Токтардың өзара әсері. Магнит өрісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2013 в 18:41, контрольная работа

Краткое описание

Жақыннан әсер ету теорияы бойынша өткізгіштердің біреуіндегі ток басқа тоққа тікелей әсер ете алмайды. Қозғалмай тұрған электр зарядтарын айнала қоршаған кеңістікте электр өрісі пада болатыны сияқты, токтың кеңістікте магнит өрісі пайда болады. Өткізгіштердегің біріндегі электр тогы өз маңында екінші өткізгіштегі токқа әсер ететін магнит өрісін тудырады. Ал екінші ток тудырған магнит өрісі бірінші токқа әсер етеді. Магнит өрісі дегеніміз материяның ерекше бір түрі – электрлі зарядталып, қозғалысқа түскен бөлшектердің өзара әсері сол өріс арқылы жүзеге асырылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

токтардын озара асери.docx

— 14.17 Кб (Скачать документ)

Токтардың өзара әсері. Магнит өрісі.

Магнит  өрісі. Жақыннан әсер ету теорияы бойынша өткізгіштердің біреуіндегі ток басқа тоққа тікелей әсер ете алмайды.                                                                                                   Қозғалмай тұрған электр зарядтарын айнала қоршаған кеңістікте электр өрісі пада болатыны сияқты, токтың кеңістікте магнит өрісі пайда болады.                           Өткізгіштердегің біріндегі электр тогы өз маңында екінші өткізгіштегі токқа әсер ететін магнит өрісін тудырады. Ал екінші ток тудырған магнит өрісі бірінші токқа әсер етеді.   Магнит өрісі дегеніміз материяның ерекше бір түрі – электрлі зарядталып, қозғалысқа түскен бөлшектердің өзара әсері сол өріс арқылы жүзеге асырылады. Магнит өрісінің тәжірибе жүзінде тағайындалған негізгі қасиеттері мыналар:                                                                                                                            1. Магнит өрісін электр тогы (қозғалысқа түскен зарядтар ) тудырады.                                 2.Магнит өрісі электр тогына (қозғалысқа түскен зарядтарға) тигізетін әсерден барып байқалады.                                                                                                                        Магнит өрісі, электр өрісі сияқты, бізге тәуелсіз, біздің ол туралы білуімізге тәуелсіз нақтылы бар екені ақиқат.                                                                                                              

Магнит  индукциясының векторы. Магнит индукциясының  сызықтары.                       Магнит  индукциясы векторының бағыты. Магнит өрісінің магнит тілшеге немесе тогы бар рамаға бағдарлаушы әсерін магнит индукциясының векторын анықтау үшін пайдалануға болады.                                                                                                                  Магнит индукциясы векторының бағытына магнит өрісінде еркінше орныққан тілшенің S оңтүстік полюсынан N солтүстік полюсына қарайғы бағыты алынады. Бұл бағыт тогы бар тұйық контурдың оң норсалы бағытымен дәл келеді. Егер бұрынғы оңқай бұрандалы рамадағы ток бағытымен бұрғанда, бұрғы қалай бұралса, оң нормаль солай қарай бағытталады.                                                                        Магнит индукциясының сызықтары. Магнит индукциясының сызықтары делінетін сызықтарды салып, магнит өрісін көрнекі көрсетуге болады. Өрістің алынған нүктесіндегі   векторымен жанамалары бағыттас болатындай сызықтарды магнит индукциясының сызықтары деп атайды.                                                                              Құйынды өріс. Магнит индукциясы сызықтарының маңызды ерекшелігі сол, олардың баы да, ұшы да болмайды. Олар қашан да тұйықталған сызықтар. Электростатикалық өріс жайындағы әңгіме басқаша екенін еске түсірейік. Оның күш сызықтарының қай жағдайда да қайнар көзі болады: олар оң зарядтардан басталады да, теріс зарядтармен анықталады.                                                                                                                                          Күш сызықтары тұйық өрістер құйында өріс деп аталады. Магнит индукциясы сызықтарының тұйық болуы – магнит өрісінің ең негізгі қасиеті болмақ. Оның мәнісі сол, магнит өрісін тудыратын қайнар көзі болмайды. Электр заряды дегендей магнит заряды деген табиғатта атымен болмайды.   

 


Информация о работе Токтардың өзара әсері. Магнит өрісі