Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 12:53, реферат
Адиабаталық процесс адиабаттық процесс — қоршаған ортамен жылу алмаспайтын физикалық жүйеде өтетін термодинамикалық процесс. Адиабаталық процесс жылу өткізбейтін (адиабаталық) қабықшалармен қоршалған жүйелерде өтеді деп есептелінеді. Сыртқы орта мен жүйе арасында жылу алмасып үлгере алмайтындай уақытта тез өтетін процестер (жылу оқшаулағыш қабықшалары болмайтын) адиабаталық процесс ретінде қарастырылады. Оған мысалы, дыбыстың ауада таралуы, жылу қозғалтқыштарының цилиндрі ішіндегі газдың сығылуы (немесе ұлғаюы) т.б. жатады. Газ сығылғанда температура көтеріледі, ұлғайғанда — төмендейді.
Термодинамикалық процестер
Адиабаталық процесс
Адиабаталық процесс адиабаттық процесс — қоршаған ортамен
жылу алмаспайтын физикалық жүйеде өтетін термодинамикалық процес
Адиабаталық процесс - атмосферада адиабата
Адиабата (гр. adiabatos— өтпейтін) — адиабата — қайтымды (адибаттық) процесті бейнелей алатын қисық , графикалық сызық.
Изобаралық процесс
Изобаралық процесс – сыртқы тұрақты қысымда физикалық жүйеде өтетін процесс.
Ол термодинамикалық диаграммада изобарамен кескінд
, мұндағы және – изобаралық және изохоралық процестердегі бір бөлшекке келетін жылу сыйымдылықтары.
Изобаралық процессте идеал газдың жасайтын жұмысы -ге тең, мұндағы – қысым, – газ көлемінің өзгерісі.
Изотермалық процесс
Изотермалық процесс, изотермиялық процесс –
физикалық жүйеде тұрақты температурада
жүретін процесс; термодинамикалық күй
диаграммасында изотермамен кес
Изотермалық процессті жүзеге асыру
үшін жүйе, әдетте, термостатқа орналастырылады.
Бұл жағдайда термостаттың жылу өткізгіштігі
өте үлкен болып келеді де, жүйе
температурасының іс жүзінде термостат
темп-расынан айырмашылығы болмайды.
Изотермалық процесстің мысалына тұрақты
температурадағы сұйықтықтың
, мұндағы –газдағы бөлшектер саны, – абсолют температура, – Больцман тұрақтысы, және – газдың бастапқы және соңғы көлемдері.
Егер фазалық ауысу болмаса, онда изотермалық процесс кезінде қатты дененің және көптеген сұйықтықтардың көлемі өте аз өзгереді.
Изохоралық процесс
Изохоралық процесс – физикалық жүйеде тұрақты көлемде жүретін процесс. Ол термодинамикалық күй диаграммасында изохорамен кескінделеді.
Изохоралық процессті көлемі өзгермейтін герметикалық (тұмшаланған) ыдыстағы газдар мен сұйықтықтарда жүзеге асыруға болады. Дене көлемінің өзгеруіне ішкі энергиясыныңөзгеруі жылудың жұтылуы не шығуы есебінен атқарылады. Температураның өзгеруіне байланысты газдың (сұйықтықтың) қысымы да өзгереді. Изохоралық процесс кезінде идеал газдың қысымы температураға пропорционал (Шарль заңы) болады. Нақты (идеал емес) газда Шарль заңы орындалмайды. Өйткені газға берілген жылудың белгілі бір бөлігі бөлшектердің өзара әсерлесу энергиясын арттыруға жұмсалады. Ал қатты денедегі изохоралық процессті атқару техникалық жағынан едәуір күрделі болып келеді. Сығылғыштығы өте аз қатты денедегі кез келген изотермалық процесті, бірнеше ондаған килобар қысымға дейін, изохоралық процесс деп есептеуге болады.
Квазистатикалық процесс, тепе-тең процесс
Квазистатикалық процесс, тепе-тең процесс – термодинамикалық жүйенің бір тепе-тең күйден екінші (басқа) күйге шексіз баяу ауысуы. Мұндай кезде жүйенің кез келген кезеңдегі физикалық күйінің тепе-тең күйден шексіз аз айырмашылығы ғана болады. Квазистатикалық процесс кезінде жүйедегі тепе-теңдік, жүйенің физикалық параметрлерінде болатын өзгерістерге қарағанда, әлдеқайда жылдам орнайды. Кез келгенквазистатикалық процесс – қайтымды процесс. Квазистатикалық процесс термодинамикада үлкен рөл атқарады. Өйткені, құрамына квазистатикалық процесс енетін термодинамикалық циклдер ғана ең көп жұмыс өндіреді.“ Квазистатикалық процесс” терминін неміс математигі К.Каратеодори (1873 – 1950) ұсынған (1909).

Қайтымды процесс
Қайтымды процесс, термодинамик