«Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегіне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 16:17, реферат

Краткое описание

Макс Вебер аталған еңбегінде капиталистік жүйенің пайда болуын Реформациямен байланыстырады, яғни христиан дінінде протестанттық ағымның пайда болуы, олардың еңбекке және кәсіпкерлік қызметке ерекше көңіл бөлуі. Протестанттық діни-этикалық комплекс, Макс Вебердің ойынша, еңбексүйгіштіктің, ұқыптылықтың, шыншылдықтың, есептіліктің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Протестанттык+этика.docx

— 13.74 Кб (Скачать документ)

«Протестанттық  этика және капитализм рухы» еңбегіне талдау

   Макс Вебер аталған  еңбегінде капиталистік жүйенің  пайда болуын Реформациямен байланыстырады, яғни христиан дінінде протестанттық  ағымның пайда болуы, олардың  еңбекке және кәсіпкерлік қызметке  ерекше көңіл бөлуі. Протестанттық  діни-этикалық комплекс, Макс Вебердің  ойынша, еңбексүйгіштіктің, ұқыптылықтың, шыншылдықтың, есептіліктің қалыптасуын  қамтамасыз етеді. Макс Вебер Германия және басқа да Еуропа елдерінің  кәсіби статистикаларын негізге ала отырып, кәсіпкерлер мен капитал иелерінің арасында, сондай-ақ, біліктілігі жоғары мамандар арасында протестанттардың үлесі басым екенін айтады. «Неліктен протестанттардың байлыққа деген құлшынысы жоғары?» деген сұраққа Вебер бірнеше салмақты аргументтер келтіреді. Сол аргументтерге тоқталар  болсақ, капитал иелерінің арасында протестанттар үлесінің көптігі, бір жағынан, олардың тарихи қалыптасқан жағдайларға байланысты салыстырмалы түрде ауқатты жанұялардан шыққандығымен түсіндірілетін болса, екінші жағынан, қай жерді алып қарасақ та, мейлі Баден бе, Бавария ма, Венгрия ма, барлық жерде протестанттармен салыстырған да католиктер көбіне жоғары білімге құлшынбай, орта білім алумен шектелген. Сондай ақ, буржуазиялық кәсіпкерлікке дайындайтын оқу орындарында, католик-абитуриенттердің үлесі аз болған, католиктер көбінесе гуманитарлық дайындықты мектептерді таңдаған. Сонымен қатар, ірі өндірістік орындарда біліктілігі жоғары мамандар арасында католиктер үлесі тым аз. Демек, өндірістік орындар өзінің мамандар санын қолөнершілер үлесінен толықтырып отырғанын ескерер болсақ,  католиктер протестанттармен салыстырғанда кәсіби шенін жоғарылатуға көп ұмтылмай, аталған қолөнер саласында қалуды жөн көрген. Ал протестанттар керісінше, өз біліктілігін үздіксіз дамыта отырып, басқарушылар құрамына енуге ұмтылған. Осыдан келер қорытынды адамның жанұясы мен айналасындағы діни орта қалыптастырған өзіндік психикасы мен қатаң тәртібі болашақта мамандық таңдауы мен сол мамандықтағы қызметінің дамуында айтарлықтай рөл ойнайды. Католиктердің тақуалық мистикалық көзқарастары арқылы идеализмге ұмтылуы нәтижесінде, оларды материалдық игіліктер аса қызықтырмаған. Католиктер Құдайдың мейірі мен шапағатына қиын да қиырлы ғұмыр кешу арқылы қол жеткізуге болатынына сенген. Протестанттықтар католиктердің діни ұстанымдарын мойындамаған. Макс Вебер еңбегінде  «Не жақсы өмір сүру, не тыныш ұйықтау »( либо хорошо есть, либо спокойно спать) деген халықтың нақыл сөзін негізге ала отырып протестанттарды жақсы өмір сүруге ұмтылды деп сипаттаса, тыныш ұйықтауды католиктердің таңдауы деп көрсетті.

 


Информация о работе «Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегіне талдау