Сапалық анализ. Катиондар мен аниондардың жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 21:24, реферат

Краткое описание

Сапалық анализ әдістері химиялық, физикалы-химиялық және физикалық болып бөлінеді.
Физикалық әдіс элементтің, ионның тұрақты физикалық қасиеттеріне-түр-түсіне, спектріне, тығыздығына т.б. негізделген. Бұл әдіске спектрлік, рентгенқұрылымдық, масс-спектрометриялық анализдері жатады.

Содержание

Сапалық анализ әдістерінің жіктелуі
Сапалық анализдің негізгі түсініктері.
Сапалық аналитикалық реакциялардың орындалу жағдайлары.
Бөлшектік анализ.
Жүйелі анализ және оның түрлері.
Катиондардың жіктелуі. Топтық реагенттер.
Аниондардың жіктелуі. Топтық реагенттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

2.doc

— 79.50 Кб (Скачать документ)

Анализдің бөлшектеу әдісі Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіне сүйенеді. Барлық катиондар үш топқа бөлінеді, оған s,p,d- элементтері де кіреді. Бөлшектеу анализінде басқа иондар қатысында зерттелетін ерітіндінің жеке ионын анықтауға тән реакциялар мен реактивтер қолданылады. 

    Жүйелі анализді  орындағанда операциялардың жасалуының бірізділігін сақтайды, алдымен заттарды топтарға бөледі, содан соң әрбір затты топ ішінен бөліп, анықтайды. Ол үшін қосылыстар немесе иондар қасиетінің ұқсастығына негізделген бөлу реакцияларын пайдаланады. Заттарды топтарға бөлу топтық реагенттермен әсер етіп жасалады.

Анализдің жүйелі әдісінің аталуы топтық реагентпен анықталады.

Әрбір жүйелі әдістер өзінің аналитикалық топтардың катиондарына жіктеледі.  Әрбір катиондардың тобында, сол  топтың барлық катиондармен әрекеттесетін, ұсынылған топтың катиондарын айқын  бөліп алатын  және оның құрамына  кіретін катиондарды анықтайтын өзінің топтық реактиві болады.

Жүйелі анализ әдістердің бірнеше  түрі бар. Күкіртсутекті әдіс  H2S-пен тұздардың әрекеттесу кезінде сульфидтердің түзілуіне негізделген. Қазіргі кезде күкіртсутексіз әдістерді кеңінен қолданады: қышқылды-негіздік және аммиакты-фосфатты әдістерді.

Осы оқу-құралда қышқылды-негіздік әдіс бойынша катиондардың жіктелуі қарастырылады.

Бұл әдіс - хлоридтер,  сульфаттар және гидроксидтердің суда, артық сілтіде  және аммиактың судағы  ерітіндісінде  әртүрлі ерігіштігіне негізделген. Катиондар 6 топқа бөлінеді (табл. 1).

1 кесте.

 

1 кесте. Қышқылды-негіздік  әдіс бойынша катиондарды жіктеу

 

Топ

Катиондар

Топтық реагент

Қосылыстар ерігіштігі

I

K+, Na+, Rb+, Cs+, Fr+, Li+, NH4+

Жоқ

Хлоридтері, сульфаттары, гидроксидтері суда ерімтал

II

(хлорлы)

Ag+, Pb2+, Hg22+ 

HCl

Хлоридтер суда ерімейді

III

(сульфатты)

 Ba2+, Sr2+, Ca2+

H2SO4

Сульфаттар суда ерімейді

IV

(амфолитті)

Al3+, Cr3+, Zn2+, Sn2+,

Sn(IV), As(III), As(V)

NaOH (арт)

Гидроксидтері амфотерлік, артық мөлшердегі сілтіде ериді.

V

гидроксилді

Mn2+, Mg2+, Fe2+, Fe3+, Sb(III), Sb(V), Bi3+

NaOH

Гидроксидтері артық мөлшердегі сілті  және аммиакта ерімейді.

VI

(аммиакатты)

Cu2+, Cd2+, Co2+, Ni2+, Hg2+

NH4ОН

Гидроксидтері сілтіде ерімейді, бірақ  NH4ОН ериді.


 

 

Иллюстрациялы материал: презентация

 

Әдебиеттер:

 

1. Құлажанов Қ.С. Аналитикалық  химия Алматы Білім 1994

2. Цитович И.К. Курс аналитической  химии. М., 2004.

3.  Васильев В.П. Аналитическая  химия. кн. 1,2. М., Дрофа, 2003.

4. Кельнер Р., Мерме Ж.М.,  Отто М., Видмер Г.М. Аналитическая химия. т. 1, 2. Перевод с англ. яз. М., Мир, 2004.

5. Отто М. Современные методы  аналитической химии т.1,2. М., Техносфера, 2003. 

6. Пономарев В.Д. Аналитическая  химия, ч. 1, 2. М., ВШ, 1982.

 

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Сапалық анализде қолданылатын реакциялар.
  2. Жалпы, жеке, топтық, спецификалық реакциялар.
  3. Жүйелі анализ әдісі.
  4. Катиондардың жіктелуі. Топтық реагент.
  5. Бөлшектік анализ әдісі.
  6. Аниондардың жіктелуі.

Информация о работе Сапалық анализ. Катиондар мен аниондардың жіктелуі