Температураны өлшеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 18:36, реферат

Краткое описание

Температураны термоэлектрлі термометр – термоэлектрлі түрлендіргіштермен өлшеп үйрену, температураны өлшеу аспаптары әрекет ету принциптерін және де термоэлектрлі құрылысы мен әрекет принициптерімен танысу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Температураны өлшеу.doc

— 81.50 Кб (Скачать документ)

Сурет 1.1 Өлшеу аспаптарын термоэлектрлі түрлендіргіш тізбегіне қосу схемасы

Аспапты қосудың  екі схемасын тізбекке ең болмағанда тағы бір, үшінші С өткізгішін қосу ретінде қарастыруға болады. Өлшеу  аспабын еркін ұшындағы дәнекердің ажырауына қосу (сур. 9.2, а) кезінде ТЭТ-те бір жұмысшы дәнекер 1 мен екі 2 және 3 еркін дәнекерлер болады.

Сур. 9.2, б схемасы  бойынша қосу кезінде (термоэлектродардың біреуінің ажырауына) ТЭТ-те төрт дәнекер  болады: жұмысшы 1, еркін 2 және t1 температурасы тұрақты болған кездегі екі нейтралды 3 пен 4 дәнекерлер. Схемалардың сыртқы көріністерінің айырмашылығына қарамастан, егер үшінші С өткізгіштің ұштарындағы температуралары бірдей болса, екі жағдайда пайда болған термоЭҚК бірдей болатынын көрсетейік.

Сур. 1.1, а схемасы үшін

ЕАВС (t t0 t0) = eАВ (t) + eВС (t0) + eСА (t0) = 0.                                        (1.5)

 

Егер барлық дәнекердің температуралары бірдей болса, онда

                                ЕАВС (t0 t0 t0) = eАВ (t0) + eВС (t0) + eСА (t0) = 0. 

Сонда

еВА (t0) = eВС (t0) + eСА (t0).                                     (1.6)

(1.6)-ні (1.5)-ға қойсақ, мынаны аламыз

ЕАВС (t t0 t0) = eАВ (t) + eВС (t0) = eАВ(t) - eАВ(t0)  = Е (t t0),              (1.7)

яғни (1.7) теңдеуі ТЭТ-нің негізгі теңдеуі (1.3) пен толығымен сәйкес келеді.

(сур. 1.1 б) тізбегі үшін мынаны аламыз

                ЕАВС (t t1 t0) = eАВ (t) + eВС (t1) + eСВ (t1) +  eВА (t0).              

еВС (t1) = - еСВ (t1)  мен еВА (t0) = - еАВ (t0) ескерсек,

         ЕАВС (t t1 t0) = eАВ (t) – eАВ (t0) = Е (t t0),                                    (1.8)

яғни (1.8) теңдеуі тағы да (1.3)-пен сәйкес келеді.

Осыдан, (1.7) бен (1.8) теңдеулері (1.3)-пен сәйкес болғанынан, ТЭТ-нің термоЭҚК-сі оның тізбегіне ұштарындағы температуралары тең болған кезде үшінші өткізгішті енгізгеннен еш өзгермейді. Бұл тұжырымды ТЭТ контурына өткізгіштің  ұштарындағы температуралары тең болу шартынды кез-келген санынды өткізгіштерге пайдалануға болады. Көрсетілген тұжырымды сонымен қатар қосылған өлшеу аспабы үшін де жатқызуға болады.

Өлшеу аспабын екі схема  бойынша (сур. 1.1, а,б) ТЭТ контурына қосу бірдей мүмкіндігіне ие; онда ТЭТ-те генерацияланатын термоЭҚК бұрмаланады.

Контурдағы 2 мен 3 (сур.1.1,а) немесе 3 пен 4 (сур.1.1,б) дәнекер температураларының тепе-теңсіздігінде паразитті термоЭҚК пайда болады.

ТЭТ-пен бірге  жұмыс істейтін өлшегіш ретінде  магниттіэлектрлі жүйенің милливольтметрлері, потенциометрлер қолданылады.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Дененің температурасы дегеніміз не?
  2. Параметрлік шаманың активтіден айырмашылығы неде?
  3. Температураны қандай әдіспен шешуге болады?
  4. Температуралық шкала дегеніміз не?
  5. Температураны өлшеу аспаптары әрекет ету принциптеріне қарай қандай топтарға бөлінеді?
  6. Термоэлектрлі түрлендіргіш дегенді қалай түсінесіз?
  7. Қандай дәнекер - жұмысшы, ал қандайы – еркін деп аталады?
  8. Термоэлектрлі түрлендіргіштің термоЭҚК неге тәуелді?
  9. ТЭТ тізбегіне үшінші өткізгішті қосу не үшін қажет?
  10. ТЭТ-пен бірге қандай өлшеу құралдары жұмыс істейді?

 


Информация о работе Температураны өлшеу