Нанотехнологияның даму тарихы және оның жетістіктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2014 в 20:26, реферат

Краткое описание

1974 жылы «Нанотехнология» терминін ең алғаш жапондық ғалым Нарио Танигучи ұсынған болатын. Жеке атомдардың манипуляциясы көмегімен жаңа объектілер және материалдар жасауға болатынын жариялады. Нанометр – бір метрдің бір миллиард бөлшегі (10-9).
Тіршілікпен қоғам пайда болғаннан бастап, адамзат өзінің өмірін жақсартуға, жеделдетуге тырысты. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде олар түрлі еңбек құралдарды пайдалана білді, уақыт өте келе адамзатқа пайдасы келетін жан-жануарларды қолға үйретті.

Содержание

Кіріспе
І. Нанотехнологияның даму тарихы және оның жетістіктері
1.1.Зондылы сканерлеуші микроскоп (ЗСМ)
1.2.Нанобөлшектер
1.3. Жаңа жетістіктері
ІІ. Даму мен болашақтағы мәселелері
2.1. Нанотехнология және химия
2.2. Медицина және биология
2.3. Ғарышты игеру. Ақпараттық және әскери технологиялар.
2.4. Нанотехнологияның Қазақстанда дамуы
2.5. Шет елдерде нанотехнологияның дамуы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Нанотехнология.doc

— 140.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5. Шет елдерде нанотехнологияның дамуы

Дүниежүзiнiң  ғалымдары ХХI ғасырда нанотехнологияға жаппай бетбұрыс жасады. Ең үздiк техникалық жетiстiктерге қазiргi жағдайда тек қана наноғылымының мүмкiндiктерi арқылы қол жеткiзуге болады. Наноғылымының  озық технологияларын игерiп, оны өндiрiсте қолдануда АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франция мемлекеттерiнiң ғылыми-өнеркәсiптiк кешендерi алдыңғы лекке шықты.

Озық технологияны солай өз ырғағымен, табиғи қарыштатып дамытқан жетекшi елдер қазiрдiң өзiнде  осы саладағы қарқынды даму бағдарламаларын жүзеге асыруда. Американдықтар тiптi нанотехнологияны дамытудың Ұлттық бастамасын қабылдап үлгердi. Бiздiң елiмiзге жағрафиялық жағынан жақын орналасқан Қытай 2000 жылдан бастап нанотехнологияның дамуына аса көп мөлшерде қаржы жұмсайды. Қытайда қазiр осы бағытқа негiзделiнген қырық мыңға жуық кәсiпорындар құрылған. Ресей мемлекетi осындай бағдарламаның жүзеге асырылуына 13 миллиард АҚШ долларын жұмсауды белгiледi.

Ресей федерациясы

Ресейдің оңтүстік өңірінде өзінің «силиконды жазықтығы» пайда болады. Таганрог қаласында мемлекеттегі ең ірі нанотехнологиялық орталық ашылды, орталық соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. Ондағы ғалымдар ұзағымен екі жыл ішінде сенсациялық жаңалықтар ашатындарына нық сенімді.

Нанаотехнология орталығы – Ресейдегі ең заманау, ең озық технологиямен жабдықталған бірегей орталық болып саналады. Оңтүстік Федералды Университеттен ашылған, ол Оңтүстік Федералды Университеттен ашылған, ол Оңтүстік жоғарғы оқу орындарының жетекшісі.

Орталық құрамына Таганрог радиотехникалық университеті де енді, сол күннен бастап нанофабрика ашылды.

ОФФ нанотехнологиялар  ғылыми-ізденіс орталығының директоры, техника ғылымдарының докторы Борис  Коноплев: «Әрине, наноәлемге қажетті  білікті мамандар қажет. Мамандар бұл  дүние жүзінде жетіспейді, тіпті жоқтың қасы. Біз мамандарды енді әзірлеп жатырмыз, мәселен 2003 жылы біл алғашқы дайындықтарды бастаған болатынбыз, ал 2008 жылы нанотехнология аймағында 18 түлік шығардық, бұл да өте аз көрсеткіш», - деген болатын. Ғалымдар атомдарды шаршы тәрізді етіп орналастырып, олардан болашақ материалдар жасап шығаратын болады.

Нанотехнология  – адам көзіне көрінбейтін дүние, сонымен қатар ол өте күрделі. Ол таза бөлме секілді, шаң қонбайтын  қабырғалар, электростатикалық едендер  жоғарғы жағын арнайы вентилация орналастырған. Ылғалдығы – 60 %, ауаның тұрақты температурасы 21,1оС. Кез-келген микроклимат қайтымсыз нәтижелер алып келеді. Мысалы шаңның өзі бір нанометрдің көлемінен мыңдаған есе ауыр. Егер бір шаң элементтің бетіне түссе, ол бетонмен ұялы телефонды ұрғанмен тең.

Максим Солодовников ОФУ студенті: «Бұл құрылғыларда қарапайым  келешек электроникасы жасалатын  болады. Қазір бүкіл әлем электроника  және компьютермен қатар өмір сүреді, ал келешек электрониканың тағдыры  осы құрылғыларда» деп санайды.

Қазіргі таңда  бұл орталық үлкен жетістік болып  саналады. Бұл орталыққа рекордты қарса жұмсалуда – жарты миллиард рубльдің көлемінде (бір микроскоптың өзі жетпіс сегіз миллион). Мұнда  студенттер өз қолдарымен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, оларға мемлекет үлкен үміт артып отыр.

ОФУ физикалық  және органикалық химия институтының директоры, РАН академигі Владимр  Манкин: «Баршамызға белгілі ГЛОНАС жүйесіне элементті база қажет, бірақ елімізде жүйеге сай келетін база жоқ, сол себепті біз бұл базаны шет елден алуға мәжбүрміз. Бірақ бір қуандыратын жағдай біз отандық мамандар және сатып алынған құрылғылардың арқасында ГЛОНАС үшін ресейлік элементті базаны ала аламыз».

Болашақ фабрикасында жұмыс жасап жатқан қызметкер бірнеше жылдан кейін жаңалықтар ашылады, бірақ ол қандай екенін тіпті мамандар да білмейді. Мысалы, наночиптер мен наносхемалар заманау компьютерлердің қуаттылығын жүз есе, тіпті мың есе арттыруға қабілетті. Немесе «ақылды шаң» деп аталатын техника, ол кез келген деңгейде кел келген ақпаратты жинай алады. Бірақ қазірге Оңтүстік Федералды Университеті енді ғана өз істерін бастады, жасалған жобалар қаншалықты жүзеге асатыны болашақтың еншісінде.

Пристон зерттеушілері жаңа лазерлі генерацияның типін ашты.

Ғылыми топ  Пристон Университетін басқарған, жартылай өткізгіш материалдарға жаңа механизмді лазерлі генерация ойлап тапты. Бұл жаңалық бұрынғы лазерлерге қарағанда қатты, жоғарғы температурада жұмыс жасай алатын болады. Бұл ғылыми топтың жетекшісі Пристон Университетінің жанынан құрылған The Mid Infrared Technologies for Keatth and Envivonment ғылыми ізденіс орталығының директоры, инженер электрик Клер Гмахл. Зерттеу нәтижесі интернет-басылымының желтоқсандық санында жарияланған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды

Жаһандану дәуiрiнде  наноғылымы мен оның технологиясы осылай кең өрiстеп, өндiрiстi барлық қырынан жаңартып, тиiмдi әдiстерге барынша жол ашты. Бұл жерде тек жаңалық ашып қана қоймай, оның өндiрiске енгiзiлуiн қадағалау, жұмсалынған қаржының мол қайтарым беруiне қол жеткiзу маңызды. Шағын және орта бизнес саласының кәсiпкерлерiне елiмiздегi нанотехнология өскiндерiнiң берерi аз емес. Қазiр Қазақстанда алты компания нанотехнологияның жобасымен жұмыс жасауда. Ал, жаңалыққа құштар ғалымдарымыз болса өздерiнiң iзденiстерi мол табыс әкелген сайын қанаттанып, наноғылымының тұңғиығына қарай ұмтыла түседi.

Егер адамзат  нанотехнологияны дұрыс, бейбіт бағытта  дамытса біздің әлем гүлденер еді. Нанотехнологиядан  қару жасау қаупі бар, егер расында  ондай қару жасалса өмір бітті  деген сөз, бірақ ондай ойларға бармай біз нанотехнологияны одан ары дамытуымыз керек. Нанотехнологияның жәрдемінде адамзат өмірі қарапайым, мәңгілік бір сөзбен айтқанда керемет болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    1. Материал интернеттен – энциклопедия Wikipedia (http://www.wikipedia.org);
    2. #1 Ресейдегі нанотехнология сайты (http://www.nanonewsnet.ru);
    3. Публикация нанотехнического общество «Нанометр» (http://www.nanometer.ru);

Информация о работе Нанотехнологияның даму тарихы және оның жетістіктері