Жаңа байланыс құралдарының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 06:14, реферат

Краткое описание

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор.

Прикрепленные файлы: 1 файл

мадина реферат.docx

— 71.35 Кб (Скачать документ)

 

«№1 Предгорное орта мектебі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Жаңа байланыс құралдарының дамуы»

 

 

 

 

Орындаған: Тоқтағалиева М.О.

Тексерген: Серикбаева Г.А.

 

 

 

 

 

2013-2014 оқу жылы

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор.  

Бұқаралық ақпарат құралдары  төртінші билік болып табылады.Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық.Себебі,бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз  азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерделеуге тиіспіз.Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты –елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының  халық пен үкіметтің  арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара  құбылмалық жөнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының  қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі  түсінік алынады. Және де  бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.                    Себебі,төртінші билік-бұқаралық  ақпарат билігінің құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір туғызып,қалыптастыратын ықпалы  бар,халық пен билік арасындағы ерекше  байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік институтқа  тән зор күші бар құрал болып табылады.Мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық саланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс. ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары.                          БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да,                            жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті.                 Солардың   бәрінде ең   әуелі  белгілі ақпарат көзі арқылы жалпыға                                      таратылатын ойдың еркіндігі жайлы қазып айтылады.  
          Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ақпарат құралдары бостандығының кепілі – Ата заңымыз және Республика Президенті. Осы орайда бұқаралық ақпарат құралдарың құруда болған қиындықтарға тоқталсам:қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытты БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі -жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы. Екінші кезең - ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы. Үшінші кезең – еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат  айдынына талпынысымен сипатталады.  
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін көтерудің мүмкін жолдарының бәрін қарастырды. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда  «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік туды. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келді.

           Халықтың ақпарат алу және  талдау мүмкіндігі молайды.                                        Енді осы оң үрдісті одан  әрі дамытудың құқықтық негіздері  қажет бола бастады. Соған орай  Елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан  Республикасының біртұтас ақпарат  кеңістігін қалыптастыру туралы»  Жарлыққа қол қойды.        Президенттің   тапсыруымен   1999 жылы жаңа  заң     күшіне      енді.          Көп  ұзамай,        2001 жылы  оған елеулі өзгерістер мен  толықтырулар енгізілді. 

Осы заңдардың қай - қайсы  да БАҚ-ты демократияландыру,      әлемдік талаптарға сай жетілдіру  және саясаттан тыс дамуына жол  ашу        үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек. 
Жетістігің  бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады.  
Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты. Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді:               

1. Ақпарат саласы мәселелері  жөніндегі заңнаманы жетілдіру.  
2. Отандық және мемлекеттікбұқаралық ақпарат құралдарының                 бәсекеге қабілеттілігін дамыту.3.Ақпараттық-телекоммуникациялық     инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу. 

Теледидар. Байланыс құралдарының дамуы

Радиотолқындар арқылы дыбыс сигналдарын ғана емес, әрі нәрселердің бейнелерін де алыс қашықтықтарға жеткізуге болады. Телехабарды жеткізудегі басты айырмашылық мынада: дыбыс сигналдарымен бір мезгілде өзінің бөлек тасымалдаушы жиілігі болатын бейнесигналдарды жасап тарату және қабылдау.

Таратқыш телестанцияда кез келген нәрсенің кескіні электр сигналдарына түрленгеннен кейін, ол кескіннің электр сигналдары жоғары жиілікті тербелістерді модуляциялайды. Ол үшін әр түрлі жеткізуші электронды-сәулелік түтікшелер (иконоскоп, видикон, суперотикон) қолданылады. Сенімді әрі қарапайым болып келетін электронды-сәулелік түтікшенің өзгертілген түрі — видиконның құрылысымен танысайық.

 
Жарқыраған экранның орнына видиконда  жартылай өткізгіштен жасалған жарық  сезгіш мозаикалы экран орнатылған. Электрондық зеңбіректен (l) ұшып шығатын электрондар шоғы (2) электр өрісінде үдетіліп жартылай өткізгіш экранды соққылайды. Эмиссия нәтижесінде экраннан ұшып шығатын екінші реттік электрондар потенциалы экранның потендиалынан жоғары коллекторға (4) бағытталып қозғалады. Енді мозаикалы экран оң зарядталады да, электрондардың эмиссиясы тыйылады. Экран жарықталғанда жартылай өткізгіштің кедергісі тез кемиді. Экран-коллектор тізбегіндегі ток күші экранның бөліктеріне түскен жарық энергиясына байланысты өзгереді. Сөйтіп, жарықталудың өзгерісі электр тербелістеріне түрленеді. Объективтің (5) көмегімен нәрсенің кескіні (6) экранға түсірілсін. Экранның ұялары түрліше жарықталады, сол себепті кедергілерінің мәні де әр түрлі болып өзгереді. Ара тісті кернеу берілген катушканың магнит өрісімен басқарылатын электрондық шок солдан оңға қарай қозғала отырып, экранның бір жолындағы барлық ұяларға ретімен сыпыра түсіп шығады. Басқа катушканың (8) магнит өрісі электрондық шоқты бір жолдан екінші жолға ауыстырады. Сонымен c ішінде электрондық шоқ 625 жолды жүгіріп өтіп шығады. Видиконда кескіннің түрленген электр сигналдары теледидарлық таратқышта жоғары жиілікті электромагниттік тербелістерді модуляциялайды. Бейнесигналмен қосарлана дыбыс сигналы және электрондық шоқтың қозғалысын басқаратын синхрондаушы сигнал жіберіледі. Ол антеннада электромагниттік толқын түрінде шығарылады.

Теледидарлық қабылдағышта — теледидарда детекторленгеннен  кейін тура дәл әлгіндегідей бейнесигнал  шығады. Бейнесигнал қабылдағыштың  электронды-сәулелік түтігінің экранында  — кипескопта көрінетін кескінге түрлендіріледі (3.30, а-сурет). Жеткізуші түтікте электрондық шоқ мозаикалы экранды қалай сыпыра шарлап шықса, қабылдағыш түтікте дәл осы тәрізді горизонталь және вертикаль бұрушы катушкалардың магнит өрістері электрондық шоқты барлық экранды сыпыра шарлатып шығарады (3.30, ә-сурет). Кинескоптың электрондық зеңбірегінен шығатын электрондық шоктың соқкыларының әсерінен люминоформен қапталған экран жарық шығарады, оны бейне түрінде адамның көзі қабылдайды. Өйткені кадрлар секундына 25 рет ауысып отырады. Түрлі-түсті кескінді тарату және қабылдау үшін күрделі теледидарлық жүйелер қолданылады. Бір жеткізуші түтіктің орнына үш түсті — қызыл, көк және жасыл түстердің сигналдарын жеткізетін үш түтік қолданылады. Теледидардың экраны да үш түрлі люминофор кристалдарымен қапталған. Үш электрондық зеңбіректен шығарылатын электрондар шоктары экранға түскенде сәйкесінше қызыл, көк, жасыл түстермен жарқырайды. Олар қабаттаса келе көп түсті бейне туғызады.

Телехабарлар жиіліктері 50 МГц пен 230 МГц аралығындағы диапазонда таратылады. Осындай толқындар тек  антеннаның тікелей көріну шегінде  ғана тарайды. Сондықтан телехабармен үлкен аймақты камту үшін телехабарлар таратқыштарын биікке көтеру керек  және жиірек орналастыру қажет. Серіктік байланыс жүйесінің қарқынды дамуына  орай телехабарларды сапалы қабылдаудың  аймағы үздіксіз арта береді.

Байланыс құралдарының дамуы

Қазақстан Республикасында  тұңғыш радиостанция 1913 жылы Форт-Шевченко қаласында салынған еді. Ұшқындық хабарлағыштың қуаты небәрі 1 кВт болатын және радиусы 300 км қашықтыққа дейін тұрақты байланыс орнатты. Ол радиотелеграф режимінде жұмыс істеген еді.

XX ғасырдың екінші жартысында  Қазақстандағы байланыс жүйесі  порменді дамыды. Телеграф және телефон сияқты едәуір ескі байланыс құралдары жетілдіріліп қана қойылған жоқ, сонымен қатар фототелеграф, радиохабар, телевидение, автоматты телефон станциялары, халықаралық байланыс және ғарыштық байланыс жүйелері күрт дами бастады. Бұрынырақ калааралық телефон байланысы бағандарға ілінген сымдар арқылы орындалатын. Сырткы ортаның әсері байланыстың тұрақтылығына кедергі келтіретін. Сондықтан байланыстың кабельді және радиорелелі желілері бойынша жүзеге асатын түрлері кеңінен колданыла бастады. Қазақстандағы алғашқы радиорелелі желі Алматы мен қазіргі Бішкек қалаларының арасында салынып, 1958 жылы іске қосылды. Радиорелелі желілерде дециметрлік және сантиметрлік толқындар пайдаланылған, ол толқындар антеннаның тікелей көріну шегіне дейін тарайтын. Аралық шағын радиостанциялар сигналды күшейтіп, әрі қарай көршілеріне бағыттайтын. Телехабарларда аралары 100—130 км ретрансляторлар арқылы бүкіл республикаға осылайша таралды.

Теледидарлық хабар 1958 жылы әуелі Алматыда, одан соң Өскемен мен Қарағандыдағы телеорталықтардан таратыла бастады. Радиотелехабарлардың сапасы мен таралу аймағын арттыру да Алматыдағы Көктөбеде 1984 жылы іске қосылған телемұнараның рөлі аса маңызды болды. Көктөбедегі телемұнара 250 м биіктікке орналасқан және өзінің биіктігі 372 м-ге жетеді. Ресейдегі ғарыштық радиотелебайланыс саласындағы жетістіктер "Орбита" деп аталатын жаңа байланыс жүйесін жасауға жол ашты. "Орбита" ғарыштың байланыс станциясы 1967 жылы Алматыда жұмыс істей бастады. Бұл жүйеде ретрансляциялық байланыс серіктері пайдаланылады. Қазіргі кезде халықаралық серіктік байланыс жүйесі жан-жақты даму үстінде, ол үшін геостационарлық (36 000 км) орбитада ұшатын серіктер қолданылады.

Сонымен қатар Қазақстанда  талшықтың оптикалық байланыс жүйесінің Трансазиялық — Европалык магистралі іске қосылды.

Ұлттық серіктік байланыс жүйесі жасалынуда. 2006 жылдың 18 маусымында Байқоңыр ғарышайлағынан "Kazsat" бірінші  Қазақстандық байланыс серігі ұшырылды.


Информация о работе Жаңа байланыс құралдарының дамуы