сөндіру сатылары мен өрт сөндіру
мақсатында пайдаланылатын су көздеріне
барар жолдарды, өтетін жерлер мен кірме
жолдарды өрт техникалары өту үшін әрқашан
бос және жарамды жағдайда, ал қыста қар
мен мұздан тазартып ұстау керек.
Жолдар мен өтетін жерлердің оларды жөндеу
үшін немесе өрт сөндіру автокөліктерінің
өтуіне кедергі келтіретін басқа да себептер
бойынша жабылуы туралы дереу өрт сөндіру
бөлімшелеріне хабарлау керек.
Жолдар жабылған кезде тиісті орындарда
су көздеріне айналып өту бағытының көрсеткіштері
қойылады немесе жөнделіп жатқан учаскелер
мен кірме жолдар арқылы өтетін өткелдер
орнатылады.
Уақытша құрылыстар басқа ғимараттар
мен құрылыстардан немесе өртке қарсы
қабырғалардан (басқа нормалар бойынша
өзге өртке қарсы аралықтары талап етілген
жағдайлардан басқа) кемінде 15 м қашықтықта
орналастырылады.
Кейбір блок-контейнерлік ғимараттар
мен құрылыстар топта 10 аспайтын және
ауданы 800м 2 аспайтын топтармен орналастырылады.
Ғимараттардың топтарының және олардан
бастап басқа құрылыстарға, сауда дүңгіршектеріне
дейінгі арақашықтығы кемінде 15 м болуы
тиіс.
Қойма және база бөлмелерінде, астық қабылдау
бекеттерінің, сауда объектілерінің, мұнай
өндіру және қайта өңдеу, ТТС, ЖС және жанғыш
газдарды (бұдан әрі - ЖГ), жарылғыш заттардың
барлық түрлерінің өнімдерін сақтау, өрт
жарылыс қаупі және өрт қаупі бар учаскелерінің,
мектепке дейінгі балалар мекемелері
мен мектептердің, емдеу және мәдени ойын-сауық
мекемелерінің аумағында, астық алқаптарында,
көлік құралдарында, сондай-ақ кәсіпорындардың
темекі шегуге арналмаған орындарында
темекі шегуге жол берілмейді.
Ғимараттарға, құрылыстарға және жанғыш
заттар мен материалдарды ашық сақтау
орындарына 50 м жақын жерде алау жағуға,
қалдықтар мен ыдыстарды өртеуге жол берілмейді.
Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа
арнайы бөлінген орындарда қызмет көрсетуші
қызметкердің бақылауымен жүргізіледі.
Елді мекендер мен ұйымдардың аумақтарын
түнгі уақыттарда өрт гидранттарын, өрт
сөндіру суаттарына барар жолдарды, сыртқы
өрт сатылары мен өрт сөндіру құрал-саймандары
орналастырылған орындарды, ғимараттар
мен құрылыстарға кірер жолдарды жылдам
табу үшін сыртқы жарықпен қамтамасыз
ету қажет.
Өрт қауіпсіздігі құралдары орналастырылатын
(болатын) орындар мен арнайы жабдықталған
темекі шегу орындары тиісті таңбаларымен
белгіленеді.
Ішкі объектілік теміржолдар арқылы
өтетін өткелдер мен өту жолдары өрт сөндіру
автокөліктері өту үшін босатылады және
рельс биіктігінің деңгейінде біртегіс
төсеніштері болады. Ішкі объектілік теміржолдар
арқылы өтетін өткелдер мен өту жолдарын
өрт сөндіру автокөліктері өту үшін бос
ұстап, рельс биіктігінің деңгейінде біртегіс
төсенішпен қамтамасыз етуі тиіс. Өткелдерде
локомотивтері жоқ вагондардың тұруына
жол берілмейді. Жол арқылы өтетін өткелдердің
саны екеуден кем болмауы тиіс.
Тұрғын үй, саяжай және бағбандық мекендер,
қоғамдық және азаматтық ғимараттар аумақтарының
ашық алаңдары мен аулаларында ТТС мен
ЖЖ ыдыстарын (сыйымдылықтар, канистрлер),
сондай-ақ сығылған және сұйытылған газ
баллондарды қалдыруға болмайды.
Ормандарда, орманды алқаптар мен далаларда
орналасқан жазғы балалар сауықтыру лагерлерінің
аумақтары кемінде ені 3 м болатын минералдандырылған
қорғаныс жолағымен қамтамасыз етілуі
тиіс.
Қызметтері дала, орман және тоғай алқаптарында
жүргізілетін ұйым басшылары өздеріне
сеніп тапсырылған аумақтарда өрттің
пайда болуы мен дамуына жол бермеу шараларын
қолданады.
Ведомстволық бағыныстылығына және меншік
нысанына қарамастан, автокөлік жолдарында
өрт қаупі кезеңі басталғанға дейін жол
бойлары мен кюветтер құрғақ шөп қалдықтарынан
тазартылады, сондай-ақ дала алқаптары
мен орман автокөлік жолдарының бойында
жер жырту жұмыстары жүргізіледі.
Автокөлік жолдары бойындағы жыртылатын
жерлердің ені кемінде 4 м болуға тиіс.
Жыртылған жерлерде құрғақ шөп қалдықтарының
жиналуына жол берілмейді.
Автокөлік пен теміржол жолдары арқылы
жүргізілетін ағаш егу алқаптарын өңдеу
периметрі 4 м кем болмауы тиіс.
Ағаш отырғызатын орындар мен орман алқаптарын
қурап қалған ағаштардан дер кезінде тазартып
тұру қажет.
Ведомстволық бағыныстылығына және меншік
түріне қарамастан, теміржолдарда өрт
қаупі кезеңі басталғанға дейін теміржол
бойлары құрғақ шөп қалдықтарынан тазартылады,
теміржолға жақын жатқан дала, ағаш отырғызу
және орман алқаптары айналасында жер
жырту жұмыстары жүргізіледі.
Шөптесін өсімдіктерді өртеу өрт қауіпсіздігі
саласындағы уәкілетті бақылаушы органдардың
келісімі бойынша жауапты тұлғаның бақылауымен
жүргізіледі.
Ведомстволық бағыныстылығына және меншік
нысанына қарамастан, далалық алқаптар
жер үлесінің шегі бойынша ені кемінде
4 м болатын жолақ арқылы айналдыра жыртылады.
Үй-жайлардың (учаскелердің) саны 300-ден
аспайтын ауылдық елді мекендер, бақшалық
серіктестіктер мен саяжай-құрылыс кооперативтерінің
өрт сөндіру мақсатында саны 300-ден 1000-ға
дейінгі үй-жайлары (учаскелер) бар жылжымалы
өрт сөндіру мотопомпасы - тіркемелі өрт
сөндіру мотопомпалары, саны 1000 астам
үй-жайлары (учаскелер) бар - кемінде екі
тіркемелі өрт сөндіру мотопомпасы болуы
тиіс.
Жану кезінде
қызметкерлердің әрекеттері.
Өрт сөндіргіштердің мақсаты, құрылыс және әрекет ету принципі. Оларды пайдалану және оларды тұтануды немесе өртті сөндіруде қолдану ережелері. Ішкі өрт сөндіру шүмектерінің мақсаты, құрылысы, жабдықталуы; оларды пайдалану ережелері. Өрт сөндіру қалқандары және олардың жабдықталуы. Өрт сөндіруге өрт сөндіру құрал-сайманын және қосалқы құралдарды пайдалану ережелері. Жаңа құрылыстар мен реконструкцияланып жатқан ғимараттарды өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету нормалары. Өрт пайда болғанда жұмыскерлердің әрекеттері: өрт сөндіру көмегін шақыру, қолда бар құралдармен сөндіру, өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшесін күтіп алу және олармен еріп жүру. Өртеніп жатқан үй-жайлардан адамдар мен мүлікті эвакуациялауды ұйымдастыру және оның тәртібі.
Информация о работе Ғимарат-қа қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары