Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 10:10, реферат
Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- доппен ойналатын командалық спорт ойыны.
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.
Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- доппен ойналатын командалық спорт ойыны.
Баскетбол алаңы
Баскетбол добы
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.
Баскетболдың отаны Америка
Құрама Штаттары болып есептелінеді. Алғашқы
ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд
қаласында құрылған Христиан жастар қауымдастығының
оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған.
Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас
мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит гимнастика
түрін ары қарай жетілдіру мақсатында
жаңа ойын түрін ойлап тауыпты деседі.
Баскетболдың этимологиясы (basket – себет,
boll -доп) деп жіктеледі. Алғашында ойынды
футбол добымен өткізген. Арада бір жыл
өткен соң Дисеймс Нейсмит арнайы доппен
қоса, баскетболдың алғашқы 13 ережесін
ойлап тапқан.
1893 жылы баскетболға қызығушылар саны бірден көбейген. Ал, 1894 жылы жаңа ойынға қызығып, әуестенушілер айтарлықтай артқан.
Баскетболшы киімі
Сол кездері АҚШ–та алғаш рет
ресми ережелер тіркелімге алынды. АҚШ-тан
бастау алған баскетбол ойыны бірте-бірте
Шығыс елдеріне таралды. Атап айтар болсақ,
Жапония, Қытай, Филиппин, солай-солай
Еуропа елдеріне, Оңтүстік Америкаға бет
алды. Араға он жыл салып АҚШ-тың Сент-Луис
аумағында американдықтардың қолдауымен
бірнеше қаладан құралған командааралық
турнир өтті. Сондай-ақ баскетбол 1924, 1928
жылдары олимпиада бағдарламасынан орын
алды.
Жиырмасыншы жылдары алғашқы халықаралық
кездесулер ұйымдастыра бастаған ұлттық
баскетбол федерациялары жұмыс жасады.
Осылайша, 1919 жылы АҚШ, Италия мен Францияның
әскери командалары арасында турнир өткізілді.
1923 жылы Францияда әйелдер арасындағы
халықаралық кездесу тұсауын кесті. Оған
Англия, Италия, АҚШ-тың командалары қатысқан.
1932 жылы Халықаралық баскетбол федерациясы
(FIBA) құрылды.
ФИБА-ның алғашқы құрамына 8 мемлекет енді.
Атап айтса, Аргентина, Грекия, Италия,
Латвия, Португалия, Румыния, Швеция, Чехословакия.
1935 жылы халықаралық Олимпиадалық комитет
баскетболды олимпиада ойындары қатарына
қосу жөнінде шешім шығарды. 1936 жылы Берлинде
өткен олимпиада ойындары аясында баскетболдың
бағдарламасы дайындалды. Онда аталмыш
ойын түрін ойлап тапқан азамат Д. Нейсм
доданың құрметті қонағы болды. Теннис
алаңында өткен матчқа 21 ел қатысты. Олимпиада
өтіп жатқан кезде ФИБА-ң алғашқы конгресі
өтті. Онда халықаралық ойынның ортақ
ережелері айқындалды.
Ал, Ресейде баскетбол 1906 жылы қалыптасты.
Сол жылдары Петербор қаласында "Маяк"
қауымдастығы жұмыс істеген. Қауымдастықтың
гимнаст шеберлері алғаш рет баскетбол
командасын құрып, кейіннен "Богатырь"
қоғамына айналған. Алайда, 1917 жылы орнаған
Қазан төңкерісіне дейін баскетбол ойыны
тек сол кездегі Ресей астанасы - Петерборда
ғана танылған. Ал, 20 жылдары бұл ойын қарқынды
дамыды. Бастапқыда әскери мектептерде
жаттықтырылған еді. Көп ұзамай Мәскеу
институты баскетболды денешынықтыру
факультетінің бағдарламасына енгізілді.
Бұл оқу ошағының түлектері кәсіби баскетболшы
атанды. Ресей құрамасы алғаш рет 1923 жылы
Бүкілодақтық денешынықтыру мерекесіне
орай кездесу өткізді. Сәл осы кезде КСРО
құрыла бастаған еді.
КСРО–ның екінші біріншілігі 1924 жылы
өткізілді. Ал, 1934 жылдан бастап КСРО-да
баскетбол спартакиадасы өткізіліп тұрады.
1946 жылы ФИБА шеңберінде жалпы одақтық
баскетбол секциясы қабылданып, бір жыл
өткен соң ерлер командасы Еуропа біріншілігінде
бақ сынап, чемпион атанды. Ал, баскетболдан
әйелдер құрамасынан олимпиадалық ойын
1976 жылы сарапқа салынды. Олимпиадалық
ойынның чемпиондары төмендегідей: 1976
ж. - КСРО, 1980 ж. - КСРО, 1984 ж. - АҚШ, 1988 ж. - АҚШ,
1992 ж.-Тәуелсіз достастық мемлекеттерінің
құрама командасы, 1996 ж. - АҚШ.
Әлем бойынша АҚШ-ң спортшылары мықты
баскетболшылар деп саналады. Олар 1936
жылдан бері өткізіліп келе жатқан барлық
олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған.
Ал, соңғы жылдары ұтылыс тапқан тұстары
саусақпен санаралықтай. Мәселен, 1987, 1988,
1990 және 1991, 1992 жылдары американ ойыншылары
сәтсіз ойын көрсетіп, ұтылыс тапқан.
1992 жылы олимпида ойындарына тек білікті
спортшылардан жасақталған ұлттық баскетбол
қауымдастығы шеңберінде алғаш рет ұжымдық
құрама құрылды. Бұл Америкада Dream Team",
«ұжымдық арман» деп аталған. Оның құрамында
Барселон ойындарында 40 ұпайдан жинап,
жеңімпаз атанған Майкл Джордан, Мэджик
Джонсон, Чарльз Баркли және Ларри Берд
алынды. Олар 1994 жылы әлем чемпионатында,
1996 жылы Атланта олимпиадасында тұғырдан
көрінді.
Ал, АҚШ-тың әйелдерден құралған баскетбол
командасы 1992 жылғы сәтсіздіктен кейін,
олимпиадалық чемпион атағын 1996 жылы қайтарып
алды.
№120 жалпы орта мектебі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі