Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық
технологияларды пайдалана отырып, білім
сапасын арттыру.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті
елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет
басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда
халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе
болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік
жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі
және адам экологиясының қолайсыздығы
бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті
мәселе болып отыр. Еліміздің даму бағытын
бекіткен
«Қазақстан – 2030» бағдарламасында салауатты
өмір салтын ұстану мемлекеттік маңызы
бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі
баса көрсетілген. Өмір салты мен денсаулық
арасындағы өзара байланыс салауатты
өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты
өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір
сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін
жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды
анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты
оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді
ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының
салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы
алған білімдері болашақ азаматтардың
денсаулығын сақтап қалуға берік тірек
болады.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір
сүру мәдениетін қалыптастыру дегеніміз:
І. Жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз
және жанды табиғи ортамен жан – жақты
үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы
және өзі үшін барынша пайдалы өткізу
дағдысын қалыптастыру;
ІІ. Салауатты өмір салты – ол денсаулықтың
үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын
қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты
нығайтуға бағытталған іс – шараларды
жүргізу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
үшін қандай жағдайларға назар аудару
керек? Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған
мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше,
адамның әлеуметтік – психологиялық және
биологиялық жақтан салауатты өмір салтын
қалыптастыруға мына жағдайлар негіз
бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді
шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен
шұғылдану;
- физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын
жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын
жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке
жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Сондықтан балаларды жасынан салауатты
өмір салтына қалыптастыруға күш салып,
зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек.
Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық
санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы
мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық
болады. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет
ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»
деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін
атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі
байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі
мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті,
денсаулығы деген еді.
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық
технологиялардың тиімділігі жоғары.
Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани
мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын
құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді
қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз
сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды
халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке,
салауатты өмір сүруге баулу дені сау
ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің
басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің
ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл
педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп
қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше
күнделікті сабақта пайдалану қажет.
Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге
қарағанда көптеген ерекшеліктері бар.
Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі
баса назарда болуы керек. Дегенмен де
оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту,
спортқа деген қызығушылығын арттыру
жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты.
Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын
арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты
спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт
түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы
белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Сол себептен мұғалім сабақты тартымды
етіп теория мен практиканы ұштастыруында
жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі
баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім
мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты
жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен
белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық
баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар
туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін
еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық оқушылар
өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды
орындаудан бастайды, оларды міндетті
түрде толық орындап болғаннан кейін ғана,
келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды
орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар
арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының
өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары
деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.
Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа
енгізуде теория мен практиканың ұштасуына
мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы
көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан
ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының
тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде
қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру
пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл
қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене
мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру,
тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын
меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық
бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік
тест жаттығуларды игертуді береді.
Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан
ойлау технологиясын тиімді пайдалануға
да болады. Осы технологияның шығармашылық
бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау
жасауға болады (мысалы, дене шынықтыру
сабағын ойын түрінде ұйымдастыру), сол
арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға
болады.
Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне
деген қызығушылықтарының артуы. Оқушы
шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі,
эстетикалық талғамы да артып келеді.
Мысалы, дене шынықтыру сабағында 5-6 сыныптарына
сергіту сәтін алатын болсақ, өз тәжірибемде
5-сыныптарға өткізген «Эстафеталық жарыстар»
атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой
толғау жасау мақсатында, қазақтың ұлттық
ойын түрлеріне тоқталдым, ұлттық ойындар
туралы өз түсініктерін сұрай отырып,
сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым.
Міне, осы арқылы оқушылар сабақтың жарыс
түрінде топтық ойын әдісінде болатына
көз жеткізеді. Ойлау қабілетін дамыту
тұрғысында 6 сыныптар арасында «Көңілді
мәре» сайысы оқушылардың ой-қабілетін,
жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына
және топтық әрекет жасауына пәндерді
байланыстыра отыра кіріктірілген сабақ
көрермендердің көңілінен шықты, сабақта
биология, химия, математика, сурет, алғашқы
әскери дайындық пен дене шынықтыру пәндерінен
құралған ойындар пайдаланылды. Сабақты
қызықты өткізу үшін мультимедиалық проектор
арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын
таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды
табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген
ұпай сандарына қарай бағалап отырдым.
Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі
деп алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген
жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп
барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға
жазылып берілген есептерді шапшаң орындап
шығып кейін қайтып келу талабы қойылды.
Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген
қызығушылығының артуымен бірге машықтанады,
логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс
әрекеті дамиды. Тәңертеңгілік бой жазу
және сергіту жаттығулары мен бірге мектебімізде
ұлттық өнеріміз «Қара жорға» биін жаңғырту
үстіндеміз, биді сергіту, тәңертеңгі
бой жазу жаттығуларының орнына да пайдалануға
болатынына көз жеткіздік. Сондай-ақ «Спорт
әлеміне саяхат» тақырыбында мультимедиалық
проектор арқылы 5«А» сынып оқушылармен
зияткерлік ойын сабағын өткізіп оқушылардың
спортқа деген қызығушылығын арттырдық.
Бұл сабақта Қазақстан спортының алғашқы
шыққан, атақты да данықты чемпиондарынан
бастап қәзіргі таңдағы олимпиада чемпиондары
туралы викторина сайысы оқушылардың
көңілінен шығып, оқушыларымыз өз елінің
патриоты екендерін сабақ барысында дәлелдеп,
мүдірместен жауап беруге тырысты. Сондай-ақ
қатарынан үшінші жыл мемлекеттік тілдегі
мектептердің 5-8 сынып оқушылары арасында
ұлттық ойын және спорттық ойын түрлерінен
жарыстар ұйымдастырып жеңіпаздарды анықтап
оқушылардың кішкене кезінен бастап спортқа
деген қызығушылығын арттыру мақсатында
тынымды еңбектер атқару үстіндеміз. Қала
көлемінде Наурыз айында ұлттық мерекемізді
насихаттау барысында «Төрт түлікке ен
салу», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Асық
ату» ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырып,
ұлттық ойын өнерімізді өзге ұлт өкілдеріне
насихаттау басты міндетіміз. Екінші жыл
аталып өтіп жатқан облыстық ұлттық ойындар
фестиваліне қатысып асық ойынының «Шыр»
түрінен топтық есепте жүлделі ІІ орынға
ие болып қаламыздың қоржынына ұпай әкелдім.
Бұл ұлттық ойындар фестивалінің ұйымдастырылуы,
тұсауы кесілуі ұлтымыз үшін үлкен жетістік
деп білемін.
Ұлттық теле арнада салауатты өмір салтын
насихаттау мақсатында өтіп жатқан жаңашыл
әдістегі бағдарламалардың желісінде
«Намыс дода», «Толағай» «Асық ату» атты
спорттық, ұлттық ойындар сайысын сынып
аралық топтық сайыс түрінде өткіздім.
Әр тоқсан сайын қала қазақ мектептері
арасында ұлттық және спорттық ойындардан
жарыстар өткізіліп , әсіресе «Асық ату»
ойыны оқушылардың арасында қызығушылығын
арттырды. Себебі дене тәрбиесімен айналысатын
адам өзін әрқашан сергек сезінеді. Ал
сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше.Спорт
қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты
арттырады.
Жоғарыда аталған ұлттық спорттық ойындардың
өтілу нәтижесінде оқушының:
- Салт - дәстүрді құрметтеуі;
- Ұйымшылдығы,ізденімпаздығы;
- Намысқойлығы;
- Жүйке жүйесінің шынығуы;
- Ойлау қабілетінің дамуы;
- Білім алуға құштарлығы;
Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын
қолдануда қандай нәтижелерге қол жеткізуге
болады? Сабақ барысында:
Алдымен оқушының «Не?» деген сұрағына:
Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін көрсету.Оқушының
«Қашан?» деген сұрағына: Сабақтан кейін
болатын жағдайды толық анықтатуға көз
жеткізу қажет.Оқушының «Қайда?» деген
сұрағына: Оқушының және ұстаз арасындағы
серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу
қажет.
Өзімнің 6-сыныптарға өткізген «Акробатикалық
жаттығулар» атты сабағымда алдымен оқушыларға
өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар
бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай
тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым.
Сабақ барысында оқушыларға жеңілдетілген
логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі
сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. Сұрақтарға
байланысты жауабын тапқан оқушы, сол
жерде практикалық түрде орындап көрсетеді.
Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық
көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере
алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып,
білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір
мұғалімнің оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы
болуы қажет. Олар мыналар:
- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін,
мүмкіншілігін түсіну;
- Оқушының бойындағы жетістіктері мен
кемшіліктерін қабылдау;
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден
арылуға көмектесу;
Осылай ойын элементтерін, әдістерін
деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың
тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын
«даму мониторингі» кестесіне белгілей
отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру
қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты
қызықты сергіту ойындарын ойнатудың
да сабақ барысының сапасын арттыруға
ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?»,
«Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», «Санамақ»
сонымен қатар қозғалмалы ойындар және
ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп
өткізуге машықтандыру.
Сонымен, дене шынықтыру пәнінде жаңа
инновациялық технологияларды қолданудың
орны орасаң болары хақ. Оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын
көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың
да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық
ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр
түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан
тартыс, асық ату, аударыспақ сынды ойын
түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай
жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың
белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі
қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін
артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы
осы спортқа байланысты екендігін түсінеді.
Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы
артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға
қол жеткізуге болады.
Қорыта айтқанда, мен алдымен жеке тұлғаның
әлеуметтік құзыреттілігін дамытуды керек
еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол
жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы
әлеуеті артты. Жаңа идеяларды еңгізу
барысындағы орындалатын міндеттер:
1. Оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыру.
2. Оқушының логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын
пайдалануға жұмыстану.
4. Оқушының ұлттық моралының орындалуын
қамтамасыз ету.
5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін
арттыру.
6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра
отырып машықтандыру.
Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде
оқушылардың теориялық білімін әлеуметтік
тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек.
Жұмысымның нәтижесі:
1) Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.
2) Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді.
3) Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті
артады.
4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. - Алматы:
Қайнар, 1991.
2. «Қазақстан – 2030» стратегиясы
3.«Қазақстан мектебі» журналы, №4, 2006ж.
4 Дене мәдениеті – оқушыларды оқыту
мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск.
2009ж. №2(2) -Б.262-264.
5. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі
жүйесінің дамуы. - Алматы: Санат, 2000ж.
6. «Мектептегі дене шынықтыру» журналы,
№ 2, 2012 |