Халықаралық олимпиада қозғалысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 19:05, реферат

Краткое описание

Олимпиада ойындары (гр. Olympіa) — халықаралық кешенді спорттық жарыс. Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиялық ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпия ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.б. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілді.
Олимпиада қозғалысы көптеген нышандарды қолданады, негізінде олардың барлығы барон Пьер де Кубертеннің мұраттары мен ойларынан жаратылған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

халықаралық олимпиада қозғалысы.docx

— 58.33 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

Олимпиада ойындары (гр. Olympіa) — халықаралық кешенді спорттық жарыс. Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиялық ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпия ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.б. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілді.

Олимпиада қозғалысы көптеген нышандарды қолданады, негізінде олардың барлығы барон Пьер де Кубертеннің мұраттары мен ойларынан жаратылған.

Осы нышандардың ішіндгіе ең танымалы, 1920 жылдан бастап әр бір ойында көтерілетін бес сақина суреттелген олимпиада туы шығар. Олимпиада туы, ақ түсті матаның үстінде, бес түрлі-түсті сақина суреттелген ақ түсті мата болып табылады. Әр бір сақина, бес түрлі құрлықты білдіреді: Еуропаны, Азияны, Африканы, Америка мен Океанияны. Барлық сақиналар бір-бірімен байланысқан және Олимпиада ойындары рухының жан-жақтылығын білдіреді.

Бес сақина үшін таңдалған түстер (солдан оңға қарай): көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Осы ту таңдалған кезде  ақ фонмен қатар, бұл түстер әр бір  елдің туында бар еді, сондықтан  да бұл сақиналар тек қана құрлықтарды  емес, әлемдегі барлық елдерді білдіреді.

Олимпиада ойындарының ресми ұраны "Citius, Altius, Fortius", латын тілінен аударғанда "тезірек, жоғарырақ, күштірек" деген мағынаны білдіреді. Бұл ұран алғашқы рет 1924 жылы Парижде қолданылған болатын, бірақ Кубертеннің айтқан Ең бастысы – жеңіске жету емес, қатысу - деген бейресми ұранға айналған нақыл сөздің маңыздылығы кем емес.

Олимпиада оты, күн сәулелерінен Олимпия қаласында тұтандырылады. Бұл дәстүр алғаш рет 1936 жылғы Берлинде өткен Олимпиада ойындарында пайда болды. Олимпиада оты, эстафета арқылы ойындар өтетін орынға дейін әкелініп, ашылу салтанаты кезінде Олимпиада тостағанында от жандырылады және жабылу салтанатында өшіріледі.

Олимпиада ойындары-Ежелгі Грекиядағы құдайлар тұрағы Олимп тауында Зевстің  құрметіне өткізілетін жарыстар біздің заманымызға дейінгі 776 жылдан бастап 4 жылда бір рет өтетін болған. Олимпиада ойындары кезінде  Грекияда қасиетті бейбітшілік жарияланып, әскери қимылдар тоқтатылды, Олимпке  баратын жолдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Ол кезде олимпиада  ойындары 5 күнге созылатын болған: бірінші және бесінші күні салтанатты шараларға, құдайларға құрбандық шалуға арналса, қалған күндерде спорт жарыстары  өткізілді. Ол жерге әйелдер жіберілмейтін  болған. Жарыс жеңімпаздарына (олимпиониктер) зәйтүн ағашының бұтақтарынан жасалған веноктар сыйланды, олар Грекияда үлкен құрметке ие болды, әдетте экономикалық және саяси жеңілдіктер берілді. Ойын кезінде жиналғандар алдында ақындар, философтар, шешендерге сөз беретін дәстүр болған. Олимпиада ойындарының рет санын санауды біздің заманымызға дейінгі 264 жылдан бастап тарихшы Тимей енгізіпті, есеп біздің эрамыздың 394 жылы рим императоры Федосий ойындар өткізуге тыйым салғанға дейін жүргізілген екен. 

Қазіргі олимпиада қозғалысы француздың қоғам қайраткері Пьер де Кубертеннің  Халықарлық олимпиадалық комитет (ХОК) құру, олимпиада ойындарын өткізу жөніндегі 1894 жылғы ұсынысынан бастау алады. ХОК хартиясына сәйкес олимпиада ойындары барлық елдердің әуесқой спортшыларын адал және тең құқықты жарыстарға біріктіреді. Олимпиада саны алғаш ойындар өткен 1896 жылдан (1 олимпиада 1896-99) басталды. Содан бері олимпиада ойындары түрлі себептермен өтпей қалса да өз нөмірін алатын болып белгіленді. Мысалы, VІ(1916-19), ХІІ (1940-43), ХІІІ (1944-47) олимпиада ойындары сол кездердегі халықаралық жағдайларға байланысты өткізілген жоқ. Олимпиада ойындарын өткізетін орынды ХОК белгілейді, оны ұйымдастыру құқы мемлекетке емес, нақты қалаға беріледі. Олимпиада қозғалысының эмблемасы, жалауы Кубертеннің ұсынысымен 1913 жылы бекітілді. Эмблема айқасқан көк, қара, қызыл, сары, жасыл түсті 5 шығыршық, Тезірек, Биігірек, Күштірек девизімен олимпиада қозғалысына біріккен 5 континенттің символы болып табылады. 
Жалау-олимпиадалық шығыршықтар бейнеленген ақ мата 1920 жылдан бастап барлық олимпиадалық ойындарда көтеріліп келеді. Дәстүрлі рәсімдердің арасында олимпиада алауын жағу (от Олимп тауындағы күн сәулесінен жағылып, спортшылар эстафетасымен олимпиадалық ойындарды ұйымдастырушы қалаға жеткізіледі), елдің ең мықты спортшысының олимпиада қабылдауы, төрешілердің әділ қазылық етуге ант етуі, жарыс жеңімпаздарына медальдарды тапсыру, жеңімпаздар құрметіне мемлекеттік жалауды көтеру, ұлттық гимнді орындау бар. 1932 жылдан бері олимпиада ойындарын ұйымдастырушы қала спортшылар тұруға арналған олимпиадалық деревния тұрғызатын болып жүр. ХОК хартиясы бойынша олимпиадалық ойындар ұлттық командалар арасындағы жарыс емес, жекелеген спортшылардың сайысы болып есептеледі. Дегенмен 1908 жылдан бастап ресми емес жалпы командалық есеп-алған медальдардың санына қарай, жарыстарда жинаған ұпайлар бойынша командалардың алған орнын шығару тәжірибеге енді. Олимпиадалық ойындар 15 күнге созылады, қысқы ойындар 10 күнде аяқталады.

Қысқы Олимпи́ада ойындары — Халықаралық олимпиада комитетінің эгидасымен, 4 жылда бір рет өтетін қысқы спорт түрлерінен орасан зор халықаралық жарыстар. Ойындар 1924 жылы жазғы Ойындарға қосымша ретінде өткізлген. Қысқы олимпиялық ойындар, қысқы олимпиялық ойындар өткізу жөнінде көптеген әңгіме болып жүретін. Халықаралық олимпиялық комитет бұл мәселені 1922 ж. күн тәртібіне қойды. Қысқы Олимпиада өткізу Олимпиялық ойындардың өрісін кеңейтіп, оның халықаралық деңгейдегі беделін арттыра түседі деген тоқтамға келді. Бұл шындығында солай еді. Жазғы ойындар бүкіл дүниежүзі спортшыларының достығын, ынтымағын нығайтты. Спортшы қауымның шеберлігі ұшталып, талғам, талпынысы еселене түсті. Енді егіздің сыңарындай Олимпиада жалау кетерсе, нұр үстіне нұр. Алайда, Скандинавия елдері өкілдері қысқы Олимпиядалық ойындар өткізуге қарсы болды. Бұл елде ездерінің ұлттық ойыны деп санады. Оны Олимпиялық ойындар санатына қосуға қарсылық білдіруге келді. 1924 ж. Шамони (Франция) каласында "VIII Олимпиялық (жазғы) ойындар қарсаңындағы халықаралық спорт апталығы" атты жарыс өткізілді. Бұл апталыққа Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Италия, Канада, Латвия, Норвегия, Польша, АҚШ, Финляндия, Франция, Чехославакия, Швейцария, Швеция сынды қысқы спорт ойындары дамыған Солтүстік елдердің танымал спортшылары да аталмыш жарысқа түгел дерлік келді. Спорттың 5 түрі бойынша 14 жарыс түрінде жүлделі орындар сарапқа салынды. Бағдарлама құрамына бобслей, шаңғы спорты, трамплиннен секіру, қоссайыс, мәнерлеп сырғанау спорты бойынша жарысқа түсті.

Алғашқы алтын медаль АҚШ спортшысы Ч. Джутроудың еншісіне тиді. Ол норвегиялық О. Ольсенмен 500 м. қашықтыққа коньки жарысы бойынша ақтық сайысқа түсіп, мәрте сызығын бірінші болып қиды. Осы спорт түрі бойынша сарапқа салынған жалпы 15 медальдың 14-ін Финляндиямен Норвегияның спортшылары қанжығасына байлады. 1500 және 5000 қашықтықта Олимпиада рекордын жаңартып, көпсайыста жеке дара жеңіске жеткен фин спортшысы К. Тунберг коньки жарысының ең үздік ойыншысы атанды. Шаңғы спортының барлық түрі бойынша жеңіс тұғырына Норвегия спортшылары көтерілді. Олар осы спорт түрі бойынша сарапқа салынған 12 медальдың біреуін гана 18 км. қашықтыққа болған сайыста қола медальдың иегері атанған фин шаңғышысы Т. Никке олжалапты. Сол кезде Әлемнің ең үздік шаңғышысы саналған Норвегиялық Т. Хауг 3 алтын және 1 қола медальға қол жеткізді.

Бейресми  командалық есепте Норвегия спортшылары 4 алтын, 7 күміс,7 қола, жалпы 18 медальдың иегері атанып, 122,5 ұпай жинап, айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Финляндия спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 2 қола, жалпы 9 медаль және 59,5 ұпаймен екінші, АҚШ спортшылары 1 алтын, 2 күміс, жалпы 3 медаль және 26 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Қысқы Олимпиялық ойындар, спорттың кейбір қысқы түрлерінен (1908, 1920 ж.-конькимен мәнерлеп сырғанау және 1920 ж. -шайбалы хоккей) жарыстар жазғы Олимпиялық ойындардың багдарламасына енді. ХОК (халықаралық Олимпиялық комитет 1925 ж. спорттың қысқы түрлерінен Олимпиялық ойындарды өткізу туралы шешім қабылдады. Бұдан бір жыл бұрын Шамонида (Франц.) қысқы спорт түрлерінен апталық өткен болатын. Сол апталық 1-ші қысқы Олимпиялық ойындар деп есепке алынды. 1924 жылдың 25 қаңтары мен 4 ақпан арасында өткен осы апталыққа Еуропа мен Американың 16 мемлекетінен 293 спортшы (13-і әйелдер) қатысты. Ресми емес жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 7 күміс, 7 қола медальдарға ие болып 122,5 ұпай жинаған Норвегияның құрамасы 1-ші орынға, 26 ұпаймен 2-ші АҚШ-тың құрама командалары шықты. Осы ойындарда Норвегиялық шаңғышы Т.Хауг пен фин конькишісі К.Гунерг З алтын медальдан алды. Жылдар жылжып өткен сайын қысқы спорт түрлерінің қарқындап дамуына байланысты қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы кеңи түсті. 2010 жылына дейін өткен қысқы Олимпиялық ойындарда спорттың 19 түрінен өнер көрсетілді. Бағдарламадағы 14 негізгі спорт түрлеріне қоса қысқы спорт түрлерінің бесеуінен керсетілімдер ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 1924, 1928, 1936, 1948 жылдары I, II, ІV, V қысқы Олимпиялық ойындарда шаңғы, 1948 ж. V-ойындарда қысқы бессайыстан, 1952 және 1972 ж. VІ, XI ойындарда хоккей- бендиден, 1952, 1972 ж. Vl, XI қысқы Олимпиялық ойындарда спидскингтен көрсетілімдер болды. 1994 ж. Лиллехаммерде өткен ХVІІ қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасында ең көп спорттың 12 түрі қамтылды. Ал 1998 ж. Жапонияның Нагано қаласында өткен XIX қысқы Олимпиялық ойындарда спорттың 13 түрінен жарыстар өтіп чемпиондық атақ 64 адамға берілді. Алғашқы ойындармен салыстырғанда қазір олимпиялық бағдарламадағы қысқы спорт түрлерінің саны 2 еседей, сарапта салынатын медальдардың саны 4,5 еседей өсті. 1924-36 жылдардың арасында бағдарламаға бобслей-шаңғы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғышылар сайысы, конькимен сырғанау, конькимен мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей енсе, 1948 ж. Санкт-Морицте өткен V қысқы Олимпиялық ойындарда бағдарламаға жаңадан спорттың бес спорт түрі қосылды (4-тау шаңғысынан, 2- ерлер, 2-әйелдер арасындағы бәсеке, 1-скетлоннан). 1960 ж. Сиво-Вэллиде еткен VІІІ қысқы Олимпиялық ойындарда ерлер арасында биатлоннан, конькиде 4 қашықтықта (әйелдер арасында) медальдар сарапқа салынды. Осы уақытқа дейін коньки жарысына тек қана ерлер қатысып келген болатын. 1964 ж. Инстуркте өткен ойындарда шана спортынан бәсеке өтіп ерлер - 2, әйелдер - 1 (ерлер және әйелдер үшін - 1 орындық, тек ерлер үшін - 2 орындық) бағдарлама бойынша сынға түсті. Шана спортынан жарыс бұрын (1924 жылы ғана, ал 1928, 1948 ж. тек скетлоннан жарыс еткен болатын.

Жазғы Олимпи́ада ойындары (ресми Олимпиада ойындары) — Халықаралық олимпиада комитетінің эгидасымен, 4 жылда бір рет өтетін жазғы және барлық маусымдық спорт түрлерінен орасан зор халықаралық жарыстар. Ойындар 1896 жылдан бастап өткізледі. Қазіргі заманғы олимпиадалық қозғалысты жаңартуын барон Пьера де Кубертенмен байланыстырады. 
Жазғы Олимпиада ойындарында өткізілетін спорт түрлері:

  • Академиялық есу
  • Бадминтон
  • Баскетбол
  • Бокс
  • Күрес
  • Еркін күрес
  • Грек-рим күpeci
  • Велоспорт
  • Трек жарысы
  • Шоссе жарысы
  • Маунтинбайк
  • BMX
  • Су добы
  • Волейбол
  • Қол добы
  • Байдаркада және каноэде есу
  • Спорттық гимнастика
  • Көркем гимнастика
  • Дзюдо
  • Ат спорты
  • Жеңіл атлетика
  • Үстел теннисі
  • Желкенді спорт
  • Жүзу
  • Суға секіру
  • Синхронды жүзу
  • Қазіргі бессайыс
  • Нысана көздеу
  • Садақтан ату
  • Стендтік ату
  • Теннис
  • Триатлон
  • Таеквондо
  • Ауыр атлетика
  • Семсерлесу
  • Футбол
  • Көгалдағы хоккей

Азия ойындары (сондай-ақ азиада аталатын) — төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында атлеттер арасында өткізілетін спорт  жарысы. Есептеу Нью Делиде өткен  бірінші Ойыннан жүргізіліп келеді. Ойындардың жалпы ұзақтығы — Ашылу  және Жабылу салтанатын қоса кем дегенде 7 және ең дегенде 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қадағалауымен Азиялық Олимпиада  кеңесімен (АОК) реттеледі. Азия ойындарының  эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны  Кеңес меншігі болып табылады. Жарыстар өз елін білдіретін Ұлттық Олимпиада  комитеті бастайды. Мемлекеттік ту мен әнұран марапаттау рәсімінде  бірге жүреді. Он алтыншы ойын 2010 жылы 12-27 қарашада Қытайда Гуанчжоуда өтеді. Бұл жерде Азия ойындарында  бірінші рет Крикет өтеді.

Азия ойындарының  туындауы

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі  тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа елдер  өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей  жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда Он төртінші Олимпиада ойындарының  барысында Үндістан Олимпиада комитеті Гуру Дутт Сонди тұлғасында Азия спорт  командаларының басшыларына «Азия  Атлеттік Федерациясын» құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда «Азия ойындарының  федерациясы» формалды құрылып аталды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды.

Федерацияның  түрленуі

1962 жылы Федерацияда Тайвань  мен Израильді қабылдау мәселесі  бойынша дау туындады. Ойынды  қабылдаушы Индонезия осы елдерді  Федерацияға қабылдауға қарсы  болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея  Солтүстік Корея тарапынан болатын  қауіпсіздікке қауіп туындауына  байланысты ойындарды жүргізе  алмады, ойындар Корея қаражатын  пайдаланып Таиланд астанасы  — Бангкокта өткізілді. 1973 жылы  АҚШ пен Тайваньның бірнеше  елдері мен Израильде Араб  ұлттық оппозициясын танумен  байланысты дау туындады. 1977 жылы  Пәкістан Бангладеш пен Үндістанмен  қақтығыс салдарынан ойындарды  өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа  ауыстырылды. Осы оқиғалардан  кейін Азияның Ұлттық Олимпиада  комитеттері Азия ойындары Федерациясының  жарғысын өзгерту туралы шешім  қабылдады. Азиялық Олимпиада  кеңесі аталған жаңа бірлестік  құрылды. Осы кеңес ойындарды  1986 жылдан бері қадағалайды.

Тайвань қабылданды, бірақ  АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны  «Қытай (Тайбэй)» деп атайды. Израиль  шығарылып тастап, еуропалық жарыстарға қосылды.

Кеңею

Ойындарға 1994 жылы бірнеше  елдердің қарсы болуына қарамастан АОК бұрынғы кеңес республикаларын  шақырды: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан.

Информация о работе Халықаралық олимпиада қозғалысы