Тұрақты ток машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 16:21, лекция

Краткое описание

Тұрақты ток машиналары генераторлық режимде де, қозғалтқыштық режимде де жұмыс істей алады, яғни қайтымдылық қасиеті бар.
Тұрақты ток қозғалтқышының басқа типті қозғалтқыштарда қарағанда мынадай өте маңызды артықшылықтары:
- якорьдың айналу жиілігін кең ауқымда (диапазонда) өзгертуге болады және ол қарапайым техникалық тәсілдер арқылы орындалады;
- аз ток кезінде үлкен жүргізіп жіберу моментін тудыра алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

document.doc

— 3.32 Мб (Скачать документ)

 

Сурет – тұрақты ток қозғалтқышының жұмыс істеу принципі

 

түйіседі. Бұл жағдайда орамның активті қабырғаларындағы токтардың бағыттары өзгереді, бірақ электромагниттік күштердің, моменттің және сыртқы тізбектегі токтың бағыттары өзгермейді. Сондықтан тогы бар орам тұрақты магнит өрісінде n жылдамдықпен айналады да,  жұмыстық механизмнің білігінің айналуын қамтамасыз етеді.

Айналмалы коллектор мен қозғалмайтын щеткалар қозғалтқыштық режим кезінде якорь орамын сыртқы тізбекпен электрлік байланыстырумен қатар, сыртқы тізбектің тұрақты тогын айналмалы якорь орамының айнымалы тогына түрлендіреді, яғни механикалық  инвертор қызметін қоса атқаратындығын атап өту керек.

Тағы бір назар аударатын құбылыс бар. Орам тұрақты магнит өрісінде айналған кезде оның активті қабырғаларының бойында бағыттары оң қол ережесі бойынша анықталатын е1 және е2 э.қ.к.-тері пайда болады. Бұл э.қ.к.-тер i тогына қарсы бағытталған. Олар  қосылып, орамның қорытынды э.қ.к.-ін Е құрайды ( Е= е1 + е2)   және оны  (Е) қарсы э.қ.к.  деп атайды. 

Жоғарыда айтылған құбылыстарды ескере отырып, қозғалтқыштың якорь тізбегінің орынбасу сұлбасын құруға болады (сурет).

Қозғалтқыштың якоріндегі ток  Ом заңы бойынша мына өрнек арқылы анықталады:

      (7)

Бұдан

       (8)

 

Бұл соңғы (8)   өрнек  қозғалтқыш кернеуінің теңдеуі деп аталады. Бұл теңдеу қозғалтқышқа сырттан берілген кернеу  U қарсы  э.қ.к.- ті Е және якорьдың орамасында кернеудің түсуін (IRя) теңгеретіндігін білдіреді.

(8) өрнектің екі жағында I көбейтсек, онда якорь тізбегі үшін қуаттар теңдестігі теңдеуін аламыз:

      (9)

немесе

                                      (10)

 

Сонымен, сыртқы электр энергиясы көзінен қозғалтқыштың якорь орамасы тұтынатын   қуат (P=UI)   ораманың кедергісіндегі электрлік шығынды (Pэл.ш=I2Rя) теңгеруге және якорьде механикалық     қуатқа  (Pмех=Mайн ω=Mайн 2πn) түрленетін электромагниттік қуаттың (Pэм=EI)   пайда болуына жұмсалады.

 

Тұрақты ток қозғалтқышының негізгі сипаттамалары және теңдеулері

 

Электр қозғалтқыштардың жұмысын бағалау үшін олардың  жұмыс анықтайтын электрлік және механикалық шамалардың арасындағы негізгі тәуелділіктердің графикалық бейнелері болып табылатын сипаттамаларды қолданады.

  Қозғалтқыштардың негізгі сипаттамалары: механикалық сипаттама; жүргізіп жіберу сипаттамасы; жұмыстық сипаттама; реттеу сипаттамасы; жылдамдықтық сипаттамасы.

Қозғалтқыштардың негізгі теңдеулері: қарсы  э.қ.к.- тің өрнегі  ; кернеулер теңдеуі ; электромагниттік момент өрнегі .

Бұл теңдеулер қозғалтқыштың аса маңызды сипаттамаларын  және ерекшеліктерін талдауға мүмкіндік береді.

Тұрақты ток қозғалтқышын жүргізіп жіберу сипаттамасы. Алғашқы сәтте якорь қозғалмайды, яғни n=0. Бұл сәт үшін Е=0, Ф=0. Сондықтан қозғалтқышты жүргізіп жіберудің алғашқы сәті үшін якорь тогы немесе  жүргізіп жіберудің тогы Iжж:

 

      (11)

Якорь орамасының кедергісінің мәні Rя өте аз болғандықтан Iжж мәні номиналды мәннен ондаған есе көп мәнге жетуі мүмкін. Мұндай  ток якорь орама үшін және жалпы машина үшін өте қауіпті саналады. Сондықтан қозғалтқышты іске қосу кезінде жүргізіп жіберудің тогын Iжж шектеу үшін якорь орамасына кедергісі Rжж тең, арнаулы жүргізіп жіберу реостатын  бірізді жалғайды. Жүргізіп жіберу үрдісі аяқталғаннан кейін бұл реостат якорь тізбегінен алынып тасталынады.

 Кедергінің Rжж мәнін жүргізіп жіберудің тогының Iжж рұқсат етілген мәніне    Iжж.р    сәйкес таңдайды. Бұл Iжж.р    мәні номиналды токтан Iя.ном   1,6…2,5 есе ғана көп алады:

 

   (12)

 

Бұл теңдеуден жүргізіп жіберу реостатының   кедергісін Rжж анықтауға болады.

Механикалық сипаттама деп кернеу  U=const және  Iқоз=const  болған кезде айналу жиілігінің n қозғалтқыштың білігіндегі моментке М тәуелділігін n=f(М) айтады.

Қозғалтқыштың кернеулер теңдеуіне э.қ.к.- тің өрнегін  және электромагниттік  момент өрнегінен анықталған токтың теңдеуін қойып, оны айналу жиілігіне n қатысты шешсек, онда механикалық сипаттаманың теңдеуін аламыз:

 

   (13)

 

Қозғалтқыштарды қоздыру тәсілдеріне байланысты механикалық сипаттаманың пішіні әр түрлі болады.

Параллель қоздырылатын қозғалтқыштар үшін  U=const және  Iқоз=const  болған кезде Ф= const болады. Бос жүріс режимі кезінде М=0, ал nбж=U/cEФ. Сондықтан механикалық сипаттаманың теңдеуі:

 

,    (14)

 

ал графигі түзу сызық түрінде бейнеледі. Бұл () теңдеу бойынша алынған механикалық сипаттама табиғи немесе қатаң сипаттама деп аталады, өйткені біліктегі момент М өзгерген кезде айналу жиілігінің өзгеруі онша көп емес. Егер якорь тізбегіне  Rя кедергісіне   бірізді жалғанған   тағы бір қосымша кедергі Rқос кіргізсек, онда  жасанды механикалық сипаттама аламыз. Rқос мәні неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым  механикалық сипаттаманың пішіні тікірек болады (сурет).

Бірізді қоздырылатын машиналарда  якорь орамасымен де және қоздыру орамасымен  де бір ток  жүреді, яғни Iя= Iқоз. Екіншіден, қанықпаған машинаның магнит ағыны қоздыру тогына тура    пропорционал.              Егер Ф= k1 Iқоз болса, онда Iя= Iқоз= k2 Ф болады делік. Бұл жағдайда машинаның моментін мынадай өрнек арқылы көрсетуге болады:

 

     (15)

 

Бұдан

    (16)

 

Бұл (16) теңдеуді (13) теңдеуге қойсақ, онда бірізді қоздырылатын қозғалтқыштың механикалық сипаттамасының теңдеуін аламыз:

 

  (17)

 

Бұл (17) өрнек n=f(M) тәуелділігінің сипаты гиперболикалық сипатқа жуық болатындығын білдіреді. Якорь тізбегінде қосымша кедергінің болуы механикалық сипаттаманың гиперболадан ауытқуына себепші болады (сурет).

 

                      а                                                                     б

   сурет – Параллель қоздырылатын          сурет – Бірізді қоздырылатын

      қозғалтқыштың механикалық                  қозғалтқыштың механикалық

              сипаттамасы                                                 сипаттамасы     

 

Аралас қоздырылатын қозғалтқыштардың механикалық сипаттамасы параллель және бірізді қоздырылатын қозғалтқыштардың сипаттамаларының аралығында орналасады. Бұл қозғалтқыштарда екі ораманың - бірізді(сериестік) және параллель (шунттық) ораманың – болуымен түсіндіріледі. Орамалардың орам саны мен олармен жүретін токтарға байланысты олардың магнит ағынын тудырудағы үлесі әр түрлі болуы мүмкін. Соған байланысты бір ораманың әсері басым болуы мүмкін, демек, механикалық сипаттаманың бір түрі басым болады. Практикада параллель ораманың әсері басым болатын қозғалтқыштар жиі кездеседі.

 

Қозғалтқыштың айналу жиілігін реттеу

 

Тұрақты ток қозғалтқыштарының реттеу тәсілдері олардың негізгі теңдеулерінен (якорь тізбегінің және э.қ.к. теңдеулері) туындайды. Бұл теңдеулерден  айналу жиілігінің n өрнегін шығаруға болады:

 

       (18)

Бұл (18) теңдеуді талдау қозғалтқыштың айналу жиілігін үш түрлі тәсілмен реттеуге болатындығын көрсетеді:

-  қозғалтқышқа берілетін кернеудің U мәнін өзгерту арқылы;

-  магнит ағынын Ф өзгерту арқылы, ол үшін қоздыру орамасындағы токты Iқоз өзгерту болады, өйткені     Ф=f(Iқоз);

- якорь тізбегінің кедергісін  Rя өзгерту арқылы, ол үшін якорь тізбегіне Rя кедергісіне бірізді жалғанатын қосымша реттеу реостатын  Rқос  қосу керек, бұл жағдайда якорь тізбегінің жалпы кедергісі   Rя+ Rқос болады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, айналу жиілігінің n өрнегін мына түрде жазуға болады:

 

     (19)

 

Параллель қоздырылатын қозғалтқыштың айналу жиілігін аталған тәсілдер арқылы реттеуді қарастырайық.

Кернеуді U өзгерту арқылы айналу жиілігін реттеу. U кернеуі берілген қозғалтқыш механикалық сипаттаманың 1 нүктесіне сәйкес режимде жұмыс жасағанда айналу жиілігі n1, ал моменті М жүктеме тудырған кедергінің моментіне Мкед тең болсын делік. Егер кернеудің мәні  U1 < U дейін азайса, онда басқа механикалық сипаттамаға көшуге тура келеді. Бұл сипаттаманың көлбеуі бұрынғыдай, өйткені ол кернеуге тәуелді емес (13 өрнек). Ал бос жүріс кезіндегі айналу жиілігінің мәні n1бж бұрынғы мәннен  nбж төмен болады:   n1бж=U1/cEФ < nбж.

Қозғалтқыштың қысқыштарындағы кернеу азайған сайын (Iқоз=const,  Ф=const  және Мкед= const  болған кезде) якорь тізбегіндегі ток та, демек, электромагниттік момент  те  М азаяды (6 өрнек). Бірақ айналу жиілігі тұрақты болады, өйткені айналып тұрған бөліктердің инерциясы болғандықтан ол бірден өзгере алмайды. Сондықтан алғашқы механикалық сипаттаманың 1 нүктесінен соңғы механикалық сипаттаманың параметрлері  n1 және      М1 < Мкед   болатын 2 нүктесіне өтеміз. Динамикалық тежеу моменті Мд= М - Мкед < 0 пайда болады, соның нәтижесінде қозғалтқыштың айналу жиілігі азая бастайды. Бұл өз кезегінде қарсы э.қ.к.-тің Е (5 өрнек) азаюына, демек, якорь тогының (7 өрнек) және электромагниттік моменттің (6 өрнек) көбеюіне алып келеді. Қозғалтқыштың тежелуі біртіндеп азаяды, жылдамдықтың да азаюы тоқтала бастайды. Өтпелі үрдіс аяқталған соң моменттер теңдестігі  М = Мкед  қалыптасады, бірақ ол n2 < n1 айналу

 

     

 

Сурет- Қозғалтқыштың айналу                 Сурет - Қозғалтқыштың айналу

жиілігін кернеуді өзгерту арқылы            жиілігін реостат арқылы реттеу

реттеу

 

жиілігінде орындалады. Қозғалтқыш  соңғы сипаттаманың 3 нүктесіне сәйкес келетін жаңа режимде жұмыс жасайды.

Кернеуді жоғарлату арқылы қозғалтқыштың айналу жиілігін арттыру (номиналды жиілікке дейін) үрдісі керісінше өтеді.

Қосымша реостат арқылы реттеу. Механикалық сипаттаманың 1 нүктесіне сәйкес режимде жұмыс жасағанда (Rқос=0 болғанда ) қозғалтқыштың  айналу жиілігі n1, ал моменті М = Мкед  болсын делік. Якорь тізбегіне қосымша кедергі R1қос > 0 енгізген кезде қозғалтқыштың жұмыс режимі жасанды сипаттаманың  2 нүктесіне көшеді, бұл жағдайда жиілік бұрынғы деңгейде, ал моменттің М1  мәні  төмен болады.  Моменттің М  мәнінен М1  мәніне дейін төмендеуі якорь тізбегіне   қосымша R1қос кедергісін ендіруге байланысты якорь тогының азаюымен түсіндіріледі.     М1 < Мкед    болғандықтан қозғалтқыштың айналу жиілігі  азая бастайды. Бұл жағдайда  қарсы э.қ.к. Е азаяды да, ал якорь тогы  және электромагниттік момент көбейе бастайды. Жасанды сипаттаманың 3 нүктесіне сәйкес келетін жаңа режим орныққанда М = Мкед , ал  n2 < n1    болады. Мкед= const  болғанда якорь тогы бұрынғыдай болады. Сондықтан қозғалтқыш тұтынатын қуат өзгермейді, ал механикалық қуат Рмех=кМ n азаяды. Бұл қозғалтқыштың п.ә.к.-інің күрт төмендеуіне әкеледі. Сондықтан қосымша реостат арқылы айналу жиілігін реттеу экономикалық жағынан тиімсіз.

Магнит ағынын өзгерту арқылы айналу жиілігін реттеу  үшін қоздыру орамасының тізбегіне енгізілген реттеу реостатының Rқоз.р көмегімен қоздыру тогын  өзгертеді.

Максимал қоздыру тогы Iқоз мен максимал (номинал) магнит ағынына Фном  сәйкес келетін табиғи сипаттаманың 1 нүктесіне сәйкес режимде жұмыс жасағанда (Rқоз.р=0 болғанда) қозғалтқыштың  айналу жиілігі n1, ал моменті М = Мкед  болсын делік. Rқоз.р кедергісін көбейткен кезде      қоздыру тогы  Iқоз мен магнит ағыны Ф азаяды, яғни Ф1< Фном. Бұл, біріншіден, бос жүріс кезіндегі айналу жиілігін  nбж=U/cEФ  көбейтеді, екіншіден, механикалық сипаттаманың көлбеу бұрышын арттырады. Бұл жағдайда қозғалтқыш бастапқы айналу жиілігін  n1 өзгертпей мәні азайған магнит ағынына  сәйкес келетін басқа механикалық сипаттаманың 2 нүктесіне көшеді. Бұл қарсы  э.қ.к. Е азаюына, демек,  якорь тогы Iя  көбеюіне әкеледі.  Электромагниттік момент  те М  көбейіп, оның мәні Мкед  мәнінен асып кетеді. Бұл айналу жиілігінің көбеюіне, соның нәтижесінде қарсы  э.қ.к. Е көбеюіне әкеледі. Қарсы  э.қ.к. Е көбейген сайын якорь тогы мен қозғалтқыш моменті азаяды. Механикалық сипаттаманың 3 нүктесінде  М = Мкед  болған кезде жаңа тұрақталған режим қалыптасады, бұл кезде айналу жиілігі бастапқы жиіліктен n1 үлкен болады:  n2> n1.

 

 

           а)                                                            б)

Сурет – Айналу жиілігі магнит ағынын өзгерту арқылы реттелетін қозғалтқыштың сұлбасы (а) және сипаттамасы (б)

 

Магнит ағынының күрт азаюы (қоздыру тізбегі үзілген жағдайда Ф=0) якорьдің айналу жиілігі n мен якорь тогы Iя қатты өседі. Бұл коллекторда ұшқынның көбеюіне және ортадан тепкіш күштердің әсерінен қауіпті жағдайлардың пайда болуына себепші болады.  Мұндай жағдайда, яғни        Ф →0, n→∞ ұмтылған жағдайда, қозғалтқыш «враснос» (шектен шығу) режиміне көшті дейді.

Қозғалтқыштың айналу жылдамдығын реттеудің қарастырылған тәсілдері жекелей немесе бірге қолданылатынын атап өткен жөн.

 

Қозғалтқыштың айналу бағытын өзгерту

 

Якорьдың айналу бағыты якорь тогының және магнит ағынының бағыттарына байланысты оң қол ережесі бойынша анықталады.

Бұдан якорьдың айналу бағытын өзгерту үшін магнит ағынының немесе якорь тогының бағытын өзгерту керек екендігі туындайды. Ол үшін қоздыру орамасының немесе якорь орамасының ұштарын ауыстырып қосады. Мұндай  ауыстырып қосу екі жұп түйіспелері (В «вперед» және Н «назад») бар, реверсор деп аталатын арнаулы аппарат арқылы жүзеге

 

 

 

асырылады. Машинаны магнитсіздендірмеу үшін, әдетте, якорь тогының бағытын өзгертеді.

Информация о работе Тұрақты ток машиналары